Глоссарий 12 страница

Ең алдымен, ойдан шығармайтын нәрсе, ол дінді функционалдық тұрғыдан түсіну, жеткіліксіз түрде негізделген алғышарт негізінде құрылады: функционализм, мықты қоғамдық ынтымықтастық пен тұрақтылық тек рухани-мәдени факторлар, идеялар, құндылықтар, мағыналар, символдар жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін дегенге сүйенеді. Дін бұл тұжырымдамада жан-жақты фактор ретінде қызмет етеді. Өйткені қоғам алдын ала діни шектеулерсіз басқаша қызмет ете алмайтын қандай да бір мәдени-рухани тұтастық ретінде түсіндіріледі. Функционализм әділетсіз - біржақты болып қалады. Ол мысалы, адамға табиғатынан тән және тарихи дамыған қажеттіліктер, белгілі бір мүдделерді қанағаттандыру және оны келістіру негізінде, яғни сол әлеуметтік-мәдени жүйенің механизмі арқылы қоғамның нығайып бірігуі мен тұрақтылығы мүмкіндігін елемейді. Шынайы жағдайда жоқ дегенде интеграцияның рухани-мәдени факторлары және қоғамдық тәртіпті негіздеу, әлеуметтік жүйені сақтау деңгейінде әрекет еткен күш көрсету мен мәжбүрлеу сияқты факторлар назардан тыс қалады. Бұған тағы эмпирикалық мәліметтер қоғамдық-моралдық жағдайына діннің әсері бүгінгі күнде айтарлықтай әлсіз және бұрын да қоғамның “моралдық архитектурасын” монопольды түрде қамтамасыз ете алғаны күмәнді екенін куәландыратынан қосқан абзал. Шамасы қоғамның бірігуін бірқатар факторлар қамтамасыз етеді (немесе қамтамасыз етуге ықыласты). Бұл тарихи өзгермелі жағдай. Мысалы, социологтар, қазіргі дамыған демократиялық қоғамда интеграцияның белгілі бір деңгейін көп мөлшерде заңдар қамтамасыз ететінін, жалпылама құндылықтардың (адам құқығын) таратушы рөлін көп мөлшерде құқықтық институттар өз қолына алуда екенін айтуда. Бұл қоғамның секуляризациялануының бір көрінісі.

Тағы бір проблема, дін қоғамдық интеграцияның факторы ретінде ғана болмай, сонымен қатар кері интеграция, яғни кері интеграциялау қызметін атқаруымен байланысты болып отыр. Жалпы формасында дін тіпті кері қызметті болуы мүмкін екенін айтуға болады, мысалы экономика саласында, еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін, техникаларын енгізуге кедергі бола отыра, қоғамның экономикалық тоқырауын күшейтуі мүмкін. Яғни, діннің қандай түрі болмасын атқаратын қызметтері қоғам үшін жағымды да, жағымсыз да мәнге ие болуы мүмкін.

Дін, интеграция мен тұрақтылық әкелуші емес, қиратушы, жанжал әкелуші фактор ретінде әрекет етуі мүмкін екендігін айғақтайтын фактілер жанжалдар теориясы шеңберінде қарастырылды. Проблеманы таптық күрес аспектісі арқылы шешкен К.Маркстің пікірінше дін тарихи қажеттілік, оны таптық күрес арқылы төңкерістік қайта құруды талап етіп отырғанда, ол әлеуметтік интеграцияның факторы ретінде қызмет етуші және билеп төстеуші таптарға қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруына көмектесетіндіктен жағымсыз рөл атқарады дейді. Дін өмір сүруші қоғамдық құрылымды ақтайды, онымен татуластырады. Сыни көзқарасты оятудың орнына, мойындауды миына құяды. Ал бұл нәрсе түбінде қоғамды жанжалға алып келеді.

Функционализмге, яғни қоғам өзімшілдік мүдделері бар және бүкіл қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін қамтамасыз ететін құндылықтық сенімдері болмайтын топтардан тұрады деген көзқарасқа тікелей қарсы шығады. Қоғам жанжалдармен, күш көрсетумен, түрлі топтар арасындағы билік үшін күрестермен сипатталады. Тұрақтылық тек уақытша тепе-теңдік ретінде ғана мүмкін. Әлеуметтік қатынастардың қалыптасуының шешуші факторы топтардың өзімшілдік мүдделері болып табылады. Діни топтар - бір-біріне араз топтардың мүдделері қарама-қарсы тұратын, соқтығысатын жүйенің бір тетігі. Ортақ сенімдердің болуы олардың әлеуметтік бірігуінің шартты түрде маңызды емес жағдайы ретінде қарастырылуда болса, ал діни айырмашылықтар - тамыры терең жанжалдарды сырттай безендіру ретінде қарастырылады. Бұған мысал ретінде христиан елдеріндегі еврейлерді қудалауды келтіруге болады, оның түбінде экономикалық фактор жатты, Ирландиядағы протестанттар мен католиктер арасындағы дау-дамай, ортодокстар мен “дін бұзарлар” арасындағы күрес және басқалар. Этникалық және топтық айырмашылықтар діни айырмашылықтармен шиеленісіп кеткен уақытта жанжалдар айрықша өткір сипат алады. Діни жанжалдар сыртқы көрінісінде, этникалық немесе таптық негізде соқтығысуды бүркемелеуі мүмкін. Егер экономикалық мүдделер және этникалық байланыстар қоғамның бірігуіне жол ашатын жағдайларда, діни айырмашылықтар жіктелудің жалғыз ғана символы болады. Басқа діни топ өкілдерінен жауларды көру әдеті көптеген нақтылы жағдайларға байланысты күшейе түсуі немесе әлсірей түсуі мүмкін.

Дін дінаралық жанжалдармен қатар оның сауатты қоғамда өмір сүруімен байланысты жанжалдарды да тудырады. Мысалы, діни құндылықтар жүйесі құрметке сай жалғыз өзі секілді, сауаттылардың құндылықтар жүйесіне қарама-қарсы қойылатын жағдайлар сирек емес. Дін жолын ұстаушылық діни ережелерді сақтау мен заң арасындағы жанжалға алып келуі мүмкін. Мұндай бейнедегі мысалдарды, діни жүріс-тұрыс ортақ ережеге бағынатынын көрсету үшін жанжал теориясының жақтастары ұсынып отыр: кез келген жүріс-тұрыс өзімшілдік мүдделерді басшылыққа алады.

Шындығында, жанжал топішілік интеграцияның мүдделері көзқарасы тұрғысынан функционалды, діни топ ішіндегі бірлесу көзі болуы мүмкін. Сондықтан кейбір топтар жанжалды сыртқы әлеммен байланыстырады, одан оқшаулану қаншалықты күшті болса, соншалықты ішкі ауызбіршілік мықты болады. “Бөтендерге” деген өшпенділік қауымдастық сезім туғызады, сүйенішті тек “өз адамдарынан” іздеуге шақырады. Сонымен әлеуметтік жанжал және әлеуметтік интеграция бір үлгінің екі жағы ретінде көрінеді және бір-бірімен байланысты тұрғыдан қарастырылуы керек. Мұндай тенденция айрықша айқындығымен, былайша айтқанда ислам аймағында орын алуда, бұл жерде ол экстремизм және қарулы қақтығыс сипатына ие болуда.

Жанжалдар тек діни топтар арасында ғана болмайды, сонымен бірге олардың ішінде де болады. Топ ішіндегі әлеуметтік жүріс-тұрыстар көбіне индивидтердің өзімшілдік мүдделерін қанағаттандыруға ұмтылуының нәтижесі болып табылады және билік, артықшылық, мәртебе үшін күрес барысында жанжалдар туындайды. Мысалы, діни топтардың көпшілігінде (ортодоксальді иудаизмге қатысты, провословие де, католик шіркеуінде, протестанттық конгрегациялардың көпшілігінде, исламда да солай) ер адамға басым рөл беріледі, әйел адам дін қызметкері бола алмайды. Басқа бір қарапайым жанжал ол клир мен миряндар арасында. Ол діни басылар көпшілік қоғамдарда, пұрсатты қоғам топтарының еншісінде болуы сияқты әлеуметтік жағдайларға байланысты.

Қазіргі заманғы қоғамда діни өмір консерватор-дәстүршілдер мен модернистер, діни жаңару мен реформалардың жақтастары арасындағы жанжалдармен көрініс береді. Әдетте, олардың арасындағы күрес таза теологиялық пікірталас шеңберінен шығып кетеді және дін басыларының әлеуметтік саяси бағыт ұстануының біртекті еместігін көрсетеді.

Дін ішіндегі жанжалдар көбінесе қоғамдағы өзгерістердің де көзі болып келді, оған әулиелік діндер мысал бола алады. Көне Өсиетте әулиелер, құдай әлеуметтік теңдікті көреді, оны құдай жасап берді ал адамдар оны өз еркімен бұзды деп жария еткен. Әулиелер үлкен әділеттік үшін қоғамды өзгерістерге шақырды және көбінесе төмен, кедей таптардың мүдделерін қорғаушылар ретінде алға шықты. Германиядағы шаруалар соғысында бұқара халықтың жетекішісі реформацияның радикалды қанатының өкілі Томас Мюнцер болды. Ол жер бетіндегі тәртіптерді ортақ мүдделерге сәйкес (билеп төстеушілердің мүддесінде ғана емес) қайта өзгертуге шақырды. Бұл жерде ол құдайдың о баста ойластырғанының орындалуын көрді. Бұл діншілік жанжал (Мюнцер католик шіркеуін және дін қызметкерлерін сынға алады, бірқатар қасаң қағидаларды мойындамады) қалайша нағыз соғысқа әкелетін әлеуметтік жанжалға айналуының мысалы бола алады.

Осыған орай дін социологиясы харизмалық жетекшілердің рөлі жайлы мәселеге ерекше назар аударады. Вебер харизмадан әлеуметтік тұрақтылықтың іргелі қарсы әсерін және өзгерістердің маңызды бастамасын көрді.

Дін қоғам тұрақтылығының факторы ретінде ғана болмай (бұл жерден функционалисте оның негізгі қызметін жиі көреді), сонымен қатар, әлеуметтік өзгерістердің қайнар көзі болып қызмет етеді. Мысалы, Вебер протестанттық реформацияның шешуші рөлін “капитализм рухын” жасауда кальвинизмнің ерекшеліктеріне негіздеді және нәтижесінде Еуропа тарихында жаңа дәуір мен индустриалдық өркениеттің дамуының басталуын білдірген орасан зор тарихи алға басушылықты дәлелдеді.

Лекция № 12. Әлеуметтік шиеленістер

1. Әлеуметтік шиеленістердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі.

2. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар.

3. Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.

Негізгі ұғымдар: шиеленіс, депривация,эскалация, кульминация және т.б.

“Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы. Дәл осы көзқарастан социология ғылымы әлеуметтік жанжалдың табиғатына жақын келеді. Философияда жанжал - бір-бірін жоққа шығару немесе қарама-қайшылықты шешу сәтіне қол жеткізе отырып, ондағы қарама-қарсылықтардың соңғы дамуының сатысы мен формасын бейнелейтін категория; ал бихеовиоризмде - организмнің сыйспайтын жауабын шақыратын стимулдар әрекетінің нәтижесі; ал психологиялық талдауда - тұлғаның құрама элементтері арасындағы қарама-қайшылық (мысалы, Ид, Эго және Супер-Эго арасында).

“Жанжал” сөзінің әлемнің әр түрлі елдерінде ірге табуы кездейсоқ нәрсе емес. Әлемдік тәжірибелер мен тарих көрсеткендей ешқандай ел (өркениет), әлеуметтік қауымдастық немесе әлеуметтік топ өзінің дамуында жанжал күйіне соқтықпай өтті деу мүмкін емес. Тұлғалық деңгейде де ешқашан жанжалға түспеген адам табылмайды, өйткені адамдар жасы, ақыл-ой қабілеттері, мүдделері, қабілеттіліктері бойынша әр түрлі. Гераклиттің пікірінше, тек адамдар ғана емес құдайлар да, ғарышта қарама-қайшылықта өмір сүреді. Мұнымен келіспеуге болмайды. Өйткені әрбір өркениетте көптеген қоғамдық партиялар, топтар, әлеуметтік институттар мен элитарлар қызмет етеді. Олардың кез келген әрекеті адамдар мүдделерінің қандай да бір дәрежесін жанап өтеді. Жанжал біреулерге қуаныш, екіншілерге түсінбестікті, үшіншілеріне - қайғы алып келеді.

Жанжалдың қарама-қарсы жағы - бұл достық, әріптестік, өзара көмек, келісім, бірлік және бейбітшілік. Сондықтан барлық адамдар мәселенің жанжалсыз шешілу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Халықтың басым көпшілігіне адам өміріне тәни зиян келтіріп қана қоймай, сондай-ақ оның өміріне қол сұғатын жанжалдармен шақырылған кез келген мүдде, кез келген жүйке зорлығы жағымсыз. Мұндай жағдайда саясат таптар, ұлттар мен мемлекет арасындағы қатынастарға байланысты қызмет ретінде адамдар арасындағы қатынасты реттеуге және заңның негізінде мүмкіндігінше аз шығындармен пайда болған қарама-қайшылықтарды шешуге шақырады. Бірақ саясат жанжал жасаушыларды татуластырумен жиі айналыспайды. А.Г. Здравомысловтың пікірінше, ол көп жағдайда жанжалға итермелеуші құрал болып табылады. “Саясат” - дейді ол, - билікпен кездеседі. Билікке барлығы емес, бірақ көбісі, әсіресе әлеуметтік белсенді адамдар ұмтылады. Алайда қоғамда билік позициялары саны шектеулі. Егер де бұл билік позициялары монархиялық саяси құрылымдардағыдай мұрагерлік нормалармен анықталмаса, онда қайсы бір билік позицияларын иемденуге біршама мүмкіндіктері барлар міндетті түрде жанжалға түседі. Мұндай түрдегі позиция үшін күрес барлық қоғамда дерлік таралған. Оның сипаты қоғамда, қазіргі сәтте өмір сүретін саяси режимге байланысты. Сондықтан, бізге жақса да, жақпаса да, саясат адамның қызмет ету саласы ретінде (себеп салдарға байланысты) жанжалдарды тудырып, шешеді.

Сонымен шынайы өмірде жанжалдан қаша алмайтынымызға көнуге тура келеді. Олай болса, егер жанжалды оқиғаларды шешуге мүмкіндік болса, оның зиянкестігін мейлінше азайту керек. Ол үшін жанжалды және оны реттеу әдістерін зерттеу қажет. Онымен “конфликтология” ғылымы айналысады. Конфликтология адамдар пікірі арасындағы қатынастарды емес (бұл идея мен теория жанжалды болар еді) пікірлер мен ұсыныстар қақтығысында болатын адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекеттестіктерін қарастыратынын білген жөн.

Ерте заманнан бері осыған орай айтылған қызықты идеялар аз емес. Ежелгі Қытайдың ұлы философы Конфуций б.э.д. VІ ғасырдың өзінде-ақ жанжал біріншіден адамның ұқсас болмауы мен тәуелсізідігінен туады деп атап өтті. Ол былай деген: “бай мен кедейге өзара қатынасты қолдау қиын, бірақ оған ұмтылу керек: өзіне қатал қатынас, жоғарыларға және үлкендерге сыйластық, қарапайым адамдарға игі ниеттілік пайдалы”. Осыған байланысты ол “айтыс-тартыс жүргізілмес” үшін әдет-ғұрыптарды жақсарту, кемістіктерді жою, ұрыстардан қашу қажет екенін атап көрсетті.

Конфуцийдің замандасы, ежелгі грек ғалымы Гераклит жанжал - қоғам өмірінің маңызды жағдайы, онсыз қоғам дами алмайды, ол барлық нәрсенің негізі деп есептеген. Оның ойымен ежелгі ғалым-материалистер де келісті. Мысалы, Эпикур жанжалдың салдары адамдарды бейбітшілік пен өзара келісімде өмір сүруге көндіреді дейді.

Жанжал мәселесі б.э.д. V - ІV ғасырларда өмір сүрген Платон мен Аристотель сияқты ежелгі атақты ғалымдарды да толғандырған. Олар: адам өзінің табиғаты бойынша - қоғамдық тірі организм және адамда қалыптасқан қоғамдық бастама оған басқа адамдармен серіктестік болуына мүмкіндік береді деп санаған. Сонымен бірге олар адамдардың өшпенділікке, қастандыққа, зорлыққа бейім екенін естен шығарған жоқ. Аристотельдің пікірінше, тартыстың себептері - әлеуметтік теңсіздік және бөлімдерге бөліну, біреулерді тым жоғары көтеру немесе біреулерді кемсіту.

Жанжалды болдырмас үшін Қайта өркендеу дәуіріне дейін, ұзақ уақыт бойы дәстүрлі қоғамда жабайы, дөрекі түрінде ұжымның діни идеялары қолдау тапты. “Жақсылық” сыйлап, адамды құдай жасаған деген библиялық ойлар таратылды. Алғашқы күнә адаммен жасалынғандықтан, ол міндетті түрде жердегі өмірде “жамандыққа” кездеседі. Феодалдық жағдайларда ұжымның христиандық идеясы тұлғаны басу үшін күшті тетік жасаған. Алайда орта ғасырдағы (VІІ - XVІ ғ.ғ.) жеке даралық идеялары тәртіпсіздіктерді, бүлік пен қан төгісті соғыстарды өткір сынға алған Томас Мор, Френсис Бекон, Эразм Роттердамский т.б. сияқты әр түрлі бағыттағы ғалымдардың еңбектерінде кеңінен дәлелдене бастады. Олар қоғам дамуының факторы ретінде адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді жақтады.

Біршама басқа көзқарасты Томас Гоббс және Джон Локк ұстанды. Олар әлеуметтік жүйенің дамуын бағалағанда басымдықты қоғамға емес тұлғаға беру керек, өйткені адамдар бір-бірімен қоғамдық байланыста болғандықтан бір-біріне дұшпан ретінде немесе дос ретінде шығады. Индивидтердің барлық талаптарын қанағаттандыру мүмкін болмағандықтан қоғамда жанжалдық жағдай пайда болады. Бірақ жанжалды адамдардың табиғи ерекшеліктері көмегімен емес, қатаң шара қолдану жолымен - “қоғамдық келісімді” бұзғаны үшін жазалау немесе қорқыту жолымен шешу керек деп санайды.

“Ағарту” ғасыры (XVІІІ) жанжалдардың табиғатына қатысты көзқарастарға (кейде қарама-қайшы) іс жүзінде маңызды өзгерістер әкелмеді. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана жанжалдар социология, тарих, психология және құқықпен қатар арнайы зерттеу пәндер қатарына ұсынылды. Конфликтология ғылымының ғылыми негіздері бірінші кезекте Чарльз Дарвин, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, Макс Вебер, Эмиль Дюркгейм, т.б. сияқты атақты ғалымдармен жасалынды.

Ч.Дарвин нәтижесі әлеуметтік дарвинизм тұжырымдамасы болған биологиялық эволюция теориясын ұсынды. Оның жақтастары қоғам дамуын қоғамдық іріктеудің биологиялық заңы деп түсіндірді.

О.Конт жанжалдың негізгі себебін еңбек бөлінісі мен кооперациясынан, капиталдың аз адамдар қолында жинақталуы мен ел тұрғындарының көпшілігін қанаудан, ең бастысы адамның табиғи сезіміне - ынтымақтастық пен келісімдікке кері әсер еткен өзімшілдік моралдың пайда болуынан көрді.

Конттың соңынан ерген Г.Спенсер қоғамға тірі организм секілді әрбір бөлігі өзіне ғана тән қызметті орындайтын, біртұтас әлеуметтік организм ретіндегі көзқарасты жақтады. Қоғамдық жүйенің бір бөлігінің жаңылысы қандай да бір өмірлік маңызды қызметтің бұзылу жағдайына алып келеді. Алайда, әлеуметтің бақылауымен құндылықтар жүйесін қабылдаған халық келісімін пайдалана отырып қоғамда бүтіндік пен тұрақтылықты сақтауға болады. Қоғамда жанжалдан қашу мүмкін еместігімен келісе отырып, Спенсер олардың қоғамдық дамуды ынталандыратынын атап кетті.

К.Маркс жанжалдың қайнар көзін адамдардың өздерінің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін болатын күресінен көрді. Мәселенің қойылуына сәйкес қоғам экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық сияқты әлеуметті кіші жүйелерден тұратын тұтастай интегралды жүйе ретінде көрінеді. Олардың барлығы бір-бірінен объективті тәуелділікте және келісімде болады. Ең маңызды рөлді негізі жеке меншікке қатысты белгілі бір факторымен материалдық өндіріс болып табылатын экономикалық кіші жүйе алады. Әлеуметтік жүйенің өзгеруі үдемелі қоғамдық дамудың алдындағы кезеңінде жинақталған, қарама-қайшылықтарды шешу нәтижелері ретінде оның басқа күйге ауысуын білдіреді. Басты жанжал “тарихтың сүйреушісі” таптық күрес болып табылады.

К.Маркс пен оның ізбасарларына қарағанда Э.Дюркгейм қоғам өміріндегі шешуші рөлді материалдық емес, рухани салаға жатқызды. Оның пікірінше адамның шынайы жүріс-тұрысына әсер ететін нормалардың нақтылы жиынтығы өнегелілік жанжалды реттеу қасиетіне ие.

М.Вебер көзқарасы бойынша, қоғам - бұл бір-біріне қарсы бағытталған әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын адамның өзара әрекеттестіктері. Бұл артықшылыққа ие мәртебелі топтардың жағымды және жағымсыз әрекет ететін сахнасы. Материалдық және жетілген мүдделер жанжалының жағдайында өзінің әсерін сақтау, керек десеңіз нығайту, өзінің экономикалық көзқарасын және өмірлік бағыттылығын сақтап қалу оларды алаңдатып отыр. Көріп отырғанымыздай, Вебер пікірі бойынша, әлеуметтік әрекеттің субъектісі жалпы қоғам емес, қандай да бір мәртебемен байланысты индивид болып табылады. Оның ойынша капитализм - бұл жаңылыс бермейтін, әр индивид өзінің меншікті орнына ғана ие болатын жақсы орныққан машина. Осындай қандай да бір ауытқулар болуы мүмкін емес, яғни жанжалдар да болмау керек. Бірақ бұл жетілген үлгі тәжірибеде дәлелденбеді, өйткені әлі күнге дейін қатаң жаңылыс болмайтын, тиісінше жанжалдар үшін құнарлы негіз болмайтын әлеуметтік ұйымды ешкім ойлап тапқан жоқ.

Басқа атақты неміс ғалымы Г.Зиммель, жанжал алауыздықтың бір түрі болса да, сол мезетте адамдарды біріктіретін және қоғамды тұрақтандыратын біріктіруші күш болып алға шығады деп санады. Конфликтологияның қалыптасуына П.Лавров, Н.Михайловский, М.Бакунин, П,Кропоткин, П.Ткачев, М.Ковалевский т.б. орыс ғалымдары да өз үлесін қосты. Оның ішінде, П.Лавров пен Н.Михайловский өрлеудің қозғаушы және тиісінше өлшеуі тұлғасы оның өзіне теңдес кооперациясындағы жан-жақты дамуы деп санады. Осыдан келесідей тұжырымдар жасалды: қоғам мен тұлғаның арасындағы жанжалды алдын алуға болады, өрлеуге өмір сүру үшін күрес емес, көп деңгейде адамдардың ынтымақтастығы мен өзара көмектесулері, әлеуметтік ортаның тұлғаның қажеттіліктеріне бейімделуі қызмет етеді.

Атақты ресейлік-американдық социолог П.А. Сорокин өзінің көптеген еңбектерінде бұл мәселені айналып өткен жоқ. Социологияда “әлеуметтік-мәдени мектептің өкілі ретінде ол - қазіргі индивид туылатын, өсетін қоғам мен мәдениеттің білімсіз оның ешқандай жеке белгілері - идеялар, діншілдік, талғам, құмарлық, сенім және жек көрушілікті шақыратындарда - түсінікті бола алмайтындығында көңіл аударды. Мұндай білімсіз адамның жүріс-тұрысын, әдет-ғұрпын және ойлау үлгісін тануға болмайды. Ал жанжалға келер болсақ, ол адамның қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты, оның қайнар көзі көбіне адамдардың базалық қажеттіліктерін басуда.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: