Тасымалдау

Қазақстан аумағында тұрақты рейстермен жұмыс істейтін 6 шетелдік авиакомпания бар. Қазақстандық авиа желілерде алыс шетелдің 7 еліне тұрақты рейстер бар. 12 авиакомпания ТМД елдерінен тұрақты рейстермен жұмыс істейді.

8 халықаралық әуе айлағы, халықаралық трафикке уақытша қол жеткізу мүмкін 7 әуе айлағы және ішкі трафикке қол жеткізу мүмкін 6 әуе айлағы бар. Солай болғанымен, барлық маршруттар мен бағыттар жеткілікті дәрежеде дамымаған.

Жергілікті туристиік компаниялар сондай-ақ тікұшақтарды пайдаланады, бірақ олар негізінен қымбат турлар үшін немесе туристерді жеткізуге қиын аудандарға жеткізуге арналған. Кейбір қонақүйлерде автомобильдерді жалға беру қызметтері дамыған. Шеңбер толмаған, өйткені теңіз және өзен көлігін, мысалы Каспий теңізінде және Ертіс өзенінде дамыту перспективалары бар.

Көлік саласында білім алған адамдардың жеткілікті саны бар. Кейбір көлік компаниялары өздерінің адам ресурстарын түзумен шұғылданады.

Қызмет көрсету құралдары/Жайлылықтар

Туристік ынтаның көптеген объектілері жеткілікті дәрежеде дамымаған.

Проблемалардың бірі негізінен нашар халдегі жолдарға байланысты объектілерге жету қиындығы болып табылады.

Көптеген, әсіресе аймақтардағы қонақүйлер, кемпингілер, мейрамханалар Кеңес Одағының кезінде салынған. Қазіргі уақытта олардың ахуалы сыни болып табылады және жөндеуді талап етеді. Осы бағытта туристік компаниялар USD 260 миллион сомасына 29 инвестициялық жоба әзірледі. Алайда, тек 8 жобаны іске асыру перспективалары бар.

Қонақүйлердің, санаторийлердің және т.б. дирекциялары өз қызметкерлер құрамын түзуді қамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанның басымдығы ұсынылатын туристік қызметтердің түрінде болып табылады (экологиялық туризм, мәдени-тарихи туризм және т.б.). Негізгі проблема дамыған инфрақұрылымның, атап айтқанда, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қызмет көрсету саласының жетіспеушілігі болып табылады. Сапалы маркетингінің жетіспеушілігі және маркетингімен шұғылданатын арнайы институттардың жоқтығы Қазақстанның халықаралық нарық үшін туризм объектісі ретінде белгілілігі жеткіліксіз болып қалып келе жатқанына әсер етеді.

1.Туроператорлық,турагенттікқызметті,туризмнұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының»"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы (бұдан әрі -"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заң), "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрі -"Лицензиялау туралы" Заң) заңдарына сәйкес әзірленді және туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.

2. Лицензиялауды жеке немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу орны бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) атқарушы органдар жүзеге асырады.

3. Жүзеге асыруға арналған лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

2. Лицензияны беру, қайта рәсімдеу және оны беруден бас тарту

4. Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны (бұдан әрі - лицензия) лицензиар "Лицензиялау туралы" Заңда және осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттар бар өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге немесе лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.

5. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия бермеген жағдайда не өтініш берушіні лицензия беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, лицензия беру үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

6. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.

7. Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны лицензиар бір данада және оның қолданылу мерзіміне шектеу қоймай (бас лицензия) береді.

8. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті тұлға қол қояды және лицензиардың мөрімен расталады.

9.Лицензия беруді:

1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушіге жеке куәлігінің негізінде, оның уәкілетті өкіліне - сенімхат және жеке куәлігінің негізінде;

2) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат және жеке куәлігінің негізінде лицензиар жүргізеді.

10. Туроператорлық немесе турагенттік қызметті жүзеге асыруға
арналған лицензияны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған
көшірмесі;

5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) туристік қызметтің өтініш берілген түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;

7) туроператорлық қызмет үшін - олардың біліктілігін, мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтаманы көрсетіп, білімі мен тәжірибесі туралы құжаттардың көшірмесімен қоса, туризм нұсқаушысы қызметін көрсетуге лицензиясы бар қызметкерлермен, оның ішінде гидтермен (гид-аудармашылармен), экскурсияшылармен, туризм нұсқаушыларымен жасалған жеке еңбек шарттарының көшірмелері;

8) туроператорлық қызмет үшін - туристік бағыттардың тізілімдері мен схемалары;

9) туроператорлық қызмет үшін туристерге қызмет көрсету
бағдарламалары;

10) турагенттік қызмет үшін - білімі және практикалық жұмыс тәжірибесі туралы құжаттардың көшірмесі мен денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамамен қоса, қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шарттарының көшірмелері;
11) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

12) меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарт;

13) турагенттік қызмет үшін - туроператормен оның турөнімін сатуға және туристік қызмет көрсету жөніндегі қызметті көрсетуге арналған шарт;

14)туристік жолдама мен туристің жадынамасы;

15) туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат және өзге де жарнамалық-ақпараттық материал (жөнсілтегіштер, буклеттер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, схемалар мен карталар)

11. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсету құқығына лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) туризм нұсқаушысының қызметін көрсету жөніндегі қызметпен
айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын
құжат;

6) өтініш берушінің қолы қойылған кәсіби даярлығын, біліктілігін және туристік бағыттармен жүру тәжірибесін растайтын құжаттар;

7) әзірленген туристік бағыттың сипаттамасы;

8) денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама;

9) меншікті немесе жалға алынған туристік жарақтарының бар екендігін растайтын құжат.

12. Лицензиат лицензияны жоғалтқан, бүлдірген жағдайда оның
телнұсқасын алуға құқылы.

Лицензиар лицензиат өтініш берген күннен бастап он күн ішінде оның жазбаша өтініші бойынша жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында"Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді. Бұл ретте лицензиат лицензияның телнұсқасын берген кезде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына бюджетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде лицензиялық алым төлейді

13. Лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.

Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.

Егер:

1) субъектілердің осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;

2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;

3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

4) өтініш берушіге қатысты оған өтініш берілген қызмет түрімен
айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі бар болған;

5) қызмет түріне өтініш берілген жағдайда өтініш берілген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

15.Турагенттік, туроператорлық қызметті, туризм нұсқаушысының
қызмет көрсетуін жүзеге асыруға арналған лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

16.Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе
немесе лицензия беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол бұл іс-әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру

17. Лицензияның қолданылуын тоқтату тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

18. Лицензия мынадай жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады:

1) лицензия алып қойылғанда;

2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға ұйымдастырылғанда;

3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;

4) лицензияланатындардың тізбесінен туристік қызметтің жеке түрі алынып тасталса.

19. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

4. Есепке алу және бақылау

20. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.

21. Лицензиар туристік саланың мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

9-тақырып. Туризмді ұйыдастырушылар.

Туризм менеджері белгілі бір деңгейде заңды және экономикалық актілерді білуі керек. Кәсіпорын жетекшісі еңбек заңдарын білуі керек. Жұмысқа қызметкерді қабылдар алдында қандай құжаттарды талап етуі керек, олады қалай және қандай жағдайда жұмыстан шығару керек, максимальды сынақ мерзімі қандай, деген сұрақтарға нақты жауап бере алуы үшін еңбек заңдары өте қажет. Мысалы кейбір кәсіпорындарда қазіргі кезде еңбекақысына қосымша бонустар төленеді, оларға мыналар жатуы мүмкін. Дисциплинаны сақтап отырғандығы үшін, ұнамды сыртқы келбеті үшін, алкоголь, темекіден алшақ болғандығы үшін, сондай-ақ, шығармашылығы үшін, кәсіби деңгейін жоғарылатқаны үшін, спортпен айналысқаны үшін т.б.

Әрбір жетекші немесе ұжым өзінің жұмыскерлерінің қосымша ақы төлеу жүйесін, еңбекақысынан пайыз ретінде анықтауы қажет. Бұл жұмыскерлкрді ынталандырады.

Туритсік кәсіпорын жетекшісі өз жұмысының көлемін білуі керек. Жетекші ең алдымен кәсіпорынды тіркеу үшін туристік қызметті жүргізуге лицензия алуы керек.

Туристік кәсіпорында менеджер туризм мен экскурсия мен айналысатын қызметкерледің жұмысын ұйымдастыруы қажет ол қызметтерге мыналар жатады:

-көліктік саяхаттар мен экскурсиялық маршруттар таңдауда көмек көрсету;

-клиенттерді туристік-экскурсиялық қызметтер мазмұнымен таныстыру (турдың құны, экскурсиялық маршруттардың құны, қонақ үйлерді броньдау, көліктік қызметтер түрлері, ақы төлеу түрлері т.б.);

-өтініштерді қабылдау, оларды диспетчерлік журналға енгізу;

-тапсырыс берушілерге есеп беру;

-тапсырыстарды сәйкес келетін ұйымдарға жеткізу, (автопарктер, авиакасса, темір жол басқарулары, қонақ үйлер, тамақтандыру орындары)

-визаларды рәсімдеу үшін, құжаттарды дайындау, туристерді қабылдап жөнелтуге бақылау жасау;

-туристік-экскурсиялық іс-шаралардың уақытының өзгергендігі туралы тапсырыс берушілерге ескету.

-туристерді қабылдау, шығарып салу, қызмететрді ұйымдастыру,

-есеп беру;

- туристерге қызмет көрсету үшін мамандарды тарту;

-жарнамалық акциялар жасау, тұсау кесерлер, көрмелерді ұйымдастыру;

-әдістемелік құжаттарды жасау, (экскурсия мен саяхатардағы технологиялық карталар жасау)

-маркетингтік зерттеулер.

Туристік маршрут жақсылап жобалануы қажет. Туристік пакетті жасау барысында саяхаттың барлық ерекшеліктері есепке алынуы қажет. Ол үшін ең алдымен оның қысқаша мазмұнын құрастырып маршрут құжаттарын жасау қажет. Оған мынадай бөлімдер кіреді:

-туризм түрі (танымдық, діни, спорттық, іскерлік т.б.)

-турдың аталуы, ол қысқа болуы қажет, маршрут мазмұнын көрсететіндей болуы қажет. («Далалық оқиғалар», «Сарқырамалар өлкесі», «Ғажайып таулар», «мыңжылдық ескерткіштер» т.б.);

-рекреациялық қызметтер топтамасы; негізгі, сопутствующие, қосымша (мысалы: таным, сауықтыру, ойын-сауық);

-саяхаттар туралы ақпараттар (аймақ, оның ерекшеліктері); турға қатыса аклатын туристер саны; (жастық, физиологиялық, медициналық көрсеткіштері)

-аялдамалар мен пункттер көрсетілген маршруттар сызбасы;

-қызметтер құрамы (тамақтану, сол жерде тұру, көлік, инвентарь, жабдық);

-қызмет көрсетуші персоналдарға қойылатын талаптар (инструктор, аудармашы, экскурсовод...);

-маршруттың технологиялық картасы;

-заң құжаттары (келісімдер, лицензиялар, рұқсат қағаздар, жолдамалар мен билттер);

-күндер мен сағаттар бойынша қызмет көрсету бағдарламасы;

-тур құнының есебі;

-саяхат жағдайларын cақтамағандығы үшін компенсация;

-маршрутты өткізу маршруты (оқу жылына, аңшылық, балық аулау мерзіміне байланысты);

-турға кететін шығындар (шығындар калькуляциясы);

-буклеттер, альбомдар, жарнамаларды дайындау;

-турды жасау мерзімі, мен оның орындалуына жауап берушілер.

Бұл кезеңдер туристік кәсіпорын әкімшілігіне турды жақсылап жоспарлауға мүмкіндік береді, онда әр жетекші мүмкіндіктеріне сәйкес, басқа бөлімдерді толықтыра алады, барлық кезеңдер бойынша бір уақытта жұмыс істей алады.

Көрсетілген қызметтерге, олардың деңгейіне, топтағы адамдар санына, немесе жеке қызмет көрсетуге байланысты баға қоюдың бірнеше нұсқаларын құрастыруы қажет. Одан соң дайындалған саяхаттар сатуға ұсынылады. Турларды тарату жарнамалардың әр түрлі түрлері арқылы жүзеге асырылады.: интернет, ТV, жеке шақыру қағаздарын тарату арқылы, мерекелік іс-шаралар туралы визиткалар, буклеттер, хабарландырулар, адамдар көбірек шоғырланған орындарға, Қазақстанның, ТМД-ның және басқа да мемлекеттердің әртүрлі елді-мекендеріне қоғамдық ұйымдармен байланысу жолы арқылы тарату, тұсаукесерлер мен көрмелерге, қатысу арқылы тарату.

10-тақырып. Туристік қызметтердің сапасы.

Туристік-экскурсиялық мекемелер жетістікке жетуі көбінесе ұжымға, жұмысшылардың іскерлік сапасына, олардың дайындығына, жүктелген жұмысқа жауакершілікті болуына, және ең алдымен кәсіпорынды басқаратын жетекшіге байланысты. Жетекші кәсіпорын жұмысын ұймдастыруда оның қызметіне толық жауапкершілікте болады. Ақша қорын дұрыс жұмсауына басшылық жасайды. Ұжымды басқара отырып кадрларды дұрыс таңдауды қамтамасыз етеді. Бұйрықтар шығарып, жұмысқа қабылдайды, жұмыстан шығарады, мадақтау шараларын т.б. жасайды.

Тұрмыстық қызмет саласындағы мекемелерге қонақүйден бастап қоғамдық қызмет көрсету үйлері, атап өтсек магазин, сауда орындары, шаштараз, сән салондары, түрлі деңгейдегі халыққа қызмет ететін орындар,, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жатады. Тұрмыстық ұсынысты қалыптастыру туризм саласында да өте маңызды орынды алады. Тұрмыстық қызмет көрсету орындары мемлекеттік, жекелей деңгейде болады. Басым бағытты мемлекеттік, деңгейдегі қызмет көрсету орындары алады. Себебі оларға сұраныс та, келіп түсетін ұсыныс, клиенттерде, тұрғындарда, туристер де көп болады. Мемлекеттік туристік ұйымдар үшін 3 деңгейде көрініс табатын саяси мекемелер жеке туристік ұйымдар үшін деңгейде өз қызметтерін атқарады. Мемлекет тарапынан қаржыландырады.

Жергілікті туристік ұйымдар қызметі.

-Туристер үшін ақпараттық бюроны ұйымдастыру;

-Нарықтағы жайттарды зерттеу.

-Туризм проблемаларымен танысу.

-Жәрмеңкелерге қатысу

-Шалғай аудандарға маркетингтік жоспар Туристік ұйымдардың деңгейіне байланысты міндеттері мен жауапкершілікті бөлуде келесі қызмет түрлерін көрсетуге болады.

-Ұсыныс фукциясы төмен деңгейде алуы тиіс;

-Өкіметті құқықтық қорғау фукциясы бірдеу географиялық радиус қызметтері бірдей ұйымдарда барлық деңгейде жүзеге асырылуы тиіс.

-Маркетингтік фукциялары әр аймақта имиджбен қаржылық мүмкіншілік деңгейіне байланысты орналасуы тиіс.

Туристік кәсіпорындар туризмобъектісі «жүйесінің ішінде туристік ұсыныс тудырушы компонентті құрайды. Туризм саласында әр түрлі кәсіпорындар қызмет етеді. Алғашқылары клиенттерге тек туристік қызмет көрсетсе, екіншілері туризммен коммерциялық қызмет түрде айналысады. Кез-келген кәсіпорын қызмет тиімділігі түрлі ресурстарды басқару сапасына тікелей байланысты. Қазіргі кезде ең маңызды ресурстардың бірі еңбек ресурстары. Яғни, қызметшілер болып табылады. Кәсіпорынның жетістігімен өркендеуі көп жағдайда кәсіпорвнның потенциалдарымен қызметкерлердің сапалы құралымен анықталады. Ал, бұл жағдайда тек олардың мамандығымен байланысты емес, сонымен қатар өз міндеттерін қандай ынта жігерімен, шығармашылық ыңғайымен орындайтынына да байланысты. Нарық жағдайында ынтасыз, тапқырлықсыз кәсіпорының жетістікті қызмет етуіне мүмкін емес. Ал туриндустрияда кәсіп орны ерекше өсуде. Өйткені бұл жердегі негізгі тауар – қызмет боп отыр

11-тақырып. Емдік-сауықтыру туризм.

Курорт түрлері.

Қонақ үйлер ұсынатын рекреациялық мүмкіндіктері әдетте әртүрлі және жоғары сапалы болып келеді. Сондықтан кеңестер мен симпозиумдар бағдарламасына спорттық шаралардың кіруі таңқаларлық жағдай емес. Тау шаңғысы курорттарында, орналасқан қонақ үйлерде, қонақтарға таңартеңгі 11-сағатқа қарай шаңғы тебулеріне мүмкіндік болу үшін, іс-кестелері таңертен ерте өткізілуі тиіс.

Қонақ үйлер конгрестік бизнестің елеулі үлесін алады. Бизнес-туризм нарығына осындай көңіл бөлінуі, оның кіріс әкелетіндігінің ақиқаттылығымен түсіндіріледі. «Конгрестік туризм нарығы туралы» (1985 ж) баяндамасында корпорациялардың жиналыс ұйымдастырушыларының 44% -ы өз іс-шараларын курорттарда өткізген, ол бұл конгрестік нарықтың бұрынғысынша, болашақты саралаудың берік көзқарасы болып қала береді делінген. Бұл нарықтың тағы да бір маңыздылығының дәлелі ретінде, 1984 жылғы курорттық қонақ үйлерді зерттеу нәтижесін, яғни қонақ үйлердің 87% -ы өз базасының жартысынан көбін топтық туризмге ұсынғандығын санауға болады.

Нарықтық басқа сегменті, курорттық қонақ үйлер басшылығымен белсенді қолданылатын жеке туризм нарығының 25 пайыздық кірісін беретін интенсив-туризм болып табылады. Толық пансион жағдайларында қызмет көрсету, көбінесе, барлық қызметтердің бір жерден ұсынатын туризм түріне сәйкес келеді. Интенсив-туризм, әдетте, сату агенттері мен клиенттер және қызметкерлерді мадақтау үшін қолданылады, өзінің коммерциялық кәсіпкерлігі, оларға арналған арнайы бағдармалар – алға ұмтылдыратын факторы болып табылады.

Курорттық аудандардағы туризм бизнесімен байланысты кеңею-туристтер қозғалысы ағынын: курорттық орындарда болу уақытын және демалу мақсатымен қайта келуін ынталандыру сияқты екі бағытта бекітіледі.

Курорттық қонақ үйлердің басшылары турагенттердің курорттарды таңдауға белгілі бір дәрежеде жер ететіндігін өте жақсы түсінулері қажет. Сонымен, туристтік агенттерге ақпараттар беру-курорттық қонақ үйлердің сәтті қалыптасуына керек олуы мүмкін.

Қонақ үйі, агенттер арасында жаңа брашюра жіберу, қонақ үй өкілдерімен қарым-қатынас жүргізу жеңілдігі және таныстыру жұмыстарын жүргізу арқылы өз ісін күшейтуі мүмкін. Комиссиялық ақшалай марапаттаудың уақытылы төленіп тұруы курорттық қонақ үйлерге турагенттерді ынталандыратын құрал болып табылады.

Көптеген курорттар қыстық және жыздық сияқты, мезгілдік курорттар болып табылады. Операциялық мерзім ұзақтығы 90-нан 180 күн шегінде болуы мүмкін, көбіне климаттық жағдайлар мен басқа да факторларға тәуелді болады. Кейде мезгілдің өте қысқа болуы, жеткілікті керіс алып, шығыстарды өтеп, салынған қаржыдан таза тобыс беруді қиындатады. Курорттардың көбі мезгіларалық мерзімде жыл бойы жұмысын жүргізу үшін жаңа нарық енгізуге ұмтылады. Симпозиум, семинар, съездер және тағы басқа шаралардың өткізілуі – кәсіпорынды жылбойы жұмыс істейтін курорттар санатына ауыстыруға көмектеседі.

Жоғарыда аталған себептерде, конгрестік туризмнен қонақ үйлерге түсетін пайдасы айтылды. Осындай туристтік бизнес түрінің субъктілері кейде, ұйымдастырылған сатып алушылар сияқты жұбайлармен, ал кей жағдайларды күллі отбасыларымен келеді.

Бәсекелес күресі – жабық және ашық бассейн, атпен шабуға арналған алаңдар мен жебе, оқ ату жарысалаңдарының қалыпты қосымша қызметтерге енуіне түрткі болды. Алайда, курорттық қонақ үйлер осындай дәстүрлі қызметтер ұсына тұрып, жаңа бір, адамды қызықтыратындай қосымша қызметтерді енгізуін тоқтатар емес. Осылайша, олар өздерінің тәжірибелік ісін дамытуда. Курортты қонақ үйлердің басшылары қызыққан клиенттерге кез-келген тренажорлар, типті тұтас спорт кешендеріне, дәлірек айтсақ, маман-тренерлері бар жүгіру төсенішінен бастап тұтас жабдықталған гимнастика залын ұсына алады. Көптеген курорттар үшін спортты даярлау орталықтары дәстүрлі қонақ үй және мейрамхана шаруашылығының табысты, толықтырушы кәсібі болып отыр. Ал маркетинг үшін – бағалы құрал ретінде танымал.

12-тақырып. Туризмдегі сақтандыру.

Түрлері. Ерекшеліктері.

Туристік қызметті жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру.

Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдің заңдарында көзделген реттерде, туроператорлар немесе турагент, турист өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлікті табыс еткен жағдайда шетелге шығу көзделетін туристік жолдаманы сатады.

Сақтандыру шартында туристке медициналық көмек көрсету ақысы және сақтандыру жағдайы тікелей уақытша болатын елде туындаған кезде олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағына келетін туристерге өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлігі болуы жөнінде талап белгілеуге құқылы.

Туроператор мен турагент туристік қызмет көрсетуге жасалған шарттардан руындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға міндетті.

Сақтандыру мүліктік қызығушылықтарды қауіп-қатерден және басқа да теріс әсерлерден қорғау әдісі ретінде ерте замандардан бастап қолданылды.

Сақтандырудың қазақ тіліндегі баламасы – «сақтық» деген сөзбен байланысты. Қазіргі уақытты сақтандыру сөзі заңды және жеке тұлғалардың мүліктік қызығушылықтарын қорғау құраны мағынасында қолданылады. Сақтандырудың ең алғашқы түрлері ерте замандардан бастап пайда болған. Құл иеленушілік қоғамының өзінде сақтандыру келісім-шартына ұқсас келісімдер жасалып тұрған. Олар қозғалмайтын мүліктер, саудаға, сонымен бірге теңіз кемелерін жасау салаларына қатысты болған. Бұл келісімдердің негізгі мағынасы келісімге қатысы бар жақтардың тасымал кезінде кемелер мен жүктерге болуы мүмкін қауіптің шығынын өзара бөлісу болып табылады. Бір-біріне көмектесу негізгі қызығушылық танытатын жақтар арасында материалдық-шығынды мүліктер арасында тең дәрежеде бөлу идеясы пайда болды.

Шынында да, егер әрбір мулік иегері шығынды өз қалтасынан төлейтін болса, онда ол көлемі жағынан өзінің мүлігіне сәйкес келетін материалдық резервтер жасауға тиіс еді, ал ол болса өте тиімсіз. Сонымен қатар, көпжылғы өмірлік тәжірибе көрсетіп тұрғандай, келерсіз жағдайлар мен апаттар тұрақты түрде емес және кей кезде болса да жаппа шеккендер саны қызығушылық танытқан тұлғалар мен шаруашылықтардан ылғи да аз болады. Осындай жағдайлар да болуы мүмкін: шығынды мүлік иегерлері арасында тең түрде бөлу табиғи апаттар мен келеңсіз жағдайлардың әкелген шығындарын төлеуді біраз жеңілдетеді. Шығындарды өзара бөлісудің ең алғашқы формасы болып «табиғи сақтандыру» табылады. Яғни шығындардың ақысы табиғи мүлікпен төленеді. Мысалы: егер қарақшылар көпестердң кемесін суға батырып кетсе немесе ол кемемен қатты дауылдан батып кетсе, кеме иегерлері ол көпеске жаңа кеме жасауға көмектесті. Шығынды басқа әдіспен төлеген жоқ.

Тауарлы-ақшалық қатынастардың дамуымен табиғи сақтандыру өз орнын ақшалай түрдегі сақтандыруға берді. Қалалар мен басқа да көп халық тұратын мекендердің өсуіне байланысты, мүліктердің және басқа да қауіптерден зақымдануы немесе мүлдем бұзылуына алып келетін қауіп-қатерлер көбейді. Сол себепті адамның қауіп-қатердің алдын алу мен оның залалдарын жою үшін экономикалық әдістермен бірігуін түсінуге болады. Осыған байланысты 1310 жылы көпестер мен әртүрлі саладағы шеберлерінің мүліктік қызығушылықтарын қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізетін сақтандыру палатасы құрылды. Кәсіпкерлік қызметінің нысаны ретінде мүліктерді сақтандырудан басқаөрттен сақтандыру бірте-бірте дами бастады. Оның ең қарапайым түрі:

Ақшалай айналымның дамуымен бұл ұйымдар кәсіби-коммерциялық сақтандыру компанияларына айнала бастады және кәсіпкерлік принциптер негізінде осындай операциялардан пайда табумен айналысты. Олардың табысы сақтандыру көлемінің арнайы көрсететін бөлігінен және істің шығынсыз өту мүмкіндіктерінен тұрды. Шығынның ақшалай түрде бөлінуі сақтандыру мүмкіндіктерін біршама кеңейтіп, жеңілдетті. Енді сақтандыру сақтандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен сақтандырушылармен кұрылған ақшалай қорлардың арасында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік қызығушылықтарын белгілі бір жағдайлар болған кезде қорғаудың әмбебап құралына айналды. Басқаша айтқанда сақтандырудың экономикалық мәні мынада:

«Сақтандырушы сақтандырушылардың төмен сақтандыру төлемдерінен сақтандыру қорларын құрады және ол қорлар келісім-шарттарда көрсетілген сақтандыру жағдайлары болған кезде сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін төлеу үшін арналған.»

Қазақстан территориясындағы туристік ұйымдарда сақтандырудың қаншама дәрежеде таралғаны және оның даму деңгейі жөнінде нақты деректер жоқ. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады:

Қазақстанның тұрғылықты тұрғындары – қазақтардың өмір сүру және шаруашылық жүргізу тәсілі, яғни көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы экономиканың және өндірістік күштердің дамуының төмен деңгейі сақтандырудың кең таралуына жағдай жасамады. Егер сақтандыру келісім-шарттары жасалса да, олар шекараға жақын, ірі қалаларда және кейбір жер иеленушілердің иеліктерінде ғана жасалған.

Ұлттық сақтандыру нарығының құрылуының алғашқы сатысы 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басына, яғни Қазақстанның егемен мемлекетке өте қиын жағдайларда ауысу уақытына сәйкес келеді. Басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің қайта құрылуы жағдайларында ашық экономиканың пайда болуымен, дамуымен қоса сақтандыру қызметінің мазмұны да өзгерді.

2.Сақтандырушы – сақтандырылушы туроператорт мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі бойынша сақтандыру келісіміне тұратын туроператор мен турагент.

Сақтандыру төлемі – бұл сақтандыру жағдайында сақтандырушымен сақтандырылушыға сақтандыру төлемінің көлемінде төленетін ақша.

Сақтандыру жағдайы – туроператор мен турагенттің азматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімі негізінде сақтандырылушыға ақша төлеуге міндетті жағдайы.

Табыс алушы – Заң негізінде сақтандыру төлемін алатын тұлға.

Біздің елімізде сақтандыру ісінің әрі қарай дамуына әсер ететін алғышарттар тек экономиканың ретке келуі және белгіленген қаржылық тұрақтылық қана емес, сонымен бірге осындай даму көздерінің құрылуы еді:

-экономиканың мемлекеттік емес саласының күшейтуі. Енді жеке кәсіпкер мемлекетке тәуелді болатындықтан өзінің мүлкіне келуі мүмкін қауіптен сақтануы керек;

-сақтану қызметіне сұраныстың өсуінің қайнар көзі болып заңды және жеке тұлғалардың жекеменшіктерінің түрлері мен көлемінің өсуі табылды. Бұл жерде қозғалмайтын мүлікті ипотекалық несиелеу нарығының дамуы және тұрғын үй қорын жекешелендіру ерекше маңызға ие болды;

-сақтандыру нарығын дамытудың ең негізгі көзі болып кезінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруды барлық салалар кепілдіктерін азайту еді;

-Қазақстан мен басқа елдер арасындағы темір құрсауының жоюлуы. Адамдардың шет елдерге әртүлі себептермен шығуын бірнеше есе көбейтті, ал ол өз кезегінде сақтандыру қызметі және сақтандыру қызметкердің кәсіби дайындығын арттыруды талап етеді.

Заңды және жеке тұлғаларды сақтандыруда ерекше маңызға өмір сүруінің салыстырмалы түрде әлі жас, бірақ күрделі салалы туризм ие болды. Қазақстанның заңнамасы бойынша туризмдегі сақтандыру түсінігін былай ашуға болады.

Туризмдегі сақтандыру – бұл туристердің саяхаттау кезіндегі және де сәйкесінше туристік ұйымдардың туристік қызметтерді жүзеге асыру кезінде мүліктік қызығушылықтарды қорғау мен оның қауіпсіздігін қамтаммасыз етудің әмбебап әдісі. Туризмдегі сақтандырудың құқықтық түсінігі, ол саяхат мерзімі кезінде белгілі бір жағдайлардың болуы кезінде сақтандырушылар мен сақтандырылушылар (Қазақстан Республикасының заңнамасымен көрсетілген кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы заңды тұлғалар) арасындағы туристердің мүліктік қызығушылықтарын қорғау жөніндегі қатынастары.

Қаржылық-экономикалық жағынан қарағанда бұл табиғи апатпен немесе басқа да апаттармен зиян келген туристердің материалдық шығындарын өтеудің әдістері. Ол шығын сақтандырылушылар төлейтін төлемдерден құрылған қолда бар ақша арқылы өтеледі. Қайта құрылуға дейінгі еліміздің ішіндегі, сыртындағы турды ұйымдастырушылар саяхаттаушыларды сақтаған болса да, оны жалған сақтандыру деп айтса да болады. Ол сақтандырудың тек шектелген түрлері бойынша ғана өткізілді және қажетті нормативтік құқықтық базаға ие болған жоқ.

Сақтандыру жағдайы болған кезде турист шығынды өзі өтейтін болды, ал сақтандыру компаниясы тек қана шығындарға компенсация жасады. Оның өзін егер қажет деп таныған кезде мүмкін еді. әрине, мұндай жағдайда жауаптардан гөрі сұрақтар көп туғызды. Туристік және сақтандыру компанияларының бірігу процессы саяхатшылардың өмірі мен денсаулықтарын қорғаудың қажеттілігін терең түсініп, сонымен бірге ортақ бизнеске қазіргі замандағы халықаралық стандартты енгізуге үлкен құлшыныс танытуының арқасында болды деп айту шындықты асырып жіберу болар еді.

3.Егер де Қазақстанның туристік нарқы шет елдік нарықтарға шығуға талқынбай, бұрынғы қалпында дәлел берсе, біз әлі күнге дейін өкініп жүрер едік, ал айдың 90 жылдарының басында жаңа үрдіс басталып, қазақстандықтар көп саяхаттаушы ұлтқа айналады. Бұрын оларға белгісіз болып келген халықаралық масштабтағы өзіндік туризммен бетпе-бет кездескен және қазақстандық саяхаттаушыларының тағдырына және өз істеріндегі тәртіпке жандары ашудың шет елдері тәртіпке салу шараларын қолдануға тиісті болды. Көп уақыт өткеннен кейін ол жағдайларды осылай атауға болады. өйткені, консулдық қызметтер тарапынан туристік визаны, сақтандыру полюсін толтыру үшін қажетті құжоттарды талап ету шынжыр әсерін туғызды. Яғни үлкен процесс – туризмдегі сақтандыру нарығының құрылуына себеп болды.

Туристік қызметті жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру:

-Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдің заңдарында көзделген реттерде, туроператор немесе турагент, турист өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлікті табыс еткен жағдайда шетелге шығу көзделетін жолдаманы сатады.

-Сақтандыру шартында турист медициналық көмек көрсету ақысы және сақтандыру жағдайы тікелей уақытша болатын елде туындаған кезде олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиіс.

-Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағына келетін туристерге өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлігі болуы жөнінде талап белгілеуге құқылы.

-Туроператор мен турагент туристік қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға міндетті.

Сақтандыру келесі қызметтерді атқарады:

1 Тәуекелділік қызметі

2 Арнайы ақша құралдарынан тұратын сақтандыру қорын құру

3 Зияндарды өтеу және азаматтарды материалды қамтамасыз ету

4 Зияндарды төмендету және сақтандыру жағдайды алдын ала болжап сақтанушыны ескерту

5 Бақылау қызметі

Тәуекелділіксіз сақтандыру болмайды, сондықтан тәуекелділік сақтандырудың бастапқы функциясы болып табылады.

Сақтандыру қорсыз сақтандырушы өз қызметін жүзеге асыра алмайды. Сақтандыру қорын құрастыра отырып бос ақша құралдарын инвестиция ретінде банктерге немесе басқа коммерциялық құрылымдарға, жылжымайтын мүліктерге, бағалы қағаздарға жұмсау.

Осы қызметті іске асыра отырып, сақтандыру соммаларын өтеу тек сақтандыруға қатысатын тұлғаларға беріледі, осы қызмет арқылы сақтандыруның қорғау қызметі іске асады.

Сақтандырудың белгіленген бағасы(тариф) -Сақтандыру төлемдерді есептеу үшін жалпы сақтандыру сомманың белгілі бөлігі.Сақтандырушы осы тариф арқылы брутто-ставканы есептейді.

Брутто-ставка=нетто-ставка + жүктеме

Нетто-ставка - сақтандыру соммаларын төлеуге арналған қаражаттар

Жүктеме- сақтандырушының үстеме шығындарын өтеуге арналған ақшалар.

Сақтандыру төлем- жалпы сақтандырудың соммасынын есептелінген ақша туріндегі төлемдер. Халықаралық сақтандыруда оны сақтандыру сыйақысы деп атайды.

Сақтандыру өрісі(поле)- сақтандыруға мүмкіншілігі бар объектілердің максималды саны.Мүліктік сақтандыруда сақтандыру өрісі ретінде мүлік иелерінің саны немесе белгілі аймақтағы сақтандыруға жататын объектілердің саны алынады. Жеке сақтандыруда келісім шартқа келісетін азаматтардың саны, немесе аудандағы, қаладағы, мемлекеттегі тұрғындардың саны.

Сақтандыру қоржыны(портфелі)- белгілі аймақта сақтандырылған объектілердің саны немесе істеп жатқан сақтандыру шарттарының саны.

Сақтандыруды растауқұжаты(акт) -сақтандыру оқиғаның ақиқатын және себебін растайтын құжат.

Сақтандыру зияны - мүлікке тиген зақымның бағасы.

Мүліктік сақтандыруда сақтанушыға төленетін сомманы сақтандыру өтемі, ал жеке сақтандыруда сақтандыру соммасы деп айтады.

Сақтандыру сторносы - сақтандыру төлемдерді мерзімді толемегені үшін сақтандыру шарттарының жұмысы тоқтатылған келісім шарттардың саны.

Сақтандыру рентасы -аннуитеттік сақтандыруда сақтандыру қоғамы сақтанушыға ай немесе жыл сайын төлейтін белгілі бір сомма.

Халықаралық сақтандыру терминдер

Абандон(су көліктерін сақтандыруда қолданылатын термин)-толық сақтандыру соммасын алу үшін сақтанушының мүліктікке деген иелігінен бас тартуы.

Аквизитор – жаңа сақтандыру объектілерін тартумен айналысатын тұлға.

Актуарлық есептер- тарифтік ставкаларды есептеу үшін қолданылатын экономико-математикалық есептердің жиынтығы.

Андерайтер-жоғары мамандалған сақтандыру бизнесте жұмыс істейтін тұлға, сақтандыру ұйымы оған өз көз қарасы бойынша тәуекелділіктерді бағалап сақтандыру келісім шарттарын бекітуге рұқсат береді.

Аддендум- сақтандырудың келісім-шарттарына еңгізілген қосымша ережелер немесе өзгерістер.

Аннуитет, тонтина- Рентаны немесе зейнетақыны сақтандыруды білдіреді, сақтанушы толығымен бір рет немесе бөліп белгілі ақша соммасын төлеп, бірнеше жыл бойы немесе өмір бойы табыс алып отырады.

Жасыл карта- осы картаның иесі, халықаралық сақтандыру жуйесінде тіркелген мемелекетке, қосымша сақтандыру полисін алмай ақ, кіруге құқығы бар екенін растайтын құжат.

Коносамент- жұк тасымалдаушының жұктің иесіне беретін құжаты.

Сақтандыру пулы- ірі немесе жоғары тәуекелділіктерді қабылдау мақсатындағы сақтандыру ұйымдарының бірлестігі.

Шомаж- табысты сақтандыру.

Сюрвейер-сақтандырылған объектілерді бағалайтын тұлға.

Сақтандыру бонусы- жол апаттарысыз бер неше жыл журген жургізушілерге сақтандыру төлемдердің бағасына берілетін жеңілдіктер.

Сақтандыру екі салаға бөлінеді, олар:

1) өмірді сақтандыру:

1өмірді сақтандыру

2 аннуитеттік сақтандыру

2) жалпы сақтандыру:

1жазатайым жағдайлардан және аурудан сақтандыру;

2 медициналық сақтандыру

3)мүліктік сақтандыру:

а автомобиль көлігін сақтандыру;

ә темір жол көлігін сақтандыру

б әуе көлігін сақтандыру

в су көлігін сақтандыру

г жүктерді сақтандыру

4) зиян келтіргені үшін азаматтық құқықтық жауапкершілікті(АҚЖ) сақтандыру:

а кәсіпкерлік тәуекелділіктерді сақтандыру;

ә автомобиль, темір жол, әуе, су көлігі иелерінің АҚЖ сақтандыру;

б тасымалдаушының АҚЖ сақтандыру

в шарт бойынша АҚЖ сақтандыру

Әлеуметік сақтандыру ҚР сақтандырудың міндетті түрі, оның келесі түрлері бар:

1 еңбекқабілеттілігін жоғалтқан жағдайға сақтандыру

2 асыраушысын жоғалтқан жағдайға сақтандыру

3 жұмысын жоғалтқан жағдайға сақтандыру

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры(Қор) – заңды тұлға, әлеуметтік аударымдарды жинақтап, сақтандыру оқиға болған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйенің қатысушыларына әлеуметтік төлемдерді төлеп береді.

Әлеуметтік аударымдардың сақталуы мемлекеттің кепілдігі арқылы іске асады:

1 ҚР ұкіметі Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен шектер мен қаржылық мөлшерлемерді белгілейді;

2 Қор өзінің инвестициялық қызметін ҰБ арқылы іске асырады;

3 ҰБ Қордың активті операцияларының барлығын есептеп реттейді;

4 Қордың қаржылары ерекше шотта есептеліп, оның қызметін қаржыландыруға бөлінетін ақшалары ҰБ шектеледі;

5 жыл сайын аудит міндетті түрде жүргізіледі;

6 ҚР заңнамасында бекітілген тәртібі бойынша үнемді қаржылық және статистикалық есеп беруі;

7 Қордың активтерін инвестициялауға құралдарды Үкімет белгілейді.

Міндетті сақтандыруға жұмысшылар(зейнеткерлерден басқа), өзбетімен жұмыс істейтін тұлғалар, ҚР,табыс алып қызмет жасайтын шетелдік азаматтар тартылады.

Әлеуметтік аударымдар ай сайын Қорға төленеді.Әлеуметтік аударымдар тұлғалардың бір айлық табыстарынан ұсталынады, сонымен қатар әлеуметтік аударымдар, айлық табыс минималды еңбек ақының 10 есе колемінде ұсталынады.

Жұмысберушілер үшін әлеуметтік аудармдарды төлеудің объекті болып, жұмысшыларына төлейтін шығындары табылады, өзбетімен жұмыс істейтін тұлғалар үшін алатын табыстары.

Әлеуметтік аударымдар келесі мөлшерде төленеді:

2005 жылдың 1 қаңтарынан -әлеуметтік аударымдардарды төлейтін объектіден 1,5 пайыз;

2006 жылдың 1 қаңтарынан-2,0 пайыз

2007 жылдың 1 қаңтарынан -3 пайыз.

Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметінен тыс келесі қызметерді іске асыруға құқығы бар:

-инвестициялық қызмет ретінде, өкілетті органының нормативті – құқықтық актілерінде қарастырылған қызметпен;

-жинақтаушы сақтандырудың шартына сәйкес қарастырылған өз сақтанушыларына, өтелінетін сомма көлемінде заим беруге құқылы;

- сақтандыру ұйымдарының қызметтерін автоматизациялау мақсатында қолданылатын арнайы қамтамасыз ету бағдарламаларын сату;

-мәліметтерді тасымалдаушылардың кез келген түрлерінде сақтандыру қызметімен байланысты арнайы әдебиеттерді сату;

-алдын ала өз шаруашылық қызметтеріне сатып алынған немесе сақтандыру шарттарына сәйкес қабылданған мүлікті сату немесе жалға беру;

-сақтандыру қызметімен байланысты сұрақтарға кеңестік қызмет көрсету;

-сақтандыру саласында мамандықты жоғарлату мақсатымен оқуды ұйымдастыру;

-сақтандыру делдалы ретінде сақтандыру агентінің қызметін атқару;

-жеке сақтандыру саласында қызмет атқаратын бағалы қағаздар қоржынын басқару;

Сақтандыру ұйымдар ликвидацияға ұшыраған жағдайында, сақтандыру өтемақыларына кепілдік беретін қорды, ұйымдастыруға құқылы. Бұл қорды құру және ұйымдастыру тәртібі ҚР заңнамасымен реттелінеді.

Міндетті сақтандыру шарттарымен жұмыс жасайтын сақтандыру ұйымдарын зормен ликвидациялайтын кезінде сақтанушылардың өтемақыларына кепілдік беретін қорға міндетті түрінде қатысуы ҚР заңнамалық актілерімен қарастырылуы мүмкін.

Сақтандыру ұйымының акционерлері және ұйымдастырушылары ретінде жеке және заңды тұлғалар – резиденттер мен резидентеместер болуы мүмкін.

Мемлекет сақтандыру ұйымының құрылтайшысы ретінде тек ҚР Үкіметі түрінде бола алады.

Егерде ұйымның жарғылық қорының 50 пайызынан көбі мемлекет иелігінде болса, ол ұйым сақтандыру ұйымының ұйымдастырушысы және акционері бола алмайды.

Мемлекет сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша тек өз үлесі шегінде жауапты болады.

Сақтандыру ұйымының құқықтық- ұйымдастыру түрі – акционерлік қоғам.

Сақтандыру ұйымының органдары:

-директорлар кеңесі – басқару органы;

-билік органы (правление)– атқару органы

-ревизиялық комиссия- бақылай органы.

Басқа да заңнамалық актілерге сай берілген биліктерден тыс директорлар кеңесі ұйымның қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігімен байланысты заң талаптарын бұзулуымен байланысты сұрақтарды қарастырады.

Жеке сақтандыру - адамның өміріне, оның еңбек ету қабілеттілігіне, денсаулығына қауіп – қатер әкелетін тәуекелділіктерден қорғанудің бір турі болып табылады. Жеке сақтандырудың келісім – шарты – азаматтық-құқықтық іс әрекеті болып табылады, сақтандырушы сақтандыру төлемдерін қабылдап алғаны арқылы, сақтанушыға зиянды өтеп беруге мүдделі болады.

Адамның өмірі объективті түрде бағаланбайды, бірақ сақтандырылған адамның көрген зияны мен шығыстар сақтандыру соммасымен байланысты болу керек. Сақтандыру сомма көрген зиянның бағасы ретінде қарастырылмайды, ол сақтанушының қалауы немесе материалды мүмкіншіліктерімен белгіленеді. Жеке сақтандырудың келісім шарты ұзақ немесе қысқа мерзімге жасалынуы мүмкін. Жеке сақтандыруда сақтандырушы келісім шартты бұзуға құқығы жоқ.

Жеке сақтандырудың жіктелүі:

Тауекелділіктің көлемі бойынша:

-өлім немесе белгілі жасқа жеткеге дейін;

-мүгедектіктен немесе еңбек ету қабілеттілігін жоғалтудан;

-медициналық шығындарды сақтандыру.

Жеке сақтандырудың түрлері бойынша:

-өмірді сақтандыру;

-қауіпті жағдайлардан сақтандыру.

Келісім шартта көрсетілген тұлғалардың саны бойынша:

-жеке(индивидуалды) сақтандыру-сақтанушы ретінде бір ақ тұлға болады;

-ұжымдық сақтандыру(жеке тұлғалардың тобы сақтаннушылар болып табылады).

Сақтандыруды қамтамасыз ету мерзімі бойынша:

-қысқа мерзімді-1 жылға дейін;

-орта мерзімді- 1 жылдан 5 жылға дейін;

-ұзақ мерзімді- 6-15 жылға дейін.

Сақтандыру соммасын өтеудің түрлері бойынша:

- сақтандыру соммасын бір мезгілде төлеу;

-сақтандыру соммасын рента түрінде төлеу.

Сақтандыру сый ақысын төлеудің түрле


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: