Тесттер

  1. Артериялық гипертензия бастапқы сатысына тән емес

1.бас ауыру, бас айналу

2.құлағы шулау, ұйқысыздық

3.сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

4.II тонның қолқа үстiнде акцентi

5.жүрек қағу, жүрек тұсының ауыруы

  1. Гипертониялық криздың асқынуына жатпайды:

1.жедел сол қарыншалық жетiспеушiлiк

2.геморрагиялық инсульт

3.жедел коранарлы жетiспеушiлiк

4.торлы қабыққа қан құйылу

5.бүйрек коликасы

  1. ''Ортопноэ'' жалпы жағдайды жеңiлдетiп, азайтады:

1 жүрек аймағындағы ауырсынуды

2 жөтелдi

3 аяқта iсiктердi

4 ентiгудi

5 бастың ауырсынуын

  1. Жүрек iсiктерiне тән:

1 таңертен бетте пайда болады

2 бiр балтырдың жергiлiктi көгеруi

3 кешке қарай балтырдың iсiнуi

4 бiр жақты инфраорбиталдьды iсiну

5 қышумен жүретiн қабақтың iсiнуi

  1. Жоғары және жылдам пульс тән:

1 митральды қақпақшаның жетiспеушiлiгi

2 қолқа қақпақшының жетiспеушiлiгi

3 аорта сағасының тарылуы

4 үш ашпалы қақпақшаның жетiспеушiлiгi

5 өкпе артериясы қақпағының жетiспеушiлiгi

  1. Қолқа үстiнде екiншi тон акцентi тән емес:

1 гипертония ауруы

2 жедел гломерулонефрит

3 қолқа атересклерозы

4 аорта коарктациясы

5 митральды тарылу

  1. Сол жақ салыстырмалы тұйық шекара түзiледi:

1 сол жақ жүрекшенiң құлақшасынан

2 сол жақ жүрекшеден

3 сол жақ қарыншадан

4 оң жақ қарыншадан

5 аортаның доғасынан

  1. Қолқа үстiнде II тон акцентiнiң естiлуi тән емес:

1 гипертониялық ауруға

2 жедел гломерулонефритқа

3 қолқа атеросклерозы

4 қолқа коарктациясы

5 митральды тарылу

  1. Пульстық қысымның жоғарлауы қай кезде байқалады:

1.қолқа стенозы

2.қолқа қақпақшасының жетiспеушiлiгiнде

3.митральды қақпақшаның жетiспеушiлiгiнде

4.үшашпалы қақпақшаның жетiспеушiлiгiнде

5.өкпе артериясы қақпақшасының жетiспеушiлiгiнде

  1. Артериальды гипертониясы бар науқастан төмендегi белгiлердiң бәрi табылады, тек бiреуiнен басқасы:

1.қатайған пульс

2.қолқа үстiндегi II тонның акцентi

3.жүректiң салыстырмалы тұйықтық шекарасының солға ығысуы

4. сол жақ қарынша гипертрофиясы

5.4-шi аускультация нүктесiнде I тонның әлсiреуi

Ситуациялық есептер:

60 жастағы науқас ер адам болымсыз қимыл-қозғалыс үстiнде және шалқасынан жатқанында ентiгетiнiне шағым айтады. Гипертония ауруымен 20 жыл бойы ауырады. Тексергенде: жүректiң сол жақ шала тұйық шегi VI қабырға аралығында қолтық асты алдыңғы сызығында,жүрек ұшында систолалық шуыл анықталды, қан қысымы 210/100. Бауыр өлшемдерi өзгермеген. Шеткейлiк iсiктер жоқ. Осы науқаста негiзгi ауруына қандай асқыну қосылған

1.жедел оң қарынша шамасыздығы

2.жедел сол қарынша шамасыздығы

3.созылмалы оң қарынша шамасыздығы

4.созылмалы сол қарынша шамасыздығы

5.созылмалы тотальды жүрек шамасыздығы

1. Тақырып №9: Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілік синдромы (солқарыншалық және оңқарыншалық). Тамырлардың жіті жетіспеушілігі (естен тану, коллапс, шок). Себептері, симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері. Аралық бақылау.

2. Сабақтың мақсаты:

Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілігінің, тамырлардың жіті жетіспеушілігінің себептерін, диагностикалау әдістерін, симптомдарын үйрету.

3. Оқытудың міндеттері:

  • студент білуі керек: Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілік синдромын. Себептерін, симптомдарын, диагностикалау әдістерін.
  • студент үйренуі керек: Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілік синдромын диагностикалауды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілік синдромы (солқарыншалық және оңқарыншалық).
  2. Себептері
  3. Симптомдары
  4. Жүрек астмасы, өкпе ісінуі
  5. Диагностиканың негізгі әдістері
  6. Балалардағы ерекшеліктері
  7. Созылмалы жүрек жетіспеушілік синдромы
  8. Себептері. Симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері.
  9. Балалардағы ерекшеліктері
  10. Жіті жетіспеушілік синдромы (естен тану, коллапс, шок)
  11. Себептері. Симптомдары.
  12. Балалардағы ерекшеліктері

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

- Пікірталас, жұптасып жұмыс істеу, ситуациялық есептерді шешу, тест алу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау: жүрек аймағының аускультациясын жүргізу (тренажермен және шағын топта жұмыс жасау), сонымен қатар балаларда, клиникалық жағдайларды талдау.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. - Алматы, 2005.

2. Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.–Астана,«Фолиант», 2007.–600 б

3. Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы. – Ақтөбе, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней: учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 848 с.

2. Лиссауэр Т., Клейден Г. Пропедевтика детских болезней, иллюстрированный учебник/ пер. с англ. под ред. Н.А.Геппе. – 3-е изд. – М., 2008. – 350 с.

3. Геппе Н.А. Пропедевтика детских болезней: учебник + СД.–М., 2008.– 464 с.

7. Бақылау – ауызша сұрау, тест алу, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдыларды қабылдау


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: