Икемділік коэффициенті. 1 страница

Өндірісті ұйымдастыру кезеңінде туатын негізгі мәселелер:

- Нені өндіру қажет?

- Қалай өндіру қажет?

- Кім үшін өндіру қажет?

Бұл аталған мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байланысты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай қамтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар).

4. бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

- Егер де тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

- Егер де тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

7.1. графигі. Сұраныстың қисығы 7.2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы
Р Р1 А   Ро В D     Q 1 Qо Q   Р   D1 D Do Q
Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді. Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынын көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.

5. Бәсекенің деңгейі

6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S), қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.

7.3. графигі. Ұсыныс қисығы 7.4. графигі.. Ұсыныс қисығының жылжуы
Р S Р1 A B Р2 Q2 Q1 Q   Р S1   S0     S2       Q  
Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді. Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары (азаюы).

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Егер де нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды, яғни, сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егер де нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни, ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

7.5. графигі. Нарықтағы тепе-теңдік.  
Р S Р2 Е PЕ Р1 D QЕ Q Мұнда: Е – сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысқан тепе-теңдік нүктесі; Ре- теңдік баға; Qе- теңдік көлем.    

Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен, екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:

  Теңдік бағаның өзгеруі Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі
Сұраныстың өсуі Өсуіне Өсуіне
Сұраныстың азаюы Төмендеуіне Азаюына
Ұсыныстың азаюы Өсуіне Азаюына
Ұсыныстың өсуі Төмендеуіне Өсуіне

Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.

Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

ЕPD = ∆ Q%

∆ Р%

Мұнда ЕPD – сұраныстың бағалық икемділігінің коэффициенті;

Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;

Р% - бағаның қатысты өзгеруі;

7.6 графигі. Икемді сұраныс. 7.7. графигі. Икемсіз сұраныс.
Р Р1 Р2 D Q1 Q2 Q Р Р1 Р2 D Q1 Q2 Q
ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгереді, ал жалпы түсім өседі. ЕPD < 1, баға өскен сайын, сату көлемі азаяды және жалпы түсім азаяды.    
7.8.Графигі. Бірлік икемділік. 7.9. Графигі. Абсолютті икемді сұраныс.
Р     Р1 Р2 D   Q1 Q2 Q Р       P D   Q1 Q2 Q
ЕPD = 1, бағаның әрбір 1 % өзгеруіне сұраныс көлемінде 1 % өзгереді, ал жалпы түсім өзгермейді. ЕPD = ∞, баға өте аз көлемде өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз көп өзгереді.
   
7.10 графигі. Абсолютті икемсіз сұраныс.  
Р   D Р1 Р2 Q Q   ЕPD = 0, бұл баға көлемі өзгергенімен, сұраныстың көлемі өзгермейді.

Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.

ЕіD = ∆ Q%

∆ I %

Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті,

Q % - сұраныстың өзгеруі,

І % - табыстың өзгеруі.

- Егер де ЕіD > О бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.

- ЕіD >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.

- Егерде О< ЕіD < 1 – бірінші қажеттіліктегі тауарлар

- ЕіD > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.

Көптеген тауарларға ЕіD – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда, ол теріс сан болуы мүмкін яғни, табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаятын болса, бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегі формула арқылы есептеледі:

ЕхуД = ∆ Qх%

∆ Ру%

Мұнда: ЕхуД – қиылысқан икемділік коэффициенті;

∆ Qх% - Х тауарына сұранысына қатысты өзгеруі;

∆ Ру% - У тауар бағасының өзгеруі.

- Егер де қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуД > О, онда Х және У тауарлары бірін - бірі алмастыратын тауарлар.

- Егер ЕхуД < О теріс сан болса, онда бірін - бірі толықтыратын тауарлар.

- ЕхуД = О онда Х және У біріне - бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.

Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

ЕРS = Qх%

Ру%

Мұнда: Ер S - ұсыныстың икемділігі,

Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі

Р% - бағаның қатысты өзгеруі.

7.11. график. Икемді ұсыныс. 7.12. график. Икемсіз ұсыныс.
  Р   S Р1 Р2   Q2 Q1 Q   Р Р1 S     Р2   Q2 Q1 Q
Егер ЕРS >1, ұсыныс икемді. >> Егер ЕРS <1, ұсыныс икемсіз.    
График 7.13. Бірлік икемді ұсыныс  
Р S Р1 Р2 Q2 Q1 Q Егер ЕРS = 1, ұсыныстың икемділігі бірлік деп аталады.  
7.14. график. Абсолюттік икемсіз ұсыныс 7.15. график. Абсолюттік икемді ұсыныс
Р S Р1 Р2 Q Р S P Q1 Q2 Q
ЕРS =0, бұл жағдайда бағаның өзгеруі ұсынысқа әсер етпейді. ЕРS = ∞, баға көлемі өзгергенімен, ұсыныстың көлемі өзгермейді.

3 БӨЛІМ. ЖЕКЕ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТІҢ МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

8 тақырып. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.

2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы.

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерліктің тамыры ғасырлар тереңіне бойлаған. Дегенмен, нарықтың қажетті атрибуты ретінде ол капитализмнің даму сатысында қалыптасты.

А.Смит кәсіпкерді жекеменшік иесі ретінде, өзінің коммерциялық идеяларын іске асырушы және пайда алушы ретінде сипаттаған.

Қазақстан заңдарында: «кәсіпкерлік - азаматтар мен бірлестіктердің дербес, бастамалық іс-әрекеті», - деп түсіндіріледі және ол пайда түсіруге бағытталып, өзінің мүліктік жауапкершілігінің тәуекелге баруына негізделген.

Кез келген шаруашылық қызметін кәсіпкерлік деуге болмайды, ол тек тәуекелге, бастамашылыққа, кәсіпкерлік ойға, дербестікке, жауапкершілікке, белсенді ізденіске байланысты ғана саналады. Осылардың бәрі бірдей кәсіпкерліктің белгілері боп есептеледі.

Кәсіпкерлікте субъектілер және объектілер бар.

Кәсіпкерліктің субъектілеріне жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар (акционерлік қоғам, жалдық ұжым, кооперативтер) және мемлекет кіреді.

Кәсіпкерліктің объектілері болып кез-келген шаруашылық іс-әрекеттің түрлері, коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, кеңес беруші әрекеттер, құнды қағаздармен жұмыс істеу саналады.

Қызметтің мазмұнына қарай кәсіпкерліктің түрлері ажыратылады.

Өндірістік кәсіпкерлік - бұл тауар және қызметтер, ақпарат, рухани байлық өндірумен байланысты. Өндірістік қызмет бұл жерде негізгісі.

Коммерциялық кәсіпкерлік - өндіріспен байланысы жоқ тек операциялар мен өзара келісім арқылы тауарлар мен қызметтерді қайта сатуға негізделген. Кәсіпкердің пайдасы тауарды сатып алу бағасынан артық бағаға сату арқылы құралады. Егер де бұл операциялар заң жүзінде істелген болса, онда ол спекулятивтік болып саналмайды.

Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі. Сауда-саттық объектісі болып бұл жерде ақша, валюта, құнды қағаздар есептеледі.

Делдалдық кәсіпкерлік - екі жақтың өзара келісімге ынтасын біріктіретін іс-әрекеттен тұрады. Мұндай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер пайда алады.

Сақтандырушы кәсіпкерлік – бұл қаржылық кәсіпкерліктің ерекше түрі, оның мәні мынада: кәсіпкер алатын сақтандыру жарнасы тек сақтандырылған жағдайдан соң ғана қайтып оралады. Жарнаның қалған бөлігі кәсіпкерлік пайдасын құрайды.

Көріп отырғанымыздай, кәсіпкерліктің барлық түрі пайда түсіруге бағытталған. Бірақ бұл үшін шектеулі ресурстарды қисындастыра білу қажет.

Ресурстардың (қорлар) әртүрлі қисындарын таба білу, жүргізу - кәсіпкер қызметінің негізгі бөлігі.

Олар Шумпетердің ойынша, бес бағытты қамтиды:

1. Жаңа игілікті дайындау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау.

2. Өндірістің жаңа әдісін кіргізу.

3. Жаңа сатып өткізу нарығын игеру.

4. Шикізат пен жартылай фабрикаттардың жаңа көзін табу.

5. Өндіріске қажетті қайта құруды жүргізу.

Уақыттың әрбір жаңа кезеңінде жаңа қисындар (комбинациялар) табылуы мүмкін.

Кәсіпкерліктің бұл сапасын Ж.Б. Сей аңғарып, А.Смит берген анықтаманы толықтырған. Оның ойынша кәсіпкер-өндірістің факторларын қисындастыратын экономикалық агент.

Кәсіпкерлік қызмет меншіктің бір формасымен ғана байланыста болмайды: жеке, коллективті не қоғамдық. Оның әртүрлі варианты мен үйлестірулері бар. Бұдан туатын ой – кәсіпкерлікпен айналысу үшін, қолданылатын капиталдың толық меншік иесі болып керегі жоқ, қарыздық, не бөтен капиталды пайдалануға болады. Дегенмен қарыз капиталды белгілі бір пайда мөлшерімен қайтару қажет. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел деңгейі артады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: