Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Кәсіпкерлік дегеніміз не?

2) Кәсіпкерлік қандай адамдарға арналған?

3) Қазіргі уақытта Google компаниясының бағасы қанша?

4) McDonalds компаниясы 155 қызметкерін қандай себепке байланысты жұмыстан шығарды?

5) Американдық кәсіпкер Блейк Майкоски қандай идеяны жүзеге асырған?

6) Дасслер ағайындылар қай жылы және қандай фирманың негізін қалаған?

7) Дасслер ағайындылар әлемге әйгілі қандай компанияларды құрды?

3. Бейнефильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Бесінші апта. ІСКЕРЛІКӘҢГІМЕЛЕСУ

1-сабақ.

ІСКЕРЛІК ӘҢГІМЕЛЕСУ

Іскерлік әңгімелесу – бұл белгілі бір мәселені шешуге арналған көзқарастарды, пікірлерді, ақпараттарды алмастыру түрінде өтетін адамдар арасындағы сөздік қатынастардың бір түрі.

Іскерлік әңгімелесу көптеген адамдардың өмірінде елеулі орын алады. Себебі өндірісі пен еңбек ұжымының өміріне байланысты мәселелерді, қызметтік және лауазымдық міндеттерді орындау, әр түрлі іскерлік келіссөздер жасау, шешімдер қабылдау және т.б. күнделікті әрекеттер тек іскерлік әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады.

Іскерлік әңгіме – ресми–іскерлік салада сөздік және сөздік емес (сілтеу, ым, мінез-құлық көріністер) құралдардың көмегімен іске асатын тікелей өзара қатынас актісі.

Іскерлік әңгіменің құрылымы:

1. Әңгіменің басталуы (байланыс орнатып, әңгімеге қолайлы жағдайларды түзету);

2. Өз ұстанымдарын баяндау және дәлелдеу;

3. Әңгімелесушінің ұстанымдарын анықтау;

4. Мәселені бірге талқылау (әңгімелесушінің күдігін сейілту, оның ескертпелерін дәлелмен теріске шығару, мәселенің шешімінің нұсқаларын қарастыру);

5. Шешім қабылдау.

Сөздік

Баяндау – докладывать, излагать

елеулі – важный, значительный

келіссөздер – переговоры

күдікті сейілту –рассеять подозрение

нұсқа – вариант

теріске шығару – отрицать

ұстаным – позиция

ым – жест, знак

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

1) Іскерлік әңгімелесу дегеніміз не?

2) Іскерлік әңгімелесудің іскерлік ортада алатын орны қандай?

3) Іскерлік әңгіменің құрылымы қандай болады?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

2-сабақ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: