Менеджмент дегеніміз НЕ

«Менеджмент» (ағылшын тілінде – manage) «басқару» деген мағынаны білдіреді. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады.

Мағынасы бойынша менеджмент термині «басқару» терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан менеджмент ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түрінде қолданылады. Мысалы, көлікті және басқа да неғұрлым күрделі техникалық жүйелерді басқару. Ал «менеджмент» термині ұйым деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді, шаруашылық қызметті, жеке тұлғаны және қызметшілерді басқаруды сипаттайды.

Басқару - мақсатқа жетуге бағытталған іс-қыймылдарды ұйымдастыру. Менеджмент - өзіне міндетті элемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім аймағы бар адам қызметінің аясы.

Менеджмент - бұл нарық жағдайындағы басқару. Менеджменттің үш маңызды факторын байланыстырады - мақсат, тиімділік, адам.

Бәсеке жағдайында тиімділік - фирманың өміршеңдігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының, ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің.

Сөздік

Бағытталған – направленный; нацеленный

бейімділік – приспособление; адаптирование

бәсеке – конкуренция

жеңу өнері – искусство побеждать

жүріс-тұрыс – поступки и поведение

ішкі орта – внутренняя среда

өміршендік – жизнеспособность

тиімділік – выгодность; эффективность

тұлға – личность

үдеріс – процесс

уәж – мотив

ұйым – организация

ынталандыру – стимулировать; заинтересовать

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

1) Менеджмент деген ұғым нені білдіреді?

2) Басқару дегеніміз не?

3) Менеджменттің маңызды факторлары қандай?

3-тапсырма.

Мәтіннен синтетикалық тәсілмен жасалған терминдерді теріп жазыңыз.

4-тапсырма.

Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

5. Мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұнын айтыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Танысыңызға басқару мен менеджменттің айырмашылықтары бар екенін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

2. Бейнефильм «Салалық менеджерлерФорумы».

«Салалық менеджерлер Форумы» атты бейнефильмді мына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=vNt_d3mKfSw бойынша көре аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: