Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Бас кейіпкердің компаниясы немен айналысады?

2) Соңғы жасалған жұмыстары қандай тақырыпқа арналған?

3) Қай кезден инновациялық бағытта жұмыс істейтін компания болып саналады?

4) Кейіпкер инновациялық бағытта кәсіпті ашу туралы не дейді?

3. Бейнефильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Он үшінші апта. ШЕШЕНДІК ӨНЕР

1-сабақ.

ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕГЕНІМІЗНЕ?

Ораторлық шешендік өнер латының oratoria сөзінен шыққан. Оның синонимі ретінде риторика (грекше rhetorike) сөзі, қазақша шешендік өнер тіркесі.

Шешендік өнер дегеніміз - көпшілік алдын сөйлеудің жоғары деңгейі, шешендік сөздің сапалық сипаты, жанды сөзді игеру өнері.

Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.

Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дәл тиюді үйрену үшін ежелгі шешендік сөздерді жаттау, оның қыры мен сырын жете меңгерудің мәні зор. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер» деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек.

Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр. Шешендік сөздер қазақ халқының даналық үлгісі болып табылады.

Қазақ шешендік өнерінің тарихынан ерекше орын алатын би – Төле би Әлібекұлы Әз Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан, «Билер кеңесінің» мүшесі болған. Төле биді әділдігіне, парасаттылығына қарап «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп атаған. Төле биден қалған көптеген нақыл, өсиет, шешендік сөздер, толғаулар бар. Мысалы,

Жаңбыр жаумаса, жер – жетім, Басшысы болмаса, ел – жетім, Ұқпасқа айтқан сөз – жетім... Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы. Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы. Әйелің жақсы болса – Бірінші – иманың, Екінші – жиғаның, Үшінші – ырысыңның тұрағы... Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол! Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол! Көп тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол! Ақты ақ деп бағала, Қараны қара деп қарала. Өзегің талса өзен бойын жағала Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала. Өзіңе-өзің кәміл бол, Халқыңа әділ бол, Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол!

Сөздік

Әділдік – правдивость, справедливость

жедел – быстро, оперативно

қисынды – обоснованный, логичный

нақыл – изречение, афоризм

тапқырлық – находчивость

үлгі – образец

шапшаңдық – быстрота

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

1) Шешендік өнер дегеніміз не?

2) Халық шешендікті терең меңгерген адамды қандай деп санаған?

3) Төле би Әлібекұлы туралы айтып беріңіз?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

2-сабақ.

ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Көпшіліктің алдында сөйлеу үшін шешенге арнайы әдет-дағдыларды игеру шеберлігімен қатар, ептілік және іскерлік қабілет қажет. Көпшілік алдын да сөйлеудің табысты болуы сөйлеушінің өзі баяндап тұрған тақырыпты жетік білуіне байланысты болады.

Шешен сөзді құрастырушы ғана емес, ол сөзді баяндаушы, тыңдаушыға жеткізуші адам. Сондықтанда мазмұыны қызықты мәтінді әзірлеу жеткіліксіз, оны ауызша пішінде жеткізу үшін ауызекі тілдің заңдылықтарын жақсы біліп, шешендік өнердің әдістемесін меңгерген болу керек. Бұл жерде дауыс деңгейі, интонация, сөйлеу мәнері мен ырғағы, кідірістер, жестер мен мимикалар, мінбедегі тұрыс, өз-өзін ұстау дағдысы маңызды болып табылады.

Аудиторияны өз-өзіне деген сенімділігімен, кішіпейілдігімен тартымды даусымен, әдемі жымисымен тартып алған шешен тыңдаушылар тарапынан табысқа жетеді, керсінше сөйлеуші өз-өзіне сенімсіз болса, тақырыбын селқос әңгімелесе, дауысында жігер болмаса, тыңдаушылар қабылдамайды.

Сөздік

Әдістеме– методика

әзірлеу – быстро, оперативно

дағды – привычка

ептілік – правдивость, справедливость

жымиыс – улыбка

кідіріс – задержка, заминка

кішіпейілдік – скромность

пішін – форма

селқос – равнодушие, безразличие

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сізден танысыңыз қарызға ақша сұрады. Сіз:

- танысымның ақшаны не үшін сұрап жатқан біліп, қарызға ақшаны беремін. Неге?

- қарызға ақша бермеуге сылтау іздеймін. Неге?

2. Бейнефильм «Бизнесмен болу әр адамның қолынан келе ме?»

«Бизнесмен болу әр адамның қолынан келе ме?» атты бейнефильмді мына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=1m3QmV9UHY0бойынша көре аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: