Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Бас кейіпкердің аты-жөні кім және ол туралы не айталасыз?

2) Кейіпкер нені мақтан тұтады?

3) Кітап туралы кейіпкер не дейді?

4) Кейіпкер «Ақша бар жерде дос жоқ» деген мақалды неге дұрыс дейді?

5) Кейіпкер қайырымдылықпен айналысады?

3. Фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Он бесінші апта. ӘДЕП ЖӘНЕ БАСҚАРУ

1-сабақ.

ӘДЕП ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Әдеп дұрыс және дұрыс емес іс-әрекетті анықтайтын принциптермен тығыз байланыста.

Бизнес әдебі тек қана әлеуметтік жауапкершілікті іс-әрекет мәселесін қозғамайды. Ол басқарушы мен бағынушылардың іс-әрекет нұсқаларына кең көлемде тоқталған. Бұл жерде назар аударудың орталығында құралдар мен мақсаттар тұрады.

Ұйымдар жетекшілер мен қатардағы жұмысшылардың іс-әрекет әдептілігінің сипатын жоғарылату мақсатында түрлі шаралар жасайды. Мұндай шараларға әдеп нормативтерін жасау, әлеуметтік тексерулерді жүргізу және әдеп іс-әрекеттерін оқыту жатады.

Әдеп нормативтері жұмысшылар ұстанатын жалпы құндылықтар мен әдеп ережелері жүйесін сипаттайды.

Кейбір ұйымдар күнделікті тәжірибеде әдеп көзқарасы тарапынан бағалау үшін тұрақты комитеттер құрады. Мұндай комитеттердің барлық мүшелері - жоғары деңгейлі жетекшілер.

Кейде комитеттің орнына бизнес әдебі бойынша маман жалданады. Ол әдеп сұрақтары бойынша бақылау жасауды шығарады, ұйымның «әлеуметтік жауапкершілік» функцияларын орындайды.

Әлеуметтік тексерулер ұйымының бағдарламасы мен әлеуметтік қозғалыс ықпал туралы есепті құру мен баға үшін ұсынылған.

Әдепті іс-әрекетке оқыту - жетекшілер мен қатардағы жұмысшыларды әдепті іс-әрекет көрсеткіштерін жоғарлату үшін ұйымдарда қолданатын амал.

Сөздік

Амал – действие

әдеп – приличие

әдептілік – учтивость; тактичность

жауапкершілік – ответственность

құндылықтар – ценности

құрал – средство

сипатау – характеризовать

шара – мера

іс-әрекет – действие

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Әдептілікті жоғарылату үшін қандай шаралар жасалынады?

2) Тұрақты комитеттер не үшін құрылады?

3) Бизнес әдебі бойынша маман немен айналысады?

3. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз

4. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

5. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

2-сабақ.

ПІКІРТАЛАС

Бүгінгі қоғам сөз еркіндігіне мүмкіндік береді. Бірақ бұл не айтқысы келсе, соны айта беру деген емес, ұтымды ойдың, адамгершілік норма қалыптары мен қоғам талаптары шеңберіндегі көзқарасты танытуға, оны дәлелдей алуға деген мүмкіндік.

Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды не қарсы көзқарас пайда болады. Егер шешен пікіріне орай сұрақ болмаса, онда әңгіменің мақсатына жетпеуі деп те бағалау керек.

Сұрақтың мазмұнына қарай екіге бөлуге болады.

- Түсіндірме сұрақтар

- Қосымша сұрақтар.

Пікірталас түрлі көзқарас, ой-пікірлерді, салыстыру арқылы өзінің көзқарас пен ой-пікірлерін дәлелдеу. Пікірталас түрлері:

- пікіраламасу

- ойталқы

- пікірсайыс

- ойбөліс

- айтыс.

Пікірталастың нәтижесі сөз айтысының логикалық құрылымында, тойтарыс беру тәсілдеріне, репликаны қабылдай білуге, осал тұсты таба алуға байланысты болады.

Сөздік

Пікірталас – диспут

Ұтымды – выиграшное, выгодное

ой-пікір – мнение

салыстыру – сравнение

осал – слабо; некрепко; непрочно

тойтарыс –отпор; сопротивление

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) «Ойды ой қозғайды» дегенді қалай түсінесіз?

2) Сұрақтың мазмұнына қарай қандай түрлері бар?

3) Пікірталастың қандай түрлері бар?

4) Мәтінді пайдалана отырып, жай және күрделі жоспар құрастырыңыз.

1.Бірнеше тармақтардан тұрады 2. Негізгі ойды ашу шін құрылады  
1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 3. Қорытынды
Күрделі жоспар  
Жай жоспар  


3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сіз оқып жүрген топта бір студент туралы жағымсыз әңгімелер айтылып жүр. Сіздің әрекетіңіз:

- Көпшілікке қосылып студентпен сөйлеспеймін.

- Өзімніңпікірімді ұстанамын.

2. Бейнефильм «Этика заңдылықтары»

«Этика заңдылықтары»атты бейнефильмді мына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=Qah4WMkFnUgбойынша көре аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: