Он Екінші апта. Іскерлік

1-сабақ.

ІСКЕРЛІК КЕЛІССӨЗДЕР

Іскерлік келіссөздер – нақты бір мәселе жөнінде белгілі бір адамдар тобымен ортақ келісім жасау мақсатында екіжақты талқылау жасау. Бұл іскерлік әңгімелесудің маңызды түріне кіреді. Келіссөздер арқылы іскерлік қатынастар орнығып, келісім шарттар жасалады, маңызды шешімдер қабылданады, жауапкершілігі үлкен құжаттарға қол қойылады, әртүрлі бағытта жұмыс істейтін фирмалармен, кәсіпорындармен, мекемелермен бірлесіп қызмет атқаруларына жол ашылады.

Келіссөздер бірлесіп шешімдер қабылдау үшін жүргізіледі, ал сәтті келіссөздер жасау өзара бірлесіп жұмыс жасаудың алғы-шарты, қызмет аясын кеңейтудің кепілдігі және болашақтағы дамудың негізгі көрсеткіші.

Келіссөзге қатысушыларға қажетті ақпаратты жинақтау, ақпараттарды көбірек жинаған топтың кездесу барысын да өз-өздерін сенімдірек сезініп, батыл қимылдар жасауға мүмкіндік береді.

Сәтті келіссөз жүргізудің келесі тәсілі - шебер жасалған жоспар. Сондықтан да іскерлік келіссөздерге өте мұқият дайындалып, алдында тұрған талқылаудың әр бөлігін, қайшылықты тұстарына дейін ойластырып, өз позицияңды негіздеуге қажетті деректерді, дәлелдемелерді жинастыру.

Ең бастысы, келіссөздерде жақсы, тиянақты дайындығы, тәжірибиесі бар, жазбаша және ауызша сөйлеудің мәдениетін игерген, іскерлік этикет ережелерін білетін адамдар тобының жеңіске жететіні даусыз.

Келіссөз жүргізудің негізгі құрлымдық элементтері:

1. Келіссөзге қатынассушылардың қарсы алу, салемдесу, бір-бірін таныстыру.

2. Келіссөздің мақсатын және талқыланатын мәселені мазмұндау.

3. Позицияларды нақтылауды, талқылауды, өзара келісуді және екіжақты мүддені айқындауды көздейтін қатынастарды диалогі.

4. Қорытынды жасау және шешімдер қабылдау.

5. Келіссөзді аяқтау, қорытындылау.

Сөздік

Айқындау – выяснить, уточнить

атқару – выполнять, исполнять

даусыз – бесспорно

көздеу – нацеливаться

құжат – документ

мұқият – внимательно

мүдде – интерес

орнығу – обосновываться, укрепляться

талқылау – обсуждать

тиянақты – основательно

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Іскерлік келіссөздер дегеніміз не?

2) Іскерлік келіссөздер арқылы не жасалынады?

3) Келіссөз жүргізудің негізгі құрлымдық элементтері қандай?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

2-сабақ.

ҰЙЫМНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек:

1. Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы;

2. Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы;

3. Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы.

Ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.

Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді.Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады. Бейресми ұйымдар - бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.

Ұйымның ортақ сипаттары:

- Ұйымның ресурстары - көздеген мақсаттарға жету үшін қажетті ұйымның негізгі ресурстары және олар өндіріс қызметінің нәтижесінде құрылады: адамдар, капитал, технология, ақпарат.

- Сыртқы ортаға тәуелділігі.

- Көлденең еңбек бөлінісі - еңбек процесіне қатысушылар арасында жұмысты құрайтын компоненттерге бөлу. Жұмыс маманды белгілер бойынша бөлінеді.

- Бөлімдер (ұйым құрылымы)

- Тік еңбек бөлінісі -жұмысты қозғалыстардын біріктіру бойынша және қозғалыстың өзіне бөлінеді. Басқа адамдардың жұмысын біріктіру қызметі басқарудың болуын қамтамасыз етеді.

Сөздік

Бейресми – неофициальный

көлденең еңбек бөлісі – горизонтальное разделение труда

қамтамасыз ету – обеспечивать

өмір сүру – жить; проживать

ресми – официальный

санасу – считаться; принимать во внимание

талаптар – требования

тік еңбек бөлісі – вертикальное разделение труда

тәуелділік – зависимость

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Ұйымдар қандай міндетті талаптарға сәйкес болу керек?

2) Ұйым дегеніміз не?

3) Ұйымның ортақ сипаттарына не жатады?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Оқып жүрген топта сіз жақсы білетін сұрақ бойынша қате пікір айтылды. Сіз:

- үндемей қоюды қалаймын;

- бұл сұрақтың дұрыс жауабын түсіндіріп беремін.

Берілген жауаптардың біреуін таңдап, өз ойыңызды айтыңыз.

2. Бейнефильм «Табыс құпиясының кілті»

«Табыс құпиясының кілті»атты бейнефильмді мына сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=CT5Yc9Hn7jUбойынша көре аласыз.

Бейнефильмді 2.30 мин. дейін көріп және тыңдау керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: