Сызбалар, есептер, ситуациялар

1. Тұлғаның санасын қалыптастырудағы БАҚ ролі мен мәні туралы баяндаңыз.

2. БАҚ зерттеулеріндегі классикалық және жаңа әлеуметтік теорияларға талдау жасаңыз.

3. Қазіргі қоғамдағы жарнаманың рөлі туралы пікілеріңізді білдіріңіздер.

Глоссарий

п\п Әлеуметтанулық ұғымдар Анықтамасы
  Бұқаралық коммуникация ағартушылық және әсер ету мақсатында жүйелі түрде хабарлама тарату.
  Коммуникатор бұқаралық ақпарат құралдарын бақылаушы және ұйымдастырушы.
  Өнер күнделікті шынайылықты қалыптастыратын, білімнің формасы.
  Бұқаралық мәдениет діни және таптық ерекшеліктеріне тәуелсіз көптеген адамдар тобына арналған мәдениет формасы.
  Стереотип әлеуметтік объектінің жүйеленген үлгісі.
  Тіл әлеуметтік тәжірибені сақтау мен тасымалдауды қамтамассыз ететін,әлеуметтік коммуникация жүйесі.
  Қоғамдық пікір әлеуметтануы қоғамдық пікірдің қалыптасуы механизмдерін және заңдылықтарын зерттейтін жалпы әлеуметтанудың бөлімі.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.

2. Қоғамдық пікірдің құрылымы.

3. Г.Тардтың бұқаралық коммуникация туралы көзқарастары.

4. Қоғамдық пікірдің қызметтері мен қоғамдық сана ұғымы.

5. Қазіргі қоғамдағы жарнаманың ролі.

6. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам дамуына әсері.

7. Г.Лассуэлдің зерттеулері.

8. Г.Маклуэннің коммуникацияның жалпы теориясы туралы еңбектері.

9. Бұқаралық мәдениет.

10. Қоғамдық пікір әлеуметтануы.

9) Әдебиеттер

1.Әбсаттаров Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану/Р. Б. Әбсаттаров. Алматы. Ғылым, 2004. – 382 б.

2.Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология/ Н.А. Аитов. Алматы: Қазақ университеты, 2002. 254 б.

3.Габдуллина К.Г. и др. Социология. Учебник для студентов высшых технических учебных заведений/ К.Г. Габдуллина. Алматы., Санат, 1997

4.Тұрғынбаев Ә.Х. Социология/ Ә.Х. Тұрғынбаев. Алматы, 2001. – 180б.

5.Сәрсенова Ж., Тәңірбергенова Г. Әлеуметтану/ Ж.Сәрсенова. Алматы, 2000. – 320б.

6.Смелзер Н. Современная западная социология/ Н. Смелзер. Москва, 1992

7. Словарь по социологии. Москва, 1992. – 548 с.

1) №14 Сабақ

Тақырып Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы

2) Сабақ мақсаты Әлеуметтік зерттеулер жүргізу бағдарламасын құрастырудағы негізгі әдістерді анықтау мен бұл бағдарламалардың қолданылу аясына сипаттама беру. әлеуметтік зерттеулерді ғылымда пайдалана білу мен зерттеудің іріктеу әдісін қарастыру. Әлеуметтік зерттеулердің әдістері мен техникасын меңгеру.Әлеуметтік зерттеулердегі практикалық іс-әрекеттермен танысу.

3) Семинар жоспары:

1. Социологиялық зерттеудiң әдiс–тәсiлдерi;

2. Социологиялық зерттеудiң әдiстемесі;

3. Сауалнама;

4. Бақылау;

5. Құжаттарды саралау.

Блиц-тест

1.Бұл әдістің ақпарат көзі болып құбылыстың сыртқы белгілері табылады:

А) анкеталау

В) интервью

С) контент талдау

D) байқау

Е) құжаттарды талдау

2. Алғашқы әлеуметтік ақпараттың көзі ретінде тұлға бұл:

А) интервьюрер

В) оппонент

С) әріптес

D) зерттеуші

Е) респондент

3.Бақылаушының зерттелетін топқа оның толық мүшесі ретінде қосылуы байқаудың қай түрі?

А) ресми

В) қосылған

С) ашық

D) қосылмаған

Е) стандартталған

4.Кәсіпкерлік әлеуметтану ғылымның қай саласына жатады?

А) саяси әлеуметтану

В) қоғамдық пікір әлеуметтануы

С) экономикалық әлеуметтану

D) отбасы әлеуметтануы

Е) дін әлеуметтануы

5.Қайтара зерттеу қандай бөлімдерден тұрады?

А) талдаушы және алғашқы

В) барлаушы және сипаттаушы

С) алғашқы және соңғы

D) трендті, панельді, логитюдті

Е) бірінші және екінші

6.Жеке тұлға қоғамдағы индивидтердің орындайтын рөлдері жиынтығының функциясы болып табылады - осы жағдай:

А) марксизм

В) дау-жанжал теориясы

С) рөлдік теориясы

D) айырбас теориясы

Е) айнадағы теориясы

7. Адамдардың психоэмоционалдық әрекеттеріне негізделген әлеуметтік әрекет дегеніміз:

А) қарапайым

В) аффективті

С) рационалды

D) құндылықты

Е) дәстүрлі

8.Көрсетілген әлеуметтанушылардың қайсысы қоғамды тірі (биологиялық) организммен теңестірді?

А) Спенсер

В) Конт

С) Зиммель

Е) Мертон

Е) Козер

9.Шындық туралы объективтік білімдерді қалыптастыру және теориялық жүйелеу - негізгі функциясы болады....

А) мектептің

В) саясаттың

С) ғылымның

D) діннің

Е) экономиканың

10. Әлеуметтік өмір әрекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани алғышарттары жөніндегі әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жиынтығы... деп аталады?

А) әлеуметтік мобильділік

В) әлеуметтік құрылым

С) әлеуметтік болжау

D) әлеуметтік

Е) экономиканың

5) Бақылау сұрақтары

1. Әлеуметтанулық зерттеулердегі эмиприкалық әдістер дегеніміз не?

2. Әлеуметтік зерттеулердің негізгі проблемаларын атаңыз.

3. Әлеуметтанудағы негізгі ақпарат жинау әдістерін атаңыз.

4. Іріктеу әдісі дегеніміз не, оның негізгі ұғымдары қандай?

5.. Ақпарат жинаудың негізгі әдістері, олардың жіктелу ерекшеліктері.

6. Іріктеу әдісі және оның негізгі түсініктерін талдаңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: