Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.Қазіргі Қазақстандық отбасының ерекшелігі неде?

2.Отбасы қазіргі кезеңде қандай мәселелерді бастан кешіруде?

3.Экономикалық өзгерістер қазіргі заманғы отбасының жағдайына қалай әсер етті?

4.Қазіргі заманғы отбасы мен некенің формаларын атаңыз.

Глоссарий

п\п Әлеуметтанулық ұғымдар Анықтамасы
  Неке ер мен әйелдің арсындағы қарым - қатынастың әлеуметтік және заңдық тұрғыдан негізделуі.
  Отбасы неке және қандас-туыстық байланыстармен біріккен адамдар тобы.
  Моногамия кез-келген жыныстың ішінен бір ғана индивидті иемденуге болатын некенің түрі.
  Полигамия бір индивидтің бірнеше индивидпен некелесуі.
  Полиандрия бір әйелдің бірнеше күйеуінің болуы.
  Полигиния бір ер адамның бірнеше әйелмен некелесуі.
  Нуклеарлық отбасы ата-анасы мен баларынан тұратын отбасы түрі.
  Эгалитарлық отбасы жұбайлардың тең билігін көрсететін отбасы.
  Әлеуметтендіру балалардың қоғам мүшесі болуын көздейтін тәрбие процесі.
  Майорат үлкен ұлдың мұрагерлік құқығы.
  Үлкен отбасы ата-анадан, олардың балалары мен туған-туыстарынан тұратын отбасы.
  Инцест туысқандардың некелесуіне тиым салушылық.

7) Мәнжазба тақырыптары

1. Отбасының тарихи түрлері.

2. Отбасындағы жалғыз бала проблемасы.

3. Отбасының ажырасу себептері

4. Отбасы әлеуметтік институт ретінде.

5. Отбасы және маскүнемдік.

6. Л.Морганның отбасы туралы зерттеулері.

7. Тұлғаны қалыптастырудығы әлеуметтендірудегі отбасының ролі.

8. Отбасының типологиясы.

9. Отбасының негізгі қызметтері.

9) Әдебиеттер

1. Әбсәттаров Р. Әлеуметтану: Оқу құралы / Р. Әбсәттаров. - 2 бас. толықт. - [б. м.]: Карасай, 2007. - 384 б.

2. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: Оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. - [б. м.]: Қарасай, 2006. - 364 б.

3. Әженов М.С. Ғылым социологиясы: оқу құралы / М. С. Әженов. - [б. м.]: Қазақ университеті, 2009. - 142 бет.

4. Әлеуметтану / орысшадан қазақшаға аударған Б. С. Шәпиев. - [б. м.], 1995. - 163 б.

5. Бәкір Ә. Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеументтік көзқарастары: оқу құралы / Ә. Бәкір. - [б. м.]: Сарыарқа, 2008. - 155 бет.

6. Габдуллина К. Құқық социологиясы: Оқулық / К. Габдуллина. - [б. м.], 2004. - 208 б.

7. Иватова Л. М. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат: Оқу құралы / Л. М. Иатова, Ш. А. Кұрманбаева, С. Т. Мейірманов. - [б. м.]: Қарасай, 2006. - 172 б.

8. Қалдыбаева Т.Ж. Әлеуметтану: оқу құралы / Т. Ж. Қалдыбаева. - [б. м.]: ШКМТУ, 2006. - 100 тг.

9. Қалдыбаева Т. Бәсекеге қабілетті Қазақстан республикасы тұрғысындағы ХХІ ғасыр мұғалімі: Теория, методологи, эмпирика және праксеология. Социологиялық талдау және тұжырымдама / Т. Қалдыбаева. - [б. м.]: ШКМТУ, 2008. - 242 с.

10. Орынбекова Д.С. Социология: оқу құралы / Д. С. Орынбекова. - [б. м.]: АЭЖБИ, 2002. - 82 бет.

1) №12 Сабақ

Тақырып Мәдениет әлеуметтануы

2) Сабақ мақсаты Студенттерді мәдениетке әлеуметтік талдау жүргізуге, мәдениетің факторларын зерттей білуге, адамның мінез-құлқына әсер етуші мәдени факторларды талдауға бейімдеу. Қазіргі заманғы мәдениеттің ерекшеліктерін, оған ықпал етуші факторларды меңгеру. Мәдени шиеленіс әлеуметтануының негізгі қағидаларын, мәдениеттің, субмәдениет пен контрмәдениеттің түрлерін талдау арқылы студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

3) Семинар жоспары:

1. Мәдениет және әлеуметтану;

2. Мәдениетпен идеологияның қарым- қатынасына талдау;

3. Субмәдениет және қарсы мәдениет ұғымдарын талдау.

Блиц-тест

1. Әлеуметтік шындықтың негізгі көрсеткіші

А) Өзара пікір талас

В) Қоғамдағы саясат

С) Қоғамдағы мәдениет

D) Жеке адам

Е) Индивид

2. Әлеуметтану ғылым бойынша иерархия термині қандай мағына береді?

А) Әлеуметтік бақылау

В) Аз топ

С) Алғашқы топ

D) Екінші топ

Е) Қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтау үшін қолданылады.

3. Антикалық дәуірдің алғашқы әлеуметтанушылары деген атқа ие болған әлеуметтік философтарды атаңыз?

А) Дж.Мид

В) О.Конт

С) Г.Спенсер

D) Платон, Аристотель

Е) Т.Парсонс

4. Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формацияларды жіктеген кім?

А) Г.Спенсер

В) О.Конт

С) К.Маркс

D) В.Паерето

Е) Г.Зиммель

5. Орташа деңгейлер теориясы ұғымын енгізуші

А) Э.Фромм

В) В.Парето

С) О.Конт

D) Р.Мертон

Е) Т.Парсонс

6. Қауым мен қоғамды бөліп көрсеткен кім?

А) Дж.Морено

В) А.Шюц

С) Ф.Теннис

D) Э.Мэйо

Е) Дж.Мид

7. Әлеуметтануда Позитивистік бағыттың негізін қалаушы?

А) О.Конт

В) Р.Мертон

С) Дж.Мид

D) М.Вебер

Е) Э.Дюркгейм

8. «Түсіну» әдісін құрастырған қай ойшыл?

А) М.Вебер

В) А.Шюц

С) Э.Дюркгейм

D) Л.Козер

Е) О.Конт

9. Кім бойынша әлеуметтанудың объектісі болып әлеуметтік фактілер табылады?

А) Э.Дюркгейм

В) М.Вебер

С) О.Конт

D) А.Шюц

Е) Мэйо

10. У.Томас пен Ф.Знанецкий қай бағыттың өкілдері?

А) өндірістік әлеуметтану

В) органикалық мектеп

С) позитивизм

D) Эмпирикалық әлеуметтану

Е) Әлеуметтік айырбас

5) Бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мәдениет және оның әлеуметтанулық талдамасын қарастырыңыз. Мәдениеттің әлеуметтену процесіндегі мәнін ашыңыз.

2. Адам мінез-құлқына әсер етуші мәдени факторларды әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеңіз.

3. Этноцентристік және мәдени-релятивистік тұрғыдан мәдениеттің зерттелуне ән беріңіз.

4. Мәдениет дегеніміз не?

5. Әлеуметтену процесіндегі мәдениеттің ролі қандай?

6. Мәдениет пен идеологияның өзара байланысын көрсетіңіз.

7. Мәдениеттің негізгі түрлерін атаңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: