Тарату білігін есептеу реті

Тарату біліктерін көміртекті (40,45) немесе легирленген (15Х, 12ХНЗА) болаттан немесе легирленген шойыннан жасайды. Қозғалтқыштың жұмысы кезінде тарату білігіне клапан жетегі әсер етеді: серіппенің серпімділік күші Pпp.т, клапанды механизм бөлшектерінің инерция күші P және итергішке келтірілген газдардың қысым күші Pг.т.

16. Клапан жетегінен жұдырықшаға әсер ететін жалпы күш

Pт=Pпp.т+P+Pг.т=(Pпp+Pг) гjт.

17. Енгізу клапаны ашылуының алғашқы периодында жұдырықшаға ең үлкен күш Рт.max беріледі.

Дөңес жұдырықша үшін:

 

Рт.max=[Рпр. min+ г – р'r)] т (r1 – r0),

мұндағы: Рпр.min клапан жабық кезде серіппенің серпімділік күші, Н;

dв енгізу клапан қақпағының (тарелкасы)сыртқы диаметрі, м;

рг есептелетін режим үшін енгізу клапан ашылуының басындағы моментте цилиндрдегі қысым, Па;

р'r шығару түтігіндегі қысым (атмосфераға шыққанда р'r ≈ р0), Па;

lкл және lт күйенте иықтары, мм;

ωк тарату білігінің бұрыштық айналу жиілігі, рад/с;

r0 және r1 сәйкесінше жұдырықша профилінің бастапқы шеңбері мен бірінші аумағының радиустары, м;

18. Итергішке келтірілген газ тарату механизмнің қозғалатын бөлшектернің массасы.

Мт= (mкл +mпр/3)·(lкл/lт)2 + mт + mшт + m''к

мұндағы: mкл, mпр, mт, mшт және т"к сәйкесінше клапанның, серіппелердің, итергіштің, штанганың және күйентенің массалары, кг;

т"к ≈ mк(lкл+lт)2/(12lт2) — тірегі шпилька болатын, екі иықты рычаг болғанда, итергіш білікке келтірілген күйентенің массасы;

т"к ≈ mкlкл2/(3lт2) — тірегі болт болатын, бір иықты рычаг болғанда, итергіш білікке келтірілген күйентенің массасы (1 суретте).

Тарату білігінің негізгі есебі – қатаңдыққа есептеу. Бұл есепте Рт.max жалпы күшінің у майысу жебесін анықтайды. Біліктің есептік сызбасы итергіштің әсер ететін жерінде жүктелген, тіректерде бос жатқан, кесілген балкатүрінде болады.

Майысу жебесі, мм

у=0,8Рт.maxa2b2/[Е/(dр4–δр4)],

мұндағы: а және b — тіректен Рт.max күші қосылған нүктеге дейінгі арақашықтық, мм;

l — біліктің тіректері арасындағы қашықтық, мм;

dp және δР тарату білігінің сыртқы және ішкі диаметрлері, мм;

Е — бірінші текті серпімділік модулі, МПа.

 

3 сурет. Тарату білігінің есептік сызбасы

 

 

у майысу шамасы0,02 — 0,05 ммаспау керек.

20. Жұдырықша мен итергіштің жұмыс беттерінің түйсі жерінде пайда болған жапыру кернеуін жазық және роликті итергіш үшін анықтайды:

σсм=0,418 ,

σсм=0,418 ,

мұндағы: bк жұдырықша ені, м;

r — итергіш ролигінің радиусы, м.

Жапыру кернеуінің рұқсат етілген мәні см]= 400 — 1200 МПа.

Майысу жебесі мен жапыру кернеуін анықтаудан басқа, кейде иілу мен ширату моменттерінің бірлескен әсерінен тарату білігінде пайда болатын σƩ жалпы кернеуді де анықтайды.

Иілу кернеуі

σизизmax/Wизτ.maxba∙32/[π (1–δр4/dр4)l].

22. Бұраушы момент.

Әрбір жұдырықшаның бұраушы моменті итергіштің көтерілуінің бірінші периодының соңында максималды мәнге ие болады, бұл кезде итергіш пен жұдырықшаның түйісу нүктесі итергіш осінен ең алыс қашықтықта болады.

Дөңес профиль мен жазық итергіші бар жұдырықша үшін:

Мкрimax=(Рт)φplmaxm,

мұндағы: φр1р max кезінде (Рт)φplmaxпр.тjт1

m= (r0 + hт max – r2)sinφр.

23. Бұраушы және жалпы кернеулер.

σmaxкр.max/Wкр,

σƩ=0,5 ,

мұндағы: Wкр=0,5Wиз есептелетін қиманың бұрауға қарсылық моменті.

 

σƩ шамасы100 — 150 МПа аспау керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: