double arrow

Цилиндр блогын есептеу реті.

Қазіргі уақыттағы көптеген автомобиль және трактор қозғалтқыштарында цилиндр блогы картердың жоғарғы бөлігімен біріктіріліп жасалып, блок-картер деп аталады. Блок – картерға қозғалтқыштың түрлі механизмдері мен бөлек бөлшектерін орналастырады және бекітеді. Қозғалтқыштың жұмысы кезінде блок-картерға көп мөлшерде динамикалық және жылулық жүктемелер түседі. Блок элементтері арқылы газ қысым күшін беру сызбасы блок-картердың күштік сызбасын анықтайды. Қазіргі кезде автомобиль және трактор қозғалтқышында келесі күштік сызбалар ең көп таралған: тасушы цилиндр блогымен, тасушы су көйлек блогымен және тасушы күштік шпилькалармен.

Тасушы цилиндр блогы кезінде газ қысымының күші цилиндр блогының басы мен су көйлегі арқыы беріліп, бірегей құйма түрінде болады. Блок басын блок –картерге цилиндр блогына бұралатын ьлот немесе шпилька көмегімен бекітіледі.

Тасушы су көйлек блогы кезінде газдың қысым күштері біліктік бағытта тек су көйлекшесін созады, ал алмалы-салмалы (вставные) цилиндр гильзаларына газдың күштері тек радиалды қысым әсер етеді. Блок басы блок-картерге су көйлек блогына бұрап кіргізілген шпилька көмегімен бекітіледі.

Тасушы күштік шпилькалар сызбасында газдың қысым күші блок басын және цилиндрді тұтастыратын күштік шпилькаларға беріледі. Әдетте ұзын күштік шпилькалар бас пен цилиндр блогы арқылы өтіп, картердің жоғарғы бөлігіне бұралып кіргізіледі.

Ауамен салқындатылатын қозғалтқыштарда блок басын, цилиндр мен картерді қосатын екі негізгі күштік сызбаларды қолданады: 1) тасушы күштік шпилькалар және 2) тасушы цилиндрлермен.

Бірінші жағдайда ұзын күштік шпилькалар блок басы мен цилиндрді тұтастырып, картерге бұралып кіргізіледі. Екінші жағдайда қысқа шпилька немесе болттар көмегімен цилиндрді картерге бекітеді, ал блок басын цилиндрге орайды (навертывает) және қысқа күштік шпилькалар көмегімен бекітеді.

Блок-картер жоғары беріктілік пен қатаңдыққа ие болу керек. Блок-картердің қатаңдығын арттыру оның қалқанын қабырғалау арқылы, туннельді картерді қолдану арқылы, картердің төменгі және жоғарғы жағын қосатын жазықтықтың түбірлі подшипниктердің ажырау жазықтығынан төмен орналастыру арқылы және т.б. конструкциялық шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Блок-картер материалы үшін әдетте легирленген шойын немесе арнайы жаппа болатын алюминий құймалары таңдалады. Ең көп таралған - «ылғал»

 

 

және «құрғақ» гильзалары бар алюминий блогы. Төрт цилиндрлі, бір қатарлы

қозғалтқыштарда әдетте сұр легирленген шойыннан құйып жасалған блок болады. Бұл кезде цилиндр гильзалары блокпен бірге құйып жасалып, гильза мен сыртқы қабырға арасында су көйлекшесін құрайды.

Цилиндр блогының төменгі бөлігінде иінді біліктің подшипниктер жапсырмасына арналған «төсеніш» бар. Төсеніштер жоғары дәлділігі бар арнайы прецизионды құралмен өңделеді. Блокты өңдеу технологиясы келесілерді қарастырады:

- Блоктың барлық төсеніштерінің соосності

- Барлық цилиндрлар мен төсеніштер біліктерінің перпендикулярлығы

- Блоктың төсеніш осі мен басының ажырау жазықтығымен параллельділігі

- Қосымша және таратушы біліктердің (блокта орнатылған болса) төсеніштердің біліктері иінді біліктің төсеніш осімен параллельділігі.

Параллельділік пен перпенликулярлылықтың барлық ауытқулары бөлшек арасындағы жұмыс саңылауының жартысынан артық болмау керек. 0,04-0,06 мм саңылау кезінде ол 0,02-0,03 мм аспау керек. Цилиндр блогының конструкциясы мен габариттік өлшемдері қозғалтқыштың қызметімен, жұмыс шарттарымен және қуатымен анықталады. Шойынды блоктың қалқанының және су көйлекшесінің қабырғаларының қалыңдығы 4-7 мм, ал картердің жоғарғы бөлігінің қабырғасы мен қалқанының қалыңдығы 5-8 мм аспау керек. Алюминийлі блок-картерде қабырғалар қалыңдығы сәйкесінше 1-3 мм-ге дейін үлкейеді.

11.1-кесте

Қозғалтқыштың конструкциясы Бензинді қозғалтқыш Дизель
Бірқатарлы, құрғақ гильзалы, түбірлі сырғанау подшипниктері әрбір екі цилиндр сайын орналасқан (екі бойлық білік) (двухпролетный вал) 1,20-1,24 -
Бір қатарлы, бір бойлық білігі мен сырғанау подшипниктері бар 1,20-1,28 1,25-1,30
V-тәріздес, білік мойнында кезекпен орналасқан шатундар мен сырғанау пошипниктері бар 1,33 1,47-1,55
Түбірлі тірек ретінде роликті подшипниктері бар қозғалтқыш 1,30 1,30
Ауамен салқындатылатын қозғалтқыш 1,15-1,36 -

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: