double arrow

Шатунды болттарды есептеу реті.

 

Төрттактылы қозғалтқыштарда шатунның иінді жарты бастарын тұтастыратын болттар поршень мен шатунның қайтара қозғалатын бөлшектері мен иінді бастың ажырау жазықтығының үстінде орналасқан айналмалы массалардың инерция күштерінің әсерінен созылады.

Шатунды болттар жоғары механикалық беріктілік пен сенімділікке ие болуы қажет. Оларды 35Х, 40Х, 35ХМА, 37ХНЗА болаттан жасайды. Бұраудың жоғары кернеуі кезінде болттарды аққыштық шегі жоғары легирленген болаттан жасайды - 18ХНВА, 20ХНЗА, 40ХН, 40ХНМА.

Қозғалтқыштың жұмысы кезінде Рjp инерция күші болтты үзіп тастауға тырысады. Осыған байланысты болттар осы күштің әсерінен беріктігін жоғалтпау үшін өте қатты бұрылып тасталуы керек.

 

16. Бастапқы бұрау күші (МН).

Pпр= (2−3) Рjp/iб

мұндағы: iб шатунды болттардың саны.

17. Болтты созатын жалпы күш.

Рбпр+χРjp/iб

мұндағы: χ — бұрандалы қосылыстың негізгі жүктемелік коэффиценті:

χ = Кш /(Кбш),

мұндағы: Кш шатунның тұтастырылатын (стягиваемые) бөлшектерінің иілгіштігі;

Кб болттың иілгіштігі.

Тәжірибелі мағлұматтар бойынша χ коэффиценті 0,15 — 0,25 аралығында өзгереді. Шатунды болттң диаметрі кішірейген сайын χ мәні де азаяды.

18. Болтта пайда болатын максималды және минималды кернеулерді бұранданың ішкі диаметрінің қимасында анықтайды:

σmax=4Pб/(πdв2)

σmin=4Pпр/(πdв2)

мұндағы: dв = d−1,4t — болт бұрандасының ішкі диаметрі, мм;

d — болттың номиналды диаметрі, мм;

t— бұранда қадамы, мм.

Карбюраторлы қозғалтқыштың шатунды болтын есептеу мысалы.

Шатунның иінді басының есебінен қабылдаймыз: иінді бас пен шатунды болтты үзетін максималды инерция күші: Рjp=0,0186МН. Қабылдаймыз: болттың номиналды диаметрі: d =10 мм; бұранда қадамы: t=1 мм; болттар саны: iб=2. Материал — болат40Х.

Кесте 1 және кесте 5 бойынша болат 40Х үшін қабылдаймыз: беріктік шегі σв=980 МПа; аққыштық шегі σт = 800 МПа және созылу-сығу кезіндегі шаршау шегі σ-1p—300 МПа; созылу-сығу кезіндегі циклды келтіру коэффиценті: ασ=0,17.

βσ= σ-1pт=300/800=0,375;(βσσ)/(1- βσ)=(0,375-0,17)/(1-0,375)=0,328.

Бастапқы бұрау күші:

 

Pпр =(2÷3)Pjp/iб=2-0,0186/2 = 0,0186 МН.

Болтты созатын жалпы күш:

 

Рбпр+χРjp/iб=0,0186+0,2·0,0186/2=0,0205 МН,

мұндағы: χ=0,2.

Болтта пайда болатын максималды және минималды кернеу:

 

σmax=4Pб/(πdв2)=4·0,0205/(3,14·0,0086)2 = 353 МПа;

σmin=4Pпр/(πdв2)=4·0,0186/(3,14·0,00862) = 320МПа;

мұндағы: dв=d-l,4t= 10-l,4-1,0 = 8,6 мм=0,0086 м.

 

Орташа кернеу мен цикл амплитудалары:

 

σm=(σmax min)/2 = (353 + 320)/2=337 МПа;

σm=(σmax min)/2 =(353-320)/2 = 17 МПа;

σакаkσ/(εм εп) = 174,6/(1,0·1,1)=40,2 МПа,

мұндағы: kσ=1 + q(αkσ-1)= 1 + 0,80(3-1) = 2,6;

αkσ=3,0 — кесте 11 бойынша анықталады;

q= 0,80 —σв = 980 МПа және σkσ=3,0 кезінде 2 сурет бойынша анықталады;

εм= 1,0 — 10.8-кесте бойынша анықталады (роликпен жүргізіп бейімдеу) (обкатка роли­ком)

 

10.11-кесте. Ең көп таралған концентраттар қатарына арналған αkσ мәні.

Кернеулерді шоғырландырушы түрі α
Радиустың өзекше диаметріне қатынасы кезіндегі жарты шеңберлі қырнау (полукруглая выточка): 0,1 0,5 1,0 2,0     2,0 1,6 1,2 1,1
Радиустың өзекше диаметріне қатынасы кезіндегі галтель 0,0625 0,125 0,25 0,5   1,75 1,50 1,20 1,10
Тіке бұрышпен өту 2,0
Өткір V-тәріздес қырнау (бұранда) 3,0-4,5
Радиустың өзекше диаметріне қатынасы кезіндегі тесік от 0,1 до 0,33   2,0-3,0
Өнім сыртындағы бұрандадан болатын қатер (Риски от резца на поверхности изделия) 1,2-1,4

болғандықтан,

болттың беріктік қоры аққыштық шегі бойынша анықталады.:

 

nтς = σТ/(σахm)=800/(40,2 + 337)=2,12

 

№11 практикалық жұмыс

Қозғалтқыштың корпусын есептеу.

Мақсаты: Цилиндр гильзасы мен қозғалтқыштың блок басының шпилькасының негізгі конструкциялық өлшемдерін анықтау.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: