Ортамерзімді жоспарлау 1 страница

Манкеш А.Е.

 

ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

Əдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша

мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған

Қазақстан Республикасының

Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған

 

Алматыкітап баспасы

ƏОЖ 373.2

КБЖ 74.102

М 19

 

 

МанкешА.Е.

М 19 Экология негіздері. Əдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың

үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педа-

гогтеріне арналған. А.Е.Манкеш. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 120 б.

 

ISBN 978-601-01-3068-5

ƏОЖ 373.2

 

КБЖ 74.102

ISBN 978-601-01-3068-5

© МанкешА.Е., мəтіні, 2017

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017

Алғы сөз

«Экология негіздері» оқу-əдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сəйкес

дайындалды:

1. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

(Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен

бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі жəне мектепалды

даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;

2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік

оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж.

22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);

3. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан

Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499

бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5

білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

ОƏК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген

мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.

6–7 жастағы балалардың мектептегі оқуға қажетті коммуникативтік білім-білік

дағдыларының қалыптасуына ықпал ететін білім беру үдерісімен, мектепалды даярлық

сыныбы/тобы мен бастауыш білім берудің сабақтастығын, үздіксіздігін қамтамасыз ету

мақсаты көзделеді. Əдістемелік нұсқауда «Экология негіздері» ұзақмерзімді (күнтізбелік-

тақырыптық жоспар) жəне қысқамерзімді ұйымдастырылған оқу қызметтерінде (бұдан əрі

ҰОҚ) жоспарлары жан-жақты қарастырылып берілген. Əдістемелік нұсқау мен əліппе-

дəптерден тұратын бұл оқу-əдістемелік кешен білім беру талаптарына cəйкес, мектепалды

даярлық (6-7 жас) сыныбы/тобыбалаларының жас жəне психо-физиологиялық ерекшеліктері

ескеріліп жасалды. Қазіргі мектепке дейінгі сатыда жан-жақты дамыған жеке тұлғаны

оқытып-тəрбиелеу үшін жоғары білімдік нəтижелерге қол жеткізетін, оқу-тəрбие үдерісінің

тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін белсенді оқыту мен оқудың педагогикалық

тəжірибедегі заманауи стратегиялар мен техникаларды пайдалану қарастырылған.

Əдістемелік нұсқауда «Экология негіздері» пəні бойынша балалардың алған білімдерін

күнделікті өмірде (отбасында, балабақшада, қоршаған ортада, табиғат əлемінде) кездесетін

табиғат құбылыстары мен үдерістерін бақылау, экологиялық түсініктерді жетілдіру, сипаттау, болжау біліктілігін дамытуға бағытталып, тəрбиешінің жаңа білімді балаға қандай

əдіс-тəсілдермен түсіндіруге болатындығы жан-жақты талданып берілген.

Автор əдістемелік нұсқауда келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:

1. Балаларға табиғат, қоршаған орта туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның əдемілігін

көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту.

2. Мектепалды даярлық тобы балаларының табиғат туралы білімдерін тереңдетіп,

табиғаттағы жағымды-жағымсыз істерді ажыратып, пайдалы іс-əрекет түрлерін атқара білу

негізіндегі экологиялық мəдениетін дамыту.

3. Зияткерлік, шығармашылық белсенділіктерін сын тұрғысынан ойлау қабілеті

негізінде қарапайым тəжірибелер жасатып, экологиялық ғылыми ақпаратты, мəселен:

«Қызыл кітап», «Қазақстанның қорықтары», «Наурыз – экологиялық мереке» екендігін

түсіндіру.

 

4. Балалардың өзіне жəне басқаларға сын көзбен қарай білудегі экологиялық

жауапкершілігі, табиғи ортадағы өзінің іс-əрекетінің жақын кезеңдегі жəне болашақтағы

нəтижелерін болжай білуін дамыту.

5. Күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды

тиімді пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін экология ғылымдары

бойынша алған білімдерін қолдану.

6. Пəн бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

7. Бірлесіп жұмыс істеу, бір-бірімен ұжымдық қарым-қатынас жасау жəне өздеріндегі

ақпараттармен бөлісе білу дағдыларын қалыптастыру.

 

Экология негіздері бойынша ҰОҚ-ның мазмұны оқу мақсаттарын көздейтін

бөлімшелерден тұрады. Əрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары

педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға жəне оларға оқудың

келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

 

Бөлім

Бөлімше

1. Тірі табиғат 1.1

Өсімдіктерге қамқорлық жасау

1.2 Жануарларға қамқорлық жасау

1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар

2. Өлі табиғат 2.1

Су, жер, ауаға қамқорлық

 

 

1-бөлім. Тірі табиғат

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Өсімдіктерге

0.1.1.1 Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасау

қамқорлық жасау

0.1.1.2 "Қызыл кітапқа" енгізілген өсімдіктерді атау

0.1.1.3 Табиғатта өзін ұстай білудің ережесін білу

1.2. Жануарларға

0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау

қамқорлық жасау

0.1.2.2 Қазақстанның қорықтарын атау

0.1.2.3 "Қызыл кітапқа" енгізілген жануарларды атау

1.3 Адамның өміріне

0.1.3.1. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың, ауаның

қажетті жағдайлар

жəне жылудың рөлі туралы білу

 

Əдістемелік нұсқаудың мазмұнында басты ғылыми түсініктер ерекшеленіп, ұсынылған

ҰОҚ-лардың мазмұнындағы бақылаушылық дағдыларын қалыптастыратын əдістерді қалай

қолдану керектігі де көрсетілген. Мұндай тəсіл балаларға алғашқы бақылау негізіндегі іздену

дағдылары мен өз бетінше іздену жұмыстарын орындау үшін белгілі бір облыстың

аясындағы базистік білім алып, бақылау, тəжірибе жасау тəсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Кіші жастағы балаларға бақылау негізіндегі ізденіп оқытудың тəжірибелік міндеттерін

шешуге көмектеседі жəне ғажайып ғылым əлеміне жол ашады. Əдістемелік нұсқаудың негізі

– қоршаған орта мен табиғаттағы адамның белсенді іс-əрекеті. Ғылыми түсініктер мен

ұғымдарды меңгеру бақылау, іс-тəжірибе жүзінде, тəжірибелік жұмыс, саяхат барысында

жүзеге асырылады жəне танымдық тəсілдер мен өмірлік дағдылар игертіледі.

«Экология негіздері» бойынша ҰОҚ-ларда ғылыми түсініктер мен ұғымдар сын

тұрғысынан ойлау арқылы оқыту тəсілімен жүзеге асады жəне бұл кейінгі тақырыптарға

қайта оралуына жеңіл болады. Педагогтің сыни тұрғысынан ойлау, креативті, оқыту мен

оқуда ақпараттық технологияларды пайдалануы балаларға бақылаушының рөлінде болуға

көмектеседі. Педагог балаларды шығармалыққа баулу үшін өмірлік мақсаттарды, яғни

 

«қажетті білімді тек кітаптан ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортадағы заттардан, өмірлік

жағдаяттардан алу» тəсілін пайдаланады. ҰОҚ-ны құру барысында оқу материалдарын

дұрыс бөлу осы пəн бойынша пəндік мазмұнын жетік меңгеріп, тəжірибелік дағдыларды

игеруге, сабақтастық, пəнаралық байланыстардың дамуына, оқу-тəрбие үдерісінде

жетістіктерге жетуге көмектеседі.

Қазіргі кезеңде ғылыми білімді қажет ететін жағдаяттар өте көп, сондықтан балаларға

балабақшадан бастап ғылымды таныту аса қажет. Түрлі тəжірибелік жəне зерттеу іс-

əрекеттері балалардың қарапайым бақылаушылық дағдылары мен іскерліктерін дамытады.

Мысалы: əліппе-дəптердегі бақылау, сұрақтар құрастыру, тəжірибелік жұмыстар жүргізу, өзінің пікірін ортаға салу, өз ойын дəлелдей білу жəне т.б. Бұл дағдылары мен іскерліктерін

күнделікті өмірде қолдана алады. Балалар болашақта ғылыми білімді адамзаттың тұрмысы

мен тіршілігі үшін пайдаланудың маңызды екенін түсінеді.

Балалар ҰОҚ барысында, бақылау кезінде өсімдіктерді күтуге қажетті құралдармен

жұмыс істей білу дағдыларды, ғылыми білімді ерекше əдіс-тəсілдермен игереді де, құрбы-

құрдастарымен ұжымдық қарым-қатынасқа түсуді үйренеді. Оқу материалдарын бекіту

шығармашылық, тəжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы:

тапсырмаларды орындайды, сурет салады, тəжірибе жасайды өтілген тақырып бойынша

алған əсерлерін бір-бірімен бөліседі.

 

Əдістемелік нұсқауда пəндік нəтижелерді пайдалану барысында мектепалды даярлық

сынып (тобы) балалары:

 бақылау мен бақылаушының рөлін білуі: қоршаған ортаның нысандарын,

құбылыстары мен үдерістерінің қажеттілігін түсіндіре алуы;

 «бақылау» деген ұғымды түсініп, қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау

жүргізе білуі;

 қарапайым тəжірибелік жұмыстарды жүргізе білуі;

 өлі жəне тірі табиғат туралы түсінігі;

 жер, су, ауаның тазалығы жөніндегі түсінігінің болуы;

 бөлме жəне басқа мəдени өсімдіктерді күте алуы; жабайы жануарлар жəне үй

жануарларының айырмашылықтарын білуі;

 оларға қамқорлық көрсету дағдыларын меңгеруі; орманшының, қорықшының

қызметін білуі; орманды, тоғайды өрттен қорғаудың қажет екендігін;

 табиғатта адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтай білуі;

 табиғатты қорғауға байланысты айтылатын тыйым сөздердің мағынасын білуі;

 табиғаттағы пайдалы іс-əрекет түрлерін орындай білуі;

 адамның денсаулығының жақсы болуы қоршаған ортаның тазалығына

байланысты екендігін білуі тиіс.

 

Білімге деген сұраныс жағдаяттарын құру (оқытуға, зерттеуге дəлел): таңғалу,

қызығушылық, өзекті мəселе. Өзекті жағдаяттарды қолданудағы басты мақсат – балалар мен

тəрбиешілер мəселені бірлесіп шешу, жағдаяттарды шешуде балалардың үйлесімді іс-

əрекеттері мен педагогтің жалпы басшылығымен бағыттап, сондай-ақ осындай іс-əрекет

үдерістерінде біліммен қаруландыру жəне жалпы қағидалармен өзекті міндеттерді шешу.

Бала оқу жылының басында түрлі деңгейдегі жағдаяттарды:

 

1. Педагогтің көмегімен мəселені (міндетті) тұжырымдайды.

2. Ересектердің көмегімен мəселенің шешімін табады.

3. Тəрбиешінің көмегімен шешеді.

4. Тəрбиешінің көмегімен осы шешімнің дұрыстығын бағалайды.

ҰОҚ-да оқытудың коммуникативтік, жүйелі əрекеттерімен байланысты сын

тұрғысынан ойлау технологиялары қолданылады. ҰОҚ барысында танымдық-ізденістік

əрекеттер арқылы білімнің жаңа формасын меңгерген жағдайда ғана балалар алған

білімдеріне, сыни тұрғыдан қарап, шығармашылықпен ойлап, дербес шешімдер шығара

алады.

Əдістемелік нұсқауда кездесетін шартты белгілер төмендегідей оқылады:

 

ҰОҚ – ұйымдастырылған оқу қызметі

МК – мұғалімнің көрсетуі

ОТ – оқушының тəжірибесі

Ұ – ұжымдық

Т – топтық

Ж – жұптық

Ө – өзіндік жұмыс

 

Аталған оқу-əдістеме кешені балалармен «Экология негіздері» ҰОҚ бойынша жұмыс

істеуді ұйымдастыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Еңбек жемісті болсын!

 

 

 

«Экология негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) бойынша ұзақмерзімді жоспарлау

(Барлығы 16 сағат)

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1-бөлім. Тірі табиғат

0.1.1.1.Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасау

 

 

1.1Өсімдіктерге қамқорлық жасау

0.1.1.2. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді атау

 

0.1.1.3.Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесі

 

 

1.2Жануарларға қамқорлық жасау 0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау

 

0.1.2.2.Қазақстанның қорықтарын атау

 

0.1.2.3. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар

 

 

1.3 Адамның өміріне қажетті

0.1.3.1.Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу

жағдайлар

 

2-бөлім Өлі табиғат

 

 

0.2.2.1.Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мəселесімен таныстыру

 

 

2.2 Су, жер, ауаға қамқорлық

0.2.2.2. Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның табиғатпен байланысын жəне өзара

əрекетін анықтау

Тірі

1.1Өсімдіктерге

0.1.1.1.Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім

1. Бөлме өсімдіктерін күту

 

табиғат

қамқорлық жасау

жасау

 

0.1.1.2. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді атау

2. Қызыл кітаптағы

 

 

өсімдіктер əлемі

0.1.1.3.Табиғатта өзін-өзі ұстай білудің ережесі

3. Табиғатта өзін-өзі ұстай

 

Білу ережесі

 

 

 

 

1.2Жануарларға

0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім

4. Табиғат бұрышындағы

 

қамқорлық жасау

жасау

жануарларға қамқорлық

 

0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім

5. Балықты қалай күтуге

 

жасау

Болады?

 

0.1.2.2.Қазақстанның қорықтарын атау

6. Қазақстанның қорықтары

 

0.1.2.2.Қазақстанның қорықтарын атау

7. Орман-тоғайды қорғайық

 

0.1.2.3. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар

8. Қызыл кітаптағы

 

жануарлар дүниесі

0.1.3.1.Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін

9. Су – өмірдің нəрі

 

судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу

0.1.3.1.Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін

10. Тіршіліктегі ауаның рөлі

судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу

0.1.3.1.Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін

11. Тіршілік үшін жылудың

 

судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу

қажеті

Өлі

Су,жер, ауаға

0.2.2.1.Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен

12. Наурыз –экологиялық

 

табиғат

қамқорлық

ластану мəселесімен таныстыру

Мереке

 

0.2.2.1.Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен

13.Қоршаған ортаның

 

ластану мəселесімен таныстыру

тазалығы

 

0.2.2.1.Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен

14. Аула тазалығын сақтау

 

ластану мəселесімен таныстыру

 

0.2.2.2

Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның 15.Орманшының еңбегі

 

табиғатпен байланысын жəне өзара əрекетін

анықтау

 

0.2.2.2

Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның 16. Біз табиғатты қорғаймыз

табиғатпен байланысын жəне өзара əрекетін

анықтау

 

Ортамерзімді жоспарлау

Пəн

Оқумақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-қызметі

Педагогке

Оқытуресурстары

бағдарламасына

 

арналғанескертпелер

Сілтеме

1.1Өсімдіктерге

0.1.1.1.Табиғат бұрышындағы

1. Бөлме өсімдіктерін күту

 

Тірі табиғат

қамқорлық жасау

өсімдіктерге күтім жасау

 

 

Балалар сурет бойынша ҰОҚ

 

 

(Ұ) ҰОҚ барысында жұмыс үшін

тақырыбын болжамдап

 

 

қолайлы жағдай туғызу.

айтады.

Музыкалық əуен

 

«Психологиялық дайындық».

 

 

 

«Өсімдіктер» туралы мəтін оқу

 

 

 

 

Бөлме өсімдіктері – адамдар

 

 

(Ұ) Педагог балалардың білімдерін

өз қолдарымен əртүрлі

 

 

белсендіреді. Балалар үлестірмелі

мақсатта өсіретін өсімдіктер.

 

 

материалдан бөлме өсімдіктерін

 

Бөлме өсімдіктері

 

аттарын атай алуы тиіс.

Өсімдіктің не үшін бөлме

бейнеленген

 

 

өсімдігі деп аталатынын,

суреттер.

 

(Ұ) Бөлме ішіндегі өсімдіктерді

олардың айырмашылықтарын

 

көрсету, оларға сипаттама беру.

түсіндіру.

 

 

Аттарын, ерекшеліктерін күтімі

Бөлме өсімдіктерінің күту

 

 

туралы əңгімелеп беру.

жолдарын, əр өсімдіктің

 

 

 

ерекшелігін айта білу.

 

 

 

Баланың бойына

 

 

 

байқағыштық қасиеттерді

 

 

 

қалыптастыруға көмектесу.

 

 

 

Балалармен бірлесіп гүлдерді

 

 

(Ө) Балаларға бөлме гүлінің суретін

қалай күту керектігі туралы

Бөлме өсімдіктері.

 

салуды ұсыныңыз. «Бөлме өсімдігінің

қорытынды жасалады.

 

 

тіршілігі үшін не қажет?» деген

 

 

 

тақырыпта балалардың ой-пікірін білу. Өсімдіктерді қалай суғару,

 

 

аптасына қанша рет суғару

 

 

 

керектігі, шаңнан қалай

 

 

 

тазарту керектігі,ылғал

 

 

(Ұ) Бөлме өсімдіктерінің құрылысын,

сүйетін жəне күнді сүйетін

 

 

қызметін түсіндіру. Бөлме өсімдігінің

өсімдіктердің орналасуы

 

 

адамға тигізер пайдасын сипаттау.

туралы түсіндіріледі.

 

 

 

Өсімдік дегеніміз

 

 

Əліппе-дəптермен жұмыс жүргізіледі. құрлықтың барлық жерінде

 

 

Бөлме өсімдігін күтуді сурет бойынша өсетін, суда да кездесетін

Əліппе-дəптер.

 

рет-ретімен орналастыру. Жылу, су,

түрлері бар,тыныс алатын,

 

 

жарық, топырақтың бөлме өсімдігіне

қоректенетін жанды табиғат

 

 

не үшін қажет екенін түсіндіру.

бөлігі.

 

Суреттерді бояу.

Қорытынды жасату: бөлме

 

 

өсімдіктері бізге пайда

 

(Ө) Рефлексия кезеңінде бала ҰОҚ

əкеледі. Олар əдемі болу үшін,

 

барысында нені үйренгендерін, ҰОҚ

оларды күтіп-баптау қажет.

 

басында қойылған мақсатқа жеткен,

 

 

жетпегендерін өзі саралауы тиіс.

Балаларға ҰОҚ-да өз

 

 

жұмыстарын өздері бағалауды

 

 

ұсыну: жапырақтарды əртүрлі

 

 

түспен бояйды.

Əліппе-дəптер.

 

 

1-деңгей – ештеңе түсінбедім

 

 

– қоңыр.

 

 

 

2-деңгей – түсіндім, бірақ

 

 

 

түсіндіре алмаймын – сары.

 

 

 

3-деңгей – бəрін түсіндім,

 

 

 

басқаларға да түсіндіріп бере


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: