Литология міндеттері

Алматы 2016 ж.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ бойынша 5В070800 - “Мұнай және газ ісі” мамадығы студенттеріне арналған “Литология жєне мұнайгаз седиментологиясы” пәнінің оқу- әдістемелік кешені.

Алматы: ҚазҰТЗУ, 2016 ж.

 

Құрастырушылар: Сапарбекова Бахытжан Мұхтаровна мұнай және газ геологиясы кафедрасының аға оқытушысы, Қасымова Назгүл Қошқарбайқызы мұнай және газ геологиясы кафедрасының оқытушысы.

 

 

Аңдатпа (аннотация): 5В070600 – Мұнай және газ геологиясы және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мамандықтарына арналған “Литология және мұнайгаз седиментологиясы” пәнінің студентерге арналған пәндік оқу – әдістемелік кешені студентерге литология жөнінде, оның ішінде мұнай және газ кенорындарының шөгінді таужыныстары жөнінде үлкен мағлұмат береді. Шөгінді таужыныстар литологияның негізгі объектісі болып табылады. Құрамы, құрлысы және шөгінді таужыныстардың заттық құрамын зерттеу әдісі. Таужыныс түзу процесcі және литогенез, седиментогенез, диагенез және катагенез cатысындағы - механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық өзгерістер кешенінің жиынтығын ұсынады. Мұнайгаз седиментологиясы генетикалық бағыты және шөгінді жиналу жағдайын және оның қалыптасу ортасын сипаттайды. Седиментогенез стадиясы үгілген заттарды тасымалдау мен шөгу процесін қарайды. Сулы аудандарда, теңіз бассейндерінде тасымалдану мен шөгуді мұнайгаз седиментологиясы қарастырады. Карбонатты қабаттардағы седиментациялы түзілім шөгу жағдайларын жобалауды түсіндіреді. Ал, шөгу түзуді талдау қойнаудағы мұнайгаздылықты болжауға мүмкіндік береді. Осы пәннен алынған білім мұнай және газ кенорындарын барлау және іздеу пәнін толық түсінуге, сонымен қатар тәжрибеліке көмектеседі.

 

© Қ.И.Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, 2016 ж.

 

1 ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар – Сапарбекова Бахытжан Мұхтаровна, Қасымова Назгүл Қошқарбайқызы

Байланыс түрі - 2926371, үйі 352293

 

Кафедрада болатын уақыты – ауд 503 БОҒ, 411 БОҒ 10 – 18 сағатқа дейін.

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы: Литология жєне мұнайгаз седиментологиясы

Кредит саны: 3

Өткізу орны: 503 БОҒ.

 

Оқу жоспарының қөшірмесі

Курс Семестр Кредит тер Бір аптадағы академиялық сағат саны Бақылау түрі
Дәріс Зертханалық сабақтар СӨЖ СӨОЖ Барлығы
                Емтихан

 

1..3 Пререквизиттері:

Литология және мұнайгаз седиментологиясы курсын оқу үшін мына пәндерді жақсы меңгеру керек, олар: жалпы геология, минералогия, және петрография.

а) Жалпы геология – Жер құрлысы және жер үсті мен жер қыртысында болып жатқан процесстерді зерттейді.

б) Минералогия – тау жыныстарды құрайтын минералдар мен табиғи химиялық қосылыстарды зерттейтін ғылым.

в) Петрография – таужыныстар туралы ғылым.

1.4 Постреквизиттері:

Геологиялық түзілімдер жиынтығының пайда болуы физико-географиялық жағдайлары минералдың құрлымының ерекшелігін сиппаттайтын және литология пәнін жалғастырушысы болып литофациялды талдау

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны.

1.5.1. Пәнді оқыту мақсаты.

Пәнді оқыту мақсаты болып, таужыныстарының заттық құрамын қозғайтын, құрлымдық – түзлімдік ерекшеліктерін, пайда болу шарттарын, литогенез сатысын, седиментациялық жағдайын және шөгінді жиналу жағдайын, таужыныстарының мұнай және газ кенорындарымен байланыстыратын сұрақтар кешенінде зерттеу.

1.5.2. Пәнді оқыту міндеттері

Зерттеу барысында студенттер әр түрлі таужыныстарының литологиялық зертеулердің барлық әдістерді қолдана отырып макро және микро сиппаттауды білу. Литология курсын поляризациялық микроскоптарды қолдана отырып жєне басқа әдістердің қолдана отырып студенттер тау жыныстадың шлифте петрографиялық сипатталуын үйренеді.

 

1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі

 

Бақылау түрі Жұмыс түрі Жұмыстың тақырыбы (нақты бетін көрсету керек) Ұсынылатын әдебиетке сілтеме Ұпайлар (рейтигтік шкалаға сәйкес) Тапсы ру уақы ты
           
АБ 1 ЗЖ Поляризациялық микроскоптың құрлысымен танысу 1.7.3.1 4-5 бет   1апт
АБ 2 ЗЖ Айқасқан жағдайдағы никольді орнату 1.7.3.1 7-10 бет   2апт
АБ 3 ЗЖ Бір никольде минералдарды зерттеу 1.7.3.1 11-13 бет   3апт
АБ 4 ЗЖ Айқасқан никольде минералдарды зерттеу 1.7.3.2 3-23 бет   4апт
АБ 5 ЗЖ Басты жыныс түзуші минералдар 1.7.3.3 4-7 бет   5апт
АБ 6 ЗЖ ӨЖ Шөгінді жыныстар минералдары: кварц, д.ш.,плагиоклаз, слю-далар. Седиментогенез. 1.7.3.3 10 - 11 бет 2, 5 6апт
АБ 7 ЗЖ Шөгінді жыныстар минералдары: карбонаттардың сазды минералдары. 1.7.1.1. 102-120 бет   7апт
Аралық бақылау ӨЖ      
АБ 8 ЗЖ Гранулометрлік құрамды анықтау 1.7.1.2. 98 -110 бет   8апт
АБ 9 ЗЖ Берілгенде гранулометрлік талдауды табу 1.7.3.3 14-16 бет   9апт
АБ10 ЗЖ Шөгінді жыныстар құрлымы. Цемент түрі 1.7.3.3 124-150 бет   10апт
АБ11 СӨЖ Кесекті таужыныстарды петрографиялық сипаттау 1.7.1.2 18-20 бет 2-5 11апт
АБ12 ЗЖ Аллотигенді жєне аутигенді компонентер диагностикасы 1.7.1.2 124-150 бет   12апт
АБ13 ЗЖ Сазды таужыныстар 1.7.3.3 /18-20 бет   13апт
АБ14 ЗЖ Катагенез, Метагенез карбонатты таужыныстар 1.7.1.2 124-150 бет 2, 5 14апт
АБ15   ЗЖ   Хембиогенді таужыныстар 1.7.1.3 180-200 бет   15апт
Аралық бақылау ӨЖ      
ҚБ Емтихан        

1.7. Әдебиеттер тізімінің мазмұны:

1.7.1. Негізгі әдебиеттер тізімі (орысша)

1. Логвиненко Н.В Петрография осадочных пород. М., Недра, 1984.

2. Прошляков Б.К., Кузнецов В. Г. Литология. М., Недра, 1991.

3. Рухин Л.Б. Основы литологии. М., Недра, 1969.

4. Петтиджон Ф.Д. Седиментология М., Недра, 1981.

 

1.7.2. Қосымша әдебиеттер тізімі (орысша)

1. Безбородов Р.С. Краткий курс литологии. М., Недра, 1989.

2. Татарский В.Б. Кристаллооптика и иммерсионный метод. М., Недра, 1965.

3. Прошляков Б.К., Гальянова Т.И., Горина А.Б. Петрография осадочных пород. М., Недра.1981г.

4. Абильхасимов Х.Б. Нефтегазовая седиментология. Алматы, КазНТУ 2001.

 

1.7.3. Әдістемелік нұсқаулар мен жәрдем оқулықтарының тізімі. (орысша)

1. Методические указания к лабораторным занятиям. Кристаллооптика. Изд. КазНТУ, 2003г.

2. Методические указания к лабораторным занятиям. Породообразующие минералы.Изд. КазПТИ, 1981г.

3. Осадочные горные породы. Методические указания к лабораторным занятиям по литологии. Изд. КазПТИ, 1991г.

4. Учебная коллекция образцов и шлифов.

 

1.8. Білімді бағалау және бақылау

1.8.1. Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік ұпайларын бөлу

 

Қорытынды бақылау түрі Бақылау түрлері Ұпайы
Емтихан Қорытынды бақылау  
Аралық бақылау  
Ағынды бақылау  

 

1.8.2. Оқу процесінің күнтізбелік кестесі

“Литология және мұнайгаз седиментологиясы” пәні бойынша

 

Апталар                              
Бақылау түрі ЗЖ ЗЖ   ЗЖ   ЗЖ   ЗЖ   ЗЖ Ж ЗЖ АБ1   ЗЖ   ЗЖ   ЗЖ   ЗЖ   ЗЖ   ЗЖ   ЗЖ Ж АБ
Жоғарғы ұпай           2, 5 2,10             2,5 2,10
Бақылау түрлері: ЗЖ – зертханалық жұмыс, АБ – аралық бақылау, ӨЖ - өзіндік жұмыс.

Студент жалпы ≥30 рейтинг балы есебімен қорытынды бақылауға жіберіледі. Қорытынды бақылауға ≥ 20 балл жинаған жағдайда ғана өткізілді деп есептелінеді. Пәннің қорытынды бағасы шкала бойынша (5-кесте) анықталады.

 

1.8.3. Студенттердің білімдерін бағалау

 

Баға Әріптік эквивалент Рейтингтік ұпай (пайызбен %) ұпаймен
Өте жақсы А А- 95-100 90-94 3,67
Жақсы В+ В В- 85-89 80-84 75-79 3,33 3,0 2,67
Қанағаттанарлық С+ С С- D+ D 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0
Қанағаттанарлықсыз Ғ 0-49  

 

Модульдер және аралық аттестация бойынша жүргізілетін сұрақтар

1 - ші модуль бақылау сұрақтары:

1. Поляризациялы микроскоп құрлысы?

2. Минералдардың салыстырмалы көрсеткішін қалай анықтайды?

3. Изотропты және анизотропты минералдардың айырмашылығы?

4. Шөгінді таужыныстардың басты тау жыныс түзуші минералдарың диагностикасы?

5. Кесекті таужыныстардыњ гранулометриялық құрамын анықтау мақсаты?

6. Кесекті таужыныстардың құрлымы?

7. Кесекті таужыныстар түзлімі?

8. Кесекті таужыныстар цементінің қандай типтері бар?

9. Кесекті таужыныстар қандай белгілерімен жіктеледі?

10. Пирокласты тау жыныстар қалай жіктеледі?

11. Сазды тау жыныстардың негізгі минералдары?

12. Аутигенді және аллотигенді минералдар деген не?

13. Карбонатты тау жыныстар қалай жіктеледі?

14. Карбонаттардың шлифтегі диагностикасы?

15. Хемогенді тау жыныстар қандай белгілерімен жіктеледі?

2 - ші модуль бақылау сұрақтары:

1. Хемогенді таужыныстар жіктемесі?

2. Гипергенез деген не?

3. Үгілу факторларының сипаттамасы?

4. Карбонатты таужыныстардың седиментациялық түзлімі?

5. Сулы бассейндерде шөгінді тау жыныстар дифференцияциясы қалай жүреді?

6. Мұнай сыйдырушы тау жыныстар мен мұнай жинауыш таужыныстардың түзілуінің қолайлы шарттары?

7. Диагенезде қандай процесстер жүреді?

8. Катагенезде қандай процесстер жүреді?

9. Катагенез индикаторлары?

10. Терригенді таужыныстардың екінші ретті өзгеруі?

11. Карбонатты таужыныстардың екінші ретті өзгеруі?

12. Терең қабаттардағы таужыныстардың коллекторлық қассиетінің сақталу себебі?

13. Метагенез және олардың сатылары?

14. Шөгінді таужыныстар түзілуіне қарай қандай жалпы себептері бар?

15. Тұнба түзілуінің сатылары?

Аралық аттестацияның сұрақтары:

1. Қандай жарық поляризациялы болып табылады?

2. Сыну көрсеткіші дегеніміз не?

3. Паралеллді никольде минералдардың оптикалық қассиеттері?

4. Айқасқан никольде минералдардың оптикалық қассиеттері?

5. Окуляр – микрометрде бөлу бағасын қалай анықтаймыз?

6. Шөгінді таужыныстардың құрлымы мен түзлімі?

7. Кесекті таужыныстардың цементі?

8. Таужыныс түзуші минералдардың басты диагностикасы?

9. Сазды таужыныстар ішіндігі ең көп тараған тау жыныстар?

10. Карбонатты таужыныстардың минералдары?

11. Гипергенез факторлары?

12. Диагенез сатысында өтетін процесстер?

13. Сулы бассейндер седиментациясы?

14. Катагенез сатысындағы екінші ретті өзгерістер?

2. НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ

2.1. Курстың тақырыптық жоспары

Тақырып атауы Академиялық сағаттар саны
Дәріс тер Зертхана лық сабақтар СОӨЖ СӨЖ
Аудиториялық Офистік
1. Литология пәні ғылым ретінде. Шөгінді қабаттарды анықтау мәні. Жер қыртысының заттық құрамы. Шөгінді және магмалық тау жыныстардың химиялық құрамындағы ұқсастығы мен өзгешілігі. Шөгіндім таужыныстардың құрлымы. Минералдық құрамы. Шөгінді тау жыныстардың аутигенді және аллотигенді компонентері.          
2. Шөгінді таужыныстардың құрылымы мен бітімі                    
3. Шөгінді таужыныстардың пайда болу шарты. Седиментогенез№          
4.Сулы бассейндерде заттардың тасымалдануы мен шөгуі – мұнайгаз седиментологиясы.            
5. Седиментациалық. бітімдер          
6. Диагенез          
7.Катагенез          
8. Метагенез          
9. Шқгінді таужыныстардың жіктелуі. Пирокласты таужыныстар                    
10. Өзіндік кесекті таужыныстар          
11. Алевритті таужыныстар.          
12. Сазды таужыныстар. Сазды жапқыштар.            
13. Карбонатты таужыныстар. Әктас, мел, доломиттер, мергелдер. Данхем жіктемесі.          
14. Карбонатты таужыныстардың пірінші және екәнші қайтара кеуектілігі.          
15. Эвапоритті, аллитті темірлі, кремнийлы, фосфатты таужыныстар.                        
Барлық сағат саны.          

 

Дәріс сабақтарының конспектілері

Дәріс 1.

Литология пәні. Литология жөнінде жалпы мағлұматтар.

Литология – қазіргі түзлімдер туралы жєне шөгінді тау жыныстары туралы ғылым. Гректің “литос” тас және “логия” ғылым деген сөзінен шыққан. XX ғасырдың басында литология петрографиядан бөлініп, жас ғылымдар қатарына қосылды. Ол 3 бөлімге бөлінді.

1. Шөгінді таужыныстар петрографиясы

2. Шөгінді таужыныстар зерттеу әдістері

3. Жалпы литология.

Бірінші және екінші бөлім түбегейлі үйренуге негізделеді. Үшінші бөлім – жалпы литологиялық фацияларды, басқаша айтқанда ежелгі түзлімдердің генетикалық типін қарастырады.

Қазіргі кезде жалпы литологияны зерттеуде үш бағыт туындады:

1. Стадиялы немесе стадиялы – литологиялық бағыт. Бұнда шөгінді тау жыныстардың тарихы, яғни, шөгінді материалдардың туындауы, тасымалдануы, шөгуі жєне борпылдаќ тұнбаның шөгінді тау жынысына айлануы, тіпті оның метаморфизімі де қарастырылады.

2. Седиментациялық – генетикалық бағыт – шөгінді түзу процессінің алғашқы стадияларына көңіл бөледі, былайша айтқанда шөгінді, олардың түзілу факторларының механизімі мен тұнба жиналу жағдайын қарастырады. Алғашқы стадияда – бұл бағыт бірінші бағытқа ұқсас, алайда, акценті процесстер мен механизмдерге ғана емес, оның тұнба түзу шарты мен жағдайына байланысты. Сондықтан ол фациялды – генетикалық таралуына тығыз байланысты және оның қоймасы ретінде қызмет көрсетеді.

Фациялды талдау – бұл бұрынғы геологияның физикалық – географиялық жағдайын қарастырудың құралы болып табылады. Әлемдік мұхитты және оның шөгінділерін белсенді зерттеуге байланысты, литологияның бұл бағыты жедел түрде дамыды. Көптеген геологтар бұл бағытты с е д и м е н т о ло г и я деп атады.

Фациялды талдау бір жағынан жер қойнауындағы мұнайгаздылықты болжауға арналған болуы да мүмкін.

3. Тарихи – литологиялық бағыт – эволюцияны оның ішінде жер тарихында шөгінді тау жыныстардың пайда болуының сатысын зерттейді.

Шөгінді таужыныстары – литология зерттейтін негізгі объект. Шөгінді таужыныстары – экзогендік процесстердің нәтижесінде жер бетіндегі сулы орталардың түбінде минералдардың немесе органикалық қалдықтардың жиналымын ұсынады. Шөгінді таужыныстардың материалдары болып, ағзалардың қалдықтары, вулкандық әрекеттерден, атмосфералық газдар, еріген қосылыстары бар сулар т. б. факторлардың әсерінен көне (магмалық, метаморфтық, шөгінді) жыныстардың механикалық үгілу мен химиялық ажырауының өнімдері болып табылады.

Таужыныс түзу процессіне әсер ететін күш – экзогенді және эндогенді күштер.

Экзогенді – бұл атмосфера, гидросфера жєне организмдер әрекеті.

Эндогенді - бұл тектоникалық қозғалыстар және космостық пайда болу (күн радияциясы, күн және ай ауырлық күші).

Литология міндеттері.

Шөгінді таужыныстар пайдалы қазбалардың қоймасы болып есептеледі. Шөгінді тау жыныстардан – мұнай, газ, көмір, жанғыш тақта тастар т. б. алынады. Қара металдардың көп бөлігі (темір, марганц) және алюминий, радиоактивті шикізат, тұздардың көп көлемі және т. б. алынады. Шөгінді тау жыныстардан құрлыс материалдары (гравий, құм, саз, әктас, мергель және т. б.) табылады. Шөгінді таужыныстар жер үстінде көп тарағанына қарамастан, сонымен қатар түбегейлі зерттелмеген. Жер бетінің тек 29,2 % бөлігін құрлық алып жатса, литосфераның 70-80% қалың қабаты теңіз бен мұхит астында жатыр. Біздің білімімізді 3-5 км тереңдік емес 7-9км тереңдіктегі шөгінді жыныстарды зерттеуге үлкен назар аударылып отыр яғни (мұхит түбіне).

 

Литологияның міндеті көп тармақты және жер қойнауындағы байлықты игеруге арналады:

1. Литогенез теориясын ары қарай мүлтіксіздендіру.

2. Катагенез саласында білімді тереңдету.

3. Шөгінді процесс эволюциясы мен сатыларын ұсынуды конкретизациялау мен дамыту.

4. Шөгінді жыныстардың бірыңғай генетикалық жіктелуін құру.

Ал берілген пәннің міндеті болып:

1. Қазіргі зертханалық әдістерімен шөгінді тау жыныстардың құрлымы мен құрамын жан – жақты зерттеу.

2. Геологияның тарихын қалпына келтіру және пайдалы қазбаларды іздеуді бағыттау мақсатында литологиялық – фациялдық және палеогеографиялық жағдайын зерттеу.

3. Коллекторлық қассиетін таужыныстардың литологиялық құрамына байланысты зерттеу.

4. Табиғи мұнайгаз резервуарларын игеру мен литологиялық негізде болжауды мұлтіксіздендіру.

Жер қыртысының заттық құрамы

Жер қыртысы магмалық, шөгінді және метаморфтық тау жыныстардан тұрады. Континеталды қыртыс мұхиттық құрамында Fe, Mg бар қыртысқа қарағанда, аз тығыздықтағы Si, Al, K, Na тұрады. Көптеген химиктердің қажырлы еңбектерінің арқасында жер қыртысының химиялық талдаулардан алынған нәтижелерінде, жер қыртысындағы элементерінің Кларк құрамы - деп аталатын орташа элементер процентілігі алынды.

Жер қыртысының химиялық құрамы.

O – 49,13 % Na – 2,4% Ti – 0,61%

Si – 26% K – 2,35% C – 0,35%

Al – 7,45% Mg – 2,3% Cl – 0,2%

Fe – 4,2% H – 1%

Ca - 3,25%

Басқа элементер үлесіне - 0,75% дан көп емес.

Жер қыртысындағы орта мөлшердегісі O, Si, Al - 85,58% келсе, Fe, Ca, Na, K, Mg – 14,55% жер қыртысыныњ массасын құрайды.

Осылайша жеңіл элементтер жер қыртысын құрайды да, онша көп емес тығыздықты себебші болады. “Неқұрлым жерге тереңдеген сайын тығыздық ұлғайады - деген заңдылық бойынша мантияға жақындаған сайын (әсіресе ядроға) ауыр элементер ролі артады” деп болжауымызға болады.

Негізгі әдебиеттер: 1- [10 -15], 2 - [7 - 12], 3 - [5 - 8].

Бақылау сұрақтары

1. Жалпы литологияны зерттеудің негізгі бағыттары қандай?

2. Жер қыртысының химиялық құрамы.

Дәріс 2

Магмалық тау жыныстар мен шөгінді тау жыныстар химиялық құрамының ұқсастығы мен айырмашылығы. Шөгінді жыныстардың құрылысы.

Қазіргі кезде кездесетін шөгінді тау жыныстар мен магмалық тау жыныстардың құрамын қарастыра отырып, шөгінді тау жыныстардың соңғы өзгеріске ұшрағанындағы химиялық құрамына жақындатуға болады. Магмалық тау жыныстардың үгілу кезінде және оның тау шөгінді жынысқа айналу кезінде натрийдің мұхиттан алынып және калийдің тақтатаспен қосылуы жүреді. Сазды миниралдардың, дала шпаттарының және кварц минералдардың улкен жиынтығынан тұратын тақтатастар, натрий мен кальцийдін аз мөлшерінен тұруы керек, ал әктастар жиналым белдеуінен алыс аймақта пайда болатын таза кальцийлі тау жыныстан тұру керек.

Шөгінді тау жыныстар магмалық жєне метаморфтық тау жыныстар құрамынан беріктігі және тығыздығы төмендігімен, органикалық қалдықтар көп кездесетіндігімен ерекшеленеді.

Өз орнынан басқа жерде пайда болған және механикалық жолмен әкелінген шөгінділердегі минералдарды аллотигенді минералдар деп, ал өз орнында (in siti) пайда болған минералдарды аутигенді минералдар деп атаймыз. Басқаша айтқанда аллотигенділер кесекті шөгінділер болып табылады да, аутигенділер постседиментация- лылар, яғни жаңадан пайда болған минералды айтамыз.

Шөгінді таужыныстардың құрылысы.

Метамофты және магмалық тау жыныстарды құрайтын минералдар өзара сіңетін контактпен сиппатталады. Шөгінді жыныстар анық каркаспен мінезделеді. Құрамдық элементтерінің шеттері бір – бірімен жанасып немесе нақтылы контактты болады. Осындай құрлымда шөгінді тау жыныстар анық кеуекті жєне өткізгішті болады. Сол себептен тау шөгінді жыныстар флюидтерді өзіне жинай және бере алады. Шөгінді тау жыныстар мұнай, газ, артизиан суларының және әртүрлі рассолдарың ең басты жинауышы болып табылады.

Алғашқы кеуектілік жоғары 35%- 40% жалпы көлемінен болады. Бірте-бірте кеуекті көлем минералды сұйықтан түскен түзілімдермен толтырылады. Кесекті тау жыныстар неғұрлым өзінің алғашқы жағдайына жақын болса, яғни онша тығыз емес фазада болса, соғұрлым қатты каркастың рөлі білінеді.

Шөгінді таужыныстар түзлімдері.

Шөгінді таужыныстардың түзілімі күрделі процесс. Сондықтан, таужыныстар түзілімі бөлшектердің өзара жайғасуы мен шартталу бағытына байланысты. Тау жыныстардың түзлімі диагенез сатысында және шөгінді жиналу кезінде пайда болады. Ал катагенез бен метагенезде таужыныстардың түзілімі өзара ауысады.

Таужыныстың құрлымы - жыныс түйірлер мөлшерін, пішінін, бөлшектер бағытын жєне заттық кристалдану дәрежесін анықтайды.

Шөгінді таужыныстар көп жағдайда қабатты және қабаттасты түрінде орналасқандықтан түзілімдік белгілерін мына түрде қарастырады: I. үстінгі беткей қабат түзлімі, II. орта қабат түзлімі, және III. Конкрециялар.

I. Үстінгі беткей қабат түзлімі.

Үстінгі беткей қабат түзлімін былай ажыратады: бұршақ және жауын тамшылары, иірімдер белгілері, кебу жарылымдары, жануарлардың тіршілік әрекетінің іздері т.б.

Толқын белгілері құмтастар мен алевролиттерде үстінгі беткейде иілген және түзу толқындар түрінде көрсетіледі. Оларды ішінде ассиметриялы ағымдар иірімдері немесе желдің және симметриялы толқындар иірімдері болып ажыратады.

Ассиметриялы жел иірімдері ағымының шоқысы онша биік болмайды, ал, ассиметриялы иірімдердер ағымында шоқылар биіктігімен сипатталады және еңіс беткейі құрлық бағытына қарайды.

Симметриялы иірімдер толқындары су толқындарының әсерінен болады. Иірімдер шоқылары үшкірлеу болып келеді. Әдетте толқындалу онша терең емес жерлерде болғандықтан, иірімдер белгілері жағалау бойына созылып жатады.

Бұршақ пен жаңбыр тамшылары. Мерзімді түрде жер бетіне шыққан сазды және құмды – сазды шөгінділерде байқалады. Жаңбыр тамшының диаметрі бірнеше миллиметр болады жан - жағы көтерінкі дөңгеленген шұңқырларды ұсынады.

Кебу жарылымдары. Сазды және карбонатты шөгінділер кепкен кезде, дұрыс емес полигональды торлар құрып жарылады. Жарылымдар тереңдігі онша терең болмайды, ұзындығы сантиметрден - он сантиметрге дейін барады. Жарылымдар тасымалданған заттармен толтырылады, әсіресе желмен әкелінген заттармен. Жарлымдар шөлді, жерлерде кездеседі - тақыр деп аталады.

Жануарлар тіршілік әрекетінің іздері дымқыл, көбінесе әктасты немесе сазды шөгінділерде таңба түрінде (аяқ, табан, жорғалаған іздері және т.б. түрінде) сақталады.

Түзілімдік белгілері бойынша қабат бетін шөгінді жиналудың климаттық шарттары бойынша сипаттауға болады.

II. Орта қабат түзлімдері

Орта қабат түзлімдері үш топқа бөлінеді: 1) Қабаттастық, 2) Сутуро – стилолитті беткейлі, 3) Биогендік.

1) Қабаттастық түзлім (слоистость) деп - қабаттардың алмасып келуін айтады. Қабаттастық морфологиясына қарай горизонталды жєне қиғаш қабатты болып бөлінеді.

Горизонталды қабаттастық - шөгінді таужыныстарда ең көп тараған. Бұнда қабатшалар бір – біріне парареллель орналасады. Мұндай қабаттастық ағыны жоқ су алаптарында, көл мен теңізде қалыптасқан шөгінділерде болады. Шөгінді қабатшалардың қалыңдығы бірнеше сантиметрден метрге дейін болады.

Қиғаш қабаттастық – қысқа қабатшалар қатарлары қабаттар шекараларына қиғаш орналасқан. Жаралуына қарай олар мынадай түрлерге бөлінеді: арналық, теңіз жағалық, эолдық, тасқындық.

Арналық қабаттастық бір бағыттаѓы қиғаш қабатшалар қатарлары бірінің үстіне бірі орналасады. Қиғаш қабатшалардың табан жағында ірілеу түйірлер шоғырланады.

Қатарлар қалыңдығы бірнеше метрлерге, қабатшалардікі – бірнеше сантиметрлерге барады. Арналық қабаттастық өзен құмдардың тасымалдауынан пайда болады.

Теңіз, көл жағалаулық қабаттастық қабатшалар қиғаш және әртүрлі бағытта еңкіш қатарлар құрайды. Қабаттар ұсақ және орта түйірлі құмнан тұрады. Қабатшалардың еңкіштігі мен бағытуының өзгеруі ағынның жылдамдығы мен бағытына байланысты.

Эолдық қабаттастықта қабатша қатарлары қиғаш, еңкіштігі тікеден жайпаққа, түзу не ойыс-дөңесті қабытшалардан тұрады. Қатарлар қалыңдығы бірнеше метрге, қабатшалардікі бірнеше сатиметрлерге барады. Эолдық қабаттастық құмдардың желмен жылжуының нәтижесінде пайда болады.

Тасқындық қабаттастықта қиғаш және горизонталь қабатшалар қатарлары алмасып келеді. Қиғаш қатарлардың еңкіштігі бір бағытта және тіктеу келеді. Олар ірі, зор түйірлі материалдардан тұрады. Горизонталь қабаттары ұсақ материалдардан тұрады, кейде алевролиттер және саздардан. Қатар қалыңдығы бірнеше метрге дейін, қабатшалардікі сантиметрлерге барады. Мұндай қабаттастық тасқындардың нәтижесінде пайда болады.

2) Сутуро-стилолитті беткейлі түзілім жоғары жатқан қабаттардың салмағының әсерінен карбонатты жыныстардың еруінен пайда болады. Еру әрқилы болғандықтан тіс сияқты сызықтар пайда болады. Сутура – ұсақ сызықтар, стилолит – ірі. Сутура – стилолиттік арасында сазды еріген зат болады.

3) Биогендік (фукоидты) т үзлім. Фукоидтар - бұл өсімдік қалдықтары және әртүрлі организмдер қозғалысының іздері, соның ішінде құрттардың іздері басымрақ. Фукоидтар флишті және флишойдты шөгінділер де басымырақ. Кей жерлерде құрттар шөгінділерді аралыстырып жібергені сонша, тіпті қабаттылық толық жоғалып та кетеді.

III. Конкрециялар.

Конкрециялар деп – шөгіні таужыныстар арасындағы аутигенді түзілімдерді айтады. Конкрециялар мөлшерлері бірнеше мм-де біренше метрге дейін болады. Олар - шар, сопақ, линза тәрізді немесе дұрыс пішінсіз болады. Конкрециялар - фосфатты, карбонатты кремнийлі, темірлі және марганецты болып кездеседі. Олардың ішкі құрылысы радиалды - сәулелі болып келеді. Конкрециялар ерітінді коллоидтарының коагуляциясының әсерінен сингенез жєне диагенез сатысында пайда болады. Катагенез сатысында жарылып, жарықтары басқа минералдармен толтырылынып, кристалданады.

Негізгі әдебиет: 1-[102-120], 2 -[82 -85], 3 - [23-32], 4 - [30-34].

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай белгілеріне қарап шөгінді тау жыныстарды жіктейміз?

2. Түзлімдік белгілер жєне олардың генетикалық типтері?

Шөгінді таужыныс құрлымдары

Шөгінді таужыныс құрлымы оны құрайтын түйірлердің пішіні мен өлшемі және кристалдану дәрежесі бойынша анықталады, алайда псефиттер мен псамиттерде құрлымды макроскопиялы түрде анықтауға болады.

Шөгінді жыныс құрлымы:

1. Псефитті <1мм,

2. Псамитті 0,1-1мм,

3. Алевролитті 0,01-0,1мм,

4. Пелитті <0,01мм.

Кристалды түйірлі құрлымдардың мөлшері:

Ұсақ түйірлі (0,005 – 0,05)

1. Пелитоморфты немесе криптокристалды < 0,005мм

2. Оолитті – концентрациялы – түйірлі жєне радиалды – сәулелі бірнеше мм- ге дейін барады.

3. Псевдоолиттер – қайтакристалданған оолиттерде кездеседі.

Кең тараған құрлымдарға - органогенді немесе биоморфты құрлымдар жатады. Биоморфты корбанатты тау жыныстарға - ағзалардың тұтас сақталған қаңқаларынан тұрады. 123Мысалға, фораминиферлер, фузилиндер, нумулитивтер, мшанкалар және т.б.

Дєріс 3.

Шөгінді таужыныстардың пайда болу шарттары

Шөгінді таужыныстар түзілу процессін белгілі бір схема түрінде көрсетуге болады:

Аналық таужыныстардың үгілу нәтижесінде бастапқы өнімнің түзілуі, үгілген заттардың тасмалдануы, үгілген заттардың сулы бассейнде шөгуі, шөгіндінің пайда болуы мен түзілуі, шөгінді таужыныстарға ауысуы. Шөгінді таужыныстардың дамуы тереңдікке байланысты. Бұнда тау жыныстар катагенез және метаморфизмге ұшрайды. Жер бетіне қайта шыққанда, олар үгіледі. Осылайша тау шөгінді жыныстардың өзгеруі мен пайда болуы осы процесстерді яғни сатыларды құрайды.

1 – ші саты – бастапқы өнімнің түзілуі. Бұл заттар үгілу нәтижесінде пайда болады, яғни гипергенез, стадиясы.

2 – ші саты - заттардың тасымалдануы және шөгуі, седиментогенез стадиясы, шөгіндінің пайда болуы.

3 – ші саты – шөгінді тау жыныстардың пайда болуы диагенез стадиясы деп атайды.

4 – ші саты – катагенез және метагенез стадиясы. Бұл постдиагенетикалық екінші ретті өзгеру.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: