Алколоиды бар шикізатты пайдалану жолдары

21-25

21.Биологиялық белсенді заттардың негізгі топтары және олардың қысқаша сипаттамасы (терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алколоидтар, липидтер, полисарахидтер).

Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына негізінен екінші синтез заттары (алкалоидтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флавоноидтар және т.б.), сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады.

Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын мүшелерінде немесе жеке бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері, яғни комплексі болады. Солардың арасынан бір немесе бірнеше өсімдіктің медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармакологиялық белсенді заттарын ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттегі (действующие) заттар деп атайды.

 

Терпеноидтар (изопреноидтар).

Терпеноидтар – алифатикалық және циклді күрделілігі әртүрлі көмірсулардан тұратын класс. Олар 10-нан 40-қа дейін және одан да көп көмірсулар атомынан тұрады. Олардың негізі изопрен түзеді:

СН2= ССН3-СН=СН2

 

Изопрен жоғары реакциялық қабілеттілігімен ерекшеленеді, гидроксил, кетон, альдегид, көмірсулы топтарды қосып алады.

Өсімдіктерде әртүрлі қатынастағы терпеноидтар кездеседі, бірақ олардың мөлшері әрқалай болуы мүмкін. Олар, яғни терпеноидтар суда ерімейді, күрделілігіне байланысты олардың консистенциясы әрқалай болады: сұйық май, скипидар, шайыр (смола), балауыз (воск) күйінде болуы мүмкін.

Әдетте алифатикалық және циклді 1) Монотерпендерді (екі изотерпен қалдықтарынан), 2) Сесквитерпендерді (үш изотерпендер қалдықтарынан), 3) Дитерпендерді (төрт изотерпендер қалдықтарынан), 4) Тритерпендерді және стеролды (алты және одан да көп изотерпен қалдықтарынан) ажыратады.

Терпеноидтарға дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері бағынышты немесе тығыз байланысты. Сондықтан терпеноидтардың негізгі-негізгі топтарына және олардың қарапайым классификациясына қысқаша сипаттама беріп өтейік.

 

2.1. Терпеноидтарға жататындар:

Эфир майлары

Стероидтар

Гликозидтер

Сапониндер және т.б.

 

Фенолды қосылыстар – өсімдіктер ұлпаларында кездесетін хош иісті заттардың үлкен тобы. Өсімдіктерде фенолды қосылыстар мономер, димер, олигомер және полимер түрлерінде кездеседі. Мұндағы олигомерлер зат алмасу процесінде белсенді қатысады. Ал полимер әдетте клетка қабырғаларында қалады – лигнин немесе вакуольдерде жинақталады, ал таниндер бос күйінде гликозидтер түрінде болады.

Алкалоидтар

Алкалоидтарға белгілі физиологиялық белсенділігі бар құрамында азоты бар органикалық заттар жатады. Өзінің аты бұл заттар Alkaly (Сілті-щелоч) деген латын сөзінен алады. Бірақта барлық алкалоидтардың бірдей сілтілік сипаты болмайды.

Өсімдіктерден әртүрлі мәліметтер бойынша 4000-нан 10000-ға дейін алкалоидтың фармакологиялық қасиеттері зерттелген. Басқа ББЗ салыстырғанда алкалоидтар өздерінің өте улы әсерімен ерекшеленеді. Сондықтан құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді өте үлкен сақтықпен, өте аз мөлшерде пайдалану керек.

Липидтер

Жоғарғы май қышқылдарының және глицериннің немесе басқа копатомды (жоғары молекулалық) спирттердің күрделі эфирлері. Өсімдіктерде липидтер барлық ұлпаларда болады, әсіресе көп мөлшерде тұқымдарда және жемістерде.

 

Полисахаридтер – зат алмасуда үлкен роль атқарады, ісікке, қабынуға қарсы елсенділігі бар. Сахароза, крахмал, пектиндер тамақ өндірісінде целлюлоза-қағаз, текстиль, химия өндірісінде пайдаланады.

 

 

2.Гликозидтер туралы жалпы түсінік. Жүрек гликозидтерінің құрылысы және классификациясы

Гликозидтер – құрамында әртүрлі агликондар және көмірсулар фрагменттері бар көптеген биологиялық белсенді қосылыстар тобы.

 

Барлық гликозидтер суда, спиртте, су-органикалық ерітінділерде жақсы ериді.

Гликозидтердің агликондары болып алкалоидтар, фенолдар, фенол қышқылдары, бензофенолдар, стильбендер, хромондар, кумариндер, ксантондар, флавондар, антроцендер және басқа да заттар бола алады.

Гликозидтердің ең көп таралған типтері: гликоалкалоидтар, антрацендер, кумариндер, жүрек гликозидтері, сапониндер, фенолдар, фурастанолдар, флавоноидтар.

Гликозидтер физико-химиялық қасиеттеріне байланысты екіге бөлінеді: 1) гидрофильді, 2) гидрофобты.

Терпеноидтар гликозидтерін терпенді сапониндер, ал стероидтар гликозидтерін стероидты сапониндер деп атайды.

Сапониндер – бір молекулада гидрофильді және гидрофобты қалдықтар болуына байланысты зор беттік белсенділігі бар заттар.

Сапониндер екі топқа бөлінеді: бейтарап (стероидты тип) суда оңай ериді және қышқыл (трипенді) суда қиын ериді, сілтілер ерітіндісінде оңай ериді. Сапониндер сулы ерітінділерде көпіршіктенеді, сұйықта ериді, метанолда және этонолда 70%, ал қайнатқанда 90% дейін, салқындатқанда тұнбаға түседі.

Жүрек гликозидтері жүрек бұлшық еттеріне таңдамалы кардиотоникалық әсер ететін табиғи биологиялық белсенді заттар тобы. Бұл қосылыстардың агликоны болып циклопентанпергидрофенан трен болып саналады. Кәдімгі қанттардан басқа – глюкоза, фруктоза, рамноза, жүрек гликозидтерінде ерекше дезоксиқанттар (дигитоксоза және цимороза) болады. Көптеген гликозидтер этил эфирінде, хлороформда, петролеид эфирінде және суда аз ериді, ал метил және этил спиртінде жақсы ериді.

Жүрек гликозидтері (грекше glykys – тəтті) - өсімдік текті азотсыз қосылыстар, декомпенсацияланған миокардқа кардиотоникалық əсер береді жəне жүрек жетімсіздігін емдеу мақсатында қолданылады. «Созылмалы жүрек жетімсіздігі» термині бұл əртүрлі механизмдер бойынша дамыған патологиялық күйлерді білдіреді, бұл кезде жүрек мүшелер мен ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету мүмкіндігін ақырындап жоғалтады. Созылмалы жүрек жетімсіздігімен халықтың 0,5-2%-і ауырады, оның 10% егде жастағы жəне қарт адамдар. Əр жылдық ауыру 100 мың халыққа 300-дей жағдайға жеткен, жыл сайын аурулар саны көбейіп барады. Бұл өткір миокард инфарктысының өсуі мен қарт адамдар санының өсуіне негізделген. Созылмалы жүрек жетімсіздігінде ауыр өту ағына байланысты өлім 15% тен 50-ке дейінгі аралықты құрайды. Диагнозды анықтап болғаннан соң ер кісілерде өмірдің орташа ұзақтығы 1,7 жыл, əйелдерде 3,2 жылды құрайды. Аурудың ең кең таралған түрі – сол қарыншаның систолалық дисфункциясына негізделген жүрек жетімсіздігі.

 

 

Алколоиды бар шикізатты пайдалану жолдары,

Алкалоидтар - өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінің қалдықтары. Бұл көзқарасты жақтайтындар, алкалоидтар дегеніміз өсімдіктердегі зат алмасудың соңғы өнімдері - азот қосылыстарының ыдырауы нәтижесінде пайда болған деп санайды. Бірақ та, егер де алкалоидтар қалдықтар болса, онда олар өсімдіктер организмінен шығарылуы керек. Ондай факторлар жоқ. Сосын алкалоидтар өсімдіктерде әртүрлі органикалық қышқылдармен байланысады және тұздар түрінде өсімдікте қалады.

Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктер фармацияда әртүрлі мақсат үшін пайдаланылады. Олардың бір бөлігі аптекаларда әртүрлі дәрілік заттар жасауға пайдаланылады (мысалы тұнба, қайнатпа). Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктердің көпшілігі өндірісте препараттар (Гален және жаңа Гален) алу үшін пайдаланылады.

Бірақ та құрамында алкалоидтары бар өсімдіктердің көбісі өндірісте жеке алкалоидтарды бөліп алып әртүрлі дәрілік заттар алуға пайдаланылады (ерітінділер, таблеткалар, ампулалар және т.б. түрінде).

Енді құрамында алкалоидтары бар кейбір өсімдіктерге қысқаша тоқталып өтейік:

Ациклді алкалоидтар және бүйір тізбегінде азоты бар алкалоидтар. Алкалоидтардың бұл топтары Sphaerophysa galsula (Pall.) DC, Ephedra equіsetіna Bunge; Capsіcum annuum L, Colchіcum specіosum Stev. өсімдіктері мүшелерінде кездеседі. Осылардың ішінен біз толығырақ Ephedra equіsetіna -ға тоқталып өтейік.

 

Қырықбуын қылша (Ephedra equіsetіna – Хвойник хвощевый).

Ксерофитті бұта биіктігі 1-1,5 м, өркендері әртүрлі жаста; бірінші реттегі бұталары діңінен (ствол) дерлік тік бағытта өседі, олардан өз кезегінде екінші реттегі бұталар т.с.с. Өркендері 1-2 жаста әлі жасыл көк қалпында қалады, сосын олар сүректеніп сұр қабықпен жабылады. Өркендері жеке-жеке мүшелерден құралған, буынаралықтары ұзындығы 1,5-3 см, буындарында жапырақтары шоқтанып орналасқан, олар ұзындығы 1,5-2 мм, түссіз қабыршаққа дейін редукцияланған, түптері тұтасып біріккен. Жас өркендері (бұташықтары) жасыл-көк. Қылша - екі үйлі өсімдік. Тозаңдық масақтары аталық бағана түрінде көрінеді. Жеміс беруші "гүлдері" дара, тұқым бүршігінен тұрады, тұқым бүршігінің екі жамылғысы бар. Сыртқы жамылғысы жоғарғы жағында кеңінен ашылған, ішкісі жоғары жағында түтікше тәрізді қуыс өскінше тәрізді. "Гүлдері" 2-3 қосарланған қарама-қарсы орналасқан гүл жапырақтарымен қоршалған. Жемістерде гүл жапырақтар етті болып, шырынды қызыл бүржидекке айналады.

Қырықбуын қылша негізінен Орта Азия және Қазақстан тауларында (Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Орталық және Батыс Тянь-Шань, Памир – Алай) кездеседі. Таулардың ашық ұсақ тасты беткейлерінде өседі, теңіз деңгейінен 1000-1880 м биіктікке дейін көтеріледі. Өндірістік дайындау Алматы, Жамбыл облыстарында жүргізіледі. Олар өскен жерлер ауданы ондаған және жүздеген гектар болуы мүмкін.

Химиялық құрамы.

Қылшаның түрлерінің дерлік барлық мүшелерінде алкалоидтар: L-эфедрин, D-псевдоэфедрин және L-N-метилэфедрин болады. Псевдоэфедрин дегеніміз - эфедриннің оптикалық изомері. Эфедриннің өзі фенилалкиламиннің туындысы, ол фенилаланиннен пайда болады. Ал енді қырықбуын қылшасын жеке алып қарайтын болсақ, қырықбуын қылшаның шикізаты негізінен эфедрин алкалоидын алуға пайдаланылады. Өркендерінде 11%-ға дейін илік заттар, жемістерінде 160 мг/% аскорбин қышқылы болады.

Медицинада сүректенбеген жасыл-көк өркендерін пайдаланады, оларды көкек айынан мамыр айының ортасына дейін жинайды, сосын шілденің басынан қазан айының соңына дейін. Жинағанда тек орақпен жасыл-көк өркендерін ғана кесіп алады, өздігінен қалпына келу мүмкіншілігі сақталуы үшін. Жиналған шикізатты ұзын маялап үйіп күнге кептіреді. Шикізатты жиі араластырып аударып тұру қажет.

Медицинада пайдаланылуы.

Эфедра препараттарын бронхы астмасын, рахит болғанда, қабыну ауруына шалдыққанда, қан тамырларын тарылту үшін, безгек болғанда, есекжеммен (крапивница) ауырғанда пайдаланады. Ұйықтататын дәрілермен және наркотиктермен уланғанда ішеді. Эфедринді қантамырларын кеңейту үшін және көздің қарашығын үлкейту үшін де ішеді.

Халық медицинасында ревматизмді, асқазанның жарасын, малерияны және т.б. ауруларды емдеуге пайдаланады.

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: