Изохинолинді алкалоидтар

Изохинолинді алкалоидтар.

Сутектендірілген формасында изохинолинді сақина көптеген алкалоидтардың негізі болып саналады.

Изохинолинді алкалоидтар тобы біртекті емес.

Сутектену дәрежесіне байланысты, қосымша сақиналарына және басқа да ерекшеліктеріне байланысты изохинолинді алкалоидтар бірнеше топ тармақтарына бөлінеді:

Тетрагидроизохинолинді

бензилизохинолинді

морфинді

бисбензилизохинолинді

протопинді

протоберберинді

бензофенантридинді

амариллисті

элитинді

Изохинолинді алкалоидтардың ерекшеліктері бір өсімдіктің өзінде әртүрлі типті структурасы бар алкалоидтар кездесуі мүмкін.

Изохинолинді алкалоидтар тобына жататын алкалоидтар әртүрлі өсімдіктерде кездеседі. Мысалы: 1 ) Glaucіum flavum (Papaveraceae), Thalіctrum mіnus L., T. foetіdum L. (Ranunculaceae), Berberіs vulgarіs L. (Berberіdaceae), Chelіdonіum majus L. (Papaveraceae), Macleaya mіcrocarpa (Papaveraceae), Stephanіa glabra (Menіspermaceae), Ungernіa vіctorіs Vved, U. sewertzwіі (Amaryllіdaceae), Cephaelіs jpecacuanha Wіlld (Rubіaceae). Осы өсімдіктердің ішінен толығырақ Chelіdonіum majus L. өсімдігінің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

 

Chelіdonіum majus L. – Papaveraceae тұқымдасынан. Чистотел большой, қазақша аты – Сүйелшөп.

Үлкен сүйелшөп. Көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 30-100 см. Өсімдіктің барлық мүшелерінде қызыл-қоңыр түсті. Сүтті шырыны болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, төменгі жағы көкшіл-сұр, төменгі жапырақтары-сағақты, сабақтағы жапырақтар сағақсыз, жапырақтар тақтасы жалпақ эллипс тәрізді.

Гүлдері шатыр тәрізді гүлшоғына жиналған. Тостағанша екі жапырақшадан, күлте 4 ашық сары жапырақтан тұрады. Аталығы өте көп, аналығы ұзарған бір ұялы жатыннан ол ұзындығы 5 см шамасында бұршаққынға ұқсаған қорапшада дамиды.

ТМД елдерінің Европалық бөлігінде (Солтүстік регионнан басқа) Кавказда, сирек Сібірде және Алыс Шығыста кеңінен таралған.

Қазақстанда арамшөп ретінде шөл және жартылай шөл аймақтардан басқа барлық региондарда кездеседі.

Химиялық құрамы.

Өсімдіктің барлық мүшелерінде алкалоидтар болады. Олардың мөлшері өркендерінде 2% шамасында, ал тамырларында 4%-ға дейін болуы мүмкін.

Алкалоидтар құрамы өте күрделі, өздерінің структурасына қарай олар изохинолин туындыларының әртүрлі тип тармақтарына жатады.

протоберберин алкалоиды (берберин, контизин және т.б.)

протопин алкалоидтары (протопин, аллокриптопин)

бензофенантридин алкалоидтары (хелидонин, хелеритрин, сангвикарин және т.б.).

Алкалоидтар сүйелшөпте бос күйінде және байланысқан күйінде – хелидон қышқылымен болуы мүмкін. Сүйелшөпте алкалоидтардан басқа сапониндер, флавоноидтар, аскорбин қышқылы (170 мг/100 г), каротиноидтар (20 мг/100 г) және органикалық қышқылдар – алма, лимон және янтарь.

Дәрілік шикізаты.

Толық піспеген жемістері бар гүлдеген өсімдіктер.

Пайдаланылуы.

Сүйелшөп препараттары көмей папилломатоздан емдеу үшін қолданылады. Папилломатоз дегеніміз папилломаның бүкіл денеге жайылуы, ал папиллома дегеніміз тері мен оның шырышты қабықтарында өсетін сүйелше ісік. Сүйелшөп жоғарыдағыларға қосымша қызыл тері туберкулезді емдеуге де қолданылады. Сүйелшөп қайнатпасын бауыр және өт қабын емдеуге де пайдаланады.

Сүйелшөптің сүтті шырыны халық медицинасында сүйелдерді кетіру үшін пайдаланылады.

Эксперименттік жұмыстарда сүйелшөп препараттары туберкулез микробактерияларына фунгистикалық және бактериястатикалық әсер етеді, қатерлі ісіктің өсуін тоқтатады.

 

 

25.Фенолдар туралы жалпы түсінік.

Фенолдар туралы жалпы түсінік. Қарапайым фенолдар және олардың өсімдіктер денесіндегі таралуы. Еркек усасырдың (Dryopterіs fіlіx-mas -Щитовник мужской) - морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.

2. Фенолоқышқылдар, фенолоспирттер, фенилуксус қышқылдары. Қызғылт семізот (Rhodіola rosen -Родиола розовая) өсімдігінің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.

3. Кумариндер. Кумариндер туралы жалпы түсінік және классификациясы. Құрамында кумариндер бар өсімдіктер: Түйежоңышқа (Melіlotus offіcіnalіs- Донник лекарственный), Сүйекті аққурай (Psoralea drupaceae-Псоралея костянковая), Морисон сасыршөбі (Peucedanum morіsonі -Горичник морисона), Егістік ботташық (Pastіnaca satіva -Пастерник посевной) өсімдіктерінің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.

4. Хромондар. Құрамында хромондар бар өсімдіктер: иісті аскөк (Anethum graveolens -укроп пахнучий) өсімдігінің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: