Мультфильмы: Верните Рекса 3 страница

Міндеті: Оқушыларға жаңа мәтін туралы толық түсінік беру.

Сабақ мақсаты:

1) Оқушыларды жақсы ниетпен армандай білуге, арманға жету үшін мақсат қоя білуді үйрету

2) Қиял, арман туралы түсініктерін кеңейту. 3) Шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыта отыра, ұйымшылдыққа, достыққа, жақсылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: проблемалық, сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Көрнекі - құралдар: Бейнелі суреттер, «Достық» ойыны, нақыл сөздер, жұмбақтар, тақырыпқа байланысты интерактивті тақтадан слайд - шоу,

«Жалғасын тап»ойыны, жаңылтпаштар, оқу - білім туралы мақал - мәтелдер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа психологиялық дайындық.

Күннен алып шуақты.

Жерден алып қуатты,

Алақандар ашылып,

Жылуларын таратты.

Жылулары жүрекке

Моншақтай боп асылды.

Сол моншақтар әлемге,

Шаттық болып шашылды.

2. Сабақтың ережелерін еске салу.

1 - ереже. Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!

2 - ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз!

3 - ереже. Сабақта тақырып бойынша сөйлейміз!

4 - ереже. Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

3. Жаңа сабақтың тақырыбын проблемалық әдіс арқылы бастау. Оқу, білім дегенде көз алдарыңа нелер елестейді? Суретте бала не істеп отыр? Кітаптың қандай пайдасы бар? Кітапсыз адам баласы өмір сүруі мүмкін бе? Арман дегенді қалай түсінесіңдер? Қиял дегенді ше? Арман мен қиял бірдей мағына ма? Оқушылар ойларын тыңдау. Осы арманға жету үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыңдар?

Оқулықпен жұмыс

Оқу - білім туралы не білесіңдер? Тақырып бойынша кесте құру.

1. Не білемін? Не білгім келеді? Үйрендім? кестесі бойынша жұмыс жасау.

«Кітаптың жыры» өлеңімен таныстыру. Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу. Мағынасын ашу. Неліктен кітапты ұстаз деп атаймыз? Кітаппен қалай дос болуға болады?

2. Сұрақтарға жауап беру.

Адамға білім не үшін қажет? Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі? Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

3. Әңгімелеу әдісі

4. Кітаппен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Сұрақ - жауап әдісі, мазмұнын түсіндіру, мағынасын ашу.

5. Дәптермен жұмыс. Мақал - мәтелдерді дәптерлеріне жазу және жаттап келу

1. Оқу - инемен құдық қазғандай.

2. Оқу - білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

3. Оқу түбі - тоқу.

6. Сергіту сәті:

Ойын: «Жоғалған әріпті тап»

7. Топпен жұмыс. «Тез құра, сөз құра»

1 - топ «Кітапхана»сөзінен бірнеше сөздер құрастыру.

2 - топ «Оқулықтар»сөзі

3 - топ «Білімді» сөзі

8. Сергіту сәті: Жел соғады гу - гу,

Орман іші шу - шу.

Нөсерлеткен жаңбырдан.

Жапырақтар су - су.

9. Шығармашылық жұмыс. Өз беттерімен оқу - білім туралы мақал - мәтелдер жазу.

10. Үйге тапсырма беру: 23 беттегі тақпақты жаттап алу. Мақал - мәтелдерді жаттау.

24бетті түсініп оқу.

11. Бағалау.

12. Қорытынды жасау.«Жүректен - жүрекке»жылы сөздер айту. Қиял арманға жетелейді
(3 сыныпқа арналған «Өзін - өзі тану» сабағы)

Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: батылдық, қамқорлық, еңбекшіл, талаптылық
Мақсаты: Оқушылардың қиял мен арман туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділігі: оқушыларға қиял мен арманның маңыздылығын түсіндіру арқылы қамқорлыққа баулу
Дамытушылығы: оқушыларды жақсы қиялдар мен армандарға жетелей отырып, батылдық қасиетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларды батылдыққа, еңбекшіл болуға, қамқор, талапты болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу. Әр түсті лентаны тарату. Бір түс лента алғандар бір топқа отыру.
1. 5 Т ережесі: Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық
Тыныштық сәті. «Теңіз түбіне саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген «Ана қиялы» (аңыз) тақырыбын сұрау. Сұрақтар:
- Әңгімеде қандай оқиға баяндалған?
- Ана қиялы қандай ниеттен пайда болды деп ойлайсыңдар?
- Ана өз арманын балаларына қалай жеткізді?
- Өз өмірлеріңде қандай қиялдарың армандарға ұласты?
- Армандарыңды жүзеге асыру үшін сендер не істеулерің керек? Дәйексөз:
«Армансыз адам болмайды»
(Халық мақалы)
Мақалды ер балалар бір рет, қыз балалар бір рет қайталап айту
- Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дәптерлеріне жазып алу Әңгімелеу (сұхбат)

Нағыз дос. (оқушылар шығармашылығынан)
Кішкентай Марат пен Дархан көрші тұратын достар еді. Екеуі ылғи теледидарды бірге көріп, кітаптарды қызықтайды. Бірақ Дархан денсаулығына байланысты далаға көп шықпаушы еді. Бір күні Марат өзінің қатарластарымен бірге орманға саяхатқа барады. Ол гүлдерді қызықтап отырып бір көбелекті ұстап алады да, «қолыма түстің бе, енді мен сені жібермеймін, досым Дарханға апарып беремін»- дейді. Бір кезде көбелек сөйлегендей болады, «жіберші мені, Марат, мен сенің үш тілегіңді орындаймын». Марат мәз болып, «маған велосипед керек»- дейді. Көбелек өз жөніне ұшып кетеді. Кешкісін Марат үйіне келсе, әкесі оған расында да, велосипед сатып әперіпті. Ол қуанып, велосипедімен ары - бері, Дархан досының терезесінің алдынан өтеді. Досының мұңлы көзін көріп, велосипедімен орманға келіп, көбелектерді ұстап алмақшы болып, қуалап еді, ұстай алмады. Содан «көбелек, көбелек» деп айқай салып, «маған велосипед керек емес, маған ұялы телефон керек»- дейді. Үйіне келсе, расында да, анасы оған ұялы телефон сыйлайды. Марат қуанып Дарханға жүгіреді, оған ұялны телефонын көрсетіп, екеуі мәз болады. Біраз уақыт өткенен кейін Марат далаға шығып кетіп, Дархан болса күрсініп үйінде қала береді. Ертеңіне Марат тағы да орманға келіп, «көбелек, көбелек» деп айғай салып, жылап «маған велосипед те, ұялы телефон да керек емес, маған менің досым Дархан басқа балалар сияқты, далаға шығып ойнайтын болса, арманым болмас еді»дейді.
Үйіне келсе ата - анасы оған «Дархан ертең шетелге дәрігерлерге көрінуге баратын болды»- деп айтады. Ертесіне Марат досы Дарханды шығарып салады. Марат Дарханның келуін тағатсыздана күтеді. Бір күні Марат үйінде ұйықтап жатса, өз есімін атап шақырған дауыстан оянып кетеді. Көзін ашса қарсы алдында досы Дархан тұрады. Қуанып кеткен Марат «ертең ормандағы көбелекке алғысымды айтуға барамын» деп ойлады.

Сұрақтары:
- Маратқа орманда не кездесті?
- Көбелек Маратқа неліктен көмектесті?
- Сен досыңа қандай көмек жасадың?
- Өз өміріңде армандарыңның шындыққа ұласқан кезі болды ма?
- Мараттың бойынан қандай қасиет көруге болады?
Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс.

Жаттығу - ойлану
Оқушылардың шығармашылық тұрғыдан қиялдарын дамыту мен оларды жақсы өмірге ұмтылдыру мақсатында жаттығу - ойлану ұйымдастырылады.
Тапсырмалар әр топқа бөліп беріледі.
Сол тапсырмалар бойынша балалар ақ параққа өз ойларын жазады.
1 - топ. Менің қиялымдағы болашақтағы адамдар.
2 - топ. Менің қиялымдағы болашақтағы оқушылар.
3 - топ. Менің қиялымдағы болашақтағы әлем.

Топпен ән айту. «Ертегілер әлемі» сөзі мен әнін шығарған: Е. Елгезеков
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?

Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.

Үй тапсырмасы: оқулықтың 27 бетіндегі Ә. Табылдиевтің «Ата өсиеті» әңгімесін оқып келу.
Сабақтың қорытынды сәті:
Мұғалім: - Оқушылар, бір сәт осы сабақ барысында алған шынайы әсерлеріңді, айтылған дұрыс әрекеттерден шыққан ойларыңды жүректеріңе түйіп алыңдар. Сабақ аяқталды, сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Абай атындағы №90 орта мектебінің
«Өзін - өзі тану» пәнінің мұғалімі Ш. Кеулімжай

Кері қайту

Материал рейтингісі:

Сабақ тақырыбы: «Бабалар сөзі – даналық көзі»
Мақсаты: «Даналық» құндылығы туралы түсінік. Даналық, ақылдылық туралы ұғымдар; ойлау іскерліктері; ата-баба даналығы
Ұлылардың даналық сөздеріне талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-даналар өсиетін,мән-мағынасын жан-жақты ұғыну;
-оқушылардың сөз саптауын,топ алдында шығып шебер сөйлеуін қалыптастыру.
"Жануарлардың әлемі"атты ертегілерінен мозайкалар құрастыру арқылы топқа бөлу
І.Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
Топтық жұмыс
Адамдардың жақсы және жаман қасиеттері немесе мінез-құлықтары туралы не білесіздер?
(постерде қорғалады)
Оқушылар бір-бірінің пікірлерін өздері бағалайды
Жұптық жұмысы
(ПЛЮС-МИНУС-ҚЫЗЫҚ) стратегиясы
+ - "?"
Не жаман? Не жақсы? Нелері қызық?

(қасындағы оқушымен өз бойындағы жақсы-жаман қасиеттері туралы айтып, бір-біріне ақыл-кеңес немесе дұрыс- бұрыстығын дәлелдеп өз пікірін айтады.
ІІ.Мағынаны ажырату
Үй тапсырмасын тексеру мақсатымен оқушыны жетектейтін сұрақтар беру
1. Билер туралы не білесіздер?
2. Әйтеке, Төле, Қазыбек туралы не білесің?"
3."Ел аузынан"атты жинақтан даналар туралы оқыған аңыз әңгімелерді кім айтады?
Ұжымдық оқыту
Оқушы-үйретуші міндетін атқарады.
" Даналық тағылымы"
1.Мәтінді түсініп оқу
2.Мәтін бойынша бір-бірімен пікір алмасу;
Үш топтан бір-бір лидер шығып,мәтінді әр қырынан таныстырады,қосымша жаңа мәліметтер береді.Кейін әр топтың мүшелері мәтінді толықтырады.Мұғалім смайликпен мадақтайды
ІІІ.Ой-толғау
Топтық жұмыс
"Фишбоун" стратегиясы (балық қаңқасы)
Оқушы ізденісі
Себептер –қолдану-талдау
Шындық -Жинақтау,бағалау
І топ "Маған өтірік пен шынның арасы немен айырылады,соны тауып беріңдер"
ІІ топ Сол проблеманың себептерін табу,яғни шын,өтірік деудің қандай себептері бар?
ІІІ топ Өтірікті,шындықты дәлелдейтін қандай фактілер бар?
Әр топ постерге қорғайды.
Рефлексия:
-Бұндай сабақтар сіздер үшін қажет пе?
-Сабақ бойынша кімде қандай ұсыныстар бар?
Үйге тапсырма
"Даналық тағылымы"тақырыбын негізге ала отырып,өз әңгімелерін жазу.Құрметті оқушылар,сіздердің белсенділік танытып сабаққа қатысқандарыңызға үлкен рахметімді білдіремін. авлодар облысы, Ақсу қаласы,
Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған
мамандандырылған гимназиясы
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Шаймарданова Назигуль Тусуповна

3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: "Бабалар сөзі - даналық көзі"

Кіріспе.
Тақырып бойынша түсіндірме.
"Білім шынында да үлкен күш, бірақ оның жақсы немесе зиянды болуы адамның жүрегіне және адамгершілігіне байланысты",- дейді Амоношвили.

Адам интеллектуалды күшті, бірақ рухани кедей бола бастады. Ол көпшіліктің қамы, рухани сұраныстар үшін емес, көбінесе өзінің жеке басының қамы үшін ғана еңбектеніп, сол үшін ғана өмір сүруге дағдыланып бара жатыр. Бұл дәуір технократия дәуірі білім берудің жоғары мақсаттарын эгоистік және өрескел материалистік сұраныстарға: жас ұрпақты ғылым негіздерінен мықты білім беріп, оларға өмірде, технократиялық цивилизацияда нәтижеге жетуге дайындайды. Қазіргі жаңа заманның ұрпақтарын неғұрлым ұлтжанды, өз халқының діліне сай келетін етіп тәрбиелей отырып қоғамды жоғары мәдениетке көтеру мәселесі өзекті деп айтуға болады.
Жер шарындағы алуан түрлі ұлттың балалары әр түрлі бесік жырын, әр түрлі ертегіні, сан түрлі әуенді тыңдап өседі. Бірақ олар қандай ұлттың өкілі болмасын, жер бетінің қай нүктесінде өмір сүрмесін барша халық өз баласының ең алдымен өз Отанын сүйіп өсуіне, анасын құрметтеп, еңбексүйгіш азамат болып қалыптасуына көңіл бөледі, балаларының жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, дені сау, салауатты, парасатты азамат болып ер жетуін армандайды. Қайырымдылық, адалдық, үлкенді сыйлау, әділеттілік, ержүректік, намысын қолдан бермеу тәрізді абзал қасиеттерді баласының бойына сіңіруге барлық халық ұмтылады. Бұл жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар болып есептеледі.
Осы таңдап алынған тақырып та өте өзекті мәселелерді қозғайды деп ойлаймын. "Бабалар сөзі - даналық көзі" деген тақырыпқа: үлкенді сыйлау, құрметтеу, сөздің мәнін түсіну, сәлем беру, ата - анаға деген құрмет сияқты қасиеттер туралы сөз қозғалады. Балаларға сондай қасиеттерді бойларына дарыта білуге көмектеседі.
Сабақтың мақсаты: өз халқының адамгершілік - рухани құндылықтарын, нақыл, өсиет сөздерін оқып, үйрету арқылы ата - баба сөзі өнеге екенін ұғындыру, таныту арқылы адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың міндеттері:
• балаларға адам өміріндегі ар, ұят сияқты қасиеттердің құндылығын ұғындыру, үлкенге құрмет, әдептілікті өмірде қолдана білуге баулу;
• ойлау іскерліктерін дамыту;
• балаларда ұлттық мінезді қалыптастыра отырып, ата - баба даналығынан өнеге алуға тәрбиелеу;
Әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті әдіс, ойын.
Қажетті құрал - жабдықтар: бейнетаспа, тапсырмалар салынған конверттер, сюжетті картина, қойылымға қажетті костюмдер.
Құндылық: ақиқат; Қасиеттер: мейірімділік, ізгілік, әдептілік;

Сабақтың барысы:
1. Мәтінмен жұмыс
"Өзін - өзі тану" сабағы өтетін бөлмеде күй ақырын ойнап тұрады. Бұл бүгінгі тақырыптың мазмұны мен мәнін аша түсуге, балалардың сезімдеріне әсер ете отырып, оларды ойларын жинақтауға қиялдарын, бүкіл болмысымен сабаққа қатысуға бағыттауға көмектеседі. Мұғалім жылы шыраймен сәлемдесе отырып дөңгелене орналастырылған орындықтарға балаларды отыруға шақырады.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар, бүгінгі сабағымызға қош келіпсіңдер.
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Мұғалім: Балалар, көңіл - күйлерің қалай, сендерді көріп отырғаныма өте қуаныштымын, осы сабақта барлықтарың белсенділік танытып, көп мағлұмат аламыз деп сенемін. Бұл жерде балалардың ойын, қиялын бағыттау, сенімін арттыру, балалардың бойында өз - өзіне деген сенімдерін жоғарылату сол арқылы сабақтың сапасын арттыру.

Мұғалім: бүгінгі сабағымызды мен мына әңгімемен бастағым келіп отыр. Мұқият тыңдаймыз:
Әңгіме "Бөкен қарттың Сырымға бата беруі " деп аталады.
Сырым жас кезінде батасын алайын деп Бөкен қартқа барады. Бөкен қарт Сырымнан келген жұмысын сұрайды. Сонда Сырым:
- Менің сізге келген жұмыстарым - біріншіден, сіздің батаңызды алайып, екіншіден, әр түрлі ақыл сұрайын деп келдім, - дейді.
Бөкен "Саған батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай бала екенсің", - деп бата береді:
Арқаң қара нардай жауыр болсын,
Мінезің қара жердей ауыр болсын.
Өкпең жоқ, кеудең толы бауыр болсын,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,
Жасың жетпіске жетпесін,-
дейді. Батасын бергеннен кейін: "Мен не десем бәрінің де мағынасы бар, қалай түсіндің, өзіме айтып бер ",- дейді қарт. Сонда Сырым:
-"Арқаң қара нардай жауыр болсын" дегеніңізді халық үшін жұмыс жаса, халықты өзіңе ерте біл дегеніңіз.

 

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді

Өзін - өзі тану

 

Бабалар сөзі – даналық көзі

 

(3 сыныпқа арналған "Өзін - өзі тану" сабағының жоспары)

 

Құндылық: Балаларға "даналық", "ақиқат" құндылығы

 

туралы айтылады

 

Қасиеттер:

 

- Даналық, ақылдылық туралы ұғымдарын қалыптастырады,

- Ой- қабілеттерін дамытады;

 

- ата-баба даналығынан өнеге алуға тәрбиелейді;

 

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін, ойлауын дамытады, ойын еркін жеткізе білуге үйретеді.

 

Міндеті:"даналық"- асыл сөздер, өнегелі сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, нақыл сөздер арқылы әдептілікке жаксы адам болып өмір сүруге жетелейді.

 

Ресурстар: интерактивті тақта, бейне таспа, үнтаспа.

 

Сабақ барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі;

 

Тыныштық сәті

 

Нұрға бөлену

 

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз. Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің ойыңызды, әр сезіміңізді, тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп кұшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарайды. Аяқтарыңыө нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарыңызға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.

 

Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын...". Осындай Нұр, Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.

 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз

 

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 

Үй тапсырмасын тексеру

 

Сұрақ-жауап

 

(оқушылар пікірлерін айтады)

 

Дәйексөз.

 

Әдептілікті данадан үйрен. Халық даналығы

 

Даналардың айтқан даналығының мәнділігі соншалықты; ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Ол сөздер Атадан балаға мирас болып қала береді.

 

Мұғалім ангімесі

 

Асан ата қа сақалын тарамдап, балаларына өсиет айтты:

 

- Балам, Абай атаның әрбір сөзін жаттап ал,- деді ол немересіне.

 

- Ақынның ақыл берер сөзін ойға тоқып, жаттап ал, балам.

 

- Абай бабамның өлеңдерін жатқа білемін,- деп Ғалымбек атасына күлімдей қарады.

 

- Абайда "бес асыл іс" деген сөз бар. Оның мәнісін айтшы, балам?

 

- Білемін, ата. Ол – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

 

Мұғалім сұрақ қоюы:

 

Терең ой, қанағат, рақым, сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер?

 

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

Ата, қазақша "Азға - қанағат, көпке – салауат" деген мақал бар, оның мәні неде? деп Ғалымбек сұрақ қойды.

 

"Азға - қанағат" деген сөз "аз да болса, бар нәрсені бағала" деген мәнді білдіреді,- деп ата немересіне елжірей қарап, жауап берді.

 

Мұғалім:

 

"Ақыл - жастан" дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Сендер үлкендерден естіген қандай даналық сөздерді білесіңдер?

 

Балалардың жаауаптары тыңдалады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: