Мультфильмы: Верните Рекса 7 страница

Өнер — өмір өрнегі

Мақала авторы: Аширова Молдир Берикбаевна
Жұмыс орны: N23 мектеп-лицей
Лауазымы: Мугалим
Порталға жариялану мерзімі: 05.02.2017

 

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: №23 мектеп- лицейі.
Мерзiм: 22.09.2016ж.
Мұғалiм: Аширова Молдир Берикбаевна.
Сынып: 8 Ә.
Оқушылар саны:28
№ 4 сабақ.
Тақырып: Өнер-өмір өрнегі
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету,шынайылық,кешірімді болу;

Мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығын сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндру.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың шынайылық қасиетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды кешірімді болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Баяу музыка.
Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады Рахмет.
1. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?
2. Қандай сезімде болдыңдар?
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Дәптерге «Әлемнің жеті кереметін» жазып келу.
2.«Қос өнерпаз»атты ел аузынан алынған мәтінді оқып келу.(17 бет)
Мәтін бойынша сұрақтар: 1.Мәтін сендерге ұнады ма?
2. Халық өнерлі адамдарға деген құрметін қалай білдіреді? 3. Қос өнерпаз бірін — бірі қалай түсінді? 4. Өнерлі адам не себепті елге сыйлы болады?
5.Өнерлі адамдардан кімдерді білесің?
6.Өнер адамы қандай болу керек?
7.Сендердің бойларыңда қандай өнерлерің бар?
8.»Жігітке жеті өнер де аз» деген сөзді қалай түсінесің?

Ескерту

Дәйексөз.
«Өнер-адамның рухани азығы,ол-халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы»
Б.Момышұлы
Б.Момышұлы (24 желтоқсан 1910 — 10 маусым 1982) Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Өнер адамның рухани азығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Өнерлі адамның жалпы болмысы қандай болады?
Бойларыңда қандай өнерлерің бар?
Оқиғаларды әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы).
Аңыз әңгіме Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап — шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады.
Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл “шайтан тиек” деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған.
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
1.Аңыз әңгіме сендерге ұнады ма?
2.Батыр домбыраны неден жасады?
3.Жасаған домбырадан неліктен дыбыс шықпады?
4.Домбыраның шегін неден жасады?
5.Домбыраның бөліктерін атаңыз?
6.»Шайтан тиек дегеніміз не?
7.Домбыра Қазақстанның нешінші кереметі?
8.Домбыра тиегінің түрлері ата?

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Қазақстанның жеті кереметінің жобасын жасау.
1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі. 2. Тайқазан. 3.Айша бибі мазары. 4. Тамағалы кешені жартас суреттері. 5. Алтын Адам. 6. Домбыра. 7. Күлтегін ескерткіші.

Топпен ән айту.
«Өмір сыры» М.Өрісбаев
Өмір деген –
Жанымның шуағындай жарқырайды.
Көңіл деген –
Бар кезде шарықтап шалқымайды.
Арман деген –
Жүректің жұбанышы үзілмейтін.
Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.
Өмір ғой несіне таң қаласың.
Қ/ы
Бұл дүниені
Жарығым қайта оянып көрер болсам,
Өмірге қайта айналып келер болсам
Сезер – ек бақыттың шын бағасын.
Бақыт деген –
Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы.
Уақыт деген –
Өзгермес сұрапыл соқса тағы.
Арман деген –
Жүректің жұбанышы көз ілмейтін.
Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.
Өмір ғой несіне таң қаласың.
Қ/ы
Үй тапсырмасы.
1.Өз бойындағы өнерлері туралы эссе жазу.
2.Келесі сабақ. №5″Адам өмірі» аңыз әңгімені оқу.(20 бет)
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен ойнап тұрады. Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…
Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3].
Балалар бүгінгі сабақтан меңгерген құндылықтар мен қасиеттерді жүректерімізге түйіп аламыз. Бүгінгі сабақта белсенділік танытқандарың үшін көп рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп,жүрегімізге сақтайық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Өзін-өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.. Алматы: «Бөбек» ҰПББСО — 2010.
2.Өзін-өзі тану: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқушы дәптері. Алматы. «Бөбек» ҰПББСО — 2010ж
3.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы. 2005ж.
4. https://yandex.kz/video/search?text=«Өмір%20сыры»

Related Articles

Оқу ісі жөніндегі дирек тордың

орынбасары Л.Мағзымова 8-сынып № 4 сабақ Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Өнер – өмір өрнегі.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

а) адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу;

ә) жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

б) өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.

Құндылық: ішкі тыныштық (эмоционалдық деңгей), сүйіспеншілік (адамгершілік деңгей)

Қасиеттер: білуге құштарлық, еңбекқорлық, қабілеттілік, дарындылық, жасампаздық, табандылық.

Ресурстар: интерактивті тақта, электрондық диск Робертино Лоретти «Абе Мария»,С.Тұрысбеков күй «Көңіл толқыны», слайдтар, А-4 қағаздар, түсті қарандаштар, Әлемнің 7 кереметі слайдтар

Мұғалім: К.Мұңайтбасова Сынып: 8а, 8ә

Іс-әрекет кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

 

 

1 .Ұйымдастыру кезеңі

Аутотренинг

 

Тыныштық сәті

 

Ән тыңдау

1 минут

 

 

2 минут

Аутотренинг арқылы жаңа сабаққа психологиялық дайындық үшін «Саусақтарыңызды түйістіріп1,2,3,4,5 деп санап, қолдарын уқалап: Жазда жақсы дем алдым, енді өзін-өзі тану пәніне кірісемін, мен қуаныштымын дей келе алақандарын уқалап. Ал, енді кірісейік! деп бастаймын

 

«Менің ғаламшарым»

Одан соң Робертино Лореттидің әнін тыңдауға шақыру

Балалардың музыканы тыңдай білу қабілетін бақылау

Оқушылар мұғалімнің айтқандарын қайталап қолды уқалау арқылы аутотренинг жасайды.

 

 

Оқушылар үнсіз тыңдауына не қосылуына да болады

Музыканы тыңдап, мазмұнына, ырғағына, Робертиноның даусының кереметтігіне назар аудару

 

Бейнебаян

 

 

2. Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

· Авраам Линкольннің етікшінің баласы бола тұра президенттікке сайланарда Сенаттағы аристократтар дың қорлау мақсатында қойған сұрағына жауапты сұрау (жағдаятты ешу)

· Оқушылар жауап қайтаруын бақылау (слайд 3)

Авраам Линкольнның жауабын интернеттен қарау не болжау

Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша сұрақтарды ескере отырып ойларын жеткізуге тырысу.

Оқулық

Интерактивті тақта

 

 

3.Дәйексөз

Мәнін ашу

 

3 минут

«Өнер-адамның рухани азығы, ол-халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы»

Б.Момышұлы Дәйексөздің мәнін ашуға және «Менің қойын дәптерім» деген шығармашылық жұмысты жалғастыруын ескерту

Менің қойын дәптерім деген шығармашылық жұмыс дәптерлеріне дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендіктерін жазады.

Слайд

 

 

4. Мәтінмен жұмыс

«Оқып үйренейік» айдары бойынша І.Есенберлиннің әңгімесінен үзінді оқып, талдау

10 минут

· Ол үшін Робеттино Лореттидің слайд-5 фотосын, керемет шырқаған әндерінен үзінді тыңдатып, оқулықтағы І.Есенберлиннің мәтін үзіндісіндегі Анар деген қыздың әкесінің әсерін суреттеу

· С.Тұрысбековтың күйін тыңдату арқылы өнердің –өмір өрнегі екендігін айта кету слайд-1 қайта назар аудару Өнер адамдарының суреттерін көрсетіп сұрақ қою арқылы қай салада өнер майталмандарын атау

Лореттидің әнін тыңдап, табиғи дарынды даусына таң қалу, балалық шағында ән шырқау арқылы отбасын асырағанына назар аудару. Бүгінгі таңдағы және жас кезін салыстыру

 

5. Шығармашылық жұмыс топтық жұмыс

7 минут

4 топ оқушылары оқылған әңгімені постерге сурет арқылы елестетіп әңгіме мазмұны ашылатындай етіп сурет салады.

Музыканы тыңдағанда не елестегенін суретке бейнелеп салу

А-4 қағаздары

 

 

6. Назар аудару Жаңа сабақта Әлемнің 7 кереметі

20 минут

Слайдтарда әлемнің 7 кереметін көрсету және тарихын қысқаша меңгерту

Бұл материалды меңгертер алдында «Қас қағым сәт» рубрикасы бойынша слайдта 7 суретті 5 секунд көрсетіп, не көздерімен көріп естерінде қалғанын айту

Әлемнің 7 кереметін оқушыларға слайдтармен жұмыс барысында әр топ орындайды.

Оқушылар слайдтарға мұқият назар аудару арқылы көрген суреттерді айтуға тырысады

Әр әлемнің 7 кереметін тарих пәнімен және акмеология ғылымымен байланыстырады.

Интерактивті тақта

 

 

7. Үй тапсырмасы

1 минут

Жұмыс дәптерінен тапсырма орындау

№1 тапсырма

· Өздеріңіз тұратын туған өлкеңіз Атырау қаласындағы 7 кереметті атаңыз не сол сіз керемет деп санайтын кереметтерден фото коллаж жасау

· Берілген тапсырманы топ болып не жеке орындау

· Ата-анамен бірігіп оқушы өзі керемет деп санаған жерлерді фотоға түсіріп баяндайды.

Сабақта белсенділік танытқан оқушылардың күнделегіне «Жарайсың!» деп жазып, мотивациялау

 

8. Соңғы тыныштық сәті

 

Рефлексия

1 минут

 

Л.Робертиноның «Абе Мария» әнінен үзінді тыңдау

 

Рефлексия арқылы сабақтың ұнағандығын бармақтарын жоғары көтерсе «ұнады»,

Егер төмен қаратса «ұнамады» деген белгіні білдіреді

 

Мұқият тыңдалым болу

 

Мұғалім көрсеткен белгі бойынша оқушылардың көңіл күйін, сабақ нәтижесі байқалады.

 

Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Қарашоқы орта мектебі Мерзімі 19. 09. 2016 ж.
Мұғалім Манбаева Алия Дюсенказыевна
Сынып 8 а,б Оқушылар саны 16; 14; Тақырып №3 Өнер-өмір өрнегі
Құндылық Сүйіспеншілік Қасиеттер: мейірімділік, кішіпейілділік, кеңпейілділік
Мақсаты: Оқушыларға өмірдің мәнін түсіндіре отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері
Оқушыларға ағайын арасындағы береке-бірлік, татулықты сақтаудың маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды туыстық қарым-қатынасты қадірлеп,бауырмалдық туралы түсініктерін кеңейту.
- оқушыларды мейірімділікке, кішіпейілділікке, кеңпейілділікке тәрбиелеу
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.
Тыныштық сәті. «Су асты патшалығы саяхат»
Үй тапсырмасын тексеру. 3 сабақ, 10 бет, З. Серікқалидің мәтінін оқу.
-Дүние сырын жасампаздық тұрғысынан игеру дегенді қалай түсінесіңдер?
-Әлем қай кезде, қашан адамдар әлемі бола алады?
-Автор неліктен «Өзінді –өзін тану, бұл-бүкіл ғалам ғажайыбын тану» деген? Ескерту
Әдістемелік нұсқаулық

8сыныптың «Өзін-өзі тану» оқулығы
Дәйексөз
Өнер адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні ен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы.
Б. Момышұлы
1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? 8сыныптың «Өзін-өзі тану» оқулығы
Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
Өнер өрге сүйрейді
Ерте бір заманда шалдың Артықәлі деген жалғыз ұлы болыпты. Көшпелі тіршілікте кедейшілік өмір кешсе де, ақылды шал баласын талапты етіп тәрбиелепті. Олар күнкөріс үшін құмда өскен сексеуілдерді отындыққа шауып, базарға әкеп сатады екен.
Жасы он екіге толған Артықәлі бір күні әкесіне оқу оқығысы келетінін айтады. Шал біраз ойланып, ақырында, баласын қалаға оқуға жіберуе бекінеді. Сексеуіл сатудан түскен қаржыны ұлының қалтасына салып:
-Балап, талабың оң болсын! «Ізденген жетер мұратқа» деген, алдыңнан жарылқасын! Аман –сау бол құлыным!- деп маңайынан сүйіп шығарып салады.
Артықәлі қалаға келіп оқу іздейді. Білім беретін мектепке түсуге дайындығы жетпей, бір күйшіге шәкірт болып жалданады. Табиғаттың берген зейінінің арқасында көп ұзамай-ақ күйдің қыр –сырын жете меңгеріп алады. Әсіресе, қобыз бен домбырада шебер ойнауға қол жеткізеді.
Осылайша кәнігі күйшінің қолында бір жыл тұрады. Бір күні ұстазы күй саласындағы өзінің бар білетінін үйретіп болғанын айтады. Бір жыл бойы қажымай-талмай өнерге баулыған ұлағатты ұстазына Артықәлі шын ниетімен алғысын білдіріп, аулына қайтады. Үйіне келегенде әкесі баласының күйшілік мамандық алғанына шын көңілімен қуанса да, бірақ ондай білімнің бұл ауылда ешкімнің қажетіне жарамайтындығын түсіндіреді.
Ол қалыпты тұрмысын одан әрі жалғастырып, сол баяғы сексеуілін шауып, оны базарға апарып сатып, тіршілік қарекетімен жүре береді.
Осылайша, арада жыл да жылжып өте шығады. Артықәлі тағы да оқуға барғысы келетінін сездіреді. Әкесі баласының бетін қайтармай, тапқан –таянғанын қалтасына салып, қалаға атандырады.
Артықәлі қалаға келіп оқу іздейді. Бір жерден шатыраш ойнап топырлаған адамды көреді. Ол осы ойынға құмартып, оны үйретушіге тиісті қаржысын төлеп, шәкіртікке жалданады. Шатыраш ойынының қыры мен сырын меңгеру үшін бар ынта жігерін салады. Арада бір жыл өте шығады. Өзін осы өнерге үйреткен ұстазына рақметін айтып, Артықәлі тағы да ауылына оралады.
Әкесі дағдылы қалыппен қандай оқу тамамдағанын, нендей білім алғанын сұрайды. Артықәлі өзінің шатыра шойынын үйренгенін айтады. Әкесі басын шайқап, сәл ренжігендей болады.
-Балам, бұл өнерің де кәдеге жарамайды екен, қазір ешкімге қажеті жоқ. Енді қасымда болып күнкөріс тіршілікке көмектес, менің де жасым келіп қалды. -дейді сақалын тарамдай отырып.
Артықәлі үн-түнсіз келісім беріп, бұрынғысына азын аулақ тұяқтарын бағып, сексеуіл шабу жұмысын қатар атқарып жүріп жатады.
Сонымен, тағы да бір жыл артта қалады. Көктем келіп, жер аяғы кеңіген соң, Артықәлінің оқығысы келіп көңілі алып ұшады. Қалайда әкесінің көңілінен шығу –оның басты мақсаты еді.
Бір күні әкесінен оқуға баруға, сөйтіп өз бағын соңғы рет сынап көруге рұқсат сұрайды.
Әкесі әуелі келісіім бермегенімен, артынан талабын қайтармай, бар қаржысын баласының қалтасына салып, оны қалаға аттандырып салады.
Артықәлі ұзақ жол жүріп. Ақыры бір қалаға келіп жетеді. Бір қожайынның жеке мектебіне бар қаржысын төлеп, үлкен қиындықпен білім беретін оқуға кіреді. Оқу жоспарында белгіленген білімді зеректікпен және асқан табандылықпен жете меңгеріп, оны үздік бітіреді.
Ғылымның бірнеше саласынан тәлім берген ұстазы қабілетті шәкіртіне жыл бойы өзінің бар білгенін үйретіп болғанын және бұл орайда оған риза екенін айтады. Артықәлі мұнан әрі бұл жерде тоқтаудың жөні жоқтығын сезіп, ауылына оралады.
Үйіне келегн соң сүйікті әкесіне оқып білім алғанын, жаза білетінін және ғылымның бірнеше саласынан хабардар екендігін қуана жеткізеді.
Әкесі де бұған шексіз қуанып, баласының арқасынан қағады да:
-Адам болды деген осы, енді өзің де ұстаздық етіп, ауыл балаларына ғылым-білім сырларын үйретерсің, дейді. Артықәлі осы күзде ауыл балаларын жинап оқытпақ болады.
Осындай игі оймен жүрген Артықәлінің ісін аяғына дейін жеткізуге орта жолда тап болған мына оқиға кедергі келтіреді.
Сол бір жазда оның ауылына Үндістанға бара жатқан керуеншілер келіп, өздеріне жалдануға адам керек екендігін, оған көп қаражат төлейтіндіктерін айтып жер салады. Бұл кезде шал байғұстың да тұрмысы нашарлаған еді. Тұрмысы түзету үшін қаражат –та керекті.
Артықәлі керуеншілерге жалданып, қаржы тауып, күзге дейін тұрмысты оңғартып алатындығы жайында әкесіне өз ойын сездіреді.
Әкесі оның бұл ойын жөн көріп, керуенбасыдан келісілген қаржыны алады да, баласын соларға қосып жолсапарға аттандырады. Керуен тоқтамай жүріп отырып, Қызылдың құмын кесіп өтетін жолға түседі. Осылайша, бірнеше күн өтіп те кетеді.
Бір күні қатты дауыл тұрып, ілгері аяқ бастырмай қояды. Керуен тоқтап, түйелерді шөгеріп, адамдар оның ығын паналайды. Өршелене түскен дауыл жуық арада басылмай, түйелерді құммен көміп кетуге айналады. Сондықтан керуеншілер оларды әлсін-әлсін орнынан тұрғызып, қайта-қайта шөгерумен біраз уақыт өткізеді. Меске құйып алп шыққан ауыз сулары да таусылуға таяды.
Үш күн бойы соққан дауыл саябырлаған мезгілде барып керуеншілер жиналып ауыз су табу жайын ақылдасады. Ақыры, ойласа келе, су іздеуге төрт адам төрт бағытқа аттануы тиіс деп шешеді.
Су іздеушілердің бірі сол баяғы Артықәлі еді. Ертеңгісін ерте шыққан ол түс әуетінде бір сайда өсіп тұрған шиге кезігеді. «Шилі жердің суы жайдақ болады» деп әкем айтушы еді деп ойлаған ол түйесін шөгеріп, әлгі жерге үңіледі. Топырағын уыстап көріп еді, ылғалды екенін бірден байқады. Ол шидің бірін қолымен қағып қалғанда, қолына бір нәрсе іліккендей болды. Үміттеніп одан әрі қолымен қазып қараса, кеуіп қалған тулақ екен.
Тулақты көтеріп қалып еді, оның астынан құдықтың аузы көрінді. Ішіне үңілсе суы бар екен. Артықәлі әлгі жерге бір сырықты белгі етіп қалдырып, келген ізімен желіп отырып, керуеншілер қосына жетеді. Келсе, басқа су іздеушілер де оралыпты. Бірақ олар су таба алмай, не істерлерін білмей аңтарылып отыр екен.
Артықәлі керуенбасына су тапқанын, оны белгілеп кеткенін баяндайды. Қуанып кеткен керуеншілер Артықәлінің соңынан көш-көлігімен еріп жөнеп береді. Олар келе құдыққа қауға салады. Бірақ қауға әлденеге ілініп қалып, су шығару қиынға соғады. Терең құдыққа түсетін адамның ыңғайы болмаған соң Артықәлі түсуге бел байлайды.
Артықәлі құдық түбіне түсіп, қауғаны әлгі ілінгеннен босатады. Қауғамен су алып, жан да, мал да қарық болып шөлдерін қандырады. Су құятын барлық ыдыстарын да толтырып алады.
Бір кезде Артықәлі аяғына бірдеңе батқандай болған соң қараса, жұдырықтай-жұдырықтай алтын тастар жатыр екен. Сосын жоғарыдан қауғаны түсіруін сұрайды. Артықәлі қауғаға алтын кесектерді толтырып шығара береді., шығара береді. Керуенбасы мұны көріп, қауғаны үсті-үстіне төмен түсіріп алтынды үйіп алады.
Артықәлі әлден уақытта шығатындығын білдіріп айқайлайды. Бұл кезде алтын талапайының басы-қасында жүрген керуенбасы баланы құдықтың түбіне тастап кетуді ойлайды. Себебі ол бала құдықтан шыққан соң, бар алтын өзімдікі деуі мүмкін деп қорықады. Артықәлі не де болса қайрат қылайын деп жанындағы пышағымен баспалдақ жасауға құдықтың қабырғасын шұқылай бастайды. Бір кезде пышақ ұшы ағашқа тірелгендей болады. Қалаған кірпіш тастарды құлата келгенде адам сиятындай есік көрінеді. Есікті ашып ішіне кірсе, бір қария мамық төсекте шалқысынан жатыр екен.
Артықәлі кішілікпен сәлем беріп еді, ол орнынан қозғалмай жатқан күйінде қолын сілтеді.
Меңзеген жаққа көз салса, әр түрлі саз аспаптары ілулі тұр екен. Артықәлі қолына қобызды алып, көңілді де шаттықты, қайғылы да мұңды күйлерді нақышына келтіріп тарта жөнелді.
Ақсақалды қария бір кезде барып басын көтеріп:
-Рахмет, балам, көңілдің шерін қозғап, бойға қуат бергендей болдың. Не тілегің бар, орындаймын айт?Бұл жерге қайдан келгеніңді баянда- дейді.
Артықәлі осы жайға қалай тап болғанын бастан аяқ баяндап өтті де, өзін қолынан келсе керуенге жеткізуін өтінді.
Әлгі жатқн кісі орнынан тұрды да:
-Мен жерасты патшалығының адал адамдарының қызметшісімін. Арамдықты, өтірік пен қараниеттілікті айыптау жолында жүргендердің елгезек те сенімді сенімді серігімін. Кәне, арқама мін, көзіңді жұм, мен аш дегенде барып ашасың және мен туралы ешкімге айтушы болмайсың дейді.
-Құп болады,- деп артықәлі қуанып кетеді.
Ауаны тілгілеп зуылдаған дыбыстан басқа ештеңені сезбей келе жатқан сертке берік Артықәлі «көзіңді аш» деген дауыстан көзін ашып қараса, жол жүріп бара жатқан керуеннің оң жақ бүйірінде тұр екен. Бейтаныс адам әп-сәтте көзден ғайып болды.
Ол керуенге аяңдап келеді. Керуеншілер таң-тамаша болып, одан құдықтан қалай шығып, мұнда қалай жеткенін сұрайды.
Бірақ уәдеге берік Артықәлі оларға құдықтан баспалдақ жасап шыққанын, сөйтіп, осы бағытпен тіке салғанын, жаяулап қатты шаршағанын айтады. Олар таңдана-таңдана Артықәліні түйеге мінгізеді. Кеш болып, жолай бір жерге аялдап қонуға тура келеді. Керуенбасы екі көмекшісін шақырып, баланың көзін жою жайында кеңеседі. Ақыры, олар ханға хат жазып, онда осы баланың қырсығынан қарақшыларға дүниелерді алдырғанын және осы баланың қарақшылармен сыбайлас екендігін, ханның өзіне тіл тигізіп, күштілік көрсеткенін айтып, барған бойда баланың басын алуын өтінейік деген пікірге тоқталады.
Ертесіне ертемен керуенбасы Артықәліні шақырып алып:
-Сенх ханға барып, біздің ман-сау келе жатқанымыз жайында хабар бересің және мына хатты өз қолыңмен тапсырасың,-деп қолына хат ұстатады. –Сонда саған хан мен оның уәзірі көптеген сыйлықтар беретін болады. Сондықтан қазір тоқтасамастан жеделдете жүріп отырып тура ханға тарт, ал көліктен таңдағаныңды мін, -деп бұйырады.
Керуенде түсі игі бір кісі бар еді. Ол түнде артықәлінің жанына келіп:
-Балам бұлар сені жоқ қылудың амалын ойлап, бір жаққа жұмсауы мүмкін. Жұмсай қалса, көлікке деп ана тұрған құла атты сұра, басқасы жүріск жараайды,- деп ақыл береді.
Артықәлі келісіп, көлікті өзі таңдайтындығын білдіреді. Ол кешегі кісі көрсеткен құла атты қалайтындығын айтады. Аналар аалсыздан көнеді. Құла атпен Артықәлі діттеген бағытты ұстанып жүріп кетеді. Араға қонуа тура келеді. Ен далада жалғыздықтан зерігіп отырған соң, баланың есіне баяғы ханға арналған хат түседі. Ақыры қалтасындағы ашып оқыса, мазмұны өзін өлтіру жайында екен. Ол өзі аялдаған көлдің жағасын кезіп жүріп, құстің қауырсынын тауып, одан қалам жасайды да, саусағын тіліп жіберіп, хаттың екінші бетіне жаза бастайды.
Онда осы барған баланың шөл кезінде керуенді түгел аман алып қалғанын, керуенде оның көп алтыны бар екенін, сондықтан жақсылап сыйлау қажет екенін өтінетіндігін білдіріп хат жазады да керуенбасы болып қояды. Ертесіне жүріп отырып, кештете қалаға жетеді. Іздеп жүріп, басуәзірдің үйін табады. Бірақ бас уәзір хан сарайына кетіпті, себебі күнде хан сарайында шатыраш ойыны болады екен:
Мұнда алдында хан елге:
-Кімде-кім мені ойыннан екі рет ұтса, оған өзімнің тағы мен қызымды беремін, ал ұтылса, сол жерде дарға асамын,-деп жарлық берген екен.
Оол кезінде шахмат өнерін соғыс өнеріне бағалаған. Ханның мұнысы өзі қартайған соң, мұрагері болмағандықтан елді сыртқы жаудан қорғай алатындай ақылды да ойшыл жас ел бақарса жаман болмас деген ойы еді. Бірақ осы кезге дейін ханды екі рет ұтқан адам болмапты. Хан тағы мен қызынан үміттенген талай шатыраш ойынының шеберлері дарға тартылыпты. Артықәлі не де болса бағымды сынап көрейін деген оймен батыл басып хан сарайына келеді. Хан сарайында жақсы мен жайсаңдардан басқа жер-жерден келген үміткерлер де көп екен. Солардың арасымен жүріп отырып, хан отырған тақтаға жақындайды.
Хан жап-жас баланың топты жарып келген батылдығына риза болы:
-Иә балам, не шаруаң бар, айт! Деп бұйырады. Артықәлі өзінің шатыраш ойнайтындығын білдіреді. Хан баланың бұл ойына басын шайқап:
-Балам, жас екенсің, қыршыныңнан қиыларсың, сенен бұрын да талай үміткерлер келіп, өздерінің тиісті сыбағасын алған. Тілімді алсаң, райыңнан қайт,-деп аяғандай сыңай танытады.
Бірақ Артықәлі алған бағытынан қайтпай қасарысып:
-Солардан менің жаным артық па, ұтылсам алар сабағым ризамын дейді. Хан амалсыз келісіп, ойынға отырды. Бірінші ойында хан жеңіске жетті. Өлм мен өмірдің таразысы беттескендей болды. Екінші ойында Артықәлі жеңіске жетіп таразы басы теңесті.
Алдын ала келісілген шарт бойынша үшінші ойын басталды. Бұл ойында да бұрын болып көрмеген өрнекті ойлар, айшықты жүрістер, түрлі әдітер бір-бірімен ұштасып, шиеленіскен қызықты да тартысты тағылымды ойын Артықәлінің пайдасына шешілді.
Хан шатыраштан жеңлгенін мойындап, өз жарлығын бұза алмай, өнерлі балаға астындағы тағын ұсынады.
Сән салтанатпен таққа отырған Артықәлі керуеншілерге тойға жететін болсын дегенбұйрықпен шабармен жібереді., бірақ одан басқа ештеңе айтпа деп әмір етеді.
Желдей ескен жүйрікке мінген шабармандар керуенге келіп хабар береді. Бұл хабарға қуанған керуенбасы желдіртіп, жеделдетіп, алқына хан сарайына де жетеді. Олар хан сарайын кіріп, кешегі өздері жіберген баланың салтанатты тақта отырғанын көріп, көздері шарасына шыға қорқып кетеді.
Артықәлі жиналғандарға өз басынан өткен жайды, алдында отырған керуенбасы мен оның жандайшаптарының қылықтарын түгелімен айтып береді. Халық арам ниетті керуенбасы мен оның көмекшілерін дарға асуды бір ауыздан талап етеді.
Артықәлі хан қызына үйленіп, елде қалған қайырымды да ақылды қарт әкесін алдырып, өз өнерімен өмір өріне екен шығып, мақсат-мұратына жеткен.
-Артықәлі нені үйренеді?
-Артықәлі екінші рет қалаға барғанда нені үйреніп келеді?
-Артықәлінің бойынан қандай қасиет байқадыңдар?
-Ал сендер оның орнында болсандар не істер едіңдер?
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушыларды екі топқа бөліп;
«Өнер – өмір өрнегі» тақырыбында постер қорғайды Түрлі түсті қалам, ватман
Топпен ән айту
«Өмірдің мәні» М.Шаханов


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: