Мультфильмы: Верните Рекса 6 страница

Топпен ән айту.

Атамекен
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы:
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем
Сұрақ:
1 Өлеңде не туралы айтылған?
Қорытынды
Балалар әрқашан өз Отанымызды қорғап, аялап Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді еш уақытта жоғалтпайық.
Үй тапсырмасы.
43 бет №10 сабақ
Жанашыр мәтінін оқып әңгімелеп келу.
«Туған - жер» туралы эссені аяқтап келу
Соңғы тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

 

Шаттық шеңбері.

Мұғалім оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіріп, оларды Шаттық шеңберіне шақырады.Шаттық шеңберінде барлығы үнтаспаға қосылып, «Өз елім» (сөзі:Қ.Мырзалиевтікі, әні:Н.Тілендиевтікі) әнін айтады.

Әңгімелесу:

1. Балалар, осы әнді айтқанда сендер қандай сезімде болдыңдар?

2. «Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім», - дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Әнде айтылғандай, сендер өздеріңді «ел тірегімін» деп ойлайсыңдар ма?

 

Мәтінмен жұмыс. С. Мәуленов. Мен елімді сүйемін.

Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып шығады да, пікірлесу сұрақтарын қойып, өз ойларын білдіруді сұрайды.

 

Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз-шексіз қиянға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның жүректей болып желмен лүпілдей соққан гүлдері, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары-осының бәрі-бәрі сенің туған еліңді құрайды. Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғап шақырады.

Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ! Күлдір-күлдір кісінеп, ай- нала шапқылаған ала аяқты құлыншақ! Сәуірде бүршік атқан, қылтиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп! Өзен үстіне үйіріліп ұшқан шағала! Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл! Күннің қызғылт шапағына бөленген үйлер-осының бәрі тұтас тұрған туған ел! Ал енді анаңның бесікте жатқандағы әлдиі, әжеңнің тамылжыта төккен ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелеріңнің тәтті әзілдері-осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары! Туған елдің тілі барша жанға түсінікті!

 

Мұғалім:

1. «Туған жерсіз, Отансыз адамның күні жоқ» - дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Сендерге өз Отаның несімен ыстық?

3. Сендер өз еліңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар?

 

Назар аудар.

Алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушылар үйден жаттап келген өлеңдерін оқиды.

1 -оқушы:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

2-оқушы:

Отан дейміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

3-оқушы:

Мақтанамын мемлекетім барына,

Терезең тең басқалармен тарылма.

Өз елінің жырын жырлап, мұңын мұңдап әр ұлан,

Өз елінің қорғаушысы болу керек қашанда.

 

1-оқушы:

Мен жас ұланмын,

Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі.

Нұрға, гүлге толтырамын

Өзім туған өлкемді.

2-оқушы:

Отаным, кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорғанды.

Бақыттың, шаттықтың мекені

Қолдаймын, қорғаймын Отанды.

3-оқушы:

Туған жер-алтын таң,

Кең далам, таулы орман.

Ұл мен қыз қорғаймыз

Бақытты ұлы Отан.

 

Мұғалім: Балалар «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда бізге көмек көрсететін аяулы достарымыз естеріңде ме?

Оқушылар: Ия, олар Данышпан ата, Махаббат, Алпамыс және Ақбота ғой.

Ендеше, біздің бүгінгі сабағымызға олар қонаққа келіпті. Қарсы алайық.

Сыныпқа Данышпан ата, Махаббат және Алпамыс кіреді.

Данышпан ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Оқушылар: Сәлеметсіздер ме! Төрге шығыңыздар!

Алпамыс: Достар, біз сендердің бүгінгі сабақтарыңа қонаққа келдік.

Данышпан ата: Балалар, сендер «Өзін-өзі тану» пәнін оқып жатырсыңдар ғой. Мен бүгін сендердің не үйренгендеріңді көрейін деп әдейі келдім. Білімдеріңді, өнерлеріңді көрейін. Сендер бабаларымыздың айтқан өсиеттерін білесіңдер ме?

Оқушылар: Білеміз. Ол ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дана, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер жинағы.

Махаббат: Ендеше балалар, Данышпан атамызға өздерің білетін туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдеріңді айтып беріңдерші.

1-оқушы: Ел іші-алтын бесік.

2-оқушы: Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

3-оқушы: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

4-оқушы: Отан үшін отқа түс, күймейсің.

5-оқушы: Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық.

6-оқушы: Үйіңде атаңның намысын қорға, Шет жерде Отаныңның намысын қорға.

Алпамыс: Өте жақсы. Ал қазір балалар, мақал-мәтелдердің алғашқы бөлігін ғана айтамын. Ал сендер жалғасын айтасыңдар.

1. Отансыз адам... (Ормансыз бұлбұл)

2. Пәлен жерде пайда бар.... (Өз жеріңдей қайда бар)

3. Туған жердің жері де көрікті... (Елі де сүйікті)

Данышпан ата: Жарайсыңдар, балалар! Бұл жолы да білімді екендеріңді көрсеттіңдер. Ал,енді жұмбақ жасырсық шеше аласыңдар ма?

Оқушылар: Шешеміз, ата, шешеміз.

Махаббат: 1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн.)

2. Тұрады ылғи сөреде,

Іші толған өнеге. (Кітап)

3. Тығыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек. (Домбыра)

Алпамыс: Мына балалар білгір, білімді екен.

Махаббат: Ендеше, балалардың өнерін тамашалайық.

Шығармашылық жұмыс: - Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1- топ. Отан, туған жерге деген сүйіспеншілігіңді жүрекшелерге жазу.

2- топ. Берілген суреттерді пайдалана отырып, тақырыпты ашатын коллаж құрастыру.

3- топ. Отан, туған жер туралы эссе жазу.

 

Орындалған жұмыстар тақтаға ілініп, әр топтың мүшелері арқылы таныстырылады.

 

Дәйексөз: Отан-елдің анасы, Ел-ердің анасы.

 

Мұғалім: Енді балалар, бәріміз еліміздің тамаша табиғаты мен көрікті жерлеріне са- пар шегейік. Ол үшін интерактивті тақтаға назар аударайық.

 

Бұл бейнеслайд 3 бөлімді құрайды.

1- бөлім. «Арайланған Астанам». Бұл бөлімде ару Астанамыздың бүгінгі келбеті бей- неленген.

2- бөлім. «Қазақстанның жеті кереметі». Бұл бөлімде қазақ жеріндегі ең керемет деген ұлттық мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштер қамтылған.

 

1. Түркістан қаласында орналасқан, орта ғасырдан қалған, көгілдір күмбезді ғаламат ғимарат-Ахмет Иассауи кесенесі.

2. 1960 жылдары Есік қаласынан табылған «Алтын киімді адам».

3. 1995 жылы салынған Абай-Шәкәрім бабаларымыздың кесенесі.

4. Ұлттық музыка аспабы-домбыра.

5. Астанадағы «Бәйтерек» монументі.

6. Күлтегін ескерткіші.

7. Тамғалы кешеніндегі тасқа салынған суреттер.

 

3- бөлім. «Қандай көркем, туған өлкем!». Бурабай, Алтай таулары, Алакөл туралы.

 

Назар аудар. «Туған ел туған жер» деген сөздер әрдайым жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю-әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып-өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды,мақтан тұтады. Өйткені, Отан-алтын бесігіміз, ата-анамыз!

 

Жүректен-жүрекке

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызып, ән айтуға шақырады. Әнді барлығы бірге шырқайды.

 

Біз-туған ел баласы (Сөзін жазған: Қ. Ыдырысов. Әнін жазған: Қ. Қуатбаев).

Ойын "Жүрегім не дейді" немесе ғажайып сөздер

Балалар қолдарын жүрегіне қойып, оның соғысын тыңдайды және өздері білетін Отан, туған жер туралы өлең - тақпақ, мақал - мәтелдерді айтады.

Мысалы: Менің жүрегім айтады: "Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас".

http://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=43b8dc9aa3f29f5e&mb=imgdb_preview_1528

Мектеп: № 36 мектеп-гимназиясы

Мерзімі: 3.09.14ж

Сабақ саны:1

Тақырып: Сен де бір кірпіш дүниеге...

Құндылық: дұрыс іс-әрекет Қасиеттер: жағымды қарым-қатынас

Мұғалім: Намазова.Д

Сынып: 8 "б"

Оқушылар саны:

 

Сабақтың мақсаты: әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп,белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Сабақтың міндеттері:

· өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

· оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

· оқушыларды өз өміріне,өз сөзі,ойы және әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, материалдар)

Оқулық, дәптер,

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

7 сыныпта өткенді еске түсіру.

 

3.Әңгімелеу

*Адам өмірінің мәні неде?

*Қандай жағдайда адам өз өміріне риза болады?

*Өмірден өз орнын табу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

*Адамның өмірдегі орнын табуға өзін-өзі танудың ықпалы қандай?

 

Сабақ барысын талқылау:

 

4.Мәтінмен жұмыс

Оразақын Асқардың "Өмір өнегелері" өлеңін оқып,талдау ұсынылады.

Тіршілік пе,немене,өмір деген?

Шектеле межайша күн көруменен?

Бір ұғымға екі сөз неге керек,

Мағынасы бір болса,бөлінбеген?

 

Бір уақытын бос күйбең еншілесе,

Жайын сұрап жанына көрші келсе,

"Тіршілік қой,әншейін",-дейді адамдар,

Өз ісіне көңілі көншімесе.

 

Еліне арнап еңбегін дарынменен,

Ерді естісе,халқының қамын жеген,

"Нағыз өмір сонікі",-дейді адамдар,

Жар сап атын ардақтап бар үнменен.

 

Екеуінде елеулі айырма бар,

Қайсысына ойың бар дайындалар.

Адам болып сүрмесең,нағыз өмір,

Алдын ала ойламас жайыңды олар?

 

5.Ойланып көрейік

Оқулықта берілген көрнектітүколог,академик Әбдуали Қайдардың өмір туралы,өмірдегі жақсылық пен жамандықтуралы ой-тоғауын өз бетінше оқып шығу тапсырылады.

6.Мұғалім сыйы

Өмір дейтін М.Мақатаев

 

Өмір дейтін тайғанақ мұз-айдында,
Жырлап кетем, алдымен жылаймын да,
Сөредегі кермені кесіп өтсем,
Маған әлі жетпейді құдайдың да.

Мұң мен зарға ондайда шаң қаптырам,
Қайғы дейтін қаншықты қан жаптырам.
Ұры-уайым тиер деп қай жағымнан,
Секем алған киіктей аңдап тұрам.

Аттай жүріп өмірдің баспалдағын,
Бірі менмін қайғыдан қашқан жанның.
Көзім жасын көл етсем сөнер ме екен,

Көмейімнен лапылдап, шашқан жалын?!

Жөқ сөндірмен, сөндірмен, жыламан да,

Қуаныштан мұң жуық тірі адамға.
Дариясы өмірдің шайқалмайды,
Дәрмені жоқ бір пенде жылағанға.

Жүргемін жоқ қайғынын жүгін артып,
Ер сүрінсе еңкеймес, жығылар тік.
Бөліп, жарған қайсыбір қуаныштан,
Ойландырған оңаша мұңым артық...
7.Дәптермен жұмыс

1-2 тапсырманы орындау.

 

8.Топпен ән айту

Ән "Өміріңе немқұрайлы қарама"

 

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

 

9.Үйге тапсырма

О.Асқардың "Өмір өнегелері" өлеңін жаттау.

 

10.Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.

 

«Өзін-өзі тану» сабақ жоспары
Мектеп: «Сауран» жалпы орта мектебі
Мүғалім: Табынбаев Олжас
Сыныбы: 8 «А» Оқушылар саны: 25
Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге... № 2 сабақ
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Әдепті болу, басқалар туралы жамандық ойламау, өзіне -өзі сенімді болу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығының маңызы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларды әдепті болуға,барлық уақытта дұрыс әрекет жасауға үйрету;
Дамытушылық: оқушыларға басқалар туралы жамандық ойламау, мәнін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, өзіне - өзі сенімді болуға, тәрбиелеу. Ресурстар
(материалдар)
оқулық,дәптер.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: (Баяу музыка
«Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.
№ 2 сабақ 8,9 бет
Оразақын Асқардың «Өмір өнегелері» өлеңін оқып сұрақтарына жауап береді.
1. «Өмір өнегелері» өлеңімен не айтпақшы болды?
2.Балалар сендердің өмірлерің мәнді ме?

3.Дәйексөз
«Өзін-өзі таныған,өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды»
Томас Ман (1875 — 1955)
1.Дәйексөзден қандай ой түйдің?
2.Өзіңді -өзің танымасаң,өз өміріңнің кандай екенін түінесің ба?
Дәптерге жаздыру, жаттатып айтқызу

4. Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы
Достық- өмірлік нұсқа

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық нешеу?” – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
– Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
– Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет
1.Сендердің ойларыңша “Достық нешеу?”
2.Адал дос деген не?
3.Амал дос деген не?
4.Бұл аңыз әңгімеде қандай құндылық жайлы айтылған?

5.Шығармашылық жұмыс
Достық туралы өлең шығару
6.Топпен ән айту
Дүние-ай
«Жігіттер» тобы
Өтетін сейілмен
Ей,дүние базарсың,
Пенделік пейілден
Жүрегім тазарсын

Қайырмасы:
Адамға бақ берер тек қана Алла мекен
Өмірдің қызығы біреуге арман екен,
Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен
Бес күндік бұл дүние расында жалған екен

Қуаныш қайғының
Бәрі де бітеді,
Бұл дүние таусылса,
Шын дүние күтеді

Қайырмасы:
Адамға бақ берер тек қана Алла мекен
Өмірдің қызығы біреуге арман екен
Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен
Бес күндік бұл дүние расында жалған екен

Амал бұл сән үйде
Иманның жолында,
Бәрі де,бәрі де
Алланың қолында


7.Үй тапсырмасы.
1. Сен де бір кірпіш дүниеге... атты өлеңіне эссе жазып келу.
2.Келесі сабақ: Сабақ №3 19 бет. И.Есенберлиннің шығармасын оқып келу.
8.Соңғы тыныштық сәті:
Баяу музыка қойылады. (балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайлап отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тынышттыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер)
Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтаймыз.
«Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет» бар жерде.
«Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет» бүкіл әлемде. Тәрбие.орг сайтынан Сен де бір кірпіш дүниеге... Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес
Ашық сабақтар, Этикет, Өзін-өзі тану
Аширова Молдир Берикбаевна, Өнер — өмір өрнегі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: