Ізгілік іздеп келемін

«Өзін-өзі тану» пәнінің 6-сынып оқулығында «Ізгілікке бастар жол» атты сабақ өткізілген болатын. Сол сабақта айтылған рухани-адамгершілік құндылықтардың мәнін аша түсу мақсатында 8 сыныпта сабақ негізіне «Ізгілік іздеп келемін» атты тақырып алынып отыр.

Мақсаты: Оқушылардың ізгілік ұғымы туралы өткен сыныптарда алған түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

∙Оқушылардың ізгіліктің рухани-адамгершілік құндылық ретіндегі мағынасын түсіндіру;

∙Оқушылардың бойында ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал ету;

∙Оқушыларды адамгершілігі мол, ізгілікті тұлға ретінде тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балаларды рухани адамгершілікке әлемімен етене жақындастыру мақсатында Қ.Бекхожиннің төменде берілген өлең жолдарын ерекше бір сезіммен оқиды. Ақын айтқан құштарлық сезімін өз бастарынан кешуі үшін мұғалімнің өлең оқу мәнері оқушыларға әсер ететіндей болуы керек.

Жүзі жылы жандарды

Құшақтағым келеді.

Гүлі сұлу орманды

Сусатпағым келеді.

Шулап аққан өзенге

Бұлақ қосқым келеді.

Сыр толқыған тереңге

Құлақ тосқым келеді.

Мәтінмен жұмыс

Төменде берілген сұрақтарды талдай отырып, мұғалім оқушыларды Ж.Баласағұнидің «Ізгілік» атты өлеңімен таныстырады. Өлеңді талдағанда мұғалім алдымен сынып-аралық сабақтастықты бекіте түсу үшін 6-сыныпта өткен Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» дастанынан үзінді түрінде алынған «Ізгілік» атты өлеңін еске түсіреді.

Дәйексөз

«Шамаң келсе, ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді» деген С.Сараидың нақыл сөзінің мағынасына орай мұғалім оқушыларға ізгіліктің құндылық ретіндегі мәнін түсіндіреді.

Әңгімелесу

Мұғалім әңгімелесу әдстемелік тәсілі арқылы оқушылардың тақырып бойынша не білетіндерін, жеке көзқарастарын анықтап алады. Төмендегі сұрақтарға жауап беруде оқушылар адам бойындағы ең жақсы қасиет – жақсылық жасай білу және оны міндет етпеу екендігіне көз жеткізеді.

Жаңа ақпарат

Балалар әңгімелесу арқылы өз қорытындыларын жасаған соң, оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аударады. Оқушы берілген ақпаратты тек қана қабылдап қоймайды, сонымен бірге әңгімелесу әдісіндегі өз шешімі мен ойының дұрыстығын, тіпті болмағанда оның басқа нұсқалардың ішіндегі артықшылығын логикалық түрде түсінеді. Жаңа ақпараттағы мәтінге қарап оқушы өз жауабын тереңірек қарастыруды ойластырады. Оқулықта берілген ақпаратты мұғалім оқып береді.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды-бейнелі қабылдауына ықпал ететіндей өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі ретінде оқушылардың білімін және оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған «Мәтінмен жұмыс» әдісі пайдаланылады.

Тапсырма

Оқушылардың меңгерген құндылықтарды күнделікті өмірдегі маңыздылығын түсініп, қолдана білуге үйрету мақсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген. Мұғалім тапсырманы үйге беруіне болады. Тапсырма оқушы дәптеріне орындалады. Бұл сабақта Ғ.Жандыбаевтың мына өлең жолдарындағы ойды жалғастыру тапсырылады.

Нұрланып ізгі жандар тілегімен,

Күн күлер мейірімнің реңінен.

Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,

Өтеді әр адамның жүрегінен.

Жүректен- жүрекке

Оқушылар ой тазалығы, жүрек жылуы және сезім сергектігінің адамдар арасындағы қарым-қатынаста аса қажет құндылықтар екендігіне тоқталып, бір-біріне ізгі ниетпен жақсы тілек айтады.

 

Мысалы:

Ерсін Гүлнұрға:

· Шын жүрегіңмен жасаған жақсылығың өзіңе қуаныш болып оралсын.

Аняир Анарға:

· Біреуге жасаған жақсылығыңды ешқашан міндет етпе.

 

Осы ретпен әр оқушы өз ойындағы тілегін айтып, бір-бірін ізгілік елін аралауға шақырады. Әдістемелік құралда көрсетілген мысалдарды өзгертіп, бұл әдісті басқаша өткізуге де болады.

 

Мақсаты: оқушылардың ізгілік ұғымы туралы өткен сыныптарда алғани түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

∙Оқушылардың бойында ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып, оларды жағымсыз қылықтар мен жаман істерден сақтандыруға ықпал ету;

∙Оқушыларды адамгершілігі мол, рухани дүниесі толысқан ізгілікті тұлға ретінде тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, А.Иүгінекидің мына өлеңін оқиды:

 

Ізгілік – бір биік үй мұнарасы,

Алқызыл жайнап өскен гүлбақшасы.

Әдебің – сол гүл өскен жасыл алқап,

Сол үйдің не болмаса іргетасы.

 

Жаңа ақпарат

«Ізгілік іздеп келемін» атты сабаққа екі сағат бөлінеді. Оның алғашқысы оқушыларды жақсылық пен ізгілік жасау үшін ізденуге, өмірдегі барлық жағымды нәрселерден үйрету болса, екінші сабақта бір-біріне қарама-қарсы мәндегі жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен қатыгездік, қуанышқа ортақтасу мен көре алмаушылық, іштарлық сияқты адам бойында кездесетін кейбір жаман қасиеттер мен келеңсіз қылықтар туралы да түсінік беру қарастырылды.

Әңгімелесу

Мұғалім сабақтың тақырыбына байланысты қарастырылатын мәселе төңірегінде оқушылармен ой бөлісу үшін проблемалық-танымдық сұрақтар қойып, әңгімелеседі. Бұл мақсатта оқулықта берілген сұрақтарды пайдалануына болады.

 

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сайтқа тіркелуіңіз қажет.

Мақаламен бөліс

 

Ілмектер: Ізгілік іздеп келемін, өзін-өзі тану, сабақ жоспар, 8 сынып, қмж, омж, ашық сабақ, тәрбие сағаты

 


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 03.05.2016 ж.

Тақырып: Ізгілік іздеп келемін

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізеттілік, сыйластық, адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Адами қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.
Әдіс- тәсілдер: «Жүгітпе шынжар» әдісі, «Дананың кілттері» әдісі,сұрақ- жауап, өз ой-пікірлерін айту.
Көрнекілік: Слайд, интерактивті тақта, палакаттар, түрлі-түсті маркерлер.
Сабақ барысы: Уақыты: Мұғалімнің іс- әрекеті: Оқушының іс- әрекеті: Формотивті бағалау.
1. Психологиялық ахуал. 5 мин. Шаттық шеңбері. . 1-топ «Мәтін» 2-топ: «Жаңа ақпарат» 3-топ: «Дәйексөз» 4-топ: «Шығармашылық»  
2.Ойланайық, пікірлесейік 5 мин. Мұғалім оқушылармен сұрақ-жауап жургізеді
  1. Кандай адамды адамгершілігі мол ізгі жан дейді?
  2. Жақсылық пен ізгілітің арасындағы ұқсастық неде?
  3. Ізгілікті қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіңдер?
  4. Қандай қасиеттер адамды ізгілікке жетелейді?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. түрлі-түсті жетондармен бағалау
3. Жаңа ақпарат 10 мин. «Жүгіртпе шынжыр» әдісімен І-ІІ топта жұмыс жүргізу. Оқушылар мәтінді өздері әдіс шартымен оқып талқылайды. түрлі-түсті жетондармен бағалау
4.Мәтінмен жұмыс 10 мин. «Мына дүние не болып барады өзі» Д.Тұрлыбек шығармасынан үзінді. «Дананың кілттері» әдісімен ІІІ-ІV топтар мәтінді орындау беріледі. Оқушылар мәтінді өздері әдіс шартымен оқып талқылайды. түрлі-түсті жетондармен бағалау
5.Шығармашылық жұмыс 10 мин. «Менің ізгілікті істерім» тақырыбында эссе жазу. Дәптермен жұмыс жүгізеді Өздерін бағалау.
6.Рефлексия 5 мин. Стикерлер таратылып; 1.Мен кіммін? 2. Менің мақсатым қандай? 3. Менің ізгілікті істерім? Оқушылар жауап жазады.  


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 16.05.2016 ж.

Тақырып: жалын атқан жүректен

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: шынайылық, елжандылық, жанашырлық

 

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:«Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту оқушылардың «жақсылық», «қамқорлық», жақсылық жасаудың адами қарым- қатынастағы мәнділігін түсіндіру; 2. Тәрбиелік: Мейірімділікке тәрбиелеу, қайырымды болуға, үлкенге, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу; 3. Дамытушылық: Қамқорлық жасауға жетелеу, жақсы істер жасай білуге іскерліктерін дамыту: Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні
Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат
Сабақ барысын талдау:5мин
  1. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар? 2.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді? 3.Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
5мин
  1. Дәйексөз.
«Табиғаттағы барлық жылу-күнненӨмірдегі барлық жылу-адамнан» М.Пришвин
5 мин
4. Әңгімелеу Балалар сұрақ бойынша жауап береді. 1.Сендердің де осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?2. Бұл оқиғадан не үйрендің?Ойланайық, пікірлесейік:1.Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?2.Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма? 10 мин
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Өздерінің жақын адамдарына өлең, әңгіме құрап жазу. Мұғалім балаларға орындау үшін төмендегі үлгіде тапсырма береді. Жүрегінен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, жан жылуы кімдерге, нелерге арналатының бос тор көздерге жазу. 10мин


Жалын атқан жүрекпен

admin

Жалын атқан жүрекпен

Мақсаты: Оқушыларға жастық шақ, уақыт тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;

Міндеттері:

∙ Оқушыларға жалын атқан жүрекпен құлшына кіріскен әр істің нәтижелі болатынын ұғындыру;

∙ Оқушылардың жастық шақ пен уақыт туралы алған білімдерін шығармашгылықпен пайдалана алу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

∙ Оқушыларды адамның өмірдегі орнын тауып, белгілі бір жетістіктерге жетуі үшін өз уақытын дұрыс пайдалана алуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Сабақтың тақырыбына орай бұл әдісті мұғалім әр түрлі сипатта өткізе алады. Оқушылар оқулықта берілген С.Оспанның:

Жас күніңде салсаң жанды азапқа,

Өскеніңде игілікке жетерсің.

Жетерсің де бөленерсің ғажапқа,

Бұл тірліктен өкінішсіз өтерсің, -

деген өлең жолдарын оқып, адам ойлаған мақсатына жету үшін не істеуі керектігі жөнінде өзара пікірлесулеріне де болады.

Әңгімелесу

Оқушылардың бұл сыныптағы жас ерекшеліктеріне қарай әңгімелесу әдісін өзара сұхбаттасуға құруға да болады. Балалар жалпы сыныппен емес, парталас көршісімен немесе өзінің жақын досымен болашақ жөнінде әңгімелесіп, алдағы жоспарларымен ой бөлісе алады. Төмендегі сұрақтарға жауап беруде әркім өз пікірін айтады.

Өмірден өз орнын тауып, көңілі қалаған іспен айналысу дегенді қалай түсінесіңдер?

Уақыттың адам өміріндегі мәні неде?

«Уақытты өзіңе бағындыр» деген пікірмен келісесіңдер ме?

Жаңа ақпарат

«Өзінг-өзі тану» пәнінің бірін-бірі толықтырып отыратын әдістемелік тәсілдері сабақтың тақырыптық мазмұнын терең ашуға мүмкіндік береді. Төменде көрсетілген оқу ақпаратын мұғалім, я болмаса оқушылардың бірі оқып, ондағы ойды өз сөздерімен толықтыра түседі.

Мәтінмен жұмыс

Пән мазмұнын құрайтын рухани-адамгершілік құндылықтардың мазмұнына зер сала отырып, мұғалім мәтінде айтылған ой арқылы оқушыларға уақыттың қадірі туралы түсінік береді. Әр адам өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана білсе, жетістікке жете алатынын тілге тиек ете отырып, мұғалім М.Матқанның «Ұл-қыздарыма арнау сөз...» атты әңгімесін оқуды ұсынады. Мәтін соңында берілген сұрақтармен талдау жұмысы жүргізіледі.

Тапсырма

Берілген өлең шумақтарында айтылған ойға сәйкес оқушылар уақыттың мәні туралы пікірлесіп, оны жас кезінде дұрыс пайдаланған адамның мақсаты мен арманы биік, еңбегі табысты болатынына көз жеткізеді.

Әлсіздерді жібересің уатып,

Ешкімді де жатпайсың сен жұбатып, -

деген Т.Рақымның ойын тұжырымдап, мұғалім оны А.Шамкеновтың өлең жолдарындағы:

Уақытын пайдаланса ақылға сап,

Әр күннің өзіне тән ырзығы бар –

деген ой арқылы жалғастырады.

Т.Рақым

***

Уақыт-ай, уақыт-ай, зырлаған!

Уақыт-ай, зырлаудан бір тынбаған.

Әлсіздерді жібересің уатып,

Ешкімді де жатпайсың сен жұбатып.

Дүлділсің ғой, қолым сенің жалыңда,

Тулап тосын, кетпе жығып, Уақыт!

А.Шамкенов

Біреулер сылдыраған сөзге құмар,

Күйбеңдеп пәтуәсіз іспен тынар.

Уақытын пайдаланса ақылға сап,

Әр күннің өзіне тән ырзығы бар.

Дәйексөз

Оқулықта берілген Абайдың мына нақыл сөзінде айтылған ойды жалғастырып, мұғалім уақытты дұрыс пайдаланбау адамды көп өкінішке ұрындыратынын айтып, оқушыларға әр күнді бағалап, оны босқа өткізбеуге үйретеді.

...Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте болмаса жұмасында бір, ең болмағанда айында бір рет өзіңнен есеп ал!

Шығармашылық тапсырма

Төменде берілген тұжырымдарға сәйкес «Бағалай білсең уақытты...» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар.

Егер бір күннің қадірін сезгің келсе, оны ауырып жатқан науқастан сұра;

Егер бір сағаттың қадірін сезгің келсе, оны кездесуге асыққан жандардан сұра;

Егер бір минуттың қадірін түсінгің келсе, оны жолдан қалып қойған жолаушыдан сұра;

Егер бір секундтың қадірін білгің келсе, оны жеңіске жете алмай қалған спортшыдан сұра.

Түйіндеме

«Назар аудару» айдарында айтылған бұл түйіндемеге сәйкес оқушылардың өздері уақыттың маңызы туралы ой-тұжырым жасауларына болады.

Жағдаяттарды талдау

Жағдаяттық тапсырмаларды орындауға оқушылар көбінесе өз тәжірибелеріне сүйенеді. «Мұндай жағдайда өзің не істер едің?» деген сұрақ оларға көп міндет жүйтейді. Сол себепті оқушылар толғанысқа түсіп, нақты мәселе төңірегінде ұтымды шешім табуға тырысады.

Арман неге кешігіп қалды?

Бүгінгі істі ертеңгі қалдырудың зияны неде?

Арманға қандай ақыл қосар едіңдер?

Жүректен – жүрекке

Оқушылар уақыт жөнінде өз пікірлерін ортаға салып, Ш.Сариевтің сөзіне жазылған Г.Дәукееваның «Қайран уақыт» деген өлеңін үнтаспадан тыңдайды.

 

Қайран уақыт, өзіңді жолдас еттім,

Өзіңмен бірге жүріп сапар шектім,

Тірлікте қиналғанда арқа сүйеп,

Өмірдің көпірінен қатар өттім.

 

Қайырмасы:

Қадіріңді білдік пе, қайран уақыт,

Қоймайды екен бұл өмір сайрандатып.

Күздің ызғар салқыны соғады екен,

Жаздың да жапырағын жайған бақыт,

Қадіріңді білдік пе, қайран уақыт.

 

Қайран уақыт, өзіңмен қатар жүрдім,

Шұғыласын көп көрдім батар күннің.

Құпиялы өмірге қадам басқан,

Әр күнімді бақытты сапар білдім.

 

Қайырмасы.

 

Қайран уақыт, кел бері сырласалық,

Көңілден шер тарқатып мұңдасалық,

Бірге жүрген күндерді біз тойлайық,

Екі келмес дүние, бір жасалық.

 

Мақсаты: «Шығармашылық шаттық», «шабыт» ұғымдарының құндылық ретіндегі мағынасына түсінік беру;

Міндеттері:

∙ Шабыттың адамның дарыны мен қабілетіне қажетті құндылық екендігін түсіндіру;

∙ Оқушылардың шығармашылық шабытын дамытуға ықпал ету;

∙ Оларды шығармашылық шабытқа жету жолдарын анықтай алуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

«Өзін-өзі тану» пәнінің биылғы оқу жылындағы соңғы сабағы болғандықтан, мұғалім бұл шаттық шеңберін жыл бойы өткен материалдарға сүйеніп, ерекше бір шабытпен шығармашылық тұрғыда өткізуі де мүмкін. Кейде сыныптағы оқушылардың бірі өткізуіне болады.

Жаңа ақпарат

І.Есенберлиннің «Шабыт» туралы айтқан өрелі ойын оқушылар өз сөздерімен жалғастырып, мұғалім жаңа ақпаратты бекітеді.

Әңгімелесу

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста әңгімелесу әдісінің алатын орны ерекше. Әңгімелесуде балалар сұрақтарға жауап беріп қана қоймайды, олар өздері де кері байланысқа түсіп, көкейінде жүрген сауалдарға жауап іздейді. Әр оқушының бойындағы қабілетін байқай білген мұғалім әңгімелесуде оқулықта берілген сұрақтармен ғана емес, қосымша сұрақтар арқылы да жұмыс жасайды.

Мәтінмен жұмыс

Бұл мәтінде қазақ халқының керемет күйшісі Ықыластың қобыз тартқан кезіндегі шабытты сәті суреттеледі. Мәтіннің мазмұнын түсініп, ондағы кейіпкердің сезіміне ортақтаса алу үшін әр оқушы әңгімені зор ынтамен тыңдауы керек. Адам өнерді тебірене қабылдай білгенде ғана одан ләззат алады. Оның жүрек қылын үзіп жіберердей сиқырына бой ұрмаған адам өнерді қабылдай алмайды.

 

Назар аударыңыз!

Өзін өзі тану пәнінен күнтізбелік тақырыптық жоспар

28 қыркүйек 2014 - Админ

СЫНЫП

 

Сабақтың тақырыбы Сабақтың мазмұны Сағат саны
I тарау. Өзін-өзі тану бақыты (1–тоқсан)  
  Өзімді-өзім танумен өсіп келемін Өзін-өзі танудың балалар өміріне ықпалы; олардың өмірді түсінуі, бағалауы түсініктерінің кеңейтілуі.  
2-3 Адам мінезімен танылады Адамның мінез-құлқы туралы түсінік. Жақсы мінез мәнінің ашылуы. Ерік, жігер құндылықтары мәнінің ашылуы; адам ойын нақты жеткізе алуы, босқа сөйлемеуі, шектен шықпауы, өмірде өз ұстамдарына берік болуы туралы түсінік. Дербес және жауапты шешім қабылдай алуы және оны негіздей білуі. Басқа адамдардың ар-ұжданына нұқсан келтірмей, өз қағидаларына, ұстанымдарына берік болуы.  
  Адамның жан сұлулығы Адамның «жан сұлулығы» туралы түсінік. Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту.Адамды тек сыртқы келбетіне, түріне ғана емес, оның адамгершілігі мен қамқорлығына, инабаттылығы мен ізеттілігіне қарап бағалай білуі.  
5-6 Жақсы көңіл күй – жан шуағы Жағымды, жағымсыз эмоциялар, сезім-күйі және ішкі сезімдерін түсіне білуі.  
7-8 Жақсылықпен жаным дос Жақсылық жасау. Әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік, жанашырлық көмек.  
IІ тарау. Адами қарым–қатынасқа үйренейік ( 2–тоқсан )    
9-10 Махаббат –өмір өзегі Махаббат, сүйіспеншілік өмір сүрудің негізі. Ата-анаға, Отанға, туған жерге сүйіспеншілік.  
  Отбасы жарастығы Ата, әже, әке, шеше, аға, іні, әпке, қарындас және т.б. өзара сыйластығы, татулығы және ата–ананы құрметтеу, үйде, өз айналасындағылармен сыйластықты қарым–қатынас.  
12-13 Қызға нәзіктік, ұлға батылдық Қыз балаға тән қасиеттер, ер балаға тән қасиеттер, ұл бала мен қыз баланың арасындағы өзара сыйластық.  
  Адам еңбекпен шыңдалады Шыдамдылық, төзімділік, табандылық ұғымдары мәнінің ашылуы және өзара байланысы.  
15-16 Сенім – менің серігім Сенім –достық қарым–қатынас негізі. Адамның бір–біріне сенімділігі, сенім артуы достық қарым–қатынастың бастауы. Өмірде өз сенімдеріне берік болуы.  
IІІ тарау. Адам болам десеңіз ( 3–тоқсан )  
  Сабырлылық пен ұстамдылық Адами қарым–қатынастағы сыпайылық, сабырлылық өзін-өзі ұстай білу түсініктері, дағдылар.  
  Адалдық пен әділдік Өз ісіне, сөзіне адал болу. Әділдікті жақтау.  
  Кеңпейілділік пен жомарттық Үнемділік –ұқыптылық белгісі, ысырап етпеушілік. Жомарттық ұғымы мәнінің ашылуы.  
21-22 Сөйлесе білу де өнер Адами қарым –қатынастағы сөйлесу мәдениеті.  
23-24 Сөз іспен көрікті Сөз бен жұмыстың бірлігі. Үлгі өнегені көп сөзбен айтқанша, бір іспен көрсету туралы түсініктер; дағдылар.  
IV тарау. Әсемдік әлемі ( 4–тоқсан )  
  Табиғат тылсымы Табиғаттың адамға шабыт беруі.  
26-27 Табиғат ғажаптары Табиғат сұлулығы, үні, сазының адамға әсер етуі. Адамды руханилық тұрғыдан қуаттандыру.  
  Шығармашылық –жетістік бастауы Шығармашылық ұғымы мәнінің ашылуы. Шығармашылықтың адам өміріндегі рөлі. Бос уақытын тиімді пайдалану туралы түсініктер, дағдылар.  
29-30 Салауатты өмір салтын үйренейік Салауатты өмір салты мәнінің ашылуы.  
  Салауаттылық –менің қалауым Адамға жағымсыз, денсаулығына, өміріне зиян нәрселерге әуес болмау туралы түсінік.  
31-32 Өмір мектебі Өзін-өзі тану пәнінен алған білімдері  
33-34 Қорытынды сабақ Өзін-өзі бағалау, тапсырмаларды орындау, әңгімелесу, жағдаяттарды шешу, т.б.  
Барлығы: 34 сағат  

 

 

Сынып

 

Таным жолында
1-2 Ізгілікке бастар жол Өзін-өзі тану туралы Өзін-өзі танудың маңыздылығы, адамгершілік нормалар негізінде әрекет ету.  
3-4 Адам мүмкіндіктері Адам мүмкіндігінің шексіздігі. Адам бойындағы түрлі мүмкіндіктерді жүзеге асыра білу. Дарындылық және еңбекқорлық. Өз бойындағы қабілеттерін аша білу, жетілдіру.  
5-6 Ізденген жетер мұратқа Білім алуға өздігінен іздену, өзін-өзі тәрбиелеу  
7-8 Әсемдікке ұмтылайық Адамның ішкі дүниесі мен сыртқы келбетінің, сөзі мен ісінің үйлесімді болуы.  
Қарым-қатынас мәдениеті
9-10 Әдептен озбайық   Әдептілік пен сыйластық. Адами қарым-қатынас жасау әдептілігі. Айналасындағылармен сыйласу, оларды бағалай білу. Ұл бала мен қыз баланың өзара сыйластығы, достығы  
11-12 Бауырмалдық және кеңпейілдік Жан-жағындағыларды, жақындарын жақсы көру, қайырымды, кешірімді бола білу  
13-14 Жанашырлық – жанға қуат   Елгезектік, жанашырлық таныту. Немқұрайлылықтың айналасындағы адамдарға және өзіне зияны туралы.  
15-16 Ынтымақ түбі – береке Отбасы сыйластығы. Еліміздегі ынтымақтастық, өзара келісім, бірлік, тәуелсіздік, бостандық, достық, ұлтжандылық, азаматтылық.    
Адам және әлем тұтастығы
17-18 Армысың, кең дүние!   Адамның қоршаған әлем туралы түсінігі. Болмысты әр қырынан түсіне білу, қоршаған ортаны жан-жақты танып үйрену.  
19-20 Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ Қоршаған ортаның адам дамуындағы рөлі, оны әр қырынан тани білу. Адамның табиғатқа ізгілікті қарым-қатынасы.  
21-22 Денсаулық – зор байлық Денсаулықты сақтау және нығайту. Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.  
23-24 Өмірің өз қолыңда   Адамның өмірлік мұратының мәні. Адамның білім алуы, еңбексүйгіштігі. Қоғамға қызмет ету.  
Жасампаздық жарасымы
25-26 Шындық шыңы – ақиқат Адалдықты, шындықты іздеу, ақиқатқа талпыну.  
27-28 Мәдени мұра – халық игілігі   Рухани мәдениетті тану, мәдени мұралардан тағылым алу. Ата салты – асыл қазына. Салт-дәстүрді құрметтеу, үлгі-өнеге алу.  
29-30 Жаныңда жүр жақсы адам   Ұрпақтар сабақтастығы. Жақсы адамдардың өміріндегі жақсылыққа бастайтын құндылықтар.  
31-32 Шығармашылық шаттығы   Шығармашылықпен айналысу. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді дамыту  
33-34 Қорытынды сабақ Өзін-өзі бағалау, тапсырмаларды орындау, әңгімелесу, жағдаяттарды шешу, т.б.  
Барлығы  

 

СЫНЫП

 

Сағат саны Тақырыбы Мазмұны
І- бөлім Адам болам десеңіз
1-2     Көкірек көзін ашалық! Адамның өзі туралы, өзінің мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыру. Өзін-өзі қадағалау, бағалау және өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін негіздеу.
  3-4     Сәулесімен санаңның жігерленсін талабың. Өзін-өзі танудың маңыздылығы арқылы саналы түрде өз қасиеттерін, ерік-жігерін тәрбиелеу, жан-дүниесін ізгілікке бағыттау.
5-6   Сыр мен сымбат   Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі.Түрлі әрекеттер жасауына (жақсы, жаман) түрткі болатын себептер, адамгершілік әрекеттерін саралау. Адамның ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын, адами қасиеттерін бағалай білу.
7-8   Бақыт құшағында   Рухани және тән саулығы үндестігінің маңыздылығы: кеңпейілділік, ақ көңілділік, әсемдікке ұмтылу. Күнделікті өмір құндылықтары: сыпайылық, ыждағаттылық, ұқыптылық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік және махаббат.
ІІ- бөлім Адам және қоғам
9-10   Қарым-қатынас жарастығы Отбасында, аулада, сыныпта, мектепте, сол сияқты ұжымда қарым-қатынас жасау мәдениеті, өзара сыйластық, адамға деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімі. Адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі адами қасиеттер мен адамгершілік нормаларының рөлі.
11-12   Тамырын жайып тереңге Отбасы құндылықтары. Ата-баба дәстүрі, ұрпақ жалғастығы, салт-дәстүр сабақтастығы. Өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудегі отбасының, шаңырақтың ықпалы.
13-14   Аялай біл сен деп соққан жүректі Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.
15-16   Адамның азаматтық тұлғасы Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін өз білімі мен адамгершілік қасиеттеріне сыни көзқарас тұрғысынан сезіну. Мемлекеттік тілге құрмет көрсету, өз еліндегі елеулі оқиғаларды мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу. Халықтар достығының қоғам өміріндегі маңызы. Дін, діл және мәдениет ұғымдары. Жеке адам игілігі.
ІІІ- бөлім Әлем және адам
17-18   Алтын бесік Атамекен   Туған жердің, туған елдің адам өміріндегі маңыздылығы. Адамның атамекенді қадірлеп, қастерлеуі. Атамекеннің адам тұлғасына ықпалы.
19-20   Құдіретті Жер-Ана   Жер — Ананың қадір-қасиетін бағалау. Ауа, су, топырақтың – тіршілік көзі екендігі. Табиғат құбылыстарының (апаттардың) адам өміріне әсері.
21-22   Ғажапқа толы ғалам Адамдардың нәсілін, дінін, көзқарасын түсініп, қабылдай білу (толеранттылық). Ғаламды түсіну.
23-24   Өмір, қымбатсың маған! Өмірге құштарлық, өмірді сүйе білу, қадірлеу, өмірді мәнді өткізуге тырысу.
ІҮ- бөлім Адамзаттың рухани тағылымы
25-26   Халық дәстүрі асыл қазына Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам өміріндегі мәні, маңызы. Өмірлік бағдарын, айқындамасын, ұстанымдарын белгілеудегі орны.
27-28   Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған Өнер, ғылым, білім, діл, дін, мәдениет, даналық адам өміріндегі маңызы.Мәдени мұраның құндылық әрі ұстаным ретінде орны.
29-30   Жасампаздық жемісі Адамның шығармашылық қабілеттері. Шығармашылықтың қайнар көзі. Көркемдік мәдениет және әсемдікті сезіну.
31-32   Жақсылық – жан азығы Адамның әлемге және өзіне деген көзқарасының, жан дүниесінің, іс-әрекетінің әсемдігі арқылы өмір сүру жолдары. Адам өмірін ізгілендіру.
33-34   Қорытынды сабақ Өзін-өзі бағалау, тапсырмаларды орындау, әңгімелесу, жағдаяттарды шешу, т.б.

 

Педагог – психолог: А.С.Раймкожаева

Бекітемін


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: