Https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek 9 страница

Жаңа ақпарат (сабақтың мақсатын аша түсу үшін ақпаратты оқушыларға оқимын)
Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған өмірлік тәжірибесі ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Ата - бабаларымыздың көрегендікпен айтып кеткен ұлағатты ой пікірлерін, өсиет - өнегесін халық даналығының қайнар көзі деп білеміз. Халық даналығы нақыл сөз, мақал - мәтел, шешендік сөз үлгілері және салт - дәстүрлерден көрінеді. Оларда айтылған зерделі ақыл, тапқыр ой, ұтқыр шешім мен тобықтай түйін рухани тағылым ретіндегі ұлттық игілік болып табылады. Халық даналығы атадан балаға мұра болып қалатын ізгілікті іс - әрекеттің де тәлімдік үлгісі. Болашақ ұрпағына өшпес мұра қалдырған білімдар, зиялы, ақылгөй адамды данышпан дейді.

Мәтінмен жұмыс
“Жанқұтты шешеннің батасы”
1. Абайдың жауабынан нені байқауға болады?
2. Дүние үмітке сүйенеді дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Тілек айту мен бата берудің қандай өнегелік сипаты бар?
Дәйексөз
Ойлану - ең ізгі жол; еліктеу - ең жеңіл жол; тәжірибе жолы - ең ауыр жол.
Бенедикт Спиноза
Ойлану - Терең ой, Өзінше ой түйеді, Қорытынды пікір қалыптасады, Армандау, қиялдау
Еліктеу - Қызығу, ынта, Жаңа қасиетке ие болады, Алға ұмтылады,
Тәжірибе жолы - Іздену, ұмтылу, Өзіңді - өзің меңгеру, Алған білімін шыңдау, Қиындықты жеңу қателіктен сабақ алу

Өмірге көзқарасы қалыптасып, Даналық туады
“Тыныштық сәті”
Оқушылар, қолдарыңды тізелеріңе қойып, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар, жап - жасыл табиғат әлеміне еніп барасыздар. Біреуіміз қып - қызыл гүл секілді жайнап тұрмыз. Біреуіміз тұп - тұнық мөлдір су тәрізді таза жанбыз. Енді біреулеріміз көк аспанда еркін ұшып жүрген құстар сияқтымыз, ойымызды еркін айта аламыз. Қыздар болса, көк аспанда еркін ұшып жүрген сан алуан құстар, ал, ұлдар болса қыран бүркіттей биіктерге самғап барады. Алдымыз жарық нұрын шашқан күн сияқты аналарымыз бен әжелеріміз бізге мейірлене қарайды, әкелерімізбен аталарымыз асқақтаған асқар тау болып, ақ батасын беріп, бізге қол бұлғайды. Біз өзіміздің табиғатпен үйлесіп тұрғанымызға айрықша қуанып тұрмыз. Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық. Рахмет оқушылар

Шығармашылық жұмыс
Қазақтың ырым сөздер мен тыйым сөздер
Бос бесікті тербетпе.
Отқа су құйма
Наның қиқымын жесе - бай боласың
Жолаушыға “қайда барасың” демейді, “жол болсын” дейді
Қазақ “сәтті күн” деп істі сәрсенбі күні бастайды
Қолыңды төбеңе қойма
Қазақ басымыз көбеймейді деп адам санамайды
Жаңа айды көргенде “жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке” деп бата жасап, ырымдайды
Ақты(сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді
Жұма күні кір жуса, әруақтар ренжиді
Шөбересінің қолынан су құйып ішкен қарт жұмаққа барады
Бала бас ұстамайды

Сахналау «Жаман болады» Қ. Жәркенов
Қатынасушылар: атасы, апасы, мұғалім, Айбол, Найзабек, Дариға оқушыларға рөлдерге бөліп оқыту
“Айтуға тәуекел байла»
Мақсаты: Әрбір қатысушы өзі туралы бір нәрсе айтуына жағдай жасау және сабаққа оқушылардың түгел араласуына көмектеседі.
Материалдары:
Әдемі себет ішінде қағаз қиындылары. Ойды аяқтай отырып, оқушылардың тәуекелге баруын талап етеді.
........ айналысқанды жақсы көремін.
........ жақсы жасай аламын.
........ мені алаңдатады.
......., мен өте қуанамын.
......., маған өте көңілсіз.
......., мен қатты ашуланамын.
Мен көңілсіз болғанда,.........., мені қорқыныш билейді.
Мен........... деп түсінемін.
Қазір мен........ сезінемін.
Бәрінен де мен............
Менің ең жақсы қасиетім - бұл..........
Менің ең жаман қасиетім – бұл...........
Жақсы дос........... ерекшеленеді.
Басқа адамдар менің...........
Мен шын мәнінде........... болсам да, мен.......... жалтарамын.
Мен............... көмегімен назар аудартамын.
......................, адамдар мені сыйлайтын сияқты көрінеді.
....................... жасай алғым келеді.
Мен............... қол жеткіздім

Жүректен жүрекке
Әдемі қорапшада түрлі - түсті жүрекшелер бар, кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық
Қызыл - адамгершілік
Сары - адалдық
Қызғылт - мейірімділік
Көгілдір - сүйіспеншілік
Жасыл - әдептілік
Көк - ізеттілік
Ақ - қайырымдылық
Осы қасиеттер бойларыңызға дари берсін

Кері қайту

Материал рейтингісі:

· 0

барлық дауыс бергендер: 0

Ілмек сөздер: 8 сынып өзін өзі тану пәнінен ашық сабақ, халық даналығы, рухани байлық көзі, қазақтың ырым тиымдарыЖариялаған Жолдасова Гүлнұр Оқылды: 23523 (рет) | Пікірлер: 0 Баспаға шығару

Басқа жаңалықтарды оқу:

Халық даналығы – рухани байлық көзі

admin

Халық даналығы – рухани байлық көзі

Мақсаты: Оқушыларға алдыңғы сыныптарда өткен халық даналығы, салт-дәстүрлер туралы алған білімдері негізінде ата-баба дәстүрінің, көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымы, адамгершілік құндылық, даналық ретіндегі мәні мен мағынасын түсіндіру.

Міндеттері:

· Халық даналығының ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалатын қазына екендігін ұғындыру;

· Оқушылардың ұлттық мәдениетке, ата-баба дәстүріне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;

· Халық даналығын ұлттық құндылық ретінде құрметтеуге үйретіп, олардан тағылым алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Халық даналығы туралы сөздер жазылған кесте, «Даналық әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі т.б. Көрнекілікке қажетті материалдарды мұғалім өзі ыңғайына қарай жинастырады.

Шаттық шеңбері

Сабақтың тақырыбына орай шаттық шеңбері әдісінде Нарманбет Орманбетұлының төменде берілген өлеңін оқу ұсынылады. Оқушылар өлеңнің тағылымдық мәніне сәйкес ұят, иман, сабыр, қанағат, рақым, шапағат, ақыл-ой, ар-намыстың адам өміріне аса қажетті құндылықтар жөнінде өз пікірлерін ортаға салады. өлеңді мұғалім өзі немесе оқушылардың бірі оқуына болады.

Адамның да ішінде адамы бар,

Ақылдысы, арлысы, наданы бар.

Дақсының да, жастың да, кәрінің де

Уақыттан алатын бір сабағы бар.

 

Адамға ұят, иман, сабыр – қазық,

Қанағат, рақым, шапағат - өмірге азық.

Ақыл, ой-ар, намыстың күзетшісі,

Бұған сенсең кетпейсің жолдан азып.

Әңгімелесу

Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтар арқылы мұғалім оқушылармен тақырып бойынша әңгіме жүргізеді. Оқушылар өздері білетін халық даналығы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, нақыл сөздер төңірегінде пікірлесіп, мына сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар халық даналығы бұрыннан айтылып келе жатқан рухани байлық қана емес екендігін айтып, бүгінгі күнде де өз ісімен дана, білгір атанып, ел арасында құрметке бөленіп жүрген адамдар жөнінде де пікір алмасады. Оларды толықтырып, мұғалім ой қорытады.

Жаңа ақпарат

Сабақтың мақсатын аша түсу үшін қолданылатын жаңа ақпарат түсінікті әрі нақты ойды білдіруі тиіс. Ақпаратты мұғалім өзі оқиды. Оқушылардың ойларын қосып, ақпаратты толықтыруға болады.

Мәтінмен жұмыс

«Оқып үйренейік» айдарымен берілген «Жанқұтты шеннің батасы» атты мәтін оқып, оған талдау жүргізіледі. Мәтін соңында берілген сұрақтармен жұмыс жүргізіледі.

Дәйексөз

Оқушылар төмендегі нақыл сөзді оқиды. Мұғалім даналықты үйренудің әр жолына тоқталып, соның ішінде тәжірибе жолының неліктен қиын екендігін түсіндіреді.

Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: ойлану – ең ізгі жол; еліктеу – ең жеңіл жол; тәжірибе жолы – ең ауыр жол.

Бенедикт Спиноза

Тапсырма

Үлкендердің ақылын тыңдау – халқымыздың ұлттық ерекшеліктерінің бірі. Ата мен немере арасындағы жылы қарым-қатынасты халық даналығының бір көрінісі десе де болады. өмірден түйген тәжірибесін, көрген-білгенін ұрпағына үйретуді парыз санаған үлкендердің әр сөзінде тәлім-тәрбиенің өзегі жатады. Тапсырма ретінде берілген К.Салықовтың «Атамның берген ақылы» атты өлеңінің мазмұнын ой елегінен өткізіп, балалар төмендегі сұрақтарға жауап береді. өлеңді жаттап келу тапсырылады.

Әркімнің жастай құмар бар нақылы,

Мәтелі, әзіл-қалжың, қақпалы.

Ескірмей, естен кетпей дәріс болып,

Атамның маған берген қалды ақылы:

 

«Алтынды тағу оңай, қазу қиын,

жараны салу оңай, жазу қиын.

Қолыңа билік тисе көңіл жықпа,

Кердеңдеп мықты екен деп қазір күйім.

 

Сеп тигіз қиналғанға шама жетпей,

Көппен бол, әкімсініп дара кетпей.

Біреуге жәрдем етсең, көзге түртпе,

Жөнге сал сүрінгенді мазақ етпей.

 

Кең жүрек әдептіден жан аспайды,

Ақ ниет, кемел көңіл адаспайды.

Мақтаншақ, өтірікші, ынсапсыздан,

Жат түгіл, жақыны да алыстайды.

 

Жалқаудың жиналмайды төсегі көп,

Жаманның таусылмайтын өсегі көп.

Жылмағай жылпостарға жолай көрме,

Олардан кісі өтпейді кеселі көп»

Сахналау

Бұл әдіс оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне ықпал етеді. Қ.Жәркеновтың «Жаман болады» атты мәтінін рөлдерге бөліп орындау арқылы балалар кейіпкерлердің сезімін, күйініш-сүйінішін өз қабылдауынан өткізеді. Өздерінің де үлкендерден естіген тыйым және ырым сөздері жөнінде пікір алмасады.

Түйіндеме

Сабақтың тақырыбын түйіндеп, қорытындылау мақсатында «Назар аударайық» айдары берілген. Мұғалім ырым сөздер жақсылыққа бастаса, тыйым сөздер жамандықтан сақтандыратыны туралы айтып ойды жинақтайды. Кестеде берілген мысалдарды дәптерлеріне жазып, толықтыру ұсынылады.

Жүректен жүрекке

Сабақ соңында балалар бір-біріне ырым сөздермен тілек айтып, халық ойындарының бірі – «Алтыбақанның» қарым-қатынас жасаудағы, жақсы көретін адамдардың тіл табысуына тигізетін көмегі жөнінде пікірлеседі. Бәрі қосылып Т.Мұхамеджановтың әні «Алтыбақанды» орындайды. Мұғалім бұл әдісті өз қалауына қарай басқаша ұйымдастыруы да мүмкін.

Ғашықтар бас қосатын алтыбақан,

Жақсылар достасатын алтыбақан.

Жаныңа жас қосатын алтыбақан,

Күн бата, түн қата тербелген, ахау, алтыбақан.

Қайырмасы:

Атабабам талай тепкен алтыбақан,

Армандарға арай төккен алтыбақан,

Ай астында сан өрлеткен алтыбақан,

Ахау, алтыбақан.

Бесігі халымыздың алтыбақан,

Белгісі салтымыздың алтыбақан,

Қалықта, қалқы біздің алтыбақан,

Заманнан заманға заулаған, ахау, алтыбақан.

Қайырмасы:

Жаралған жалын жырдан алтыбақан,

Жастардың жанын бұрған алтыбақан.

Бұл күнде сағындырған алтыбақан,

Әнім де, сәнім де өзіңсің, ахау, алтыбақан.

 

Халық даналығы – рухани байлық көзі

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда бір тақырыппен екі қосарлы сабақ беріледі. Мысалы, 25-сабақта халық даналығының жалпы руханилық сипаты ашылса, 26-сабақта қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің көзі, ұрпақтар сабақтастығының бір көрінісі ретінде ата кәсіпке орын беріледі. Тақырыптардың сынып өскен сайын күрделене, бір-бірін толықтыра түсетінін сабақтың мазмұнынан көруге болады. Егер 6-сыныпта – атамұра, 7-сыныпта атамекен туралы сөз қозғалса, бұл сыныпта сол құндылықтарды жалғастыру мақсатында ата кәсіп тақырыбы алынды.

Мақсаты: Оқушыларға ертеден келе жатқан дәстүрлі өнердің бір түрі – ата кәсіп туралы түсінік беріп, оның ұрпақтар сабақтастығындағы маңызын ұғындыру.

Міндеттері:

· Ата кәсіптің күн көріс, табыс көзі ғана емес, оның атадан балаға қалатын мамандық екендігін түсіндіру;

· Қалаған кәсіппен айналысу үшін адам бойындағы өзіндік ерекшеліктерді, табиғат берген дарынды, іскерлік қабілетті дамытуға ықпал ету;

· Ата кәсіпті үйреніп, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Бұл әдісті ұйымдастыру үшін мұғалім берілген жұмбақтарды оқиды. Шеңберге жиналған оқушылар олардың шешуін тауып, кәсіп түрлері немесе мамандық иелері туралы өздері білетін жұмбақтарын жасырады.

 

Екі шекпен күмбірлетіп,

Көңіл сазын сапырады.

Тұлпар шабыс дүмбірлетіп,

Желпіндіріп отырады.

(Күйші)

Құрып қойып өрмегін,

Ұршықтарын ойнатып.

Сәнді мата өрнегін,

Жасайтын кі жайнатып.

(Тоқымашы)

Әңгімелесу

Сабақтың тақырыбын айқындай түсу үшін төмендегі сұрақтар беріледі.

Мұғалім әр сұрақтар жауабын атакәсіптің адам өміріндегі, отбасын асыраудағы, қоғамдағы маңызын түсіндіре отырып толықтырады.

 

Оқу ақпараты

Халық даналығының бір көрінісі ретінде атадан балаға мирас болып қалатын ата кәсіп туралы түсінік беріледі. Адам өміріндегі үлкен міндеттің бірі – лайықты кәсіп таңдай білу екендігін ұғындыра отырып, мұғалім қандай да болмасын еңбектің бейнеті мен зейнеті бар екеніне тоқталады. Мамандықтың бәрң керек, олардың бәрі жақсы, адам тек сол өз қалаған ісіне ықыласты болғанда ғана еңбегінің жемісін көреді деп мұғалім ой қорытады.

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға атакәсіп туралы толығырақ түсінік беру үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында берілген Р.Нұрпейісовтің «Менің әкем» атты өлеңі оқытылады. Мәтінмен жұмыс жасау үшін төмендегі сұрақтар беріледі:

Ата ксіптің адам өміріндегі орны қандай?

Дәйексөз

Сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында оқулықта «Ата өнері – балаға мұра, ата кәсібі – бала нәсібі» деген халық мақалы берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен дәйексөздің мағынасын неліктен ата өнері – балаға мұра, ал ата кәсібі – бала нәсібі екендігін мысал арқылы, өз сөздерін дәлелдей отырып түсіндіруге тырысады. Нәсіп сөзіне түсінік беріледі.

Шығармашылық жұмыс

Төмендегі сұрақтарды басшылыққа алып, «Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі» тақырыбында ой толғау жазу тапсырылады.

Ата-дәстүрін жалғастыру міндет пе?

Түйіндеме

«Назар аудару» айдарымен берілген түйіндемеде ата кәсіптің бір түрі ретінде әр адамның бойындағы тума талант, табиғи дарынмен ерекшеленетін өнер түрлері туралы әңгіме жүргізіледі.

Қазақ халқы бойындағы ерекше қабілетті, ата тегі арқылы қонған табиғи дарынды өте жоғары бағалаған. «Атасына тартып күйші, анасына тартып биші болыпты» деп баланың икемі мен талабына сүйсіне қараған. Дәстүрлі өнер әулет мақтанышы ғана емес, ол – барша халық игілігі. Ал жеке адам тұрғысынан келетін болсақ, бұл да кәсіптің бір түрі болып саналады.

Жүректен жүрекке

Оқушылар «Менің атам... болған». «Менің әкем...» деп басталатын өздерінің отбасы мүшелері айналысатын кәсіп жөнінде айтып, бір-біріне болашақта жақсы маман, кәсіпкер болуды тілейді. Мұғалім бұл әдісті басқаша ұйымдастыруы да мүмкін.

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Сынып 8 «А» Мерзiмі: 14.03.2016 ж. Тақырып:Халық даналығы – рухани байлық көзі Құндылық:қиянат жасамау Қасиеттер:қоршаған ортаға қамқорлық, тіршілік иелеріне қиянат жасамау, жақсы азамат болу.
Сабақтың мақсаты Халық даналығының ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын қазына екендігін ұғындыру. Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын және мағынасын түсіндіру. Халық даналығын, мәдениетін, ата – баба дәстүрін құрметтеуге үйрету. Шешендік сөздерден тағылым алуға тәрбиелеу Ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді; Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын біледі. Берілген тапсырмаларды топта талқылап, бірлесе жұмыс жасайды. Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып өз ойларын толық, дәлелді, әрі ашық айта алады. Шығармашылық қабілеттерін арттырады. Дәйексөздердің мағынасын түсініп, негізгі ойын анықтайды.
Ресурстар 8- сынып Өзін – өзі тану оқулығы, авторы Б.Әрінова; Ж.Әкімбаева Оқулық, интерактивті тақта, бейнежазба, маркерлер, флипчарт, стикерлер, слайд.

 

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Әдіс - тәсілдері Уақыты
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Оқушыларды топқа бөлу:(түрлі – түсті қағаздар) Оқушыларды «Адамгершілік», «Мейірімділік», «Сүйіспеншілік», «Ізгілік» топтарына бөліп, әр топ мүшелеріне топтың ережесін, қызметін тағайындайды. Оқушылар топқа бөлінеді, мүшелерін тағайындап, топ ережесін құрады. Топ мүшелері өздерінің атқаратын міндеттерін бөліп алады. Оқытудағы жаңа тәсіл (топтасу) 3 мин
Қызығушылығын ояту Төле бидің даналық сөздерімен тақырыпты ашып, мақсат қойдыру. 1.Халық даналығы дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Неліктен оны адамзаттың рухани байлығы дейміз? 3.Қандай адамды данышпан дана дейді? 4.Салт – дәстүр дегеніміз не? Қазақтың қандай салт – дәстүрін білесіздер? Әр топтан бір-бір оқушыдан білетін мәліметтерін жеткізе отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оның мақсатын анықтайды. Оқушылар өздері білетін халық даналығы, қазақ халқының салт –дәстүрлері, нақыл сөздері төңірегінде пікірлесіп, сұрақтарға жауап береді (СТО миға шабуыл) Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер (диалог-ашық сұрақта) 3 мин
Мағынаны тану: Сергіту сәті Ой толғаныс: Бағалау: Кері байланыс: Келесі қадамға тапсырма: Топқа тапсырма І.Адамгершілік тобы:«Жанқұтты шешеннің батасы» атты мәтінің оқып, талдау жүргізу. ІІ.Сүйіспеншілік тобы:Қ.Жәрменовтың «Жаман болады» атты мәтінің рөлдерге бөліп орындау. Сахналау. ІІІ.Мейірімділік тобы:Ғаламтордан тыйым сөздерді тауып мағынасын түсіндіру. ІV.Ізгілік тобы: Ғаламтордан ырым сөздерді тауып мағынасын түсіндіру. Көңілді әуенмен «Кір жуайық» жаттығуын жасау Даналықты үйренудің әр жолына тоқталу Біз даналықты үш жолмен үйренеміз Ойлану - ең ізгі жол, Еліктеу – ең жеңіл жол Тәжірибе жолы – ең ауыр жол Сабаққа пікіріңіз, ұсынысыңыз. Сыр сандықтан жүрекшелер таратылады. Оқушылар жүрекшеге Нені білдім? Не білгім келеді? «Атамның берген ақылы» жаттау Кестеде берілген мысалдарды дәптерге жазып, толықтыру Барлығы ортаға шығып ән орындайды Берілген тапсырмаларды топта талқылап, бірлесе жұмыс жасайды Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды. Сұрақтарға жауап береді Топтық, жұптық зерттеушілік әңгіме жүргізеді. Оқушылар өзара білім алмаса отырып, бірлескен жұмыс атқарады. Барлығы бірге жаттығуды орындайды Дәйексөздің мағынасын түсініп,негізгі ойын анықтайды. Стикерлерге жазып, сыр сандыққа салады. Күнделіктеріне түртіп алады   «Ата салты» әнін бірге орындайды Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер (диалог ашық сұрақтар) Оқытудағы басқару және көшбасшылық Дарынды және талантты оқушыларды анықтау АКТ – ны пайдалану Екі жұлдыз, бір тілек 5 мин (қосымша уақыт 1-2 мин) 15мин (2мин) 3мин 3мин 2мин 2мин 2мин 3мин



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 04.04.2016 ж.

Тақырып: Халық даналығы – рухани байлық көзі

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қоршаған ортаға қамқорлық, тіршілік иелеріне қиянат жасамау, жақсы азамат болу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ертеден келе жатқан халық даналығы, ата - баба, салт - дәстүрінің, көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымы, адамгершілік құндылық, даналық ретінде түсінік беріп, оның ұрпақтар сабақтастығындағы маңызын ұғындыру. Міндеттері: 1. Халық даналығы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын қазына екендігін ұғындыру 2. Ұлттық мәдениетке, ата - баба дәстүріне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету; Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні
Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат
Сабақ барысын талдау:5мин
  1. Үй тапсырмасын тексеру.
Мәтінмен жұмыс “Жанқұтты шешеннің батасы” 1. Абайдың жауабынан нені байқауға болады? 2. Дүние үмітке сүйенеді дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Тілек айту мен бата берудің қандай өнегелік сипаты бар?
5мин
  1. Дәйексөз.
Ойлану - ең ізгі жол; еліктеу - ең жеңіл жол; тәжірибе жолы - ең ауыр жол. Бенедикт Спиноза Ойлану - Терең ой, Өзінше ой түйеді, Қорытынды пікір қалыптасады, Армандау, қиялдау Еліктеу - Қызығу, ынта, Жаңа қасиетке ие болады, Алға ұмтылады, Тәжірибе жолы - Іздену, ұмтылу, Өзіңді - өзің меңгеру, Алған білімін шыңдау, Қиындықты жеңу қателіктен сабақ алу Өмірге көзқарасы қалыптасып, Даналық туады
5 мин
4. Әңгімелеу 1. Халық даналығы дегенді қалай түсінесіздер? 2. Неліктен оны адамзаттың рухани байлығы дейміз? 3. Қандай адамды данышпан, дана дейді? 4. Болашақта қандай кәсіпті таңдар едіңіз? Жаңа ақпарат (сабақтың мақсатын аша түсу үшін ақпаратты оқушыларға оқимын) Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған өмірлік тәжірибесі ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Ата - бабаларымыздың көрегендікпен айтып кеткен ұлағатты ой пікірлерін, өсиет - өнегесін халық даналығының қайнар көзі деп білеміз. Халық даналығы нақыл сөз, мақал - мәтел, шешендік сөз үлгілері және салт - дәстүрлерден көрінеді. Оларда айтылған зерделі ақыл, тапқыр ой, ұтқыр шешім мен тобықтай түйін рухани тағылым ретіндегі ұлттық игілік болып табылады. Халық даналығы атадан балаға мұра болып қалатын ізгілікті іс - әрекеттің де тәлімдік үлгісі. Болашақ ұрпағына өшпес мұра қалдырған білімдар, зиялы, ақылгөй адамды данышпан дейді. 10 мин
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Қазақтың ырым сөздер мен тыйым сөздер Бос бесікті тербетпе. Отқа су құйма Наның қиқымын жесе - бай боласың Жолаушыға “қайда барасың” демейді, “жол болсын” дейді Қазақ “сәтті күн” деп істі сәрсенбі күні бастайды Қолыңды төбеңе қойма Қазақ басымыз көбеймейді деп адам санамайды Жаңа айды көргенде “жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке” деп бата жасап, ырымдайды Ақты(сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді Жұма күні кір жуса, әруақтар ренжиді Шөбересінің қолынан су құйып ішкен қарт жұмаққа барады Бала бас ұстамайды Сахналау «Жаман болады» Қ. Жәркенов Қатынасушылар: атасы, апасы, мұғалім, Айбол, Найзабек, Дариға оқушыларға рөлдерге бөліп оқыту “Айтуға тәуекел байла» Мақсаты: Әрбір қатысушы өзі туралы бір нәрсе айтуына жағдай жасау және сабаққа оқушылардың түгел араласуына көмектеседі. Материалдары: Әдемі себет ішінде қағаз қиындылары. Ойды аяқтай отырып, оқушылардың тәуекелге баруын талап етеді......... айналысқанды жақсы көремін......... жақсы жасай аламын......... мені алаңдатады........, мен өте қуанамын........, маған өте көңілсіз........, мен қатты ашуланамын. Мен көңілсіз болғанда,.........., мені қорқыныш билейді. 10 мин
   

Ана тілі - жүрек үні


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: