Квазиэкспериментальды жоспарлар

Мақсаты: Эксперименталды жоспарлар, зерттеушіге арналған эксперимент жоспарын құрастыра білуге үйрету, квазиэксперименталды жоспарды талдау.

Дәрістің мазмұны:

Экспериментальды зерттеудегі “шынайы” жоспар өзгелерден мына негізгі белгілер бойынша ажыратылады:

 

1.
Эквивалентті топ жасаудағы бір стратегияны қолдау, бұл – рандмизация.

2.
Минимум ретінде экспериментальды бір бақылау тобының болуы.

3.
Тестілеу экспериментін аяқтау және топ әрекетін салыстыру, топтан алынған (х1) экспериментальды әсер етуді және алынбаған әсер ету (х0).


Жоспардың классикалық нұсқасы 2 тәуелсіз топқа арналған жоспар болып табылады. Психологияда экспериментті жоспарлау ХХ ғ. 1 онжылдығында қолданыла бастады.

Бұл жоспардың үш негізгі нұсқасы бар.

 


1. Экспериментальды топ RXO
2. Бақылау тобы R O2

Мұндағы: R-рандализация, Х-әсер ету, О1-бірінші топты тестілеу, О2-екінші топты тестілеу.

1). 2-рандализацияланған топқа әсер етуден кейін тестілеу үшін жоспар. Оның авторы – атақты биолог және статистик Р.А.Фишер.

Экспериментальды және бақылау топтарының тепе-теңдігі бұл жоспарды қажетті шартты қолдану болып табылады. Топтың эквиваленттілігіне жету үшін рандализация процедурасы қолданылады. Бұл жоспар зерттелушіге алдын ала тесті өткізу қажет және мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Егер рандализация сапалы өткізілсе, онда бұл жоспар ең жақсы болады

Егер әсер етудің 1 дәрежесін қолдану қажет болмаса, онда жоспар бірнеше экспериментальды топқа және 1-бақылау тобына қолданылады. Егер бір қосымша айналымның әсер етуін бақылау қажет болса, онда жоспар 2 бақылау тобымен 1-экспериментальды топқа қолданылады.

2 рандализацияланған топқа әсер етуден кейін тестілеу жоспарын қолдану ішкі валидтілікті емес негізіндегі көздерді бақылау жүзеге асырылады. Рандализация - мүмкін болатындардың ішіндегі ең жақсы процедура, бірақ таңдаудың дұрыстығына абсолютті кепілдеме бермейді.

Рандализация қорытындысына күмәнданса, онда алдын-ала тестілеу жоспары қолданылады.

2). 2-рандализацияланған топқа алдын ала және қорытынды тестілеу үшін жоспар.

 

1. Экспериментальды топ R O1 X O2
2. Бақылау тобы R O3 O4

Алдын ала тестілеу жоспары психологтарда қарапайым қолданылыды. Биологтар рандализация процедурасына үлкен сенім артады. Психолог әрбір адамның өзгелерден ерекше және өздеріне тән мінездері бар екенін жақсы біледі, тест арқылы бұл өзгешелікті саналы түрде, рандализациядағы механикалық прцедурасы арқылы анықтауға болады. Бірақ психологиялық зерттеулердің көптеген гипотезасы, негізінен даму психологиясы аймағында индивидтің қасиетіндегі белгілі бір өзгерісі сыртқы фактордың әсеріне байланысты деген болжам айтылады. Сондықтан “тест-әсер ету-ретест” жоспарын рандализация және бақылау тобына қолдану өте көп таралған.

Сыртқы валидтілікті бақылау үшін 1949 жылы құрылған Р.Л.Соломон жоспары қолданылды.

3). Соломон жоспары 4 топқа эксперимент жүргізгенде қолданылады.

1. Эксперимент 1: R O1 X O2

2. Бақылау 1: R O3 O4

3. Эксперимент 2: R X O5

4. Бақылау 2: R O6

Жоспар 2 экспериментальды және 2 бақылау тобына зерттеу жүргізгенде қолданылады, бұл мультитопты болып табылады (2х2 типі). Соломон жоспары бұрын қарастырған 2 жоспарды біріктіреді. 1-сі алдын ала тестілеу жүргізілмесе, 2-сі “тест-әсер ету-ретест”.

“Бірінші бөлім” жоспар көмегімен 1-тестілеу әсер ету тиімділігін бақылау және экспериментальды әсер ету.

2.Бір тәуелсіз айнымалы және бірнеше топтар үшін жоспар.

Кейде 2 топты салыстырғанда экпериментальды гипотезаны растау жеткіліксіз. Мұндай проблема 2 жағдайда пайда болады: а) сыртқы айнымалыны бақылау қажет болғанда, в) сандық байланыс пен 2 айнымалы арасындағы айқындылау қажет болса.

Сыртқы айналысты бақылау үшін әртүрлі факторлы экспериментальды жоспардың нұсқасын қолданады. 2 айнымалы арасындағы сандық байланысты анықтау “дәл” экспериментальды гипотезаны тексеру кезінде қажет болды. 2 топ қатысқан экспериментте тәуелсіз және тәуелді айнымалылық арасындағы себепті факт байланысын қондыруға болады. Бірақ 2 нүкте арасына шексіз көп қисық нүктені келтіруге болады. 2 айнымалы арасында сызықты байланыстың бар екеніне көз жеткізу үшін, 3 нүкте бөлу керек, яғни тәуелсіз айналымның 3 дәрежесіне сәйкес келетін. Сонымен қатар, экспериментатор бірнеше рандализацияланған топты бөлу керек, оларға әртүрлі экспериментальды шарт қою қажет. Қарапайым нұсқа 3 топқа және 3 дәрежені тәуелсіз айнымалылық жоспары болып табылады.

Эксперимент 1:R X1 O1

Эксперимент 2:R X2 O2

Бақылау: R O3

Бақылау тобы – бұл 3-экспериментальды топ, оның айнымалылық дәрежесі: х=0.

Бұл жоспарды жүзеге асыруда тек тәуелсіз айнымалының 1 дәрежесінің санына сәйкес келеді.

Қарапайым «жүйелі экспериментальды жоспар» қазіргі экспериментальды зерттеуде сирек қолданылады.

3.Факторлы эксперимент айнымалық арасындағы күрделі гипотезаны тексеру қажет болғанда қолданылады.тең гипотезаның жалпы түрі: «егер А1, А2,... Аn, онда В». Мұндай гипотеза кешенді, комбинирофты деп аталады. Бұнда тәуелсіз айнымалық арасында әртүрлі қатынас болуы мүмкін: коньюнкция, дизьюнкция, сызықты тәуелсіздік, аддитивті немесе мультипликатты және т.б. Факторлы эксперимент көп өлшемді зерттеу жеке жағдайы болып табылады, факторлы экспериментте ереже бойынша бір уақытта гипотезаның 2 типі тексеріледі:

 

1.
әрбір тәуелсіз айнымалыққа бөлек әсер ету гипотезасы.

2.
айнымалықтардың өзара әрекет гипотезасы, тәуелсіз айнымалының өзгеге әсер ету эффектісі.


Факторлы эксперимент факторлы жоспар бойынша құрылады. Эксперименттің факторлы жоспарында тәуелсіз айнымалының барлық дәрежесі бір-бірімен тең келу керек.

Қазіргі кезде факторлы жоспар психологияда қолданылады, 2 айнымалық арасындағы қарапайым байланыс онда мүлдем кездеспейді.

Факторлы жоспардың көптеген нұсқалары бар. Оның жиі қолданылатыны 2 тәуелсіз айнымалық пен 2 дережелі 2х2 типіне арналған факторлы жоспар қолданылады. 2х2 жоспары 2 тәуелсіз айнымалықтың 1 тәуелдіге әсерету тиімділігін анықтау үшін қолданылады. Экспериментатор айнымалы мен дәреже байланысын монипуляция жасайды.

2-ші айнымалылық 1-ші айнымалылық
Бар жоқ
бар    
  жоқ    

Сонымен қатар факторлы жоспардың өзге де версиясы сирек қолданылады, соның ішінде 3х2 немесе 3х3. 3х2 жоспары 1 тәуелді айнымалыққа 1 тәуелсіз айнымалықтан байланыс түрін қондыру қажет болғанда, ал 1 тәуелсіз айнымалықтан дихоталикалық параметр ұсынылған. 1-ші тәуелсіз айнымалық жай жүйеленгенде: бақылаушы бар, бақылаушы жоқ. 2-ші тәуелсіз айнымалық – тапсырманың қиындық дәрежесі. Бұл жағдайда біз 3х2 жоспарларын аламыз.

2-ші айнымалылық 1-ші айнымалылық
оңай орташа қиын
Бақылаушы бар 1 2 3
Бақылаушы жоқ 4 5 6

 

3х3 жоспары егер 2 тәуелсіз айнымалы тәуелсізде қолданылатын жағдайда. Бұл жоспар тапсырманың әртүрлі қиындықта сәтті орындалғанын анықтайды.

 

Тақырыптың қиындық дәрежесі Стимуляция интенсивтілігі
Төмен Орташа Жоғары
Төмен 1 2 3
орташа 4 5 6
жоғары 7 8 9

 

Ротационды жоспар «латын квадраты» әдісі бойынша құрастырылады, бірақ жоғарыда қарастырылғандардан айырмашылығы, жол бойынша зерттелуші тобы бейнеленген, ал бағанда – 1-ші тәуелсіз айнымалының әсер ету дәрежесі, кесте де – 2 тәуелсіз айнымалықтың әсер ету дәрежесі бейнеленген.

 


Топ 1-ші айнымалы дәрежесі
А Х1 Х2 Х3
У1 У2 У3
В У2 У3 У1
С У3 У1 У2

Ротационды жоспардағы баған бойынша суммасы әртүрлі мәндегі 1 тәуелсіз айнымалықтың эффект дәрежесін көрсетеді, ал жолдағы сумма топ арасындағы айырмашылықты сипаттау қажет. Егер топ сәтті рандолизацияланса, онда топаралық өзгешілік болмау қажет. Егер топ құрамы қосымша айнымалық болып табылса, онда оны бақылау мүмкіндігі туады.

Экспериментальды жоспардың әртүрлі нұсқасына қорытынды келтере отырып, оны былай жіктейміз.

Экспериментальды жоспар мына негіздер бойынша ерекшеленеді:

 

1.
тәуелсіз айнымалық саны- біреу немесе көп. Олардың санына байланысты қарапайым немесе факторлы жоспар қолданылады.

2.
тәуелсіз айнымалық дәрежесінің саны- 2 дәрежеліде сапалы байланысты қондыру болса, 3 және одан да көп – сандық байланыс.

3.
кім әсер етуді алады. Егер «әрбір топта - өз комбинациясы» схемасы қолданылса, онда топаралық жоспар болады. Егер «барлық топ – барлық әсер ету» схемасы қолданылса, онда ротационды жоспар. Готтскандер оны кросс- индивидуальды салыстыру деп атады.


Экспериментті жоспарлау схемасын гомогенді немесе гетерогенді болуы мүмкін.

4. 1 зерттелушіге арналған эксперимент жоспары.

Психологияда таңдау эксперименті. Экспериментальды зерттеудің топқа таралуы атақты биолог және математик Р.А.Фишердің экспериментті жоспарлау және олардың қорытындысын өңдеу теориясын жасағаннан кейін танымал болды. Бірақ психологияда экспериментті таңдауды зерттеуді жоспарлау теориясының пайда болғанына дейін ұзақ қолданылады. Алғашқы экспериментальды зерттеу 1 зерттелушінің қатысуымен өткізілді – ол экспериментатордың өзі немесе оның ассистенті болды. 1913 жылы өткізілген 1 зерттелушіге классикалық экспериментальды зерттеу Г.Эббингауз жұмысы болды. Көп жағдайда 1 зерттелушіге жүргізілетін зерттеу әдістемесін 1970 – 1980 жылдары көптеген авторлар жасаған: А.Кездан, Т.Кратохвилл, Б.Ф.Скиннер, Ф.Дж.Мак Гиган және т.б.

Экспериментте артефактінің 2 көзі бөлінеді: А.Жоспарлау стратегиясындағы қате және зерттеуді өткізу. В.индивидуальды айырмашылық.

Оқыту психологияда критерийлерді ауыстыру әдісінде немесе «критерий өңдеу жоспары» қолданылады. Бұнда әсердің өсуіне зерттелушінің жауабы тіркеледі. әрекет параметрінің өсуі тіркеледі және келесі әсер зерттелушінің берілген деңгейден шығуынан кейін ғана жасалады. Орындау деңгейі тұрақталғаннан кейін зерттелушіге әсердің келесі градациясы беріледі. Сәтті өткен эксперимент қисығы аяқпен тапталған баспалдаққа ұқсайды, онда баспаның басталуы әсердің бастапқы деңгейімен, ал оның соңы зерттелушінің келесі критерийге шығуымен сәйкес келеді. А – В – В – А жоспары бұл әсерлердің бірізділігінің инверсиясы. Бірізділік эффектілері алдыңғы әсердің кейінгі әсерге әсер етуімен байланысты. Ауысу жағымды, жағымсыз және симметриялы, ассиметриялы болады. А – В – В – А бірізділігі позиционды тұрақты схема болып табылады. Готтсданкер айтқандай, А және В айнымалының әсері ерте және кейінгі ауысудың эффектілерімен негізделеді. әсерлер бірізділігінің кездейсоқтығы тапсырмаларды рандолизациялау жолымен іске асады. Оны көп тексеруді талап ететін экспериментте қолданады.

Бір зерттелушіге арналған жоспардың түрлі нұсқалары туралы Барлоу және Херсен «экспериментальные планы для единичных случаев» монографиясында жазылған.

Аналогиялық схема мәліметтерді интерпретациялауда қолданылады. РАН психология институтында Дрынков қарапайым жасанды ұғымдарды қалыптастыру процесін зерттеді. Оның ойынша, оқудың бастапқы деңгейін қатысты индивидуальды көрсеткіштің нормасы және критетийге жету барлық зерттелушіге бірдей, уақытқа тәуелді, функциональды сәттілікті алуға мүмкүндік береді.

Бір ғана зерттелуші қатынасатын эксперимент ерекшіліктерін қарастырайық. Бұндай эксперименттің нәтижесі экспериментатордың болжамына және оның зерттелушімен қарым-қатынасына байланысты. әсердің бірізділігі байқалған кезде экспериментатор өзінің саналы және санасыз әрекеті арқылы зерттелушіде болжамды дәлелдейтін әрекет тудыруы мүмкін. Сондықтан бұндай зерттеуде «соқыр тәжірибелерді» қолдану ұсынылады. «Соқыр тәжірибеде» экспериментатор соңғы плацебо эффекттің және қашан әсердің болатынын біледі, ал зерттелуші одан беймәлім. Бір зерттелуші қатысатын эксперименттер психофизиологияда, психофизикада, когнитивті психологияда маңызды роль атқарады.

3.Экспериментке дейінгі және квазиэкспериментальды жоспарлар.

Экспериментке дейінгі және квазиэкспериментальды жоспарлар арасында айырмашылықтар бар. Экспериментке деінгі жоспарлар психологиялық ғылымның бұрынғы рудименттері болып табылады. Ал квазиэкспериментальды жоспарлар бүгінгі күннің және көптеген зерттеушілердің ойынша ертеңгі күннің атрибуты.

Экспериментке дейінгі жоспарлар бұл классикалық зерттеуге қойылатын талаптарды қабылдамайтын және белгілі схемамен жүргізілетін зерттеу. Себеп – бұл талаптарды білмеу.

Квазиэкпериментальды жоспарлар эмпирикалық зерттеулер жүргізудегі өмір шындықтарын тіркеу амалы. өмір шарттары және экспериментатордың практикалық тапсырмалары көбіне «шынайы эксперимент» жоспарларын және сыртқы айнымалықтарды бақылау схемаларын қолдануға мүмкіндік бермейді.

Квазиэксперимент тек қолданбалы проблемаларды ғана шешуге емес сонымен қатар ғылыми зерттеуді жүргізуде қолданылады. Классикалық еңбектің авторлары Кокс пен Кэмпбелл квазиэкпериментальды жоспарлаудың негізгі теоритикалық принциптерін қалыптастырды. Квазиэкспериментальды жоспар одан да артық жоспар қолдануға болмайтын кезде қолданылады. Экспериментке дейінгі жоспарлар иллюстрациялар ретінде қолданылады. Ғылыми зерттеулер практикасында мүмкіндік болғанша оларды қолданбаған жөн.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: