Протездерді жылтырату

Жылтырату- дегеніміз соңғы қалындыққа немесе протездің ең жіңішке деңгейге дейін жұқарту ісі болып табылады. Протездерді өңдегенде ең қолайлысы жылтырату шарық моторы. Жылтырату шарықмоторы электрлі. Өстері(штангасы) сыртқа қарай ұзартылған конус түрінде болады. Бұл өске жабдықтар кйгізіледі.

Жылтырату ісіне қолданыатын жабдықтар.

А) Киіз жүн немесе қылдан дайындалған,ортасында мотор осіне тығылаын тесігі бар.

Б)Қара қыл щетка,әртүлі диаметрде болады.

В)ақ қыл щетка,жылтырату күші қара щеткаға қарағанда жұмсақ.

Г) Мақта щетка, жылтыратуға қолданылады.

Д) Шүберектен жасалған щетка, ол жалпақ беттерді жалтыратуға арналған.

Е) Резина диск

Ж) кұс қауырсыны.

Жылтырату ісіне қолданыатын ұнтақтар.

А) Құм(SiO) арнайы құрылғылармен құм себелеп тазалайды.

Б) Пемза(калий және алюминий сликаттан тұратын вулканит материал, сумен араластырып қолданылады.)

В) ГОИ пастасы жасыл (хром оксиді,триполи патасы) блок түрінде болады, киіз және қара щеткаға жағып қолданылады.)

Г) Бор ұнтағы (Испания ақ боры) су мен сииртке араластырып мақта щеткамен қолданылады.

Д) Қызыл ұнтақ,(темір оксиді) мақта щеткамен бірге қолданылады.

Жылтырату процессі

Пластмассадан жасалған тіс протездерін жылтырату:

А) Зымпарамен қолда өңдеп шығу;

Б) Пемза ұнтағын сумен араластырып протездің жылтырататын бетіне молынан жағады, киізбен үйкеледі.

В) Пемза қара қыл щеткамен үйкеледі;

Г) Бор ұнтағын сумен немесе спиртпен араластырып ақ мақта щеткада ақырын қимылдармен протезге үйкеледі.

Д) Жылы суда жуғыш ұнтақпен жақсылап жуылады.

Металл қоспаларынан жасалған протездерді жылтырату.

Алтын сияты жұмсақ металл және металл қоспаларын жылтырату:

А) Моторға ылғалданған киіз тағылады пемза ұнтағы сумен араластырылады да протездің бетіне барынша жағылады, бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Содан кейін резина дискпен жылтыратамыз.(әртүрлі пішіндегі және көлемде болатын)

Б) Жылтырату моторына қара қыл щеткасы тағылады. Суланған пемза ұнтағымен протездің беті ұйкеленеді, бірнешерет қайталнады.

В) Жылтырату моторына киіз орнатылып жасыл пастамен өңдейді.(паста гои)

Г) Жылтырату моторына ақ қыл щетка тағылады және буланған пемзамен беттері тазаланады.

Д) Жылтырату моторына ақ қыл щетка тағып қызыл паста жағылады және протезге үйкеледі, процесс бірнешерет қайталанады. Біткеннен кейін жуу ұнтағымен ыстық суда тазаланады

С). Жылтырату моторына мақта щетка тағылады және өңдейді.

 

Қаптағыш (облицовтік) копозициялық материал.

Копозициялық материалдардың негізгі қолданысы эститикалық оптимумды қайта қалыпқа келтіру.Копозициялық материалдар микрофильді және макрофильді өте ұсақ компомерлі бөлшектерден тұрады.Олар матрицаның салмағының 30-60% құрайды, ал көлемі 20-35% болады. Беріктігі төмен болуына қарамастан, олардың жылтырау қабілеті жоғары. Копозициялық материалдардың екі түрі бар: жарық сәуле әсерінде қатаятын, химиялық жолмен қатаятын. Химиялық жолмен қатаятын копозициялық материалдардың екі құрамнан тұрады: сықпа және сүйықтық, екі сықпа, ұнтақ және сүйықтық.

Копозициялық материалдардың жинақтарына кіретіндер:

1. Эмаль мен дентин

2. адгезивті компонентер.

Жетілдірілген адгезивті материалдар жиындығы негізінен үш компонентен тұрады:

- уландырғыш агент;

- адгезивті грунт;

- таза адгезивтен;

Қазіргі жетілдірілген химиялық копозиттік материалдарға жатады: Комподент, Консайз, Эвикрол, Стомадент,Изопост,Силар т.б.

Жарық сәуле әсерінде қатаятын копозициялық материалдар: Валюкс Плюсті, Силюкс Плюсті, Консайз.

Копозициялық материалдардың қолдануда адгезивті жүйенің құрамына кіреді: спектразит, Хромазит, Артгласс.

Протездің металл қанқасымен полимер қаптағышты байланыстырудың әртүрлі әдістері бар, соның бірі «Кевлок әдісі» Артгласс копозициялық материалдары қолданылады.

«Кевлок әдісі» қолданылу реттілігі:

1. Алынбайтын тіс протездерінің металл қанқасын құмсепкіште механикалық өңдеу(түйіршік мөлшері 110микр,2атм қысым, температ 80ºС аспау керек)

2.Қанқаның бетіне жаққышпен адгезив жинағынан алдымен грунт қабатын, екінші желімдегіш қабатын жағамыз.

3.Термиялық өңдеу уақты 45 секунд.

Артгласс комплектісі 1000 әшекей қаптамаға жетеді.

Кесу қырына арналған 4 түрі, эмальға араналған 3 түрі, мойын бөлігіне арналған 5 түрі, дентин 16 түрі бар.

Қолдануға дайын сықпалар жұмысты жылдам, дәлдікпен және ұтымды жүргізуге мүмкіндік бері.

Бұл материалдарға келесі қасиетер тән:

1.Алынбайтын тіс протездерінің металл қанқаларымен бірігу беріктіге жоғары.

2.Жылтырау қабілеттілігі жоғары.(50%)шыны бар.

3.Эластик көрсеткіштігі жоғары.(0.5-1.5қалындығы)

4. Полимеризация режімі тиімді.

5. Бір компоненті болғандығы үшін, мүсіндеу жеңіл.

6. Арнайы аппликаторлары бар.(мульжит,картридж)

7. Ауыз қуысындағы әшекей қаптаманы қайта қалыпқа келтіруде қолданыла алады.

Жасанды тіс сауыттары мен көпіртәрізді протездерді дайындаудаға арналған пластмассалы материалдар SR-Хромзит, бұл жылу және қысым астында полимеризацияға ұшырайтын композит. SR-Спектрезит Дурогал, Эвикрол С +В, «Диалог» «Джи-Си» жарық сәулесінің әсерінен қатаятын әшекей қаптама.

Полимерлер, олардың қаситтері және қолданылулары туралы жалпы мағлуматтар.

Полимерлер- дегеніміз (грек. Бөлшек) молекулалары қайталанып келетін заттар.

2.1.3. Пластмассалардегеніміз негіздерінполимерлер құрайтын, бұйымды жасау кезінде тұтқыр. аққыш, немесе иілімдігі жоғары, ал эксплуатация, яғни қолдану кезеңінде шыны сияқты немесе кристалл күйінде болатын заттар.

Пластмассалар табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқалы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғи пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.

Полимерлер пластмассаның, химиялық талшықтардың, резиналардың, бояғыштардың, желімдегіш заттардың негізі болып саналады. Стоматологиялық полимерлік материалдарды өңдеуде қолданылатын негізгі қосылыстар мономерлер мен олигомерлер. Мономерлер тез буланатын болғандықтан, олардды эфирлермен бірге қолданылады, бұл полимердің отырғыштығын азайтады, олардың қосындысы метакрилаттар болады. Метакрилаттар көпшілік жағыдайда композициялық материалдар мен базистик пластмассалардың құраушы агенттері ретінде қолданылады.

Полимерлерге қойылатын жалпы талаптар:

-физика –механикалық(соққыға, сынуға, майысуға, созылғанға,сығылғаға, төзімділік, табиғи тістердің және шырышты қабаттың түсіне сайкестік, қаттылық, қырылғанға қарсылық)

- химиялық (жасанды тістермен байланыстың берітілігі, қалдық мономердің өте аз мөлшері)

-технологиял (қарапайымдылығы, ыңғайлылығы және қайта өңдеудің қолайлығы) және басқ қасиеттерді өзгерту үшін олардың құрамына әртүрлі компоненттер яғни толықтырғыштар, пластификаторлар, құраушы агентер, микробқа қарсы агентер қосылады. Оларды практика жүзінде қолданғанда өздерінің қасиеттерін тұрақты түрде сақтайды.

2.2.3. Толықтырғыштар полимерді физикалық және механикалық күшейтеді, отырғыштығын азайту, биологиялық ортаның әсеріне қарсылығын көтеру үшін қолданылады. Толықтырғыштар негізінен ұнтақ тәрізді(кварц ұны, силикагелдер, алюминий және литий силикаттары, бор силикаттары, ұнтақталған шынылар, гидросиликаттар,фосфаттар).

Полимерлерге 2.2.3. пластификаторлар енгізу олраға эластикалық қасиеттерді береді, ултракүлгіндік сәулелерінің әсеріне тұрақтылығын арттырады. Полимерлік копозицияларға табиғи тістердің түстері мен шырышты қабаттың реңдерін қайталау үшін олардың құрамына әртүрлі бояғыштар пигменттер қосамыз, олардың зиянсыздығы, сыртқы факторлар мен биологиялық әсерден өздерінің түстерін сақтау, оптикалық қасиеттерінің жақсы болуы керек.

Полимерлрдің негізгі физикалық және механикалық қасиеттеріне баға беру үшін келесі көрсеткіштер анықталады:

- жыртылуға төзімділігі:

- жыртылғанда салыстырмалы ұзаруы;

- серпімділік модулі;

- майыстырғандағы төзімділігі;

- меншікті тұрақтылығы.

Аталған қасиеттер протездің қызметтік сапасын және қолдану ұзақтылығын сипаттайды.

2.1.2. Полимерлердің жіктелуі:

1. Шығу тегіне байланысты;

- табиғи(белоктар, нукеин қышқылы, табиғи каучук);

- синтетикалық(полиэтилен, полиамидтер, эпоксидті смола);

2. Табиғаттары бойынша:

- органикалық;

- органикалық элементі;

- органикалық емес.

3. Молекулаларының пішініне байланысты:-

- сызықты полимерлер(этакрил);

- тармақталған(акрел);

- торланған(фторакс, аронил).

4. Қолданылатын мақсаттарға байланысты:

2.1.2. Негізгі полимерлер, алынбайтын және алмалы салмалы тіс протездерін (негізін) жасау үшін қолданылатын:

а) базистик, қатты полимерлер;

б)эластикалық полимерлер, (силиконды, тиколды, полиэфирлі)

в) полимерлі,(пластмасса) жасанды тістер;

г) композитті полимерлер; пломбалар, штифті тістер, салмалар;

д) қаптауға арналған полимерлер;

ж) тез қататын реставрациялық полимерлер;

Көмекші полимерлер: қалып өлшем массалары, жеке арнайы қалып қасықтары, каппалар.

Пластмассалардың кемшіліктері.

1. Сыртқы температураның әсерінен көлемінің кеңею коэффицентінің өте жағары болуы,

2. Физикалық және механикалық қасиеттерінің төмен болуы(оған алынбалы протездердің сыну процесстерінің көп болуы);

3. Пластмассаның ішкі құрылысындағы қуыстардың тесікті болуы ауыз қуысындағы микроорганизмдермен және тамақ қалдықтарын құрамына сіңіріп, ауыз қуысының тазалығын төмендетеді, жаман иіс пайда болады. Шай мен кофенің әсерінен өзінің түсін өзгертеді.

4. Полимеризация реакциясынан кейін пластмассаның көлемінің кішірейу коэффициенті жоғары, 2% ті құрайды.

Қатты базисті полимерлер.

2.1.2.Пластмассалар дегеніміз негіздерін полимерлер құрайтын, бұйымды жасау кезінде тұтқыр. Аққыш, немесе иілімдігі жоғары, ал эксплуатация, яғни қолдану кезеңінде шыны сияқты немесе кристалл күйінде болатын заттар.

Пластмассалар табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқалы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғи пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.

Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің(аминопластмассалар, фенопласттар,сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғары температуралар пластмассаның физикалық, механикалық, химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді. Термопластикалық пластмассалар температура жоғарылағанда жұмсарып, төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлер:поливинилхлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликорбонаттар.

Пластмассаларды қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптар:

- организм үшін оның зиянсыз болуы;

- ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркедірмеуі;

- ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі;

- ауыз қуысының клегей қабатымен түстес болуы;

- өзінің түсін узақ өзгертпеуі;

- Физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы;

- басқа материалдармен оңай және берік байланысуы,

- металмен және басқа пласмассалармен химиялық байланысқа түспеуі,

- сынған жағыдайда оңай жөнделуі.

Қазіргі уақытта стоматологияда кең қолданылатын материалдар.

- этакрил

-АКР-15

- ФТОРАКС

-АКРАНИЛ

-БАКРИЛ

Стоматологияда қолданылатын акрилды пластмассалар екі заттаң қосындысынан тұрады. Полимер ұнтақ және мономер сұйықтық.

- Этакрилдің ұнтағы үш эфирдың сополимерлері: метил және этил эфирлерінің, метакрилді және акрил қышқылдарының қосындылары.

Этакрилдің мономері метилакрил және метилметакрилаттың қосындыларынан тұрады.

- ФТОРАКС құрамында фтор бар, акрилаттардың сополимерлері физикалық және химиялық қасиеттері, тұрақтылығы, мықтылыңы өте жоғары. Олар жартылай мөлдір, түсі ауыз қуысының жұмсақ тіндеріне өте жақын.

-АКРАНИЛ метилметаерилдің сополимері, құрамында поливенилэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысын күшейтетін диметакрилат триэтиленгликоль бар және ингибитор антиескірткіш қосылған. -АКРАНИЛ басқа пластмассамен салыстырғанда технологиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен. Полимеризациялау үшін 120- 135ºС температура керек болады.

-БАКРИЛ басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты алмалы салмалы тістерді жасауға қоланылатын негізгі (базисті) акрилатты пластмасса. –БАКРИЛдің құрамында полимеризациядан кейінгі мономердің қалдығы 0,2-0,3%. Полимеризациялау үшін 110ºС температура керек болады.

Полимер мен мономер қосылғанда химиялық полимеризация реакциясы жүреді.

Полимеризация дегеніміз - төменгі молекулалы заттардың химиялық рекациясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы органиклық затты алу.

Полимеризация кезінде полимер мен мономер қосылғанда химиялық полимеризация реакциясының бес кезеңі бар :құм сияты, қыл тәрізді, қамыр тәрізді, резина сияқты, қатаюы. Қамыр, резина, қатаю кезеңдерін пластмассаның полимеризациялық процессі деп аталады.

2.1.24.25. Айырғыш және жапқыш материалдар.

Пластмассаны полимеризациялау кезінде су моншасында, гипстен пластмассаға су буының енуі материалда қысым пайда болады, мұның салдарынан микросызықтар пайда болады. Жоғарыдағы айтылған жәйттерге байланысты әртүрлі Айырғыш материалдар ұсынылады. Бұл материалдарға жатады: Изокол лак, АЦ-1, Силикодент, Изодент, ФИС-8, Изофикс,Акро-сип, Джи Си, Стомаплекс лак,Сепара G, Ивоклар, Мегадент, Мега-1 тағы басқалар.

Изокол альгинат натрийдің коллоидты ерітіндісінің ажыратушы қасиеті өте жоғары. Құрамы: альгинат натрий (1,5%), аммоний оксилаты (0,02%), диоцидантисептик қолданылады(0,003%) және су.

Ажыратушы материалдарға тән қасиеттер:

- гипстің сұйықтығын оқшаулайтындығы;

-түзілген қабыршықтың қалындығы 0,005мкр;

- Қысым және полимеризация жағыдайына төзімділігі;

- полимердің түсін өзгерпеу және оны боялмауы;

-протез базисінің гипстен оңай ажырауы;

- полимерге қатысты интертті болуы.

Ажыратқыш лак базистік пластмассаға арналған. Гипс мүсінің бетін жылтыр, тегіс жасайды. Полимеризациядан кейін базистен оңай ажырайды.

Мульти -сеп атты универсал ажыратқыш лагі балауызды гипстен, гипсті гипстен, пластмассаны гипстен оңай ажырату үшін қолданылады.

Жапқыштар.

Комбинирлі(аралас) көпір тәрізді протездерді дайындау кезінде пластмассаның түсін сақтау үшін, оны металл қанқасынан оқшаулату қажет болады. Осы мақсатта жапқыштар (покрывные) лактар ұсынылады. Бұл лактардың металға адгезиясы жақсы болуы қажет және жұқа қабат түрінде жалтыратқыштығы жақсы болу керек. Бұл топтарға жататын материалдар: Жапқыш лак комбинирлі көпіртәрізді протездердің металл қанқаларын жасыруда қолданылады. Лак қолдану алдында сілкілу жолымен жақсы араластырылады.

Болат таяқшамен протездің қанқасына жұқа қабатпен жағылады, осыдан кейін оны 15- 20 минут уақыт ашық ауада қалдырамыз, ашық оттың жалынында лак құрғатуға болмайды.

Жапқыш ЭДА лагі- тез қатаятын акрил шайырының негізіндегі композиция, ұнтақ және сұйықтықтан тұрады.

Метилметакрилат -екі сұйықтықтың эпоксидті шайырымен қандырылған, адгезивті беріктігі 2,9 МПа(30кгс/см кв), лак қабыршығының қатаю уақты 8-10 мин.

Термостоп сықпасы-ұсынылады доғалы протездердің(бюгель) жөндеу, кейбір жағыдайларда оларды дәнекерлеу немесе пісіру(сварка) де қолданылады. Балқытып пісіретін жерге жақын пластмасса негізімен тістерді сықпа жауып жатады. Бұл сықпа, доғалы протездің полимерлі элементтерін дәнекерлеуде жоғары тепературадан сақтайды.

Қалыпты қасықтар.

Қалыптарды арнайы қасықтармен алады, олар стандартты және дербес болып келеді. Стандартты қасықтар жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне арналған болып, тот баспайтын болаттан, дюралюминийден, пластмассадан дайындалады. Қасықтардың қырлары мен табандарының арасындағы бұрыш 90-120º аралығында болады.

Қасықтар анатомиялық және функционалдық болып екіге бөлінеді. Анатомиялық қасықтар протезбен шектелетін тіндердің қызметтік күйін ескермейді. Функционалды қасықтар протезбен шегаралас өтперлі қатпарлардың және қозғалмалы шырышты қабатты толық қамтуға әсерін тигізеді. Қасықтарды таңдалғанда қасықтың ішкі бетімен тістердің аралығы 3-5мм аз болмауы керек. Қасықтар бес тұрлі размерде болады және жақтағы тістердің орналасуына байланысты болады. Қасықтар № 1,2,3.4,5 түрінде болады, соның ішінде №1, 2 қасықтар балалар жасындағы пацентерге, ортодонтиялық пластинкалар жасауға қолданылады. Ал № 3,4,5 қасықтар ересек пацентерге қолданылады. Тістердің жақтағы орналасуына байланысты қасықтар; бүйірі толық қасықтар, бүйірі жартылай қасықтар, толық жазықты қасықтар, бүйірі фонтал жағында бар, ал бүйір тістер жағы жазық және бүйір тістер жағы бүйірлі, ал фонтал тістер жағы жазық болып келеді қасықтар бар. Қасықтардың «жартылай қасық» түрі бар, олар жартылай оң, жартылай сол жақтық болып бөлінеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: