Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындау технологиясы

Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындаудың көрсеткіштері:

А.

Б.

В.

Г.

Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындаудың кемшіліктері:

А.

Б.

В.

Г.

Клиника кезеңдері:

Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті сауыт бөлігін егеудің өз ерекшелігі бар, ол екі жолмен егеледі: керітпелі, керітпесіз. Пластмассалар ауырлық күшке тұрақсыз болғандығы себепті, тірек тістің кіреуенке және дентин бөлігінен көп егеулеуге тұра келеді.

Алдымен паценткпен атқарылатын жұмыстың көлемін және оны орындауға кететін уақытты анықталып диагноз қойылады.. Одан соң, қажеттілігіне қарап

1)жансыздандырылады

2) тірек тісті егейміз, ол үшін түрпілік алмазды заттармен егеу қажет болады, тіске конус немесе цлиндр тәрізді пішін береміз.Пластмассаға арнап тірек тіс егелгенде қызыл иектің тұсынан тұра бұрышты, кермек.....(уступ) жасаймыз, содан соң ұшы доғал цлиндір тәрізді алмаз бормен кермек (уступты) қызыл иектің астына енгізіледі. Сумен жуылып, антисептикпен тірек тісті өңделеді, ауамен кептіріледі.. Тірек тістің қабырғасы мен қызыл иектің астына ретракценды жіпті жайғастырамыз. Бұл жағыдайда екі қабатты қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді алу үшін қасық таңдалады. Таңдалған қасыққа қалып өлшемніңбазистік массаны салып тірек тістің өлшемі алынады. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, ретракционды жіпті алып тастаймызда, екінші қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді суға салып зертханаға жібереміз. Қызыл иекті және тірек тісті сумен жуып, медициналық өңдейміз.

Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті егеудің керітпесіз тұрінде, тірек тістің қабырғасы қызыл иекпен жанасқан бөлігін сұйр бұрышын жіңішкелеу цлиндр тәрізді алмазды бормен периметер бойынша жайық етіп егеулеп, қызыл иектің астына жібереміз.

Зертханалық кезең

1. сұйық қарылған гипісті қалыптық өлшемге ауа түйіршіктері қалмау үшін ұрғылап тұрып құйамыз, үстелдің үстіне гипс блокін құйамызда, оның ұстіне гипс құйылған қалыптық өлшемді аударамыз, артықша гипсті ұқыптылықпен жинаймыз.он, он бес минут қатуын күтеміз. Қатқаннан кейін техниктің балғасымен жайлап қалыпы ұрып гипс пен қалыптық өлшемді ажыратамыз.

2. Тірек тістің мойын бөлігін сызып аламыз да балауызбен модельдейміз. Балауызбен түссіз болу шарт

3. жасалған(модельді) мүсін техник арасымен столбик етіп кесіп аламыз;

4. кювейтаға қаймақ тәрізді гипсті құйамызда, балауызды модельдің сауыт бөлігінің вестибуляр бетін жағары қаратып жайғастырамыз. Ол қатқаннан соң, суға салып аламызда үстіне гипстің екінші қабатын құйамыз. Кювейтаның бетін жауып, оның қатуын он, он бес минут күтеміз.

5. Кювейтаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрамызда кювейталарды ашамыз. Ондағы балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жібереміз.

6. Гипстегі қалыпты өлшемге ажратқыш жағамыз(изакол), он бес минут қатуын күтеміз.

7. Пластмасса тіс сауытын жасау үшін Синема, Сигма 10, Сигма 75, Сигма М сияқты пластмассалық материалдарын қолданамыз. Кішкене шыны ыдыс алып, ішіне екі, үш, төрт тамшы мономер тамызамыз, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосамыз,үстін жауып қоямыз. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы қалыпты өлшемді толтырамыз. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысамыз.

8.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатамыз, (пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытамыз.

9. Кювейтаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталарды ажыратамыз. Дайын болған пластмасса тіс сауытының артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып аламыз(ұқыптылықпен).

Тегістеу және жылтырату

1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.

2. Пемза ұнтағына су араластырып, молынан сауыт тіске жағып аламызда, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасаймыз(үйкелеу)

3. Сауыт тісті пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

4. Сауыт тісті пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған сауыт тісті малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.

6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.

7. Пластмассалы тіс сауытын жуғыш ұнтағы бар ыстық суда щеткамен жақсылап жуамыз.

Клиника кезеңі

1. Дайын болғанпластмассалы тіс сауытын ағын суда жуып, кептіріп, спиртпен өңдеп аламыз.

2. Пацентің ауыз қуысында пластмассалы тіс сауытын тірке тіске кигізіп шақтап көреміз, бәрі дұрыс болса,қайта шешіп алып тіс сауытын және тірек тісті медициналық өңдеп, кептіреміз. Шақтап көруге байланысты, тіс сауытын уақтынша цементке отырғызуымыз мүмкін.

3. Залалсыздырылған шыны тақтайшаға стеклоиномер цементінің сұйықтығын тамызып, шпательмен аз аздап ұнтағымен араластырамыз, қаймақ скілді масса дайын болғанда пластмассалы тіс сауытының ішіне салып тірек тіске қатырамыз, пресстелген мақтамен антогонис тіспен тістетіп қоямыз (валик).

4. он бесминуттан соң мақтаны алып тастаймыз, тағы он бес минут күтеміз.

5. Артық цементті ұқыптылықпен тазалап, 3 сағат пластмассалы тіс сауыты кигізілген тірек тіске ауырлық түсірмеуге кеңес береміз

Металды –керамикалық тіс сауытын дайындау технологиясы.

Клиника кезеңдері.

Металды керамикалы тіс сауытын дайындауда тірек тістің сауыт бөлігін егеу, дәл пластмассалы жеке тіс сауытын дайындаудағы тірек тістің егелуімен бірдей, ол екі жолмен егеледі: керітпелі, керітпесіз.

Металды керамикалы тіс сауытын дайындауда металлдың және керамиканың қалындығын ескеру қажет. Қалындықтын көп болуы себепті, тірек тістің кіреуке және дентин бөлігінен көп егеулеуге тұра келеді. Металды керамикаға арналып егелетін тірек тістерге қойылатын талаптар:

1. Бұл протезді жоспарлау кезінде тірек тістердің металл-керамикалық сауыттармен қапталу мүмкіндігін біліп алу керек.

2.Көпір тәрізді протездің аралық бөлігін кәрленмен әрлеу мүмкіндігін анықтау керек.Бұл үшін тіс қатары аққауының альвеола аралық кеңістігінің биіктігін анықтау керек.

3.Үлкен көлемді көпір тәрізді протезді тірек тістерге бекіткенде, олардың пародонтқа артық күш түсіретінін ескеру керек.

4.Шарты түрде тірек тістер рентгенологиялық зертелу қажет.

5.Металл-керамикалық протедерді алдынғы және бүйір топ тістерінің бұзылуында қолдануға болады.

Бұл протезді қолдануға кері көрсеткіштері:

1.тіс қатарының үлкен аққаулары(3-4тістен көп);

2.аққаудың жанындағы клиникалық тірек тіссауытының төмен болуы;

3. ауыз қуысындағы шырышт қабаттың пародонтиті және пародонтозы;

4. тіс сауытының патологиялық қажалуы.

5.тіс сауытының бүтіндігінің ⅔ бөлігінің бұзылуы.

6. тік және терең тістем т.б.

Алдымен паценткпен атқарылатын жұмыстың көлемін, болашақ протездің конструкциясын және оны орындауға кететін уақытты, шарты түрде нарқы келісіледі.

Металл керамикалы сауыттарға арналып егелген тістер міндетті түрде уақытша пластмассалық тіссауыттарымен қапталады.

Одан соң, қажеттілігіне қарап

1)жансыздандырылады;

2) тірек тісті егейміз, ол үшін түрпілік алмазды заттармен егеу қажет болады, тірек тісті егеу апроксималды беттерден басталады. Келесі егелетін беттер вестибулярлық және тілдік беттер. Тірек тіске конус немесе цлиндр тәрізді пішін береміз, бүйір қабырғасының қисаюлары 7-9 º құрайды. Металдық керамикаға арнап тірек тіс егелгенде қызыл иектің тұсынан тұра бұрышты, кермек (уступ) жасаймыз, содан соң ұшы доғал цлиндір тәрізді алмаз бормен кермек (уступты) қызыл иектің қаласына қарап 0,2 мм енгіземіз. Осыдан кейін егелген тіспен антогонист тістер арасында саңлау жасай отыра, кесу қыры немесе шайнау беттері егеледі. Антогонист тістер арасындағы саңлау 1,5- 2мм. Ауыз қуысын су жуып, антисептикпен тірек тісті өңдейміз, ауамен кептіреміз.

3. Тірек тістің кермекгі мен қызыл иектің қалтасына ретракценды жіпті жайғастырамыз. Бұл жағыдайда қос қабатты қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді алу үшін қасық таңдаймыз, қасықтың табанымен тірек тістің арасында 2-5 мм арақашықтық болуын шарт екендігін ескеру қажет.

Металды керамикалы протез дайындауда екі қабаттан тұратын, яғни негізгі(базисті) және корекциялаушы (католизатор немесе нақтайтын) қабаттары бар сликонды қалыптар қолданылады. Таңдалған қасыққа қалып базистик массаны салып тірек тістің өлшемін аламыз. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, ретракционды жіпті алып тастап, бірінші қабатқа корекциялаушы екінші қабаты жағылады да, қасық тіс көшірмесі бар жақпен тіс қатарына орналастырылады. Осылайша қалыптық өлшем алынады. Металл керамикалы сауыттарға арналып егелген тістер міндетті түрде уақытша пластмассалық тіссауыттарымен қапталады Бұл үшін тіссауыты (металды керамикалық тіссауытына арналып) егеліп болғаннан соң тағы бір қалып алынады. Антогонист тістерден көмекші қалыптық -өлшем алынады.Оралық окклюзия анықталады.

4. Қалыптық өлшемді суға салып зертханаға жібереміз. Қызыл иекті және тірек тісті сумен жуып, медициналық өңдейміз. Қалыптық өлшем зертханаға жіберіліп, онда техник пластмассалы протезді 5-6 сағаттың ішінде дайындап, уақытша бекітіліп жіберіледі.

Металды керамикаға жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті егеудің керітпесіз тұрінде, тірек тістің қабырғасы қызыл иекпен жанасқан бөлігін сұйр бұрышын жіңішкелеу цлиндр тәрізді алмазды бормен периметер бойынша жайық етіп егеулеп, қызыл иектің қалтасына жібереміз.

Зертханалық кезең:

Қос қабатты қалыптық өлшемдегі егелген тісті және жанындағы жанасқан тістерді дәл тұсынан қаламмен белгіленіп алынады, қалыптық өлшемді (көшірме) құрамалы мүсін құюға дайындаймыз.

Құрамалы мүсін құю.

Құрамалы мүсін-д егеніміз бұл екі түрлі класстағы гипстен тіссауытының мүсінін құюда айтады.

1. Алынған қос қабатты қалыптық өлшемді вибростоп аппаратының үстіне қойып, ваккумды араласьтырғыш аппаратының жәрдемінде супер гипстен қаймақ тәрізді масса дайындап, онымен тіссауытының және жанындағы жанасқан тістердің тек тіс бөлігінің мүсіні құйлады.

2. Супергипстен құйылған мүсін қатқаннан соң, әрбір тірек тіске және оған жанасқан тістерге қаламен белгіленген тұсынан дәлдікпен, параллелдікті сақтап, лазерлік аппарат жәрдемімен металды штифт қатырылады.

3. Одан соң супергипс және штифтер майланады, он мин өткеннен соң екіншірет майланады. Бұл процесс келешекте тістің тұқылын құрамалы мүсініннен оңай ажыратуға қажет болады.

4. Супергипстен құйылған мүсіннің табан бөлігін қарапайым гипстен қаймақ тәрізді масса дайындап, супергипске қатырылған штифтің үстіне құйып, окклюдаторға отырғызылады.

5. Мүсіннің табаны қатқаннан соң, мүсіннен қасық пен қалыптық- өлшемді ажыратылады.

6. Антогонист тістердің окклюзиялық бетін супергипспен, ал табан бөлігін қарапайым гипспен құйып, орталық окклюзияны анықтап, окклюдаторға отырғызылады.

7. Треммер аппаратының (гипс кесетін) жәрдемімен артықша гипстерді кесіп, табаны тегістеледі.

8. Гравировкалы алмаз дискпен (диаметрі өте жіңішке) әрбір тірек тісті және оған жанасқан тістерді құрамалы мүсіннен кесіп штампик алынады.

9. Тіс штампигінің мойнын бөлігінің шегарасы анықталады. Ұшы сұйір қатты болат бормен(твердый сплав) тіс штампигінің мойнын бөлігі өңделеді.

10. Тіссауыты электрозонт аспабының жәрдемінде жұқа етіп балауызбен қапталады.

11. Тіссауыты арнайы техник лагімен лакталады (2 рет жағу мүмкін).

12. Тіссауыты майланады.

13. Ішінде балауызы бар аспап «Воскотоп» белгілі температураға дейін қызып, онда балауыз ериді. Тіс тұқылын балқытылған балауызға батырып алады (погружной воск). Тіс тұқылын балауыз бірдей қаландықта түгел жабады. Балауыз қалпақшаның қалындығы 0,4 мм-ден кем болмауы керек. 14. Тіссауытын қатты балауызбен (металдық керамикаға арналған қатты балауыз) мүсіндейді. Тіссауытын мүсіндегенде ескеретін жайыт:окклюзиялық беткейдегі шайнау тістері мен кесуші тістердің қырлары антогонист тістерге 1,5 мм жетпейтіндей етіп мүсінделеді.

15. Тіссауытының мойын бөлігін арнайы балауызбен мүсінделеді (пришейшный воск).

Балауызды металлға ауыстыру процессін «құю» деп атайды

Металды құю процессіне дайындау.

Балауыз мүсіннің «формативтік»массасынан қалыбын дайындау ісін стоматологияда «Реватманға алу» немесе «Манжетке алу» деп аталады.

Әртүрлі диаметрдегі арнайы қатты түтікше секілді балауызбен шырша тәрізді мүсін дайындалады(ш.т.м) (ёлка), түтікшелердің әрқайсысының өз аты бар; 1.б айланыстырушы 2. таратушы, 3. құюшы балауызды түтіктер. Бұл балауыздардан «құю жолдары» дайындайды.

Жеке және шағын бөлшектер үшін қолданылатын құю жолдары, үлкен бөлшектер үшін арналған құю жолдарынан айырмашылықтары болады.

 

Мүсінге «байланыстырушы» құю жолын дұрыс орналасуы қажет.

А) құю жолдары, еріген металл қоспаны құйлу алаңына ең қысқа жолмен ағуын қамтамасыз етумен қатар, сұйір бұрышты бұрылыстар жасамайтын болуы қажет.

Б) құю жолдары, еріген металл қоспаны жуан бөлігінен жіңішке бөлігіне ағуын қамтамасыз ететіндей пішінде болуы керек.

В)) құю жолдары мен құйылатын мүсіндерінің бірлескен жері тік бұрышты болуы керек.

Г) Жеке және шағын мүсіндерде 1.5- 2,5 мм жуандықтағы құю жолдары жалғанады, мүсінмен бірігетін жеріне 2 мм жетпей шар пішінді кеңістік болады, оған «құю қазынасы» деген есім берілген. Ол резервуар түрінде артылған металл қоспаларды жинайды.

1. Жеке және шағын бөлшек мүсіндер үшін құю жолы жалғыз болады. Ол үшін балауызды түтіктердің жуандығы 1,5-2,5мм болады. Балауызды түтіктің бір жағы конусқа, екінші жағы «клей балауызбен» тіссауытының мүсініне жалғанады. Осы құрылымды «шырша тәрізді балауыз мүсін.(ш.т.м) (ёлка)» деп атайды.

2. Шырша тәрізді балауыз мүсін.(ш.т.м) (ёлка) дайын болғанда, салмағы таразыда өлшенеді. Шықан өлшем 10-ға көбейтіледі. Бұл салмақ құйылуы қажет болған металл қоспаның салмағы.

3. Конус тәрізді гельден жасалған, табан бөлігі ашылатын «опокер» ыдысына балауызды шырша тәрізді мүсін (ш.т.м) (ёлка) салынады. «опокер» ыдысын 4 түрлі көлемде шығарылады Х3, Х4, Х6, Х9.

4. «формативтік»массасын(огнеупрный масса) «ваккумді араластырғыш» аппаратында араластырып «опокер» ыдысына құйылады.

5. «Опокер» ыдысын «ваккумді кострюль» аппаратына 10 мин қойылыды. Ол аспапта «формативтік»масса химиялық реакцияға кірісіп 6 ат/қыс қатады. Бұл процесс «Манжетке алу» деп аталады. Бұл әдіс «формативтік»массаның ішінде ауа түйіршіктері қалмау үшін жасалады. 6.«Опокер» ыдысынан «Манжетті» ажыратып, оны муфелдік пештің ішіне жайғастырылады.

Металл қоспаларды құю процессі

1.Металл қоспаларды құю процессіне дайындау этапында, муфелдік пеш жұмысқа қосылады. Муфелдік пештің температурасы 1сағаттың ішінде 0º -950º шейін көтеріледі, тағы 30 минут сол градусты устап тұрады, бұл уақытта «Манжеттің» ішіндегі балауызды шырша тәрізді мүсін (ш.т.м) (ёлка) толығымен еріп, бу болып ұшып кетеді.

2.«Тигель» деп аталатын, бір шетінде саңлауы бар керамикалық ыдысқа керек мөлшердегі(таразыға тартылып өлшенген қоспа металл) металл қоспасы салынады.

3. Муфелдік пештің ішіне, металлы бар тигельді 10 минутқа салынып, (металды) ерітуге қойылады

4. Одан соң тигельді және «Манжетті» пештен алып центрофуганың ішіне, тигельдің саңлауын манжеттің конусына туырлап жайғастырады.

5. Центрофуганы қосқанда, тигельдің ішіндегі қайнаптұрған металл қоспасы, манжеттің ішіндегі (балауыз еріп кеткен соң пайда болған) қуысты металға толтырады. Осы жолмен металл керамикалық жеке сауытының металдық қалпақшасы дайындалады. Осы жағыдай «Металл қанқасын» «құю процссі» деп аталады.

6. Техниктің балғасымен «Манжетті» (огнеупорный гипс) ұрып сындырып, Металл қанқасын манжеттен ажыратамыз.

7. Құмсепкіш аппаратымен «Металл қанқасын» тегістеп, жылтыратады.

8. Металл қанқаны окклюдатордағы мүсінге отырғызып, шақтап көріледі, кемшіліктері туырланады.

Клиника кезең:

5. Металл қанқаны медициналық өңдеп, тірек тіске кигізіп шақтап көріледі.

а) Металл қанқа тірек тісті толық қаптау керек;

б) Қызыл иектің қалтасына 0.2-0.5 мм кіру;

в) Қалыпты тістемді бұзбау;

г) антогонист тістердің арасында 1,5 мм саңылау болу;

д) керамиканың түсін анықтайды.

Зертханалық кезең:

Бұл жолы металл қанқа қабаттап керамикалық массамен қапталады.

9. «Параструй» аппаратында үлкен қысымен жуып, майлардан тазаланады.

10.

11. Метал қанқа аппак(грунтовка слой) қабатымен қапталад, 12-14 минутқа Формат немесе Авирон пешіне күйдіріледі. (600-1100º), бұл процес үш рет қайталанады.

12. Депдентин қабатымен қапталады. 12-14 минутқа Формат немесе Авирон пешінде күйдіреді.

13.Дентин қабаттымен қапталады 12-14 минутқа Формат немесе Авирон пешінде күйдіреді.

14. Эмал қабаттымен қапталады 12-14 минутқа Формат немесе Авирон пешінде күйдіреді.

 

 

Клиника кезең:

6. Клиникада тіс сауытының керамикалық түсін, пацентің өз тістерінің түсімен анықтап көреді, дұрыс болған жағыдайда зертханаға жіберіледі.

 

Зертханалық кезең:

15. Керамикалық протездің соңғы қабатын глазурлейді, 16-18 минутқа пеште күйдіреді.

Клиника кезең:

7-Металды керамикалық көпір тәрізді протезді медикаменті өңдеп, ауыз қуысында шақтап көріледі.

Дұрыс шақталған сауыт келесі клиникалық талаптарға сай болуы керек:

8-қызылиек астына батып тұруы керек;

9–көрші тістермен жанасуы керек;

10–орталық окклюзия жағыдайында антагонист тістермен түйісуі керек;

11–басқа тістердің түйісуіне кедергі жасамау керек:

12–төменгі жақ сүйектің барлық бағыттағы қозғалысына кедергі жасамауы тиіс;

13–Сауыттар анатомиялық пішінге сай және бір- біріне параллель болуы тиіс;

14. Тірек тістерді медикаменті өңдеп, ауыз қуысындағы сүйықтықтан оқшаулайды.

15. Уақытша цементке отырғызылады (репин,цинк эвгенол). Бір апта үйренуге уақыт беріледі.

16. Бір аптадан соң протезді шешіп, медикаменті өңделіп, кептіріліп, стеклоиномер(megacem ‘ megafic’ cetac moliar’ vita moliar) цементеріне отырғызылады.

 

 

Металды –керамикалық көпір тәрізді протезді дайындау технологиясы.

Металл-керамикалық көпір тәрізді протедердің негізгі көрсеткіші тіс қатарының ақауын қалыпқа келтіру болып табылады.

Металл-керамикалық көпір тәрізді протедерді алдынғы және бүйір топ тістерінің аққауларында қолдануға болады.

Металл-керамикалык көпір тәрізді протезді дайындауда оларды қолдану көрсеткіштеріне ерекше көңіл аудару керек:

-бұл протездерді жоспарлау кезінде тірек тістердің металл керамикалық сауыттармен қапталу мүмкіндігін біліп алу керек;

- көпір тәрізді протездің аралық бөлігін кәрленмен әрлеу мүмкіндігін анықтау керек.

-бұндай протездерді орташа аққауларда қолдануға болады.

Бұл протездерді қолдануға кері көрсеткіштер:

- тіс қатарының үлкен аққаулары;

-ақаудың жанындағы клиникалық сауыттың төмен болуы;

- патологиялық қажалу;

-терең тістем.

Металл-керамикалық көпір тәрізді протедерді дайындау бірнеше клиникалық кезеңнен тұрады:

1.Тірек тістерді егеу:

2.Қос қабатты қалып алу;

3. Егелген тістерге уақытша сауытты немесе көпір тәрізді протезді бекіту;

4.орталық окклюзияны анықтау;

5.протездің тұтас құйылған металл қанқасын шақтап көру;

6.керамикалық әрлеменің түсін анықтау;

7.Кәрленмен әрленген тұтас құйылған протезді шақтап көру;

8. металл керамикалық көпір тәрізді протезді ауыз қуысында шақтап көру және уақытша бекіту

9. металл керамикалық көпір тәрізді протезді тірек тістерге тұрақты бекіту.

Металл-керамикалық көпір тәрізді протез дайындау

Технологиясы.

Клиника кезеңдері.

Алдымен паценткпен танысып, ауыз қуысын тексеріп, диагноз қойып, атқарылатын жұмыстың көлемін, болашақ протездің конструкциясын және оны орындауға кететін уақытты келісіледі.

Металл керамикалы сауыттарға арналып егелген тістер міндетті түрде уақытша пластмассалық тіссауыттарымен қапталады.

Одан соң, қажеттілігіне қарап

1. Жансыздандырылады.

2. Тіссауыты егеледі.

Металды керамикалы көпір тәрізді протезді дайындауда тірек тістің сауыт бөлігін егеу, дәл пластмассалы жеке тіс сауытын дайындаудағы тірек тістің егелуімен бірдей, ол екі жолмен егеледі: керітпелі, керітпесіз.

Металды керамикалы көпір тәрізді протезді дайындауда металлдың және керамиканың қалындығын ескеру қажет. Қалындықтын көп болуы себепті, тірек тістің кіреуке және дентин бөлігінен көп егеулеуге тұра келеді. Фронтал тістердің тіссауытының вестибуляр бөлігін егеуде, керітпежасау шарты түрде қолданылады, ал азу немесе бүйір тістердің тіссауытын егеулеуде керітпе жасау шарт емес.

Металл керамикалы сауытқа арнап тірек тістерді егеуді белгілі ретпен жүргізіледі.Олар:

-апроксимальды (медиальды және дистальды) беттерінің ажыратылуы;

-тіссауытын қысқарту;

- вестибуляр (ерін, ұрттық) және оральды беттердің қатты тіндерін егеу;

-соңғы егеуде керекті дәрежеде керітпе қалыптастыру.

Тірек тіске конус немесе цлиндр тәрізді пішін береміз, бүйір қабырғасының қисаюлары 7-9 º құрайды. Металдық керамикаға арнап тірек тіс егелгенде қызыл иектің тұсынан тұра бұрышты, кермек (уступ) жасаймыз, содан соң ұшы доғал цлиндір тәрізді алмаз бормен кермек (уступты) қызыл иектің қаласына қарап 0,2 мм енгіземіз. Осыдан кейін егелген тіспен антогонист тістер арасында саңлау жасай отыра, кесу қыры немесе шайнау беттері егеледі. Антогонист тістер арасындағы саңлау 1,5- 2мм.

3.Қосқабаты қалып алу.

Металл керамикалы протез дайындауда екі қабаттан тұратын, яғни негізгі(базисті) жіне коригерлеуші(нақтайтын) қабаттары бар силикон қалыптар қолданылады. Қосқабаты қалып алуда ерекше іс әрекет жасалады.Ол қызылиек ретракциясы (epipak ФРГ, gingitrct АҚШ).Бұл қызылиек сайының ашылуы мен сол жерге қалыптың сұйық корригирленген қабатының өтуі үшін жасалады. Қалыптық өлшемді алу үшін қасық таңдаймыз, қасықтың табанымен тірек тістің арасында 2-5 мм арақашықтық болуын шарт екендігін ескеру қажет.

Таңдалған қасыққа қалып базистик массаны салып тірек тістің өлшемін аламыз. Бірінші қалыпты өлшемнен кейін, ретракционды жіпті алып тастап оған, корекциялаушы екінші қабаты жағылады да, қасық тіс көшірмесі бар жақпен тіс қатарына орналастырылады. Осылайша қосқабаты қалыптық өлшем алынады. Металл керамикалы сауыттарға арналып егелген тістер міндетті түрде уақытша пластмассалық тіссауыттарымен қапталады Бұл үшін тіссауыты (металды керамикалық тіссауытына арналып) егеліп болғаннан соң тағы бір қалып алынады. Антогонист тістерден көмекші қалыптық -өлшем алынады.Оралық окклюзия анықталады

Зертханалық кезең:

1. Қос қабатты қалыптық өлшемдегі егелген тірек тістердің және жанындағы жанасқан тістерді дәл тұсынан қаламмен белгіленіп алынады, қалыптық өлшемді (көшірме) құрамалы мүсін құюға дайындаймыз.

2. Құрамалы мүсін құю. (дәл керамикалық тіссауытын дайындаумен бірдей)

3.Тірек тістерді мүсіндеу. (дәл керамикалық тіссауытын мүсіндеумен бірдей)

4. Тірек тістердің аралығындағы кетіктерді, арнайы шаблонда мүсінделген балауызды тіс мүсіндерімен толтырылыды. Олар тірек тістермен арнайы (келей) балауызбен біріктіріледі.

5. Металды құю процессіне дайындау.( ш.т.м. дайындау дәл керамикалық тіссауытын дайындаумен бірдей) Жеке және шағын бөлшектер үшін қолданылатын құю жолдары, үлкен бөлшектер үшін арналған құю жолдарынан айырмашылықтары болады.

Жуандықтары 3-4мм құю жолдары қолданған жағыдайда құю қазынасы қолданылмайды.Сифон түріндегі құю жолдарыда қолданылады және бұл жолдар мүсінге 135ºС бұрышта біріктіріледі.Бұл сияқты жүйелерде ауа түйіршігі пайда болады, оны шығару үшін, мүсін мен құю конусы арасында ауа шығарғыш канал жасалады.Ауа шығарғыш каналы мм болады және ол сифонның иілген жеріне қондырылады.

Көп бөлшекті ауқымды үлкен мүсіндерді құю жолдарын орналастырудың ережелері.

Айналмалы (жанама)құю әдісі.

Бқл әдіс көп мүшелі құймаларды құйғанда қолданылатын ең тура система, осымен қатар ауқымды мүсіндерге жететіндей көп мөлшерде еріген қорытпаны құю алаңына жеткізетін ережелерді сақтайды және құю қазынасын қажет етпейді. Мүсіндегі әрбір мүшеге диаметрі3 мм, ал ұзындығы 4 мм болатын «байланыс каналдары» деп аталатын қысқа канал жапсырылады. «байланыс каналдары» объектің көлеміне, мөлшеріне байланысты саны 3-5 немесе 8 болады. «байланыс каналдары»ның жалғасы ретінде диаметрі 5мм болатын «таратушы каналдар» бекітіледі. Балауыздан жасалған, жартылай фабрикат каналдар диаметрі 5мм болып келетін бұл каналдар әртүрлі пішінде түзу, иілген, кеспелік немесе қалқан түрінде болады. Тарату каналымен құю конусын біріктіретін бқл канал саны 2-3 болады. «байланыс каналдары»на «құю конусы» қондырылады. Осымен «құю конусы» «байланыс каналдары» на жағанады, «байланыс каналдары» құю жолдарына жалғанады, құю жолдарына әрбір мүсіндегі мүшеге жалғанады,осылайша көп мүшелі шырша тәрізді мүсін жасалады.

 

 

Көп мүшелі шырша тәрізді мүсінді манжетк алу.

6. Құйма ісі жаңа центрафуга системасын қолдану арқылы іске асады. Тигель ыдысының ішіне,жоғары ысу энергиясына айналатын электор сәуле доғасы бағытталады.Бұл энергия,қоспаның түріне және мөлшеріне қарай,бақылау панелінде реттеледі. Осымен қатар ең жоғары температурада еритін қоспаларды секунттар ішінде еріту мүмкін. Бақылау панелінде жіберілген от вольтажы, бір-біріне қарама-қарсы екі вольфрам электродтар арасында табан астында және тұрақты бір сәуле доғасын туындатады. Сәуле доға бірнеше секунд ішінде қоспаны ерітеді. Ерітумен қатар аппараттың центрафугасы іске қосылады.

Центрафуганың айналатын уақыты, құйылатын нәрсенің үлкендігіне, қоспаның түріне, мөлшеріне қарай жеке-жеке айырлады. Қоспаның оксидті болмауы үшін,аргон газін қолдау арқылы ерітуді жүзеге асырады. Орташа, 99,9-98% тазалықта аргон газы жіберілген механизм контроль панелінен реттелуі қажет.Жаңа технологияны пайдаланып, техниктің жұмыс істеу уақтын үнемдейді және оңай жұмыс істеуін, құйманың шықпай қалу мүмкіндігін кемейтеді.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: