Салмалар(inlfy.onlay)шағын (микропротездерд) тіс протездері, тістің сауыт бөлігінің пішінін және оның атқаратын функциясын орнына келтіру үшін қолданылады, осымен қатар олар көпір тәрізді және алынбалы тіс протездерінің тірек элементері ретінде де қолданылады.
-Салмалар үшін жасалған қуыс, пломбалар үшін арналған қуыстарға салыстырғанда әрдайым дұрыс және кемшіліксіз;
-салма арқылы тістің тура анатомиялық пішінін, шайнау беткейіндегі бұзылған дөңістерді және эмал белдіктерін, экваторды, кесу қырларын және түйісу нүктелерін толығымен орнына келтіруге болады;
-тісаралық түйісу мен апроксималдық жақтардың пішіндерін сақтау, дұрыс жатуын бақлауға, бекітуге дейін мүмкін;
-қуыстың кіреберісін, шеттерін фальц жасау.
-салманың бетін жылтырату мүмкіндігі;
-құйма салма өзінің тұрақты көлемін сақтайды.
Кариестің пайда болған жерлерін және олардың тіс тіндерінде жайылуын ескермей қуысты қалыптастыру кариестің екінші рет пайда болуын соқтырады.
|
|
|
Black бойынша тіс қуыстары немесе аққаулары бес топқа бөлінеді.
- I- класс; үстінгі және төмегі моляр мен премоляр шайнау беттеріндегі тіс қуыстары.
-ll- класс; Моляр мен премолардың МО, ДО, МОД МЕЗИО- ОККЛЮЗИВТІ- ДИСТАЛДЫ тіс қуыстары;
-lll- класс;фронталды тістердің апроксималды беттеріндегі тіс қуыстары;
-lV- класс; Алдынғы тістердің кесетін қырлары мен апроксималдық беттеріндегі тіс қуыстары;
-V- класс; Тістің мойын тұсындағы қуыстары.
Салма үшін арналған қуысқа қойылатын талаптар:
-қуыстың кіреберісі оның табанынан кеңдеу болу керек(девигирлеу);
-Қустың қарама қарсы қабырғалары паралалль ал табанына перпендикуляр болуы керек;
-Тістің кіреберісіне фальц жасау керек;
-міндетті түрде қуыстың шетінде орналасқан ретенциялық қосымша алаң қажет;
-Қуыс түбі мен қабырғалары шайну қысымына шыдамды және төзімді болу керек;
-Фальц жасау арқалы салманың эмалға тығыз бекуін қамтамасыз ету керек;
-Дайындалған қуыстың шеті тек эмаль шегарасында ғана емес, міндетті түрде дентинді қамту қажет.
Композитті салма дайындау технологиясының кері әдісі.
Салма дайындау кезеңдері:
Клиникалық кезең:
1. Алдымен паценткпен атқарылатын жұмыстың көлемін және оны орындауға кететін уақытты анықталып диагноз қойылады.. Одан соң, қажеттілігіне қарап
|
|
|
Жансыздандырылады
2. Тістің сауыт бөлігінде салма үшін қуыс дайындау;
3. Тіс қуысынан және антогонис тістен қалыптық өлшем алу;
4.Орталық окклюзияны анықтау;
Зертханалық кезең:
1. қалыптық өлшемді ғаныштау;
2. Орталық окклюзияға негізделіп, оккюдаторға ғаныштау;
Клиникалық кезең:
5.Көшірменің гипіс мүсініне ажыратқыш жағып, кептіру;
6. гипіс мүсініндегі тіс қуысына аққыш копозит жағып, адгезипте өңдеп, жұқа қабаттап композитпен мүсіндеу,алдымен дентин қабатымен мүсіндеу, диотты шырақпен қыздыру;
7. окклюзиялық беткейін эмаль қабатымен мүсіндеп, антогонист тістермен тістетіп,окклюзиялық беткейді мүсіндеу диотты шырақпен қыздыру;
8. Композитті салма тегістеп, жылтырату;
9. Композитті салманы мүсіннен ажыратып, тіс қуысын және салманы медикаменті өңдеп,ауыз қуысында шақтап көру;
10. Аққыш копозитпен немесе стеклоиномер цементерімен салманы тіс қуысына бекіту, артық копозитті тазалап немесе цементі тазалап, тегістеп, кеңес беру.






