Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы

Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протезді дайындауда олардың негізгі элементері:

Базистік пластмасса, кламмер, жасанды тістер.

Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындаудың көрсеткіштері;

а. Көпір тәрізді пртезді қойуға мүмкіндік болмағанда;

б. Тірек тістер екінші дәрежелі қозғалыста;

в. тірек тістер жеткіліксіз;

г. тірек тістердің ара қашықтығы алшақ:

Осы жағыдайларда жартылай алмалы салмалы протездер қойылады.

Жартылай алмалы-салмалы протездердің түрлері:

а. Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез.

б. Жартылай алмалы-салмалы қарапайым кламмерлі доғалы протез.

в. Жартылай алмалы-салмалы аточментті бекітілетін доғалы протез.

г. Жартылай алмалы-салмалы био денто пластты протез.

д.Телескопиялық сауыттарға бекітілген жартылай алмалы-салмалы протез.

 

Клиникалық кезең:

1.Нау қастың ауыз қуысын зертеп, тексеріп, диагноз қою, ауыз қуысымен мен тірек тістерді дайындау, протездің конструкциясын таңдау және қалыптық қасықты шақтап көріп, альгинатты немес силиконы массалармен қалыптық өлшем алу.

2. Жақ сүйегінен альгинитты массамен анотомиялық пішінінен қалыптық өлшем алынады. Доғалы протез дайындауда екі қабаттан тұратын, яғни негізгі(базисті) және корекциялаушы (католизатор немесе нақтайтын) қабаттары бар альгинитты массамен толық анатомиялық қалып алынады. Таңдалған қасыққа базистик массаны салып тірек тістің өлшемін аламыз. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, бірінші қабатқа корекциялаушы(нақтаушы) екінші қабаты жағылады да, қасық тіс көшірмесі бар жақпен тіс қатарына орналастырылады. Осылайша қалыптық өлшем алынады, қалыптық өлшем екі жақтанда алынады, зертханаға жіберіледі.

Зертханалық кезең:

1. Қалыптық өлшем қарапайым гипспен ғанышталады.

2. Гипстік мүсінді қалыптық өлшемнен ажыратып,болашақ алмалы-салмалы пластинкалы протездің шегарасы химиялық қаламен сызылады.

Жоғары жақтағы протездің шгарасы:қатты және жұмсақ таңдай шегарасындағы А сызығына 1мм жетпейді, вестебуляр беткейде жоғарғы ерін үзбесінің альвеола өсіндісіне біріккен төменгі нүктесіне 1. мм, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпардың шегарасына 1мм жеткізбей сызып алынады. Жоғары жақ дөңесі міндетті түрде протезбен жабылуы қажет, бұл оны бекіту мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады.

Төменгі жақтағы протездің шегарасы: вестибуляр беткейде, төменгі ерін үзенгісіңің альвеолаға біріккен жоғары нүктесінен, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпарына және альвеола өсіндісінің дистал бөлігіндегі қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Ал ауыз қуысының оралды бөлігінде, тіл үзенгісінің альвеола өсіндісіне біріккен жоғары нүктесінен, ауыз қуысы табанының қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Тірек тістердің шегарасы сызылады.

Қазақ ғалымы, м.ғ.к. К.М. Садығалиевтің зерттеуі бойынша ұрт, тіл, ерін шырышты тартпасын босату үшін алмалы салмалы протезде ойықты дөңгелек пішінде жасайды.

3. Пластинкалы мүсіндеуші балауызбен(қалындығы 2мм, ұзындығы 170мм, ені 80 мм) болашақ протездің негізі(базисі,ғаныштық мүсінде сызылған шегаралар бойынша) мүсінделеді. Сол балауыздан, альвеола өсіндісінің тіс қатары кемістігі аймағына (балауызды жастықша)білік қойылады, олардың бүйірлік бөлігіндегі ені 1-1.2мм, ал алдынғы тістер аймағында ені 0.6-0.8мм аспауы керек. Біліктердің биіктігі тістердің биіктігінен 1-2мм жоғары болуы қажет, келешекте олардың орнына жасанды тістер қойылады. Балауыздан дайындалған протезді шаблоны клиникаға шақтап көруге жіберіледі.

Клиникалық кезең:

3. Антропометрия әдісімен немесе басқада әдістермен орталық окклюзия анықталады.Жақтарда кемінде бір жұп қарама қарыс тістер болса, окклюзиялық шаблонды балауыздармен тістетіліп,орталық окклюзия анықталады.

4. Балауыздан дайындалған протезді шаблоныдағы біліктерді электрошпателде жұмсартып, антогонист тістермен орталық окклюзияда тістетіледі. Шаблонда жоғарғы және төменгі ерін үзенгісі түзу сызықпен біріктіріледі, фонтал тістердің шегарасы мұрын қанаттарының шегарасымен сызылады, күлкі сызықтарының (линия улыбки) шегарасы көз қарашықтарына негізделіп сызылады. Балауыздан дайындалған протездің шаблоны зертханаға жіберіледі.

Зертханалық кезең:

4.. Балауыздан дайындалған протездің шаблонын окклюдаторға орнатады.

5. Шаблоныдағы біліктерді электрошпателде ажыратып, олардың орнына жасанды тістер теріледі. Тірек тістермен жанасқан бөлігіне кламмер орнатады.

6. кювейтаға қаймақ тәрізді гипс құйылады, балауызды шаблонды жартысынашейін гипспен ғаныштайды. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабаты құйылады. Кюветаның бетін жауып, престеледі, оның қатуын 15 минут күтіледі.

7. Кюветаны преспен қосып ыстық суда 20 минут қайнатады.

8. Кюветаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрып кюеталарды ашылады. Ондағы қалдық балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жіберіледі.

9. Кюветадағы балауыздың орнына яғни гипстегі қуысқа ажратқыш жағамыз(изакол), 15 минут қатуы күтіледі.

10. Залалсыздандырылған шыны ыдыс алып, ішіне мономер сүйықтығы құйылады, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосылады, үстін жауып қойылады. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы гипстік құыс толтырылады. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысылады.

11.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатылады, (пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытылады.

12. Кюветаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталар ажыратылады. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протездің артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып алынады(ұқыптылықпен).

Тегістеу және жылтырату

1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.

2. Пемза ұнтағына су араластырып, пластмассаға молынан жағып алынады, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасалады(үйкелеу)

3. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

4. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған жартылай алмалы-салмалы протезді малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.

6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.

7. жартылай алмалы-салмалы протезді жуғыш ұнтағы бар ыстық суда, щеткамен жақсылап жуылады.

8. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникаға жіберіледі.

Клиникалық кезең:

5. Дайын боклған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникада медикаменті өңделіп, ауыз қуысында шақтап көріледі. Протезге коррекция жасалып, кеңес беріледі.

Жартылай алмалы-салмалы тіс протезі – дегеніміз, тic қатарларының ақауларын алынбайтын көпіртәрізді протезбен қалпына келтіруге болмайтын кезде қолданылатын, пластмассадан немесе темірден жасалған пластинка тәрізді базисіне әртүрлі бекіту элементтері мен жасанды тістер бекітілетін тіс протезі.

Жартылай алмалы-салмалы тіс протездерінің құрылымын (конструкциясын) таңдау:

• тіс қатары ақауларының орны мен көлеміне;

• сақталған тістер санына;

• олардың қатты тіндері мен пародонт жағдайына;

• анатомиялық ретенция (альвеолярлы өсінділері, үстіңгі жақ сүйек дөңестері, қатты таңдай күмбезі) элементтерінің сақталуына;

• және тістем түріне байланысты болады.

 

Көрсеткіштер

 

· Тістің бөліктік жоғалту; 1 немесе 2 жақты шеткі дефект + алдыңғы артқы тіс топтарының қосылған дефекттері.

· Тістер толық болмаса

· Тіреуіш тіс аз болса

· Имплант қоюға қарсы көрсеткіш болса

Қарсы көрсеткіш

· Пластмассаға аллергия

· Ауыз қуысынің шырышты қабатының аурлары

· Эпилепсия, шизофринеямен ауыратын адамдар

· Тез тозғыш, тришиналар болады

Кемшіліктері

• Жалпақ протез негізі тандайдың қатты және жұмсақ бөлімдерін жауып, тактильдік, дәмдік және температуралық сезімталдықтың төмендеуіне себеп болады.

• Кей кездері құсу рефлексі пайда болуы мүмкін,

• Көп уақыт пайдалануға шыдамайды.

Жартылай алмалы-салмалы протездің элементтері:

• Протез негізі (протез базисі);

• Протезді ұстап тұратын тетіктер;

• Жасанды тістер.

Протез негізі

• Протез негізі (базис) - протезді бекітуге арналған тетіктер мен жасанды тістер бекітілетін, протез алаңының бедерін қайталайтын пластмассадан немесе металдан жасалған пластинка.

• Қазіргі кезде протез базисі пластмассадан жасалып жүр, бірақ эпилепсия, бруксизм сияқты аурулар пластмассалы негіздің жиі сынуына және олардың аллергиялық, токсикалық әсерлерінің болуы, негізді металдан даярлауға мәжбүр етуде.

Протез шекаралары

Жоғарғы жақ сүйекте протез негізінің шекарасы тіссіз альвеолярлы өсіндінің ұрт пен ерін жағынан, олардьщ ерін тартпаларын айналып, өтпелі қатпар бойымен өтеді. Протездің жақсы ұсталып тұруы үшін, жоғарғы жақ сүйек төмпешіктері міндетті түрде негізбен жабылады. Алдыңғы тістер аумағында протез шеті олардың мойындарының үстінен өтеді. Премолярлар мен молярлар аумағында шекара тіс экваторынан төмен орналасады.

Төменгі жақ сүйекте протез шекарасы ұрт тартпаларын, ерін мен тіл үзеңгілерін айналып өтіп, тіссіз альвеолярлы өсіндінің аумағында өту қатпары бойымен өтеді. Алдыңғы табиғи тістер аумағында тістердің тіл төмпешіктерін жауып тұрады, ал бүйір тістер аумағында шекара тіс экваторынан біршама жоғары өтеді.

Протез негізінің көлемі сақталған тістер санына, анатомиялық ретенциялардың айқындығына, шырышты қабаттың басымдылық дәрежесіне, бекіту тәсіліне және т.б. факторларға байланысты болады. Жақ сүйекте сақталған табиғи тістер саны неғұрылым аз болса, протез негізінің ауданы соғұрлым үлкен болады.

Биік альвеолярлы өсінді, шығыңқы үстіңгі жақ сүйек төмпешіктері, қатты таңдайдың терең болуы протез негізін кішірейтуге мүмкіндік береді. Кламмерлер мен әртүрлі бекіту элементтерінің саны көбейген сайын, протез негізін кішірейтуге мүмкүндік туады.

Жасанды тістер

• Жартылай алмалы-салмалы протездерде пластмассадан немесе фарфордан жасалған жасанды тістер пайдаланылады.

• Пластмассалы тістер кең қолданыста. Сыртқы пішіні бойынша олар табиғи тістерге ұқсас, мықтылығы жеткілікті, протез негізінде жақсы тұрады, өйткені негізбен тістер біртекті материалдар.

• Зауытта жасанды пластмассалы тістерді ыстық престеу әдісімен даярлайды.

Жасанды тістерге қойылатын жалпы талаптар:

• қажалуға қарсы мықты;

• беріктігі жоғары;

• ауыздағы сілекейге тұрақты;

• құрамында улы заттар болмауы керек;

• протез негізіне мықты бекітілуі керек;

• тіс пішіні тамақтың механикалық шайналуын қамтамасыз етуі керек;

• тіс материалының көлемдік термиялық кеңеюі, негізгі материалдың термиялық кеңеюіне өте жақын болуы керек;

• пішіні, түсі бойынша, табиғи тістерге сәйкес болуы керек;

• тіс ақаусыз, оңай өңделетін болуы керек;

• тістердің түстері ұзақ сақталуы керек.

Алынбалы протездің бекітілуі

Алынбалы протездер анатомиялық ретенция арқылы және механикалық жолмен бекітіледі. Анатомиялық ретенция төменгі және жоғарғы жақтың табиғи марфалогиялық құрылымдары салдарынан пайда болады. Олар өзінің пішінімен және орналасуымен протезді сөйлеу, күлу және шайнау барысында орнынан қозғалмауын қамтамасыз етеді. Жоғарғы жақта жақсы сақталған айдаршық, табиғи тістер және қатты таңдайдың айқын күмбезі протездің гаризонтальды бағытта қозғалмауын қадағалайды. Жоғарғы жақтың төмпешіктері протездің алға қарай ығыспауын қамтамасыз етеді. Егер де альвеоляр өсіндінің қандай да бір бөлігі семген болса, алынбалы протездің бекітілуін қиынға соқтырады. Жартылай алынбалы протезде протездің бекітілуі механикалық жолмен жүреді.

Протездің механикалық жолмен бекітілуі.

Қазіргі уақытта ортопедиялық стоматлогияда механикалық жолмен конструкцияларды бекіту көп қолданылады. Жартылай алынбалы протезді бекіту биомеханикалық проблема болып табылады. Механикалық бекіту әдістеріне күршкетер жатады. Күректердің иығы, денесі, өсіндісі және окклюзиялық бастырғышы болады. Кейбір протездерде айтылған ілмектердің барлық бөлшегі кездеседі, ал кейбіреулернде айтылған бөлшектердің жартысы ғана болады. Ілмектің иығы деп серпімді бөлігі аталады, тіс сауытын қорап тұрады. Тәжірибелік стоматологияда тіс сауытын екіге бөледі – окклюзия және мойындық, осы екі аралықтан өтетін сызықты тістің экаторы деп атайды. Ілмектің иығын жасағанда ол келесі талаптарға сай болуы керек:

Иық тістің ерін және ұрт беттеріне айнала экватормен қызыл иек арасында орналасу керек;

Иық тістің максимальды нүктесі мен жанасқаны дұрыс егерде бірақ нүктеге жанасса қысым түскен уақытта протез жылжиды және сол нүктеде эмальдың некрозы пайда болады;

Протездің иығы протез қозғалған уақытта серпімді болуы керек. Бұл қасиет барлық ілмектерде жоқ: сымнан жасалған ілмектер эластикалы болады, ал құйылған ілмектер эластикасы төмен болып келеді. Сымнан жасалған ілмектерден құйылған ілмектерден артықшылығы – олар тістің релиефін толығы мен қайталайды сонықтан тістің эмалына кері әсері төмен болады;

Протездің иығы пассифті болғаны жөн өйткені протездың тыныштық уақытында ілмек бекітілген тіске қысым түсірмеуі керек. Бұл талапты орныдамаса әр қашанда түсіп тұратын тітіркендіргіш функциональды күштің түсуіне алып келеді. Ілмекті активті қысымы эмальдың некрозына алып келеді егерде тіс қаптамамен капталмаса. Сондықтан ілмектер иілімді материалдан жасалғаны дұрыс және осы қасиетін протезді алып шығарғанда сақтағаны жөн.

Ілмектің денесі қозғалмайтын бөлігі болып табылады. Ол тіреуіш тістің жанасу бетінде жасалады оны тістің экваторымен мойын аймағында орналастырмау керек, өйткені бұл уақытта протездің кигізілуі қиынға соғады.

Ілмектің өсіндісі протезге бекітілу үшін қолданылады ол тіссіз альвиоляр айдаршығының бойымен жасанды тістер астында орналасады. Өсіндіні негіздің тіл және таңдай бетіне шығаруға болмайды, олай істеген жағдайда протездің сынуы сол сызықпен өтеді. Функциясына қарай ілмектер ұстағыш және тірек ұстағыш болып бөлінеді. Біріншілері пртезді тек қана ұстап тұрады. Олардың көмегі мен бекітілген протез ертикальды қысымды шырыты қабатқа қарай бағыттайды бұл уақытта қысым тіске емес шырышты қабатқа түседі. Тіреп – ұстағыш ілмектерде окклюзиялық бастырғы болады, ол тістің шайнау бетінің фиссураларында орналасады өзінің құрылысына байланысты тіреп ұстағы ілмектер горизонтальды және вертикальды қысымды бір келкі таратып отырады. Ілмектердің бірнее түрі белгілі олардың ішінде ең көп тарағаны: сымды бір иықты, сымды екі иықты, дентоальвиолярлы, қызыл иектті және тағы басқалары жзатады. Ілмектерге арнап дм 0,6 – дан 1,5 мм сым қолданылады, сонымен бірге 750 – ші пробалы алтын құймасына жасалған сымдар қолданылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: