Висна-маеди сипаттамасы

Висна-маеди / орыс. Висна-маеди лат. Visna – maedi / – артқы аяқтарының салдануымен созылмалы өтетін пневмониямен мінезделетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Алғаш рет бұл ауру 1935 ж. Исландияда висна (қажу, кіру) атымен тіркелген. Кейін осы жерде созылмалы өтетін пневмония, жануарлардың өлімімен аяқталатын ауру тіркелді. Бұл ауру маеди (ентігу) деп аталды.

Алғашқыда висна мен маедиді: екі бөлек ауру деп санады, содан кейін олар тек қана бір аурудың екі формасы екені дәлелденді. Табиғи індеті сау қойға ауру қойдың милы ұлпасынан дайындалған суспензиямен жұқтыру жолымен дәлелденген.

2. Қоздырушысы, сыртқы ортаға төзімділігі

Қоздырушысы. РНК-дан тұратын вирус, Retrovirus тұқымдастығы. Ол сфирикалық формада болады, диаметрі 70-100 нм. РНК вирусы бір спиральді, гомогендік учаскесі бар бірнеше фрагменттен тұрады.

Вирион құрамында РНК және ДНК байланысты ДНК полимераза. Вирус ауырған қойдың барлық мүшелерінде кездеседі. Оны эпендима торша өсіндісінде және буын байланысында өсіреді; қойдың бас миынан алынған, 24-48 сағаттан кейін цитологиялық өзгеріс түзеді; көп ядролы үлкен торшаларымен олардың келесі деструкциясы.

Төзімділігі. Вирус сыртқы факторға төзімді. Ол сыртқы ортада бірнеше ай сақталады және кезекті мұздату (-500С) мен ерітуді ұстап тұрады. рН – 7,2 – 9,2 тұрақты. Вирус эфир мен трипсинге, 0,04% формальдегидте, 4% фенол және 50% этил спиртінде уыттылығы төмендейді; 600 С температурада 20 мин. өледі.

Індеттік ерекшеліктері. Қойлар ауырады, бірақ әр тұқымның сезімталдығы әр түрлі. Әдетте ауру жиі асыл тұқымдарда кездеседі. Ұрғашы қойларда ауру әдетте буаз кезінде байқалады. ІҚМ ауырады деген мағлұмат бар. Экспериментальді жұқтырғанда басқа жануарлар ауырмайды. Римиссия байқалмағандықтан, бұл ауруды созылмалы емес, баяу өрбитін деп атаған. Инфекция қоздырушының көзі-ауру жануарлар. Қоздырғышты әкелу себебі-аурудан сау емес шаруашылықтан қой әкелгенде болуы мүмкін. Вирус ауру мен сау жануарларды бірге ұстағанда беріледі, сонымен қатар азық арқылы да беріледі. 2 жастан асқан қойлар ауырады.

Жасырын кезеңінің ұзақтылығына байланысты жануарлар көп уақытқа дейін жасырын вирус тасымалдаушы болады. Вирусты әр түрлі бөлінділер арқылы берілетіндігі туралы мәлімет бар, сүт және уыз, ұрық және т.б. Аурудың маусымдылығы жоқ.

Дерттенуі. Толығымен зерттелмеген. Винсна-маедидің патогенетикалық механизмі байқалған полиферация және эпителиальді торша мен лимфойдты ұлпаның гиперплазмасы болып табылады. Ауырған жағдайда қойлардың организмінде белсенді иммунология бұзылады, ол қоздырушының иммунды депрессия әрекетті шақыртады, иммунды кешендердің түзілуі келесі зақымдайтын қимылдар оны торшаға және гутоиммунды реакцияларды патологиялық процесске шақыртады.

Вирус организмге түсіп, қанға өтеді. Инкубациялық кезеңі жұлында, сілекейде, одан кейін орталық жүйке жүйесіне өтеді, ол жерде бас миының ақзатын бұзады және ми қабатында торшаның жиналуына әкеледі. Респираторлық органға өтіп, өкпені зақымдайды, сонымен қатар көкбауырда қабындыру және қарсы тұру торшасын түзеді. Патогенетикалық процесс баяу дамиды.

3. Өтуі мен симптомдары

Жасырын кезеңі 6 айдан 6 жылға дейін байқалмайтын, баяу дамуымен мінезделеді. Висна–маеди өкпелік және жүйкелік формада өтеді.жүйкелік формада алғашқы белгілері жануар жүгіргенде байқалады, ереннің шамалы дірілі және басты дұрыс ұстамауымен. Ауру баяу өрбіп, жартылай салдануға немесе толық салдануға әкеледі. Әдетте салдану артқы жағында болады, жануар тұра алмайды, қатты жүдейді.

Өкпелік түрінде негізгі белгілері тұншығу. Жануар жұмыс істегенде, ал сосын тыныш тұрған уақытында да тұншығу байқалады: қиын демалу, жиі демалу (80-120 мин). Содан кейін құрғақ жөтеліп және мұрын қуысынан кілегейлі бөлінді ағады, жүдеу басталады. Өліммен аяқталады. Клиникалық белгілері бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурудың қандай зерттеумен балайды.

2. Ветсанбаға және алдын алуға арналған ветсанитариялық шаралар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов, их стандартизация и сертификация. Т. 1,2,3. Издательство «CREDOS». Алматы 2008г., под редакцией Н.Ф. Шуклина.

2. М.Ф. Боровков, В.П. Фролов, С.А. Серко. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. Издательство «Лань». Санкт-Петербург – Москва. Краснодар. 2007г.

3. Королев Н.С. Микробиология продуктов животного происхождения, Москва, агропромиздат, 1985

4. Позняковский В.М. Экспертиза мяса и мясопродуктов на качество и безопасность. Новосибирск, 2005г.

5. Сарсембаева Н.Б. «Транспортировка продуктов и сырья животного происхождения, в соответствии с международными требованиями». Алматы, 2007.

6. Орлов Ф.М. Малоизученные заразные болезни животных. Москва, Колос, 1973.

№14 Дәріс

Тақырыбы:Қой мен ешкінің инфекциялық агалактиясы.

Кілтті сөздер: агалактия.

Дәрістің мақсаты: Ауру кезінде ветсансараптау және санитариялық бағалау.

Дәрістің жоспары:

1. Қой мен ешкінің инфекциялық агалактиясы сипаттамасы.

2. Қоздырушысы мен төзімділігі

3. Өтуі мен симптомдары.

1. Қой мен ешкінің инфекциялық агалактиясы сипаттамасы.

Қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясы / орыс. инфекционная агалактия овец и коз, лат. Agalactia infectiosa ovium et caprarum/ - малдың желіні, буындары және көздері закымданып, сүті қайтуымен ерекшеленетін аса жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Италияда Метакс 1816 ж. ашты. Содан кейін Орталық Европа мен басқа аймактарда да белгілі бола бастады. Зерттеушілер оның қоздырушысының бактериологиялық сүзгіден өтетіндігін анықтап, бұл микроб вирустарға жатады деп болжам жасады. 1923 ж. Бридре мен Донатием микроб өсінін таза күйінде бөліп алған соң, оның сиыр перипневмониясының қоздырушысына ұқсас екендігі, яғни микоплазмаларға жататындығы анықталды.

Жұқпалы агалактия негізінен Жер орта теңізінің бассейінінде кеңінен тараған. Сонымен бірге Кавказ сыртындағы елдерде: Әзірбайжан, Армения және Грузияда, Орталык Азия елдерінде: Қырғызстан, Қазақстан, Монғолияда байқалады. Бұл ауруға қарсы Әзербайжан ғалымы М.Фарзалиев 1949 ж. гидрототық алюминийлі формолвакцина ұсынды.

2. Қоздырушысы мен төзімділігі

ҚоздырушысыMycoplazma agalactiae полиморфты 25-175 мкм, Романовский-Гимза әдісімен боялатын, жартылай ауасыбағалы, арнайы Эдвард қоректік ортасында, Мартен және қан сарысуы агарында жақсы өсетін микроб. Сорпада 3-5 күн өткенде орта аздап лайланады. Тығыз орталарда 2-5 күнде өзгеше дөңгелек, орталық тұсы агарға сіңіп өсетін өсін пайда болады. Алғашқы өсін алу қиынға

түсетіндіктен бастапқыда тауық эмбрионында өсіру жақсы нәтиже береді.

Зертханалық жануарлардан тек үй қояны ғана сезімтал.

Төзімділігі. Агалактияның коздырушысы физикалық және химиялық әсерлерге төзімсіз. 60° С-қа кыздырғанда 5 мин., 70°С-та 30 сек. қайнатқанда бірден өледі. Сыртқы ортада минустық температурада 6 айға дейін, сүтте 10 күнге дейін сақталады. Кәдімгі дезинфектанттар әдеттегі концентрациясыңда толық зарарсыздандырады.

Індеттік ерекшеліктері. Жұқпалы аглактиямен қой мен ешкі жынысына, жасына және тұқымына қарамай ауырады. Бәрінен лактациядағы жануарлар және бір айға дейінгі төл өте сезімтал. Қолдан жұқтырғанда қой мен ешкі ғана ауырады. Қойға қарағанда ешкінің ауруға бейімділігі жоғары.

Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып жазылған жануарлар. Қоздырушы сырткы ортаға сүтпен, нәжіспен, несеппен, шаранамен, көзден және қынаптан аққан сорамен бөлінеді. Ауырып жазылған мал 7 айға дейін қоздырушыны нәжіспен және несеппен бөліп шығаруы мүмкін. Аурудың берілуіне топырақ, көң, малды қарайтын адамдардың киімі сиякты жұқтыру факторларының да тигізетін әсері едәуір. Жұғу жолдары: алиментарлық және емшек үрпі мен желіңдегі жарақаттар мен сызаттар. Қозы мен лаққа аурудың жатыр ішіңде тумай тұрып жұғуы туарлы да деректер бар.

Әдетте агалактия індет ретінде қозып, белгілі бір маусымда лактация кезеңінде байқалады. Кейде ауру күйек түскен кезде етек алады. Оның біліну ерекшеліктеріне ауа райы әсер етеді. Агалактия малды алыстағы жайлауға айдап барған кезде, күн жауын-шашынды болып, суыткаңда жаппай байқалады. Әртүрлі стресс-факторлар, буаздық, лактация індет процесінің өршуіне себеп болады.

Ауырып жазылған қой мен ешкілер ұзак уакыт микроб алып жүретіндіктен агалактияның індет ошағы бір жерде талайға дейін тұрақтанып қалады.

Дерттенуі. Ішек-қарын аркылы немесе желіннің терісіңдегі ұсақ жарақаттардан өтіп, қоздырушы қанға түседі. Өсіп-өніп бүкіл денеге тарайды да, бауырда, бүйректе, өкпеде, сөл түйіндерінде, көзде, ми мен жұлыңда, әсіресе желін мен буындарда қабыну процесін тудырады. Инфекция процесі организмді түгел жайлайды.

Желінде интерстициалдық (сүт жолдарының аралығыңдағы) қабыну өрбиді де, агалактия орын алады, яғни сүттің түзілуі тоқтайды. Қосалқы инфекцияның әсерінен басқа да патологаялық процестер басталып, әртүрлі ұлпалар мен ағзалардың қабынуы мен өліеттенуіне әкеліп соғады.

3. Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі қолдан жұқтырғанда 2-6 күн, табиғи жағдайда 10 күннен 2 айға дейін созылады. Агалактия жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Дерт процесінің орын тебуіне байланысты аурудың маститтік, буындағы, көздегі, жұлындағы және аралас түрлері болады.

Жіті өтуі лактациядағы малда, қозы мен лақта байқалады. Лактациядағы қой мен ешкіде негізінен желіні, сирегірек буындары мен көздері зақымданады. Токтыларда, серкештер мен шыбыштарда, текелер мен қошқарларда аурудың басты белгісі бір көзі мен буындарының зақымдануы. Алғашында ауырған мал күйзеліп, жемшөпке самарқау тартып, денесінің ыстығы оқтын-оқтын көтеріледі. Содан барып лактациядағы малда қатарлы немесе паренхималык мастит байқалады.

Жітіден төмен өткенде денесінің ыстығы көтеріліп, мал күйзеледі, желіні, буындары мен көздері зақымданады. Кейбір жануарларда тек қана желінсау байқалады да, сүті кайтып кетеді. Ауру асқынғанда іріңді мастит болып, гангреналық процеске ұласады.

Ауру созылмалы өткенде негізгі белгілері жітіден төмен өткендегідей, бірақ оншама айқын білінбейді.

Желіндегі түрі кезіңде көбінде желіннің бір бөлігі, ал кейде екі бөлігі де қабынады. Желін үлғайып, ып-ыстық болып, ауырсынады. Желіннің үстіндегі сөл түйіндері ұлғаяды. Сүт қоюланып, дәмі ащы тұз татиды, кейіннен су сыяқты сұйылады, реакциясы сілтілік түрге ауысады. Кейіннен сүттің орнына ішінде ірімігі бар сұйық, одан соң мөлдір су бөлінеді. Желін кішірейіп, беріштеніп қатаяды да, сүттің шығуы мүлдем тоқтайды. Емшектерінде қатты түйіндер пайда болып, өліеттенеді де, одан қоймалжың сұйық пен ірің ағады. Буаз мал іш тастайды.

Буындағы түрі кезінде негізгі клиникалық белгілер - малдың аяғы ақсап, жүргенде ауырсынады. Кейіннен буыңдары ісініп, ұстағанда қолға ыстығы білініп, ауырсынады. Әдетте бақайшық, тізе, шынтақ буындары, сирегірек тарамыстары мен тарамыс қынаптары қабынады. Буынына ине сұққанда қоюлығы әртүрлі экссудат ағады. Бірнеше күн өткенде іріңді артрит өрбиді. Буындары шорланып, сырты томпайып, бүгілмейтін болады. Ауру жеңіл өткенде буындары домбығып, ұстағанда ыстығы білініп, мал аяғын ақсап, ауырсынып басады. Уақыт өте келе жазылып кетеді.

Көздегі түрі кезінде қабақтары домбығып, қан кернейді, көзден жас ағып, коньюнктивит байқалады. Жануар жарыққа қарай алмай қарашығы бұлыңғыр тартып, көз көрмей қалады. Бұл кезде дененің ыстығы көтеріліп, буындары аздан ісініп, ауырсынады, сүті қайта бастайды.

Жұлындағы түрі кезінде ауруға шалдыққан мал тез шаршайды. Жиі-жиі жатып қалып, орнынан ықылассыз тұрады. Жануар аяғын байқап басып, сақтықпен қозғалады. Жүргенде теңселіп, әлсіздігі сезіліп тұрады. Аяқтары, әсіресе артқы аяқтары, қозғалғанда былк-сылқ етеді. Уакыт өте салдану басталады да, жануар жүріп-тұра алмай қалады.

Аурудьщ аралас түрі жиі байқалады. Желіннің және көздің зақымдануы, желіннің және буынның закымдануы, осындай аурудың әртүрлі кабаттасып өтуі байқалып тұрады.

Балау. Жұқпалы агалактияға диагноз қою, оның басқа ауруларға ұқсастығы көп болғадықтан бірталай киыншылықтар тудырады. Сондықтан аурудың біліну ерекшелтктерін жан-жақты мұқият талдау қажет. Індеттік жағдайды, клиникалық белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерісерді ескере отырып, қажеттілігіне қарай бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.

Бактериологиялық зерттеу үшін малдың қанын, сүтін, буыньнан синовиальдік сұйықты, ал өлекседен сөл түйіндерін, жұлын сұйығын, үлпершек ағзаларды және миын алады, онымен қатар зертханаға тастаңды төлді жөнелтеді. Серологиялық диагноз үшін диффузды преципитация және комплемент байланыстыру реакциялары ұсынылған. Кейбір ерекше жағдайларда лақтар мен үй қоянына жұқтырып биосынама қояды. Үй қоянына материалды көзінің алдыңғы қалтасына жібереді.

Ажыратып балау. Агалактияны жұқпалы маститтен, бруцеллезден, қатерлі қатарлы қызбадан, телязиоздан, тілме септицемиясынан ажырату қажет. Бруцеллез тиісті серологиялық және аллергиялық әдістер арқылы айқындалады. Телязиоз кезіде коньюнктива қуысында телязиялар табылады. Жұқпалы мастит кезінде дененің ыстығы жоғары болып, тыныс алуы мен тамырдың соғуы жиілейді, құрсақтың кіндік тұсы домбығып, ауру жылдың кез келген маусымьнда байқалады. Қатерлі қатарлы қызба кезіңде коньюнктиваны өте шұғыл қан кернейді, көздің мүйізді қабығы тез бұлдыр тартады. Сонымен қатар ауыз бен танаудың кілегейлі қабықтары домбығады, ал мұндай құбылыстар агалактиямен ауырған малда байқалмайды. Тілме септицемиясы кезіңде өкпе мен буындардың зақымдануы жас қозыларда ғана болады. Барлық жағдайда түпкілікті балау бактериологиялық зерттеудің нәтижесіне негізделеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Қой мен ешкінің инфекциялық агалактиясы жөніндегі тарихи деректер.

2.Клиникалық белгілері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов, их стандартизация и сертификация. Т. 1,2,3. Издательство «CREDOS». Алматы 2008г., под редакцией Н.Ф. Шуклина.

2. М.Ф. Боровков, В.П. Фролов, С.А. Серко. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. Издательство «Лань». Санкт-Петербург – Москва. Краснодар. 2007г.

3. Королев Н.С. Микробиология продуктов животного происхождения, Москва, агропромиздат, 1985

4..Позняковский В.М. Экспертиза мяса и мясопродуктов на качество и безопасность. Новосибирск, 2005г.

5. Сарсембаева Н.Б. Транспортировка продуктов и сырья животного происхождения, в соответствии с международными требованиями. Алматы, 2007.

6. Орлов Ф.М. Малоизученные заразные болезни животных. Москва, Колос, 1973.

№15 Дәріс

Тақырыбы: Құстардың ларинготрахеиті.

Кілтті сөздер: ларинготрахеит.

Дәрістің мақсаты: Ауру кезінде ветсансараптау және санитариялық бағалау

Дәрістің жоспары:

1.Аурудың сипаттамасы.

2. Қоздырушының сыртқы ортаға төзімділігі.

3. Өтуі мен симптомы

 

1.Аурудың сипаттамасы

Жұқпалы ларинготрахеит / орыс. Инфекционный ларинготрахеит лат. Laringotracheitis infectiosa ағыл. Laringotracheitis/ - катарлы және фибринді-геморрагиялық ринит, трахеит, коньюнктивит, тыныстың тарылуымен сипатталатын жұғымтал ауру.

Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет АҚШ-та Мей және Титслер (1925) сипаттады. Бірақ одан кейін де жұқпалы бронхиттен ажыратылмады. Бұл екі аурудың дербестігін Бигс бастаған ғалымдар (1930) дәлелдеді.

3. Қоздырушының сыртқы ортаға төзімділігі

Қоздырушысы – Gallid (alpha) herpesvirus 1 құрамында ДНҚ бар герписвирустар туыстастығына жатады. 9-12 күндік тауық эмбрионының хориоалантоис қабығында, торша өсіндерінде өсіріледі. Табиғатта вирустың уыттылығы жоғары штамдарымен қатар уыттылығы төмен штамдары да айналымда болады.

Төзімділігі. Жұқпалы ларинготрахеиттің қоздырушысының сыртқы ортадағы төзімділігі онша емес. Күйдіргіш натрий, крезол, хлорлы әк, формалин мен креолиннің 3:1 қоспасының әрқайсысы қора-жайдағы 1м3 ауаға 15мл мөлшерінде аэрозольмен бүріккеңде вирусты тез арада өлтіреді.

Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда жұқпалы ларинготрахеитпен тауық, қырғауыл, күрке тауық және мысыр тауығы ауырады. Қолдан жұқтыру вирусты жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарына, коньюнктиваға жібереді, ал өздігінен аэрогендік жолмен жұғады. Ауру қоздырушысының бастауы ауру және ауырып жазылған (2жылға дейін вирус алып жүреді) құстар. Олар қоздырушыны секреттерімен тыныс жолы арқылы бөліп шығарады. Зарарланған ауа, су, жем, құрал-жабдықтар жұқтыру факторлары болып табылады. Қан сорғыш жәндіктер вирустың қорламасы ролін атқарады.

Жұқпалы ларинготрахеит иммунитеті жоқ құстардың арасында індет ретінде қаулайды. Тұрақты сау емес шаруашылықтарда иммунитеті жоқ жас құстардың жеке топтары ғана ауырады. Індет ошағының тұрақтануына вирус алып жүрудің ұзақ мерзімі мен құстың бір партиясымен екіншісін алмастырғанда үзіліс жасамай санитариялық реттілікті бұзу себеп болады.

Кейбір шаруашылықта құстардың арасында уыттылығы төмен вирус айналымда болып, індет туғызбай, иммунитет қалыптасуы мүмкін. Мұндай мүмкіндік құстың күтімі жақсы болғанда ғана іске асады. Ауру шыға қалған жағдайда да, құстың күтімі мен санитариялық ережелердің сақталуы ойдағыдай болғанда 2-4 апта ішінде індет процесінің тоқтауы мүмкін.

Дерттенуі. Жұқпалы ларинготрахеиттің вирусы тыныс жолдарының эпителийіне әуес. Осы ұлпада тез көбейіп, қабыну процестерін тез тудырады. Нәтижесінде кеңірдектің ішінде қан мен фибрин араласқан қоймалжың кілегейлі экссудат пайда болады. Эпителий ұлпасынан вирус қан арқылы басқа мүшелерге де жетеді, бірақ онда, әдетте, дерттену байқалмайды. Вирус ұзақ уақыт кеңірдек пен көмекейдің кілегейлі қабығында сақталады.

3. Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 2-20 күн. Ауру жіті, жітіден төмен және созылмалы өтіп, ларинготрахеитті және коньюнктивитті түрде білінеді.

Ларинготрахеитті түрі жіті өтеді. Ауырған тауық күйзеліп, тәбеті болмайды, қозғалысы шектеледі. Өз еркімен отырған құс қырылдаған, шиқылдаған үздік-үздік дыбыс шығарады. Көмейі мен кеңірдектің экссудатпен бітелуі тынысына бөгет болып, құс аузын ашып дем алады. Құс жөтеліп, басын сілкіп, экссудат шығарады. кейде көмейіңде іріміктенген фибринді бөлінді іркіліп қалады. Ауырған тауық жұмыртқалауын тоқтатады. Жіті өткенде өлім көрсеткіші 10-60%-ға жетеді. Ауру жітіден төмен және созылмалы өткенде респираторлық синдром онша байқалмайды, оқтын-оқтын құстың жағдайы жақсарып, қалпына келеді.

Жұқпалы ларинготрахеиттің коньюнктивиттік түрі кейбір шаруашылықтарда балапандарда байқалады. 10-15 күндік балапандардың бастапқыда бірең-сараңы, кейіннен барлығы ауырады. Негізгі клиникалық белгілері - көздің кілегейлі қабықтарында қан іркіліп, қабақтары ісініп, көздері жұмылып, жарыққа қарай алмай, жас ағады.

Балау. Ауруға тән індеттанулық, клиникалық деректер, патолого-анатомиялық өзгерістер жұқпалы ларинготрахеитке күдік тудырғанмен тұжырымды диагноз қоюға жеткіліксіз. Олүшін зертханалық тексеру жүргізу кажет. Түпкілікті балау үшін ауырған құстың кеңірдегінен тауық эмбрионында немесе торша өсіндісінде вирусты бөліп алып, серологиялық реакцияларда айқындайды. Сонымен қатар балапандарға биосынама қояды. Вирустың әсерінен эмбриондар өлмейді, тек хориоалантоис қабығында өзіне тән өзгерістер тудырады. Жұқпалы ларинготрахеитті жұқпалы бронхиттен, гиповитаминоздардан, респираторлық микоплазмоздан, тұмаудан ажырату кажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.

2.Ветсанбаға және алдын алуға арналған ветсан шаралар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов, их стандартизация и сертификация. Т. 1,2,3. Издательство «CREDOS». Алматы 2008г., под редакцией Н.Ф. Шуклина.

2. М.Ф. Боровков, В.П. Фролов, С.А. Серко. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. Издательство «Лань». Санкт-Петербург – Москва. Краснодар. 2007г.

3. Королев Н.С. Микробиология продуктов животного происхождения, Москва, агропромиздат, 1985

4.Позняковский В.М. Экспертиза мяса и мясопродуктов на качество и безопасность. Новосибирск, 2005г.

5.Сарсембаева Н.Б. Транспортировка продуктов и сырья животного происхождения, в соответствии с международными требованиями. Алматы, 2007.

6. Орлов Ф.М. Малоизученные заразные болезни животных. Москва, Колос, 1973.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: