Найроби ауруына сипаттамасы

Найроби ауруы / орыс. болезнь Найорби, лат. Morbus Nairobi / – қызбамен, геморрагиялық гастроэнтеритпен мінездерін жіті өтетін қой мен ешкілердің вирустық ауруы.

Тарихи деректер. Алғаш рет 1910 жылы Кенияда Брас – сей – Эдвардс тапқан. Ол Найроби ауданында қойлардың жергілікті тұқымның жоғары дәрежәлік өлімін байқаған.

2. Қоздырғышы, төзімділігі

Қоздырғышы – РНК–дан тұратын Bunyaviridae тұқымдастығы. Диаметрі 70-80 нм. Инфицирленген вирустың дамуы мен құралуы цитоплазмалық мембранамен байланысты. Шамберлен, Беркефельд және Зейтц ЕК биологиялық фильтрден өтеді. Вирус ауру жануарлардың қанында, паренхиматоздық органда, несепте, нәжісте және бүйректе болады.

Вирус ауру малдың қанында паренхиматоздық мүшереінде несепте, нәжісте болады. Қоздырушы талақта және бүйректе болады. Қан плазмасында және клеткаларында қоздырғышты малдың дене температурасы төмендегеннен кейін 24 сағат ішінде анықтауға болады, ал екінші лихорадкалық ұстамадан кейін оны анықтау қиын. Бұл кезде қанда вирус болмайды.

Ауру қоздырғышты бүйректің трипсин клеткаларында болады. Вирустық антиген клеткалар цитоплазмасында синтезделеді. Вирус ақ тышқандарда энцефалит туғызып, бейімделеді.

Төзімділігі. Вирус физико- химиялық әсерлерге төзімді. Ол -200С 59 күн, лиофилиздік күйде – 143 күн сақталады. Глицеринде – 93 күн. Циттратта–35 күн сақталады. Вирус Rhipicephalus кенелерде - 871 күн, нимфода – 859 күн және кішкене құрттарда – 186-245 күнге дейін вирулентті болады. 40С тоңазытқышта сақталған қандағы немесе сарысудағы вирус ұзақ уақыт бойы активті болады.

Індеттік ерекшелітері. Жасына және жынысына қарамай қойлар мен ешкілер Найроби ауруына шалдығады.

Ауырған қойлар өледі немесе қатты ауырып, ұзақ уақыт иммунитет пайда болмайды.

Жылқылар, есектер, шошқалар, иттер, қояндар, ақ тышқандар Найроби ауруының вирусын қабылдамайды. Найроби ауруының вирусына кейбір кемірушілер бейімді. Қоздырғышқа Rhipicrphalus appendiculatus кенесі төзімді, оларда вирустың трансвариалдық тасымалдануы байқалады. Сонымен қатар вирус тасымалдаушылары Rhipicephalus bursa, R. pubchillus, R. simus, Amblyomma gemma, A. variegatum болуы мүмкін. Найроби ауруы 7 жыл аралығында қайталанып отырады.

Ауру қойлар мен ешкілер вирус көзі болып табылады. Ірі қара мал жасырын вирус тасымалдаушысы болып табылады. Ауру кене тіршілік ететін жерлерде болады, кене 18 ай бойы қойды вируспен жұқтырады. Бұл кезеңде кене дамудың барлық сатысынан өтеді (кішкене құрт, нимфа, және имаго) және олар қойларды қоздырғышпен жұқтырады.

Вейнбрен және т.б деректері бойынша (1958) ұшатын жәндіктер вирус тасымалдамайды.

Дерттенуі. Вирус партропты және қабылдағыш малдың ағзасына енгізгеннен кейін инфекционды даму басталады. Бірінші уақытта температура көтеріліп, қанда вирус саны көптеп анықталады, ал бір күннен кейін дене температурасы төмендеп екінші рет көтерілсе де қандағы вирус саны азаяды. Бүйректегі, лимфа түйіндеріндегі, жүректегі, бауырдағы вирус несеп және нәжісте болады.

Ауру қойлардың ағзасындағы лейкоциттер саны төмендейді. Гемоглобин құрамы өзгермейді, жалпы ақзат (20- 33% дейін) төмендейді.

4. Аурудың клиникалық белгілері

Жасырын кезеңі 36 сағ.-тан 16 күнге дейін, көбінесе 5-6 күнге, эксперименталдық жағдайларда – 36-48 сағ. созылады. Жасырын кезеңінің аяғында дене қызуы 41-41,60С дейін көтеріледі де, 2-3 күн тұрады. Содан кейін ол лезде түседі де мал өліп қалады. Дене қызуы төмендегенде малда депрессия пайда болады: мал басын төмен түсіріп тұрады, азықтан бас тартады, тыныс алуы қиындап, пульсі жиілейді, танауынан клейгелі – іріңді, кейде қан аралас сұйық ағады, нәжісі қан аралас болады, іш өтеді. Дефекация қатты ауырғандықтан мал жиі күшенеді. Диарейдің пайда болуы - өлімге әкеледі. Буаз малдар түсік тастайды. Бірнеше күн лихорадка пайда болады. Ауру 6 күнге созылады. Мал бірінші көтерілген температурасы түскеннен кейін 2 күнде өледі, көбінесе ауру жұққаннан кейін төртінші және сегізінші күн аралығында өледі.

Қойларда ауру тез таралады. Ешкілерде дене температурасы тез уақытта 41-420С көтеріліп, 5-9 күн тұрады. Екінші рет дене температурасының көтерілуі бірнеше күннен кейін қайталануы мүмкін және 4-7 күн жоғары деңгейде тұрады.

Ешкілерде ауру жеңіл өтеді. Температуралық реакция 3-4 күн тұрады, одан кейін ақырындап жазылады. Бірақ мұндай малдар көп уақытқа дейін әлсіз, шаршап тұрады.

Ауру жіті өткенде мал тұқымына және эпизоотикалық жағдайларға байланысты (тасымалдаушы кенелер санына, иммунды және иммунсыз малдарға және т.б) 30-70% дейін қойлар, 10% дейін ешкілер өледі.

Балау. Э пизоотологиялық мәліметтер негізінде, клиникалық белгілерге, патологоанатологиялық өзгерістерге және лабораториялық зерттеулер нәтижесіне байланысты қояды. Ауруды сипаттайтын белгілер: рецедивті лихорадка, танаудан кілегейлі – іріннің ағуы, диарея және гломерулонефрит. Эпизоотологиялық анализ кезінде кенелер санын ескеру қажет.

Найроби ауруының лабораториялық диагностикасының негізгі әдісі – вирусты анықтау болып табылады. Қоздырғышты анықтау үшін температурасы көтерілген ауру малдан алынған қанды пайдаланады. Сонымен қатар паренхиматоздық мүшелерді (көк бауыр, бүйрек) және ауру малдың лимфа түйіндерін пайдалануға болады. Паренхиматоздық мүшелердің (лимфа түйіндердің) жартысын залалсызданған 50% глициринге немесе мұзы бар термосқа салады. Сондай ақ ауру қойлардан қызбаның бірінші приступы кезінде жинап алынған тірі кенелерді зерттейді.Вирусты қаннан бөліп алу үшін гепаринизирленген немесе дефибринирленген қан, сарысу, плазманы немесе қою тұз ерітіндісімен сүртілген, стерильдігін сақтайтын әдеттегі тәсіл, бактериологиялық бақылауды биопроба үшін қолданады. Паренхиматозды органдардың бөліктерін глицериннен жуады, Фосфатты буферде антибиотикпен 10 %-тік суспензия дайындайды, центрифугалайды және алынған сұйықтқты биосынамаға қолданылады. Кенені ступкада сүрті және физиологиялық немесе фосфатты буферлік ерітіндіде всвесь дайындайды.

Биосынаманы Найроби ауруының қоздырушысын тасмалдаушы кенелер болмаған қозыларға қояды. Оларға тамырішіне, бұлшықет ішіне немесе теріастына ауру жануарларда вирусы бар қанынды немесе сарысуды 0,001-1 мл дозада егеді.

Оң нәтиже берген жағдайда алғашқы 48 сағ. сынамалы материалдарда инокуляциядан кейін Жұқтырылған жануарлардың дене температурасы күрт көтеріледі (41,1-410 С дейін). Теріасты жұқтыруға қарағанда, тамырішіне және бұлшықет ішіне егіп жұқтырғанда дене температурасы тез көтеріледі.

Ауру белгілерітемператураны түсіргеннен кейін ғана байқалады. Ол мұрын қуысынан аққан кілегейлі-іріңді ағындылармен, жиі қан аралас, сулы диареямен, өзіндік дефекациямен және қара-жасыл нәжістің бөлінуімен мінезделеді. Жұқтырылған жануарлар температурасы түскеннен кейін 2 күнде өледі (4-ші және 8-ші жұқтырылған күндер аралығында). Сою кезінде өзгерістер байқалады, аурудың табиғи өтуі кезінде.

Вирусты анықтау үшін қозылардан алғашқы температура көтерілу уақытында қан алады, сондай ақ союдан кейінгі паренхиматозды органдар мен лимфотүйіндер.

Идентификация тісілі Найроби ауруунының қоздырушысы басқа арбовирустар дайындалмаған.

Ауруды анықтау үшін камплемент байланыстырушы реакциясын, преципитация реакциясын агарлы гельде және нейтрализация реакциясын клетка культурасында және тышқандарда қолдануға болады. КБР-ды ауырып жазылған жануарлардың сарысуында антиденелерді анықтау үшін қолданылады (10-20 күннен кейін), сондай ақ вакцинирленген жануарларды 2-6 ай аралығында. ПР көмегімен агарды гельде спецификалық антиген қойлардың көкбауырда, өкпеде және мезентеральды сөл түйіндерінде анықталады, Найроби ауруынан өлген (80% дейін).преципитирлеуші антиденелер ерте пайда болады 1-2 күннен кейін уақыты біткенде.

Нейтрализация реакциясын суырдың және тышқанның бүйрек келеткасының культурасында пайдаланыды. Күдікті жағдайда иммунделмеген қой мен тышқанға биосынама қояды. Тышқандарды интрацерабральді 0,02 мл дозада жұқтырады және мидың гистологиялық зақымдануын ескереді.

Ажыратып балау. Күйістілердің гидроперикардитінен және Рифт даласының қызбасынан ажыратып алу керек. Рифт даласының қызбасын бүйректің некротикалық ошақпен мінезделетінімен ажыратуға болады, сонымен қатар зертханалық жануарлардың қоздырушыға сезімталдығымен. Найроби ауруының вирусына олар сезімтал емес, Рифт даласының қызбасының вирусынан өледі.

Күйістілердің гидроперикардитінде ауру қоздырушысын (риккетсия Cowdra ruminantium) жағындыны микроскоп арқылы қарағанда жеңіл табуға болады, балауса материалдан дайындалған. Күмәнді жағдайда биосынама қояды.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурудың қандай зерттеумен балайды.

2. Ветсанбаға және алдын алуға арналған ветсанитариялық шаралар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов, их стандартизация и сертификация. Т. 1,2,3. Издательство «CREDOS». Алматы 2008г., под редакцией Н.Ф. Шуклина.

2. М.Ф. Боровков, В.П. Фролов, С.А. Серко. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. Издательство «Лань». Санкт-Петербург – Москва. Краснодар. 2007г.

3. Королев Н.С. Микробиология продуктов животного происхождения, Москва, агропромиздат, 1985

4. Позняковский В.М. Экспертиза мяса и мясопродуктов на качество и безопасность. Новосибирск, 2005г.

5.Сарсембаева Н.Б. «Транспортировка продуктов и сырья животного происхождения, в соответствии с международными требованиями». Алматы, 2007.

6. Орлов Ф.М. Малоизученные заразные болезни животных. Москва, Колос, 1973.

№13 Дәріс

Тақырыбы: Висна-маеди.

Кілтті сөздер: Висна-маеди.

Мақсаты: Висна-маеди ауру кезінде ветсансараптау және санитариялық бағалау.

Дәрістің жоспары:

1. Висна-маеди сипаттамасы.

2. Қоздырушысы, сыртқы ортаға төзімділігі

3. Өтуі мен симптомдары


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: