Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 10 страница

Көрнекілігі: карточкалар, геометриялық фигуралар, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

Ескерту: ** - мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс.

* - оқушылардың өзіндік жұмысы.

1 сынып 2 сынып

1** Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, қазір математика сабағы, мен сендерге жұмбақ оқимын, шешіп көріңдер.

а) Бір шеңберді бір шеңбер

Көтеріп тұр білсеңдер.

Бұл не? (8 саны)

ә) Бүкірлеумін, имекпін

Мойынындай үйректің

Оқымасаң, білмесең

Мені аласын күнде сен. (2 саны)

2** Өткен материалмен жұмыс

а) Сандарды оқы, жаз:

Тақтада мынадай сандар жазылған?

Біртаңбалы сандарды 1 сынып, екітаңбалы сандарды

2 сынып оқушылары жазады.

0, 1, 14, 26, 3, 80, 18, 5, 91, 7.

(жазу барысында әр сынып оқушыларыда дауыстап, қандай санды жазғанын айтып отырады).

ә) көркем жазу сәті

6......... 1 66.......... 61

3. *+ 6,  - 6 өрнектер жазыңдар. 3**. Жаңа материалмен жұмыс. - Балалар № 1 жаттығуға қарайық не берілген? - түсіндірмелер және кесте. - Осы түсіндірмелер және кестені пайдаланып, жазбаша есептеу тәсілдерін үйренейік.
4**. Қандай қосындылар жаздық. 0 + 6 2 + 6 4 + 6 1 + 6 3 + 6 6 + 4 6 + 0 6 + 2 6 + 1 6 + 3 Енді мәнін табайық - Неше қосынды болды? - 10 қосынды. - Басқа қосынды жаза аламыз ба? (жоқ)  
5**. а) Оқулықпен жұмыс. № 3 жаттығуға қарайық а) 0-ден болатын өсу ретімен жазайық. 0, 5, 10. 1-ден бастап, 4 сан аттай жазайық. 1, 6; 2, 7; 3, 8; 4, 9; ә) Кему ретімен жазайық 10, 5, 0.9, 4; 8, 3; 7, 2; 6, 1; 5*. № 2 жаттығуды талдап жіберейік. (Тақтаға плакат ілінеді. Онда жазбаша есептеудің алгоритмі жазылған.) Сандарды баған түрінде жазып орындап көрейік.  
6**. Сергіту сәті Бір, еік, үш, Дем аламыз жинап күш. Қандай есеп болса да, Шығарамыз біз.
 
 
7*. Сандардың парын табыңдар

 

әроқушыныңтапсырмаларыналып, тексеремін.

1. ** Балалар,№ 3 тапсырмаға қарайық. - Берілген өрнектердің мәнін тауып көрелік. - Алдымен сандарды қалай жазатынымызды еске түсірейік. - Бірінің астына бірін келтіріп, жазамыз. - Осылай етіп, барлық мысалдарды өздерің орындаңдар.
8.** Әр оқушының білім деңгейлерін тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі.
№ 1 тест 1. 6 + 1 а) 5 ә) 6 б) 7 в) 4 № 1 тест 1. 15 + 10 а) 20 ә) 25 б) 30 в) 35
№2 тест х + 0 = 5 а) 5 ә) 4 б) 3 в) 6 №2 тест х + 2 = 24 а) 22 ә) 24 б) 25 в) 26
№2 тест Нүктені тап. а) ○ ә) б), в). №2 тест Шаршыны тап а) ○ ә) б), в).

9. ** Сабақты қорыту

- Балалар біз сабақта не өттік?

- Математика сабағы сендерге ұнады ма?

10.** Бағалау:

Әр оқушы тапсырманы орындағанына қарай геометриялық фигуралар («5» - бесбұрыш, «4»-төртбұрыш, «3» –үшбұрыш, «2»-дөңгелек) таратылған. Фигуралардың санына қарай оқушылардың білімі бағаланады

45. 1-4 сынып нұсқасындағы бір пәндік, әр пәндік күнделікті сабақ жоспарлары

 

1-СЫНЫП Әліппе 2-СЫНЫП Қазақ тілі 3-СЫНЫП Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
Өлең жолдарын баспа түрден жазба түрге аударып жазу Зат есімнің көпше түрі   Зат есімнің барыс септігінде септелуі  
Сабақта көзделген мақсат:
Оқушыларды жазуға үйрету; тілін дамыту, сауаттылығын арттыру 1)Оқушылардың зат есім туралы білімдерін толықтыру; 2) Көптік мағынасын білдіретін жалғауларды түсіндіру. Барыс септігінің сұраулары мен жалғаулары, жай және тәуелді түрі, түбір сөздің соңғы буынына орай жалғаулардың түрлері
Сабақтың көрнекілігі:
Түрлі заттардың суреттеі, көрсеткіш сигналдық карточкалар, «Мақтақыз бен мысық» ертегісінің күйтабағы Жеке және көп затты бейнелейтін суреттер, әр оқушыға арналған тапсырмасы бар конверт, кесте Барыс септігінің кестесі, зат есімді септеуге арналған перфокарта-лар, барыс септігінің сұрақтары
Сабақтың барысы:
Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы. 1) жеке заттардың доп, шар, гүл, балық, бала және т.б. суреттер бойынша диктант жазуы     Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыстар. (2-3- сыныптарға ортақ қайталау) Зат есім туралы өткен ұғымдар сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. Сұрақ екі сыныпқа ортақ қойылады: · Зат есім дегеніміз не? Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Оқушылар зат есімнің анықтамасын айтып, сигналдық карточкаларынан сұрақтарын көрсетті. Содан соң екінші сынып оқушыларына өздігінен орындайтын жұмыс тапсырылды, ал үшінші сынып оқушыларына ауысып, сұрақтар жалғастырылды.
2) «Қай буынды жоғалттым?» ойыны. Тақтаға сурет ілініп, суреттегі заттың бір буынын оқушының өзі тауып жазуы керек. М: торғай суретінің астына: Тор... деп, бақа суретінің астына..қа деп жазылған. Көп нүктенің орнына керекті буында оқушылар өздері жазады.   · Зат есім сөзді қатыстырып, үш сөйлем ойлап жазыңдар да, зат есімнің астын сызыңдар. · Оқушылар жаңа сабаққа даярлық ретінде жеке және көптік мағынаны білдіретін сурет бойынша жұмыс жасады. Сол суретте бойынша оқушылар үстел-үстелдер, ешкі-ешкілер, әтеш-әтештер, бала-балалар, т.б. сөзде-рін жазды. Қосымша заттың көпше түрін қандай жалғау арқылы білетіндігін анықтау да тапсырылды. Зат есімнің қандай жалғаулары бар? Қан-дай септіктерді өттік? Қазақ тілінде неше септік бар? Сұрақтар-ына жауап алып, өткен материал пысықталды. Жаңа материалды түсін-діру. Барыс септігінің кесте-сіндегі сөйлемдерді оқытып, оқушыларға бір септіктің жалғауын жабу тапсырылды. Осындай жұмыс арқа-сында оқушылардың өз-деріне «Барыс септігі қандай сұраққа жауап береді және қандай жалғау жалғанып тұр? деп сұралды. Оқулық-тан барыс септігінің ережесін оқытып, өздік-терінен орындайтын жұ-мысқа 237-жаттығу бе-рілді.
3) Мұғалім басшылығы-мен орындалатын жұ-мыс. 1.Суретті диктантты тексеріп, кейбір сөз-дердегі дауысты дыбыс-тарды сигналдық кар-точкалар арқылы қай-талату. М: доп сөзіндегі дауысты дыбыс қайсы? 2. «Қай буынды жо-ғалттым?» тапсырмасы бойынша бір оқушы сөздің бір буынын оқыса, екінші оқушы екінші буынын оқиды. Оны тексерген соң, Әліппедегі өлең оқыл-ды. Өз бетімен орындала-тын жұмыс. Өлеңді дәптерлеріне қа-тесіз көшіріп жазу.   Өз бетімен орындала-тын жұмыс. Кестеде жазылған зат есім (жеке және көпше түрін) сөздерін, сұрақ-тарын оқып, танысып, өздеріне мысалдар жазу тапсырылды.     Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс а) сурет бойынша жа-зылған сөздерді оқытып, «бұл көп пе, әлде аз ба? екені сұралды. ә) қалған тапсырмалар да осындай ретпен тек-серілді. б) кестеде жазылған сөз-дерді оқытып, зат есім-нің жеке түріне –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғануы арқылы көпше түрі жасалатыныныа көздері жеткізілді. Оқулықтан ережені оқытып, ауызша мысал айтылды. Өз бетімен орындала-тын жұмыс. Дайын тұрған конверттен кар-точкаларды алып, бе-рілген тапсырмаларды орындату (онда жеке заттарды көпше түрде және керісінше, сөз құ-растыру.     Өз бетімен орындала-тын жұмыс. Әр оқушы күні бұрын алдарына қойылған конверттен перфокарта алып, берілген сөздерді өздері білетін септікке дейін септейді.   Мұғалім басшылы-ғымен орындалатын жұ-мыс. Орындалған жұмыстар тексерілді. Жаттығу жә-не перфокарта бойынша жазғандарын кезек-тестіріп оқытылды.
Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс. Күйтабақтан «Мақтақыз бен мысық» ертегісін тыңдату арқылы оқушыларды сергітіп алып, ертегі үш түрлі мақсатта пайдаланылды.
Бірінші сынып оқушы-лары өздерінің түсін-гендерін айтты. Екінші сынып оқушы-лары зат есімдерді теріп жазып, оны көпше түрге айналдырылды. Үшінші сынып оқушы-лары барыс септігінде айтылған сөздері бар сөйлемдерді жазды.
Осылайша сабақ соңында бірінші сыныпта тіл дамыту жұмысы жүргізілсе, екіші және үшінші сыныптарда жаңа материалға қорытынды жасалды.
         

46 марал

47.Қазіргі бастауыш сыныптағы оқыту формаларының сипаттамасы

Оқыту- жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл -ойы мен жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың білім алудың қалған барлық басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан мынадай айырмашылығы бар. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, мұғалімнің басшылығымен өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Әрбір пәнді оқыған кезде оқушылар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және сол саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болды. Іскерлік – деп іс жүзіндегі қимыл шәкірт алған білімнің негізінде жүзеге асырылатын және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасай алатын әрекет деп айтуға болады.

Сонымен оқытуды ұйымдастырудың формасы ұғымының мәні «Оқыту» және «Ұйымдастыру формалары» деген категориялардың жиынтығы ғана емес, олардың синтезі болып табылады.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігімен сұраныстың талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың формалары бойынша жәктеледі:

- оқушыың саны мен құрамы

- жұмыс орны

- оқу жұмысының ұзақтығы

Оқушылар санына байланысты оқытуды ұйымдастырудың формасының жіктелуі мынадай: Сызба №2

 

Оқытуды ұйымдастыру формасы (оқушының саны мен құрамы)

бойынша

КөпшілікТоптық Жеке -дара

 

1. Пәндік олимпиада 1. Сабақ 1. Үй жұмысы

2. Оқу конференциясы 2. Cаяхат 2. Қосымша жұмыс

3. Өндірістік тәжірибе 3. Экскурция 3. Консультация

4. Зертханалық жұмыс 4. Сұхбаттасу

5. Факультатив 5. Сынақ

6. Практикум 6. Емтихан.

 

Оқыту процесінің әрқашанда мұғалімнің басшылығымен өтеді. Сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әртүрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолданылады. Біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуі; екіншіден оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті.

Шетел мектептерінен ауысып келген оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды.

Ғалым -педагогтардың тәжірибелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың формаларын былайша топтастырылады:

- жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

- жеке жұптық (оқушы- оқушымен, мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасы, жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметімен) айқындалады.

- жеке топтық: топ мектепте жұмысістейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады. (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).

- Өзара бірлескен оқыту (аталған оқыту жүйесі Англяда пайда болған, атауы Балланкастер жүйесі).

- Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі – оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі. (Мангейм жүйесі).

- Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші – бригадир (оқытудың бұл түрі ХХ- ғасырдың 20- жылдарына тән).

- Американдық «Винетка- жоспар», «Грамле жоспар» және т.б.

- Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальдық, ұжымдық жұмыс және т.б)

 

 

48.ШЖМ балаларының үй тапсырмасын ұйымдастыру және тексеру

Үй тапсырмасы — сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі.Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады. [2]

Оқушыларға кейде ақыл-ой күшін көп жұмсауды талап ететін тапсырмалар ғана емес, тіпті дене күшін орасан мол жұмсауды керек қылатын тапсырмалар беріледі. Шамасы келмейтін тапсырманы алған оқушылардың бірсыпырасы оларды орындауды мүлде қояды, ал енді біреулері оны жарым-жартылап қана орындайды, осыдан барып оқушылардың алған білімінде олқылықтар пайда болады да, сыныпта нашар оқитын оқушылар саны артады. [1]

Мұғалім кейде үйге тапсырма бергенде өз пәнінің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды ескермейді. Мектеп оқушыларының оқу жұмысының барлық ауырлықты үй жұмысына қарай аудару, мұғалімдерде жиі кездесетін кемшілік. Сыныпта олар тек жаңа материалды ғана түсіндіреді, оны жеткілікті түрде бекітіп, пысықтап отырмайды, сондықтан оқушылар сыныпта істеуге тиісті жұмыстарды үйде орындауға мәжбүр болады. Үйге берілген тапсырмалардың көлемі жағынан ұлғайып, түр жағынапн өзгеруіне байланысты оқушылар үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға үй тапсырмасын орындаудың тәртібі мен әдістерін, тиімді жолдарын түсіндіріп отыруы керек. [5]

Сабақта бекітілген білім көлеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасының педагогикалық мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Үй тапсырмасы түсінікті, жаңалық элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек.

Тапсырма тақтада қысқаша белгіленіп, оқушының күнделігіне жазылады, мұғалімнің түсіндіруімен бірге ілеседі. Мұғалім сонымен бірге үй тапсырмасын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар береді орындалуын үнемі тексереді. [3]

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады. Өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқышының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады. [6]

Өзім орта буында жұмыс істегендіктен қоңырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасының орындалу тәсілі мен оның жүзеге асуына нұсқаулық жасаймын.

Жалпы оқушыларға үй тапсырмасын беруде сыныптың деңгейіне байланысты үш топқа алып қарастырамын.

1.Логикалық ойын дамыту барысында қазақ тіліндегі қызықты деректер,сөзжұмбақтар, ребустар, диалог құрастыру сияқтв тапсырмаларды беремін.Бұл тапсырмаларды әңгіме,көрнекілік әдістерімен,ойын әдістерімен тексеремін.Нәтиже: сөзжұмбақтар,ребустар,суреттер жинағы.

49. Бастауыш сыныптарға арналған математикадан оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін құралдарға сипаттама.

Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) - әр пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың, оқыту және бақылау құралдарының жиынтығы. ОӘК пәнді оқытуға қажетті әрі жеткілікті ақпараттарды толыққанды қам-тамасыз етуі тиіс.

Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі сипаттамасы болып төмендегілерді атауға болады:

- мемлекеттік стандарттың ұстанымдарына сай болу;

- нақты жағдайда қолдануға болатын қатысымдық біліктерді қалып-тастыру;

- оқушылардың балалық шақ әлемімен, ойнау және қарым-қатынас жа-саумен байланысты жас ерекшеліктерін ескеру;

- оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлерін, атап айт-сақ, дербес, топтық, жұптық, және жаппай формаларын үйлестіру;

- өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау және өз ісіне талдаулар жүргізе алу бі-ліктерін дамыту.

Оқу-әдістемелік кешен:

- мұғалімнің шығармашылығын ынталандыратын қазіргі заманғы әдісте-мелік тұжырымдарға негізделеді;

- оқушының жеке бас тұлғасына, оның қызығушылығына, икемділігіне, қабілетіне бағытталады;

- оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды;

- оқушылардың мемелекеттік стандарт талаптарына сай жан-жақты білім алуларына негіз болады.

Қазақстанда қазіргі таңда иатематикадан жаңа буын оқу-әдістемелік ке-шен дайындалып, оның құрамын енетін құралдар бастауыш сыныптардың тә-жірибесіне ендірілді. Біз осы құралдардың ерекшеліктеріне тоқталсақ.

Сурет 1. Математикадан жаңа оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін құралдар.

Оқу-әдістемелік кешеннің құрамды бөліктерінің бірі – бағдарлама. Бағ-дарлама–ресми-құқықтық нормативтік құжат. Бағдарлама– оқытудың мақ-саты мен міндеттерін жүзеге асырудың, пәннен білім берудің стратегиялық бағыттарының тактикалық шешілуі жолдарын нақтылы көрсететін біртұтас әдістемелік жүйе [2].

Математиканы бастауыш оқыту бағдарламалары - төрт бөлімнен тұрады: бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндет-тері, оқыту мазмұнына сипаттама; математикалық білім мазмұнының сынып-аралық бөлінуі; пәнаралық байланыстар, оқушылардың математикалық да-йындығына қойылатын талаптар.

Бастауыш сыныптардағы математиканың білім мазмұнын негізгі жеті мәселе қамтиды, мұндағы білімнің негізгі өзегі - сандардың арифметикасы, ал соның төңірегіне шамалар және олардың бірліктері, есептерді шығаруды оқытып-үйрету, алгебра мен геометрия элементтері сияқты мәселелер топтас-тырылған.

Оқу-әдістемелік кешеннің білім алушыларға оқыту, білім беру жұмы-сында қолданылатын құралдарының бірі – оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегімен оқушылар сабақта жә-не үйде түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды, алған білімдерін толық-тырады. Оқулық мазмұны мен әдістемелік жағынан оқу бағдарламасына, сы-ныптағы оқушылардың жас ерекшелігіне, баяндалған білімді балалардың қа-былдау, меңгеру мүмкіндігі мен ойлау дәрежесіне, сөздік қорына, бөлінген уақытқа лайық болуы керек. Бұған қоса, белгілі бір сыныпқа арналған пән оқулығының сол пәннен төменгі және жоғары сыныптарға арналған оқу-лықтармен, сол сыныпқа арналған басқа пәндер оқулықтарымен сабақ-тастығы сияқты мәселелер де оқулық үшін өте маңызды.

Оқулықтағы материалдар әр сабақтың көлеміне шағындалып рет-ре-тімен жаттығу арқылы, оқушылардың логикалық ойлау және танымдық қабі-летін дамытуға да арналған шығармашылық тапсырмалар арқылы берілген.

Баспа негіздегі «Математика дәптері» оқулықпен тығыз байланысты және онымен бірлікте болады, практикалық білік пен дағдыларды дамыту, бі-лім деңгейін анықтау мақсатында қолданылады. Оның міндеті – әр сабақта жүйелі түрде цифрларды қолдану арқылы мысалдардың, жаттығулардың, есептердің шешулерін жазуға үйрету және тексеру, сынақ жұмыстарды орын-даудың рет тәртібін игеруді қамтамасыз ету.

Математика дәптері тек бірінші сынып оқушыларына арналған. Ол екі дәптерден тұрады, оның біріншісі – бірінші жарты жылдыққа, ал екіншісі – екінші жарты жылдыққа арналған.

Дәптерлерде әр алуан жаттығулар берілген. Дәптерлердің бетіндегі жаттығулар қоршау, бояу, цифрдың элементтерін салу, цифрдың өзін салу, фигуралар салу, сызықтар жүргізу сияқты жұмыстар орындайды, математи-калық жазуларды (есептің қысқаша жазылуын, мысалдың шығарылуын, өр-нектің мәнін табуды, теңдеудің шешімін) орындайды. Дәптердің жоғарғы оң жақ бөлігінде сандар жазылған, ол сандар сабақтың ретін білдіреді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: