Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 7 страница

Оқу-әдістемелік кешеннің білім алушыларға оқыту, білім беру жұмы-сында қолданылатын құралдарының бірі – оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегімен оқушылар сабақта жә-не үйде түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды, алған білімдерін толық-тырады. Оқулық мазмұны мен әдістемелік жағынан оқу бағдарламасына, сы-ныптағы оқушылардың жас ерекшелігіне, баяндалған білімді балалардың қа-былдау, меңгеру мүмкіндігі мен ойлау дәрежесіне, сөздік қорына, бөлінген уақытқа лайық болуы керек. Бұған қоса, белгілі бір сыныпқа арналған пән оқулығының сол пәннен төменгі және жоғары сыныптарға арналған оқу-лықтармен, сол сыныпқа арналған басқа пәндер оқулықтарымен сабақ-тастығы сияқты мәселелер де оқулық үшін өте маңызды.

Оқулықтағы материалдар әр сабақтың көлеміне шағындалып рет-ре-тімен жаттығу арқылы, оқушылардың логикалық ойлау және танымдық қабі-летін дамытуға да арналған шығармашылық тапсырмалар арқылы берілген.

Баспа негіздегі «Математика дәптері» оқулықпен тығыз байланысты және онымен бірлікте болады, практикалық білік пен дағдыларды дамыту, бі-лім деңгейін анықтау мақсатында қолданылады. Оның міндеті – әр сабақта жүйелі түрде цифрларды қолдану арқылы мысалдардың, жаттығулардың, есептердің шешулерін жазуға үйрету және тексеру, сынақ жұмыстарды орын-даудың рет тәртібін игеруді қамтамасыз ету.

Математика дәптері тек бірінші сынып оқушыларына арналған. Ол екі дәптерден тұрады, оның біріншісі – бірінші жарты жылдыққа, ал екіншісі – екінші жарты жылдыққа арналған.

Дәптерлерде әр алуан жаттығулар берілген. Дәптерлердің бетіндегі жаттығулар қоршау, бояу, цифрдың элементтерін салу, цифрдың өзін салу, фигуралар салу, сызықтар жүргізу сияқты жұмыстар орындайды, математи-калық жазуларды (есептің қысқаша жазылуын, мысалдың шығарылуын, өр-нектің мәнін табуды, теңдеудің шешімін) орындайды. Дәптердің жоғарғы оң жақ бөлігінде сандар жазылған, ол сандар сабақтың ретін білдіреді.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін келесі құралдың бірі – оқушылардың сабақтағы және үйдегі өзіндік жұмыстарын ұйымдасты-руға арналған «Математикадан дидактикалық материалдар». Мұнда жат-тығулар күрделілігіне қарай төрт деңгейде беріледі: Олар: Мемлекеттік стан-дарт бойынша білімге қойылатын негізгі талаптарға сәйкес тапсырмалар (да-йын күйінде); білім біршама өзгерген жағдайда қолданылатын тапсырмалар; білім жаңа жағдайда қолданылатын тапсырмалар; шығармашылық әрекетті талап ететін, дәстүрлі емес түрде берілген тапсырмалар.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін келесі бір құрал «Дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар» болып табылады.Құралда түсіндіру, берілген білімді нақтылау, білім, білік, дағдыларды қайта-лау және бекіту, сонымен бірге, білім, білік және дағдылар деңгейін анық-тауға арналған бағдарлама мен әр сыныптың (1-2) оқулығына сәйкестендіріле дидактикалық ойындар мен әр сынып оқушысының жас ерекшелігіне қарай қызықты тапсырмалар іріктелген.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің келесі бір құралы – бастауыш сы-нып мұғалімдеріне арналған «Математика» оқулығына әдістемелік нұс-қау. Бұл құраләрбір сынып үшін дайындалған. Осы құралда бастауыш сы-ныпта математиканы оқытудың мазмұнына және жүргізілу қырларына қатыс-ты әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар келтірілген. Олар:

- әр тарау бойынша оқу мазмұнының сипаттамасын;

- оқытылып үйретілуге тиіс математикалық объектілерін шолуды және дайындық қеңгейіне қойылатын талаптар тізімін;

- математика сабақтарының басымырақ типінің мазмұны мен құрылымын;

- оқу материалының күнтізбелік-тақырыптық үлгі ретіндегі жобалануын;

- қорытынды нәтижеге және тұлғаны дамытуға бағдарланған оқыту техно-логиясының мәнді белгілері мен кемшіліктері жайындағы ақпаратты;

- диагностикалық құрал және оқыту, бақылау қызметтерін атқаратын тап-сырмалар жүйесін;

- ата-аналарға арналған кеңесті қамтиды.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін құралдардың бі-рі – көрнекі көрсету кестелері. Ол – математика пәні бойынша бастауыш мектептің бірінші сыныбына арналған құрал.

Кестелер жиынтығының негізгі мақсаты – оқушылардың математи-калық түсініктер мен ұғымдарды, іс-әрекет тәсілдерін алғаш қабылдауы ке-зінде көрнекілік қызметін атқару. Сонымен бірге, математикалық білім маз-мұнын сапалы, терең әрі берік сақтауға, логикалық ойлау қабілетін, қиялын, байқағыштығын, психикалық сапасын дамытуға, пәнге қызығушылығын, жә-не іс-әрекет белсенділігін арттыруға, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, ғылымның әр саласынан берілетін мағлұматтарды белгілі бір деңгейде баян-дауға мүмкіндік береді.

Кестелердің мазмұны бағдарламада анықталған және оқулықта келті-рілген математикалық білімнің мазмұнына сәйкестендірілген.

Кестелер жиынтығы 32 данадан тұрады [3].

Оқу-әдістемелік кешеннің жүйесі – белгілі тұтастыққа, дербестікке ие және оқу-тәрбие міндеттерін шешуге арналған оқу жабдықтары заттарының жиынтығы. Жекелеген пәндер бойынша оқыту құралдары жүйесінің және олардың мазмұндары, әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары мен атқа-ратын қызметтерінің мүмкіндіктерінен туындайтын құрылымдық-компонент-тік құрамының өзіндік ерекшеліктері болады.

Жалпы алғанда, математикадан оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін әрбір құралдың өзіндік орны мен маңызы бар, оқушыларға білім беру-де, білік пен дағды қалыптастыруда олардың әрқайсысының рөлі зор екен-дігін айтуға болады.

 

32. Бір комплектілі, екі комплектілі және үш комплектілі мектептердің ерекшеліктері

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.

Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15- тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

Т акерке

34. Бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар, олардың ерекшеліктері

ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.

Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.

Әр пәндік сабақтар дегеніміз математика сабағын басқа бастауыш сынып пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.

Ал екінші топқа жататын ана тілі, табиғаттану пәндері жөнінде іс басқаша. Бұл пәндерді оқыту балалардың сабақта өзбетінше жұмыс істеуін керек етпейді емес, қайта бұл пәндер бойынша оқушылардың білімін оқулық бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді. Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады. Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады.

35. ШЖБМ-тегі сабақтардың өзара үйлесуі ШЖБМ-тегі сабақтардың өзара үйлесуі

Қоғамымызда болып жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістер білім берудің негізгі сатысы ретінде бастауыш мектепке аса зор мән беріп отыр. Өйткені, бастауыш оқытудың негізгі көздейтін мақсаты - оқушыларды үздіксіз білім берудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сай жоғарғы сыныптарда ғылым негіздерін терең игеруге дайындығын мүмкіндігінше көтере түсу. Осыған орай, бастауыш мектептегі білім мазмұнын жетілдіре түсудің басты бағыттары айқындала түсуде. Сол бағыттардың бірі бастауыш буында орындалатын әр түрлі ғылым негіздерінің арасындағы үйлесімді жолдарын анықтауға келіп саяды. «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында» осы мәселеге, яғни «бір

пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету» керектігіне ерекше мән берілген.

Жаңа мемлекеттік стандартқа сай дайындалған бастауыш мектеп бағдарламаларында “Пәнаралық байланыс” деген арнайы бөлім берілген. Математиканы оқыту үдерісінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. “Математика” курсының бағдарламасында: пәнаралық байланыс - “ғылымның әр түрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруда табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады” делінген. Сонда оқушының бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, ары қарай жалғасып, дами түседі, яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Математика мен қазақ тілі арасындағы байланыстар:

- грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;

- математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;

- сөйлем құрастыру барысында модельдеудің пайдаланылуы;

- сөйлемдегі сөздер байланысының сызбасының көмегімен өрнектелуі;

- сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;

- математикалық тілдің қалыптастырылуы. («Математика» бағдарламасы, 1-4-сыныптар).

Математика мен әдебиеттік оқу арасындағы байланыстар:

- ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау немесе ажырату;

- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер, ойын өлеңдердің және т.б. математика сабақтарында қолданылуы;

- көркем шынармаларда сипатталатын ата-дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, үлгі-өнеге, тәлім тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру;

- ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгі есептердің мазмұнын сапалы түсіну;

- Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар:

- өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;

- математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру;

- айналадағы дүниеден танып-білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында қолдану;

- еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерін, ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді, деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:

- заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, теңестіру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру,;

- кескіндеу,бейнелеу, безендіру, құрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.

- Ұлттық ою-өрнектер мен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.

Математика мен еңбекке үйретудің арасындағы байланыстар:

- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыру.

- күнделікті өмірге және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы;

- құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.

Математика мен саздың арасындағы байланыс:

- сазды әуен мен ырғақта матеметикалық дәлсіздіктің және сан мен үлестің пайдаланылуы;

- нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;

- саздық аспаптардың жасалуында және құрылымында математикалық білімнің пайдалануы;

- халықтық ән, күй, би, айтыс және терминдерді математика мазмұнына сіңіру;

Математика мен дене тәрбиесінің арасындағы байланыстар:

- баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы;

- уақыт аралығы жайындағы түсініктердің қалыптастырылуы;

- баланың қимыл қозғалысындағы реттік тәртіп пен дәлдік;

- қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы;

 

36 Өзіндік жұмыс және оны ұйымдастырудың әдістемесі.

Өзіндік жұмыс - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:

- Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.

- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.

- Оқушының жұмыстарына бағыт беру.

Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың да бастамасы.Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай-бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың бір саласы – оқу. 3-ші сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Әдебиеттік оқу сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады. Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің сапалы болуы оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту.

Мысалы,қазақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.

Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының түрлеріне тоқтала кетсек: ертегілерге байланысты салынған суреттермен жұмыс, қима қағаздар түрінде жасалған шағын әңгімелерді өзбеттерінше оқып мазмұнын айту, тақырыптардың авторлары (ақын, жазушылар) және олардың өмірбаяны туралы қосымша деректер, сюжетті суреттермен жұмыс, оқыған әңгімелері бойынша сурет салу, мазмұндама немесе шығарма жазу, тақырыптаы өз бетінше аяқтау, бөлімдерге бөлу, ат қою, сұрақтарға жауап әзірлеу, газет, журнал материалдарымен жұмыс, сахналық көріністер әзірлеу сияқты жұмыс түрлерін тапсыруға болады.

Математикадан мынадай тапсырмалар орындатуға болады:
1.Оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын;
2.Оқытушыдан алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды талап ететін, бірақ оқытушының басқаруын пайдаланған жағдайда;
3.Алған білім, біліктерін басқа жағдайда пайдаланғанда;
4.Оқушыдан ойлауды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау арқылы жаңа қорытынды,анықтама шығаруға болатын тапсырмалар;
5.Арифметикалық амалдар кестесін есте сақтауға арналған;
6.Есептеу тәсілдерін игеруге арналған: ұқсастық пен айырмашылықты ажырату, талдауға арналған;
7.Белгілі бір түсініктемелердің арифметикалық амалдармен байланысына арналған;
8.Байқау негізінде қандай да бір заңдылықты айыру;
9.Дидактикалық ойындар, қызықты тапсырмалар.

Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуіне баулу негізінде ғылыми жұмыстармен айналасуы негіз бола алады.

Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай талаптарды орындау керек:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек.
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
8) Өзіндік жұмыс сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

9) Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.

Өздігінен орындайтын жұмысты ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалім белгілі бір әдіс-тәсілді,жаттығу түрін қолданған кезде қандай қабілеттерінің дамитынын немесе оқу барысында қандай дағдыға үйрену керектігін,алдына мақсат қоюда неге сүйенуі қажеттігін және олардың психологиялық ерекшеліктеріне негіздеу керек.Әр уақытта мұғалім жұмыс түрін таңдау кезінде осыларды басшылыққа алу керек.Мысалы, мәнерлеп оқу кезінде сөйлеу және есту қабілеттері дамиды.Психологтардың зерттеулеріне сәйкес орта буындағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне бастауыш сыныппен салыстырғанда осы сыныптарға бөлінген материалдарды кеңейте оқыту көзделеді.Бұл оқу бағдарламаларында және осы буын оқушыларына арналған оқулықтарда ескертілген.
Барлық оқыту пәндерінде оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау түрлері беріледі. Өз бетімен жұмыстың маңыздысы-оқушының өз беттерімен орындай алуларына,сабаққа белсенділігінің артуына,шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол.
Өз бетімен жұмыстарды сабақтарда қолдану барысында оқушы тынымсыз ізденеді.Баланың жан-жақты ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге баулиды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: