Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 8 страница

Қорыта айтқанда, өзіндік жұмыс — шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетіндік әрекетінсіз дамыту мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.

37. ШЖБМ-тегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері мен әдістері

Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген. В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.

Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.

А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтар адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:

адамның сезімінен;

санасынан;

сенімінен;

мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.

Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін анықтауға болады:

тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру;

- тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын құрал;

- тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады; - тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.

Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады.

Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.

Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.

Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.

Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін:

- жалпы және жеке;

- негізгі және кездейсоқ;

- теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;

- мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;

- әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір – бірімен байланысын айқындай түседі.

Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше топтастырылады. Ғалым педагогтер Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез – құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады.

Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеясы).

Екінші топ – іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру әдістері.

Үшінші топ – іс-әрекет пен мінез – құлықты ынталандыру әдістері.

Төртінші топ – іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие әдістерін сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс - әрекетте, мінез – құлықта қарым – қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.

Тәрбие әдісінің бірінші тобы – оқушылардың санасына, сезіміне, ерік – жігеріне жан – жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және іс - әрекеттің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.

Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, лекциялар, пікірталастар, үлгі - өнеге жатады. Көптеген ғалымдар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп те атайды.

Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл – ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан – жақты әсер етуді айтамыз.

Сенім – тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез – құлық, іс - әрекетінің тұрақты жетекшісі.

Түсіндіру. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар – намыс, парасаттылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта – ықылас, ерік – жігер т.б. туралы түсіндіріледі.

Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары. Өткізу методикасы тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі – этикалық әңгімелер.Этикалық әңгімелер – мораль мәселелері туралы кең түрде, еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі.

Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негіздей білуге тәрбиелейді.Пікірталас арқылы жастардың саяси және адамгершілік, ізгілік, эстетикалық, құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, әдебиет, көркем - өнер, жалпы қоғамдық проблемалар туралы түсініктер мен көзқарастарды қалыптастыруға болады.

 

38. ШЖБМ жағдайындағы сыныптан тыс жұмыстар, олардың түрлері

Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Себебі ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен, оқушы саны да кеміп келе жатыр.Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:біріктірілген сыныптармен;біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.Шағын жинақты мектеп мәселесін зерттеушілер Ж.Қ.Астамбаева мен Г.И.Уәйісова өздерінің «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» атты еңбегінде «Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің мәселесі күн тәртібінен түспей келеді» деп атап көрсетеді «Соңғы 15 жылда шағын жинақты мектептің саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы шағын жинақты мектеп жағдайында оқиды».Шағын жинақты мектептің үш түрі болады, олар:

Бастауыш шағын жинақты мектеп

Негізгі шағын жинақты мектеп;

Орта шағын жинақты мектеп

.Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі – ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде туындайды. Шағын жинақты мектептің жоғарыда келтірілген түрлерге жіктелуі нормативтік құжаттарға сай жүзеге асырылады:«Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде:бастауыш шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін;негізгі шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін;орта шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді»Осы нормативтік Оқушы санының аздығына байланысты шағын жинақты мектептерде сыныптардың біріктірілуіне жол беріледі. №17 Байқоңыр орта мектебінде де 2-3 сыныптар біріктіріліп оқытылады«Шағын жинақты мектеп қызметінің тәртібіне» сәйкес 1-сынып оқушылары жеке оқытылады. Себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіні тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.9, 11-сыныптар бiтiрушi сыныптар болғандықтан, олардағы бала саны аз болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытылмайды Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесi екi нұсқада қарастырылады: аралас және әр жастағыларды бiрiктiру. Әртүрлі жастағы оқушылары бар сыныптарды ұйымдастыру педагогикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді, өйткенi ол балалардың ауыспалы жұптарда жұмыс iстеуіне, жоғарғы сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн төменгі сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды, басқаша айтқанда, бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет;мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды, яғни, шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады;мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады, сол үшін мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты пайдалануды ойластыруы қажет.

39.ШЖБМ жағдайындағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Шағын комплектілі мектептегі оқушыға тәрбие беретін үш бағыт:
• сабақтағы тәрбие жұмысы;
• сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;
• елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі.
Тәрбиелік іс-шаралар мектеп көлемінде жылына 4-5 рет өтеді. Оларды ұжым бірігіп әзірлейді. Мұғалім балалармен бірге жоспар жасап, міндеттерді бөледі.
Мереке кезінде оның белгісі мен ұранына байқау ұйымдастырылады, сыйлықтар әзірленеді. Мұғалім тек көмектесіп, шараны балалар ұйымдастырып, өткізеді.
Тәрбие жұмысының жоспарын ұжымның өзі немесе аймақтың тәрбие орталықтары ұсынған бағдарлама бойынша жасайды. Жоспар бір аптаға, айға, жарты жылға жасалады. Ең бастысы әдемі жасалған жоспар емес, нақты істер. Сонымен, шағын комплектілі мектептегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар, атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс, ер оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтың дәстүрге сүйену, табиғатқа жақындық, ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда мұғалім, т.б. тәрбиешілердің оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.
Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлкен үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндетін шағын жинақталған мектептер де бірге атқаруы керек.

40 клара

41 Әр түрлі сабақтардың күнтізбелік тақырыптық тоқсанды жане күнделікті сабақ жоспарлары Тіл дамыту – сөздік қорын байыту, тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу, сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту.

«Тіл дамытуды» оқытуда қойылатын талаптар:

*қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп өмірмен байланыстыру;

*оқылған әңгіме, ертегі, тақырыптарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу;

*жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;

*сурет топтамалары бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу;

*монологты және диалогты сөйлеудің екі түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау;

*оқылған шығарма, ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып, олар туралы өздігінен қорытынды жасау;

*тіл дамыту дәптеріндегі тақырыптық жүйемен берілген тапсырмаларды орындай білу;

*тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір – бірінен ажырата білу.

Тіл дамыту

Р/с Іс – әрекеттің тақырыбы Бағдарламалық мазмұны Қолданылатын көрнекілік Сағат саны Мерзімі
  Білім еліне саяхат Мектептегі оқушылар туралы баяндау, суреттер арқылы білім ордасы туралы түсінік беру. Мектеп ауласы,мерекеге сай безендіріледі.    
  Жомарт күз Күз туралы білімдерін тиянақтау.Күз сыйына,адамдар еңбегіне құрметпен қарауға баулу,молшылық,береке сөздерінің мағынасын түсіндіру,сөздік қорын молайту. Күз егін көрінісі,күзгі еңбек.    
  Бау-бақшада Бау-бақша туралы әңгімелеу,жұмбақтар шешкізу арқылы сөздік қорларын толықтыру. Бау-бақшаны жинап жүрген сурет.    
  «Нан қайдан келеді?» ертегісі Өткен ертегілерді еске түсіру және аттарын атай білуге үйрету.Ертегі мазмұнын сұрақтар бойынша әңгімелету.Сөздік қорын молайту,диалогті сөйлеуге төселдіру. Наубайхана,наубайшы, диірмен,егіс даласы туралы суреттер,піскен нан түрлері.    
  Менің отбасым Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру.Отбасы туралы әңгімелеу,диалогті түрде сөйлесе білуге,грамматикалық тұлғада таза анық сөйлеуге дағдыландыру. Отбасы суреті,ертегі оқып отырған әже.    
  Біздің үй Сурет бойынша үй бөлмелерін ажыратып айтуға және өз бөлмесіндегі жиһаздарды атап,жұмбақтар шешуге,әңгімелеуге төселдіру. Коттедж суреті,бала бөлмесіндегі заттар.    
  «Қасқыр,түлкі, әтеш» ертегісі Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге,берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Үстел үсті театры,қасқыр,түлкі,әтеш ойыншықтары.    
  Үй құстары және үй жануарлары Үй құстары және үй жануарларын атап,олардың пайдасы туралы баяндау.Сурет бойынша әңгімелеу.Үй құстарына және үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу. Тауық балапанымен,су құйып жатқан бала суреті және төрт түлік мал туралы суреттер.    
  Жабайы аңдар. «Тапқыр қоян» ертегісі Жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелеуге сурет бойынша сөз,сөйлемдер құрастыруға үйрету.Ертегі желісі бойынша баяндау,сұрақтарға толық жауап беруге төселдіру. Орман қөрінісі,аң патшасы арыстан ортада,айналасында жабайы аңдар.    
  Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы Өзінің сүйікті ойыншықтары туралы баяндауға, көрмеге әкелген ойыншығын сипаттауға үйрету. «Ойыншықтар айтысы» әңгімесі арқылы өз ойыншығына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,күтіп ұстауға тәрбиелеу. «Ойыншықтар айтысы» ертегісі бойынша үстел үсті театрын ұйымдастыру, ойыншықтар көрмесі.    
  Елордасы-Астана Астананың көрікті жерлерін атау,өздерінің Астанадан көргендерін баяндау.Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу.Сөздік қорын молайту.Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Астана көрінісі,Бәйтерек, үш бидің ескерткіші, мұхит аралы.    
  «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі Ертегімазмұныбойыншадиалогтіәңгімелесу.Айтысөнерініңерекшелігінтүсіне білуге,өзбетіменертегініайтабілугежаттықтыру.Суретбойыншаәңгімеқұрастыруғаүйрету. Ертегі мазмұны бойыншасурет.    
  Қысқы киімдер (Сюжетті рөлдік ойындар) Киімдердің түрлерін ажыратуға,қай мезгілде киетіні туралы ойын арқылы және қысқы киімдерді атап,сөйлемдер құрастыруға үйрету.Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу. Балаларға арналған киім дүкенінің суреті,киімдер үлгісі.    
  Көңілді қыс және қысқы ойындар Қыс айларында ойнайтын ойындарды атау,қызықтарын сұрақ-жауап ойыны арқылы әңгімелету, бір-біріне қамқор,дос болуға,ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу. Қыс көрінісі, жұмбақтар,шана,шаңғы,коньки суреттері.    
  Тәулсіздік төрімде Тәуелсіздік сөзіне түсінік беру.Өлең жолдары арқылы қазақ елінікі екенін баяндау.Өз еліміздің рәміздерін суреттеу.Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. Карта,еліміздің рәміздері,Алматы, Астана суреттері.    
  Қошкелдің Жаңа Жыл Жаңа жыл мерекесін естеріне түсіре отырып,жаңа жылда көргендерін әңгімелету.Аязата,Ақшақарға қандай өлең,тақпақтар дайындағанын мәнерлеп айтқызу.Өлең жолдарын анық айтуға дағдыландыру. Безендірілген шырша.    
  Құстардың Тіршілігі Құстардың тіршілігімен таныстыру.Олардың ерекшеліктерін сипаттап,оларға деген аяушылық,қамқорлық сезімдерін ояту. Ұяға жем салып жатқан балалар суреті.    
  Жабайы Жануарлардыңқысқы Тіршілігі Жабайы аңдардың қысқы тіршілігін суреттер бойынша әңгімелету.Жұмбақтар шешкізу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.Аңдарға қамқорлық сезімін ояту. Ұйықтап жатқан аю,індегі түлкі суреті,т.б.    
  Көшедегі Көліктер Көше көліктері туралы баяндау.Көліктің не үшін қажет екендігін әңгімелеу.Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгімелеу.Көлік жүргізушілерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Қала көрінісі, машинаның түрлері.    
  «Жеті Қазынаның бірі» ертегісі Балаларға таныс ертегілерді естеріне түсіруге,аттарын атауға көмектесу,диалогпен сөйлеуге үйрету.Сөздік қорын молайту. Аң патшасы арыстан, айналасында ит және адам суреті.    
  Мамандықтыңбәрі Жақсы Әртүрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту.Суреттерді қолдана отырып әңгімелеу арқылы тілін дамыту.Үлкендердің әр мамандық иелерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Компьютер, ғарышкер, дәрігер, құрылысшы суреттері.    
  «Бір уыс мақта» әңгімесі Ы.Алтынсариннің әңгіме,ертегілерін еске түсіру,бір уыс мақтаның құстарға тигізген пайдасы туралы баяндау. Анасы,қызы және мақта суреттері немесе үстел-үсті театры.    
  Көктем Көктемгі тіршілік,көктемгі еңбектер туралы түсініктерін тиянақтау.Табиғаттың әсемдігін,сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу. Алғашқы бүршік жарған ағаштар,алғашқы гүлдер.    
  Аналар Мерекесі Әр адам үшін басты тұлға-ана туралы түсініктерін тиянақтау.Ана туралы жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету.Анасы туралы пікірін тиянақты,еркін жеткізе білуге талпындыру. Аналар мерекесіне көрініс және үнтаспаға жазылған аналардың дауысы.    
  Хайуанаттар Бағындағы Қызықтар Балаларды оқиғалы суреттерді құрастыруға дағдыландыру.Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстырып айтуға баулу.Аңдарға қамқорлық жасауға үйрету. Хайуанаттар бағындағы аңдар туралы суреттер, ойындар.    
  Наурызға шашу. Наурыз Мерекесі Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу.Наурыз мерекесі туралы ертегілер арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту.Мерекелік көңілін көтеру. Ағаш отырғызып жатқан балалар,наурыз көжеге салынатын заттардың суреті.    
  «Алтын сақа» ертегісі Сурет бойынша ертегінің мазмұнын айтуға баулу.Ертегінің не себепті «Алтын сақа» деп аталатыны туралы түсіндіру.Балаға көмектескен кейіпкер туралы баяндау. Ертегі желісі бойынша кестеге бөлінген суреттер.    
  Ынтымақ Мерекесі Қазақстан көп ұлтты мемлекет жайында әңгімелеу.1 Мамыр ынытымақ,достық күні екенін түсіндіру.Ұлттық киімдер мен салт-дәстүрлер туралы баяндау.Өз ұлтының салтын,дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу. Әр ұлттың өкілдерінің мереке кезінде түскен фотолары.    
  Жеңіс мерекесі 9 Мамыр жеңіс күні туралы мағлұмат беру.Батыр ағалар мен апалардың есімдерін атай білуге үйрету.Еліміздің мақтаныштары туралы әңгімелету арқылы өз Отанын сүйе білуге,қорғауға тәрбиелеу. Мәңгілік алау,жеңіс шеруі бейнеленген сурет.    
  Біз мектепке барамыз Кітап,мектеп деген сөздерге сөз,сөйлемдер құрастыру.Сурет бойынша сөйлемдерге толық жауап беруге үйрету. Балабақшамен қоштасу сәтінен көрініс.    
  Жаз Жайқалған жаз,піскен жеміс-жидектер туралы әңгімелету.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.Берілген сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Жаз мезгілінен көрініс.    
  Балалар Күні Балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру.Өздерінің тақпақ-әндерін анық нақышына келтіре айтуға үйрету.Мерекеде көргендерін баяндауға үйрету. Парк іші,мерекеден көрініс.    
  Барлығы        

42. 1-2 сынып нұсқасындағы бір пәндік, әр пәндік күнделікті сабақ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: