Ф. Ницше философиясы «Билікке жету» 5 страница

 

34.Л. Фейрбахтың антропологиялық философиясы

Л. Фейербах 1804 жылы Лансугутта туып, 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын». Философияға Гегельдің идеалистік философиясын сынау арқылы келеді. Фейербах: «Гегель нақты ойлауды нақты адамнан айырып, шындықты жасаушыға айналдырды», - дейдi.

 

Фейербахтың пікірінше, жаңа философия ─ теологиялық емес, антропологиялық болуы керек. Антропологизм - адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология - адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі болғандықтан, ол философияның да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан, табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғам мен және тарих дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Адам мен табиғаттың өзара әрекетінің негізі, қоғамдық-тарихи практика екенін түсінбеді.

 

Таным туралы. Фейербах: «Дүниені танып білу дүниенің өзі секілді шексіз. Таным сезімнен басталады, шындықтың дәйегі - іштей туған сапа». Қоршаған ортаны тануға болады, ақыл-ойдың мүмкіндігі шексіз. Бірақ, бұл бірден пайда болмайды, ол адамның эволюциялық дамуы, тәжірибенің жиналуы, ғылыми-техниканын өсуіне байланысты болады. Фейербах: «Біз танымағанымызды, біздің ұрпағымыз таниды»[1] - дейді. Фейербахтың бүкіл материализмі секілді, таным теориясы да сырттай пайымдаушылық сипатта болды - бұл практикалық іс-әрекет рөлінің маңызын түсінбеушілік. Ойлау адамнан тыс және одан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Ол адам миымен ажырамас байланыста болады. Тарихты түсінуде тарихи процестің қозғаушысы деп объективтi заңды емес, ақыл-ойды мойындайды.

 

Фейербах: «адамның өзіннің түпкі төркіні санасына байланысты, дін адамды емес, адам дінді жасайды»- деді. Адам қандай болса құдайы сондай деп, Фейербах діннің негізін қиялдан (фантазиядан) іздейді. Фейербах материализмнің күшті жағы - оның дінмен ашық күресіп діннің психологиялық түп-тамырын ашып беруiнде. Құдайы бар дінді жойып, оның орнына құдайсыз, адамдардың сүйiспеншiлiгiне негiзделген жаңа дінді жасауды ұсынды.

35.Сциентизм және антисциентизм

Сциентизм-антисциентизм (лат. sсіеntіа – ғылым) – негізінде ғылымның әлеуметтік рөлін абсолюттеу, сәйкес алғанда ғылымның қоғамдық эталон ретінде және адамның әлемдегі бейімделуі үшін жеткілікті жағдай ретінде ғылымның маңызын мойындайтын немесе жоққа шығаратын қарама-қарсы дүниетанымдық көзқарастар.

Сциентизм – арнаулы-ғылыми таным ғылыми-теориялық қызметтің жалғыз мүмкін болатын типі және құндылықты-нейтральды, рационалды, сондықтан барлық әлеуметтік проблемаларды шешуге қабілетті бәрін қамтитын дүниетанымды жасауға жеткілікті негіз қалайды деп есептейді. Басқаша айтқанда ҒТР-дің игілікті әсерлеріне, ғылымның болашағына үлкен сеніммен қарайды, оның адамзат өмірінің түбірлі мәселелерін шешудегі мүмкіншіліктерін шексіз деп санайды.

Сциентизм өзінше мәдени және дүниетанымдық үлгі болатын жаратылыстану мен техникалық ғылымдардың жетістіктеріне, нәтижелеріне және әдістеріне бағдар (ориентир) жасайды, өйткені ғылым адам ақылының дамуының жоғары сатысы деп танылады. Сциентизм өзінің теориялық негіздеуін неопозитивизмде, ал дүниетанымдық шешуін Д.Беллдың технократиялық социологиясында алды. Ол постиндустриалдық қоғам концепциясын ұсынды, ғылыми-зерттеу ұйымдарының басымдылығына (доминирование) көшу және ғылыми-техникалық мамандардың жаңа басқарушы табының қалыптасу мүмкіншілігі бар деп есептеді.

Антисциентизм – қоғамдық прогресс идеясынан түңілуді білдіретін, ғылымның мүмкіншіліктерінің шектеулігін көрсететін, оның және ол туындатқан техниканың адамзатты қауіп-қатерлі жолға бастайтын күш деп қарастыратын ұстаным (ғылымнан, техникадан, «қорқу, үрку»). Екінші жағынан, антисциентизм адамның және оның іс-әрекеттерінің рационалды табиғаты туралы идеяның өзін сынауға бағытталған және экологиялық көзқарас пен табиғатқа және қоршаған дүниені дәстүрлі, техногенді емес амалдармен игеру идеологиясына оралумен тығыз байланысты. Антисциентизм идеялық дамуын Франкфурт мектебі шеңберінде және ғылым мен техниканың деструктивтік (бүлдіруші) сипатын мойындатқысы келген әсіресе Маркузеде алды.

36.Софистер философиясындағы ақиқат мәселесі

Софисттер – б.з.б. V ғ. Көне Грецияда пайда болған ақылы ұстаздар, олар философия, риторика (шешендік өнер), и эристикға (пікір таластыру өнеріне) үйретті..

Софистер бір мектептің өкілдері болған жоқ, керісінше бір-бірімен бақталас болды, оларды тек кәсіптері ғана емес, философиялық тұжырымдамаларының пәні мен әдлдісі біріктірді. Олардың қарастырған негізгі сұрағы: дүние мен білімнің арақатысы мәселесі болды. Софистер оъективті ақиқат жоқ, ол орынға, уақытқа, адамның өзіне байланысты, яғни ақиқат – субъективті. Сонымен қатар әлем танылмайды. Олар алғашқа агностиктер болды. Ақиқаттың салыстырмалығы адамгершілік заңдарының да – салыстырмалы екендігін көрсетеді. Софистерді былай бөледі:

Аға буын софистер – Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Ксениад және кіші буын софистер – Алкидам, Фразимах, Критий және т.б..

Сократ (б.з.б.469-399 жж.) жасында мүсіншілікпен айналысқан, кейін философ, қоғам қайраткері. Сократ софистер бастап бірақ аяқтай алмай кеткен адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Негізгі принципі «Өзіңді өзің таны». Екінші қағидасы «менің білетінім – менің ештеме білмейтінің, ал басқалар мұны да білмейді».

Сократ философиясның негізгі тақырыбы – этика. Адам жаны «Мен танушымын» деген бағыттағы және ол парасатты және адамгершілікті. Адамның мәні оның жанында, «жан -тәнді құраушы». Сократ жандағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, «ішкі дауыс» ретінде «даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады.

Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады. Слкрат философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу.

Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Сократ қортынды жасау өнеріне үйретті, ол жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді, шәкірттері білетін ұғымдарының анықтамасын жасауға үйренді. Сонымен, Сократ оларды логикаға үйретті. Сократа ілімі ертедегі Грек жеріндегі этикалық мектептердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, олар: Гедондық мектеп Аристипп, Эпикур мектебі – Эпикур, Киникалық мектеп Антисфен, Стоиктер мектебі – Сенека, Марк Аврелий, Мегар мектебі, Платона академиясы - Платон.

37.А. Шопенгауэрдің ерік мәселесі

Arthur Schopenhauer, ең алдымен, негізгі бірі ретінде белгілі философия пессимистік үрдістердің өкілдері қатысты.

Артур Шопенгауэр философия

шынайы тақырыбы ерік болып табылады. оның философия мақсаты Осындай ақыл-көтеру болып табылады оны бақылау алады мемлекет. Schopenhauer еркін теңеген иығына сол ақыл асыратын мықты соқыр адам, ақсақ, бірақ көзқарасы бар. Уилл қажымас себебі болып табылады барлық көріністері, табиғаттың әрбір бөлігі ерік өнімі болып табылады. ми өнімі болып табылады білу үшін ерік. Hands ұстап ерік өнім болып табылады. Барлық интеллектуалдық және еркіне және байланысты көп бөлігі адам субъектісінің эмоционалдық конституциясы ysiliyami негіздеме қояды. Осылайша, ақыл дамыған жасайды жай ғана туындап қажеттілігін дәлелдеуге ой жүйесі заттар болады. Genius, алайда, мұндай жай-күйі, оның жеткен ұсынады ерік-жігер мен мерзімі ішінде барлау үстемдік себепті емес, серпін реттеледі. христиан күші оның пессимизм жатыр, Schopenhauer дейді, және жеке ерік бағыныстағы. Көріністің Шын мәнінде, оның діни нүктесі будда еске түсіреді. Ол үшін, Nirvana ерік бағыныстағы болып табылады. Өмір - өмір сүру үшін соқыр ерік көрінісі болып табылады, және ол оны көрдім бақытсыздық, нағыз философ даналық іске асыратын бірі болып табылады деп өзін ойнатуға табанды әрекет қарсылық өлім.

Әр бір адам өз ерік бар өмір - барлық адамдар үшін бірдей емес. Барлық басқа адам бар құбылыс ретінде адам тәуелді шексіз эгоизм, сондай-ақ өкілеттік, тек өмір сүру үшін, оның ерік-шарттарына, оның мүдделерін елеулі. Адам Қоғамдастық осылайша жеке өсиеттерді жиынтығы ретінде көрсетіледі. Арнайы ұйым - мемлекеттік - қалай болғанда да шамалас көріністері адамдар бір-бірімен жойып жоқ осы Wills. Жеңу өзімшіл серпін өнер және мораль саласында Шопенгауэр арқылы жүзеге асырылады.

38.Интеллект, сезім, сана-сезім арасындағы байланысты анықтаңыз

Психикалық әрекет жалпы психикалық құбылыстардан, күйлерден және кісілік қасиеттерден тұрады. Психикалық әрекеттерге ықылас түйсік, зерде, эмоция (сезініс), ойлау, тіл, сана жатады. Эволюциялық даму кезінде адам мен жануарлардың психикасы биологиялық мұқтаждығынан, қоршаған ортаның жағдайларына икемделуі арқасында қалыптасты. Ол мінездің қарапайым түрінен күрделі көріністеріне алмасып дамыды. Адам бейімделудің және өзгергіштіктің өте ерекше дәрежесіне жетті. Өйткені оның миы өзгеше жетіліп бүкіл адамзаттың тарихи-қоғамдық тәжірибесін иеленді.

 

Адамның психикалық қасиеттері: қабілеті, типтік ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, әлеуметтік бағдары, талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады.

 

Психикалық әрекеттің негізі — қоршаған ортамен организмнің объективті ара қатынасын сипаттайтын жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас бірлестірілген субъективтік бейне құрайды (А. А. Ухтомский). П. К. Анохиннің әрекеттік жүйе туралы ілімі физиология мен психология арасындағы тұжырымды байланысты ашты.

 

Психикалық әрекетті бірнеше әдістер арқылы зерттейді. Олар

 

физиологиялық, психологиялық, социологиялық, кибернетикалық,

 

электрофизиологиялық әдістер. Сонымен бірге пікірлесу, ауызша

 

жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық сынамалар жиі қолданылады. Адамның психикалық әрекеттері мен кейбір күйлері алдыңғы тарауларда талданды. Сондықтан ықылас, ой, тіл сана іспетті психикалық процестердің әрекеттік негізін анықтаған дұрыс.

Ықылас

 

Ықылас — көңілдің белгілі нәрселерге қажетті мәлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. Басқаша айтқанда, организмнің тітіркенуге жауап беру даярлығын көрсететін оның сергектік белсенді күйі.

 

Ықылас ерікті және еріксіз болып екі түрге бөлінеді. Еріксіз ықылас — туа біткен жүйке тетіктері арқылы жүзеге асырылатын құбылыс. Ерікті ықылас адам психикасын мақсатты жұмылдыра-тын және жанама түрде болатын әлеуметтік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы әлем заттары мен құбылыстарына, не адамның ішкі күйіне, ойына, сезіміне бағыттылады. Ықыластың толықтығынан, тұрақтылығынан, көлемінен адамның іс - әрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тәуелді келеді.

 

Ықыластың әртүрлі көріністері бағдарлау рефлексіне, мидың жергілікті қозу және тежелу процестеріне, сезім мүшелерінін, әсерленісі мен организмнің, табиғи мұқтаждықтарына байланысты. Сондықтан ықыластың физиологиялық механизмін ұғыну үшін И. П. Павловтың шартты рефлекс, ми қыртысының ішкі тежелуі, талдау синтез әрекеті туралы ілімін арқау етеді. Сонымен қа­тар, A. A. Ухтомскийдің доминанта туралы еңбектері бойынша, ықылас кезіндегі үстемді қозу ошағы теріс - индукция (кезеліс) процестері арқылы оның шоғырлануына жағдай жасайды.

 

Көптеген деректер бойынша, ықылас пен сергектіктің, шығу тегі ұқсас. Оларға да торлы құрылым, шашыраңқы таламус жүйесі, оның ми қыртысы проекциясы және гипоталамус жауапты. Торлы құрылымның белсендіруші ықпалы әуелі ілмек (лемниск) жолдарымен келетін арнамалы серпілістерді ми қыртысына тікелей экстраталамустық жолдар (ішкі капсула немесе субталамус) арқылы жеткізеді.

39.Ф.Акфинский құдай болмысын қалай дәлелдейді

Ортодоксалды схоластикалық жүйеге келтіруші доминикан монахы Фома Аквинский (1225-1274). Оның негізгі шығармасы «Теологияның мәні»- онда котоликтік догматиканы жасады, бұл сохоластикалық теологияның негізіне айналды.

Фома Аквинский – католицизмнің діни-философиялық жүйесін негізеуші, оның ілімі томизм деп аталды. Оның әулие аталуы да осы еңбегі үшін еді.

Ф. Аквинскийде ғылым мен сенімнің аймақтары қатал анықталған. Ғылымның міндеті әлемдік заңдарды түсіндіру болады. Августин объективті түрде өмір сүретіндерді танып білуге болатындығына сенді, бірақ адам ақылының әрекеті ғана шынайлық дегенге қосылмайды.

Объективті және ақиқатты тануда барлығын білу мүмкін емес. Христиан дініндегі құпияларды (құдайдың үшбірлігі, қайта тірілу және т.б.) философиялық ақыл мен танымнан тыс, ал философияның қарастыратын мәселелері: құдай болмысын дәлелдеу. Ғылым мен сенім арасында қайшылық жоқ, христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, өйткені ол құдайдан пайда болады, бірақ ол ақылға қайшы емес. Сонымен Фоманың негізгі принципі – сенім мен ақылдың үйлесімділігін жасау болды.

Философия дінге қызмет етуі керек, ол діни ақиқатты ақыл катигорияларына салып бейнелеуі және талдауы керек, және сенімге қарсы шығатын жалған аргуметтерді теріске шығарып отыруы керек.

Ф.Аквинский «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі емес, сондықтан оны таным арқылы дәлелдеп көрсету керек деп тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей құдай болмысының дәлелдерін келтірген:

Қозғалыс – қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін біреу, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы – Құдай;

Себептілік – тіршілік ететіннің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі – Құдай;

Кездейсоқтық пен қажеттілік – кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы – Құдай;

Сапалық белгілер – болады, ең жоғарғы өзіне-өзі сәйкес – Құдай;

Мақсат – жаратылғанның бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын – Құдай

40.Антика классикалық философиясының ерекшеліктері. Платон, Сократ, Аристотель

Гректердің антика философиясы б.э.б. VII-VI ғғ. пайда болды. Өзінің сипаты және мазмұнының бағыты, философиялық ойлау методтарының өзгешелігіне байланысты шығыс философиясынан өзгеше, тарихта алғаш рет қоршаған ортаны рационалды тануға тырысты. Антика философиясының дамуының 4 кезеңін атап көрсетуге болады:

1 кезең – Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезеңнің орталық мәселесі космос, табиғат мәселесі болды.

2 кезең – классикалық кезең. Ол Сократ, Платон және Аристотель сияқты көрнекті философтардың шығармашылықтарымен сипатталады. Адам мәселесіне, оның мәніне және танымдық мүмкіндіктеріне негізгі көңіл бөлінді.

3 кезең – эллинистік кезең – бұл кезеңде көптеген философиялық бағыттар мен мектептер қалыптасты, олардың көпшілігі Плотон мен Аристотель философияларының ықпалымен пайда болған этикалық мектептер.

4 кезең – антикалық философияның дамуының соңы – бұл кезеңде грек демократиясы құлап, грек полистері Рим империясының қолына өткен кезі еді. Бұл кезде (І-ІІ ғғ.) христиандық философия басталды.

Сократ (б.з.б.469-399 жж.) жасында мүсіншілікпен айналысқан, кейін философ, қоғам қайраткері. Сократ софистер бастап бірақ аяқтай алмай кеткен адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Негізгі принципі «Өзіңді өзің таны». Екінші қағидасы «менің білетінім – менің ештеме білмейтінің, ал басқалар мұны да білмейді».

Сократ философиясның негізгі тақырыбы – этика. Адам жаны «Мен танушымын» деген бағыттағы және ол парасатты және адамгершілікті. Адамның мәні оның жанында, «жан -тәнді құраушы». Сократ жандағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, «ішкі дауыс» ретінде «даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады.

Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады. Слкрат философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу.

Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Сократ қортынды жасау өнеріне үйретті, ол жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді, шәкірттері білетін ұғымдарының анықтамасын жасауға үйренді. Сонымен, Сократ оларды логикаға үйретті. Сократа ілімі ертедегі Грек жеріндегі этикалық мектептердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, олар: Гедондық мектеп Аристипп, Эпикур мектебі – Эпикур, Киникалық мектеп Антисфен, Стоиктер мектебі – Сенека, Марк Аврелий, Мегар мектебі, Платона академиясы - Платон

 

4. Сократтың дана шәкірті, ізбасары, оның философиялық ілімін жүйелеуші Платон (б.з.б. 427-347 ж.ж.) атақты және аса ауқатты жанұядан шыққан.Шығармашылық жолы үш кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңі – Сократ шәкірті, оның идеясын насихатаушы. 2-ші кезең – Сократ ықпалынан бірте-бірте босанып шығып өз жүйесін негіздеуге ұмтылған кезеңі. 3-ші кезең - философиялық жүйесі толығымен анықталып, объективті идеализмі толығымен қаланды. Оның философиялық мұралары «Сократа апологиясы», «Заңдар» трактатары, хаттары мен эпиграммларынан басқа, ол 34 еңбегін диалог формасында жазған: «Софист», «Парменид», «Мемлекет» және т.б..

Платонның филосоиялық ілімінің орталығы эйдос (идея) теориясы болды. Платон бойынша идея адам ақылымен байланысты ұғым емес. Идея барлық заттардың негізі, мәні, себебі. Ол объективті, тәуелсіз, салыстырмалы емес, денесіз, мәңгі, сезімдік қабылдауға келмейтін, тек ақыл арқылы танылатын бастама. Идея заттар болмысының түпнегізі, олардың идеалды бейнесі сипаттас, Демиург (жаратушы) сол арқылы нақты сезімдік заттарды жасайды. Сезімдік заттар оның көлеңкесі, көшірмесі, заттар идеялардың анықты үлгісі.

Таным теориясында Платон идеалистік позицияны ұстанды. Оның идея туралы ілімі оның таным ілімімен ұштасып жатыр. Платон сезімдік танымды рационалды танымнан бөліп алды. Сезімдік танымның пәні материалды әлем деп алып, оны мәнсіз екінші дегейлік деп қарастырып, ол тек болмыс болып көрінетін шынайы емес болмыстан хабардар еткізеді. Ақиқат, шынайы таным – бұл идеялар әлемінне ену, тану, оны ақылмен тану.

Платонның гносеологиялық концепциясы еске түсіру теориясы болып табылады. Жан идеяларды еске түсіреді, жан онымен тәнге енбей турғанда идеялар патшалығында жолыққан. Платон нақты адамдардың идеяларын абстракциялап, идеялар әлемін құдайлық патшалық деп жариялады, адам дүниеге келгенге дейінгі ажалсыз жаны сол әлемде болатындығын айтты. Содан ол жерге түсіп, шектеулі уақыт адам тәнінде жүреді, сонда ол идеялар әлемін «еске түсіреді». Платон бойынша, таным жанның жерге түскенге дейінгі тіршілігін еске түсіруі болып табылады.

Платон жақсы өмір сүру мәселесінде ақылды жоғары деңгейге көтеретін мемлекеттің моделдерін жасауға тырысты. Мемлект туралы негізгі идеясында – ізгілік, ақиқат білімге сүйенді, мемлекетті идалды басқару осыларға байланысты, оның мақсаты адамның ажалсыз жанын құтқару. Оны қызықтырған мәселе мемлекеттің мәні мен формаларын басшының тұлғалық қасиеттері тұрғысынакн түсіну болды.

Жанның үш жағдайы

 

Үш әлеуметтік топ

Үш негізгі ізгіліктер

1. Ақыл

1. Басқарушылар – философтар

1. Ақылдылық

2. Аффективті

(эмоционалды)

2. Стратегтер - әскерилер

2. Батырлық

3. Сезімдік

3. Өндірушілер –жерөңдеушілер жәнеқолөнершілер

3. Өлшемділік

 

4-ші ізгілік ретінде – әділдікті алды, әділдік барлығынан жоғары тұрады, өйткені ол «ізгіліктерді құраушы негіз».

Платонның мемлекет жөніндегі құнды көзқарасы, мемлекеттің жетілген, идеалды және жетілмеген формаларын анықтау. Оны екі топқа жіктеп көрсетуге болады:

мемлекеттің жетілген, иеалды формалары:

а) Платонның идалды мемлекеті – құрыламынгың ең негізгі принципі - әділдік

б) Аристократия (аристократиялық республика)

жетілмеген, құлдыраушы мемлекеттік формалар:

а) Тимократия – баққұмарлардың билікті өз қолдарына алуы, онда қоғам іштей іріп-шіриді, өйткені билеуші топ дүниеге ие болуға, баюға ұмтылады.

б) Олигархия – (грек «азшылық»), азшылық көпшщілікке үстемдік жүргізуі, байлардың кедейлерді басқаруында, өшпенділік, қастандық жасау орын алады. Одан ысырапсыздық кең орын алады.

в) Демократия – мемлекеттік құрлыстың ең шашар түрі,, көпшіліктің билік жүргізуі, онда кедейлер мен байлар арасында өшпенділік өрши түседі. Өрескел түрдегі бостандық, еркіндікке бастан тиранияға жол ашады.

г) Тирания – қоғамдық биліктің бір адам қолына көшуі.

 

Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) – «Физика», «Механика», «Органон», «Жан туралы», «Никомахова этикасы», «Саясат», «Риторика» еңбектерінің авторы. Аристотель көне заманның энциклопедисті және өзіне дейінгі философия мен ғылыми білімді жүйеге келтіруші, танымал тұлға.

Аристотель шығармашылығын үшке бөліп қарастыруға болады:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: