Ф. Ницше философиясы «Билікке жету» 7 страница

51.Буддизм философиясындағы «Төрт ақиқат» мәселесі

Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілімі негізделген.1.Азаптану.2.Азаптанудың себебі.3.Азаптанудан босану.4.Азаптанудан босануға апаратын жол.Азаптан құтылу үшін сегіз сатыдан тұратын талаптарды орнындаукерек:1. дұрыс қабылдау;2. дұрыс ойлау;3. дұрыс әрекет;4. дұрыс өмір сүру салты;5. дұрыс күш жұмсау; 6. ақылды дұрыс қолдану;7. дұрыс ой шоғырландыру;8. дұрыс сөйлеу.Аталған сегіз жолды дұрыс игерген адам «архат» деп аталады, яғни қайтатуу тоталады. «Архат» - әулие деген мағынаны білдіреді.

52.Р. Декарт философиясындағы таным мәселесі

Декарт Рене (1569-1650 жж.) – француз физигі, физиологы, математигі және философы, рационализм бағытының көрнекті өкілі. Негізгі шығармалары: «Әдістер жөніндегі пікір», «Философия бастамасы», «Метафизикалық толғаныстар» т.б. Ол механика, космогония салаларында біршама жетістіктерге жетті. Философияны екі саладан тұрады деп түсіндірді: материалистік физика (табиғат туралы), идеалистік метафизика (философиялық жеке өз жүйесі).

Таным теориясы мәселелеріне баса назар аударып, білімнің көзі мен оның ақиқаттылығының өлшемі ол сыртқы дүниеде емес, адамның ақылмен іздеуінде деп байыптап, танымның көзі – интеллектуальды интуиция екендігін дәйектейді. Бұл сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен логикалық дәлелдерге сүйенбейді, әрі ақиқатқа тез жете алады деп интуицияның артықшылықтарына сүйенді. Интеллектуальді интуиция – материалды шындықтан таза ақылмен бөлінген нәрсе, ол жалпыға бірдей: ойлайды, өмір сүреді, таниды, мәселен, үшбұрыш үш сызықтан тұратындығын аңғарады т.б шындықтарды біледі. Бэконның таным теориясындағы индукцияға қарсы бірден-бір таным дедукция деп білді. Ол жалпыдан жекеге қарай жүретін логикалық тұжырым бола отырып, жеке ақиқатқа сәйкес келетін жалпы ұғымдардың интеллектуальді интуициясынан туындайды дей келе, нтуицияда ой қозғалысы жоқ, оған алғашқы, тікілей нақты жалпы қағидалар беріледі; дедукцияда ой қозғалысының процесі жүзеге асады. Интуициядан берілгендердің мазмұнын ашу дедукцияға жүктеледі деп пайымдайды.

Декарт білімдердің ақиқаттығына күдіктеніп, танымның басты екі мақсатын көрсетті: 1) қағидалардың, метафизиканың шығу көзін табу; 2) фантастикалық елестерден қашу, жалған ұғымдардан құтылу, схоластикадан арылу. Ғылым жолын осылай тазалау керек деп ой түйді.

53.Араб мұсылман перепатетиктері әл - Кинди, әл – Фараби

Әл-Фараби бойынша, қоғам әр түрлі қалалардан тұрады, олар «Қайырымды қала» және оған қарама-қарсылар, бұлар: «Надан қала», «Өнегесіз қала», «Құбылмалы қала» және «Адасқан қала».

«Надан қаланың» өзі бірнеше қалаларға немесе топтарға бөлінеді, «Қажеттілік қаласы», «Алмасу қаласы», «Аласалық және бақытсыз қала», «Атаққұмар қала». «Қайырымды қала» әл-Фарабиде – болашақтың жобасы.

Әл-Фараби «қала» мағынасында белгілі бір адамдардың әлеуметтік тобын немесе қабаты туралы, кейде мемлекет пен қоғам туралы айтатындығын атап өту керек. Бұл сол кездердегі терминдік сөздік қордың жетілмегендігімен байланысты.

Белгілі бір әлеуметтік индивидуумдарға, топтарға тән қасиеттер мен сипаттардың, қабілеттердің, адамгершілік сапалардың әр түрлі болуына қарамастан, феодалдық қоғамдағы әр түрлі қабаттар мен қоғамдық топтар арасында қарама-қарсы болуына қарамастан, адамдар, әл-Фараби пікірі бойынша еріктері мен тілектеріне тәуелсіз қажеттілік күшімен бірге өмір сүреді және қоғамды құрайды.

Қоғамның қалыптасу үрдісі алғашқы қауым адамдары арасындағы өндірістік қатынастардың қалыптасуы үрдісімен сәйкес келеді, ал өндірістік қатынастар алғашқы қауым адамдары өмірді сақтау мен тағам табу мақсатында бір-біріне көмектің мұқтаждығынан интстинктивті түрде немесе саналы түрде болсын өткір сезілді. Тарихи құбылыс болып есептелетін қоғам тарихи дамудың әр түрлі сатыларынан өте келе, өзінің дамуы барысында: рулық байланыс кейпінен тайпалыққа, одан халықтыққа, одан ұлттыққа дейінгі өзгерістерді бастан өткереді. Осындай қалыппен, мемлекетке қарғанда қоғамның көнелеу тарихы бар. Бұны да Әл-Фараби аңдаған болатын.

Қоғамның әрбір мүшесі оның саны мен алып жатқан аумағына қарамастан, олардың адамгершілік қырларын анықтайтын өздерінің әрекеттеріне сәйкес құрылатын әр түрлі индивидтерден құралады, сол қоғамның өзі әр түрлі әлеміш индивидтер мен топтардың қажеттіліктерімен құрылатындығына, оларға өзара қарым қатынас пен өзара байланысты реттеп отыратын белгілі бір тәртіп пен жүйе талап етілетіндігіне қарамастан қоғам құрылады.

54.Антика философиясындағы мектептер

Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. Олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.

Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.

Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» (гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады.

 

«Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы – қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер.

 

Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние – атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады.

Қазақ философиясындағы өлім мен өмір мәселесін қарастырған философтар

Қорқыт (ҮІІІ ғ.) Сыр бойында өмір сүген ханның дана көмекшісі ғана емес,, ескіні сақтаушы, ғұлама жыршы болған Оның есімінен экзистенциалистік сарынның барын аңғаруға болады. Қорқыт есімі «қорқу» сөзімен тығыз байланысты, өлімнен қашып өлместікті іздеген Қорқыт әрекетінен оның өлімнен қорыққандығын білеміз. Қорқыт өмірдің шекті, мәңгі еместігін өлімнен қашып құтылуға болмайтынын айтқан, өмір мен өлім мәселесімен толғанған. „Қорқыт ата кітабы" – түркі тілдес халықтардың өмір салты, тарихы, әдет-ғұрпы, ақындық дәстүрден хабардар ететін эпикалық-тарихи туынды. 12 дастаннан тұрады.

Шәкәрім философиясының өзекті жақтары:

- онтологиялық көзқарастарында деизм бағытын ұстанды. «Тіршілік, жан туралы өлеңінде:

Жаратылыс басы қозғалыс,

Қозғауға керек қолқабыс.

«Жан» де, мейлің бір «мән» де,

Сол қуатпен бол таныс.

Әлемді сол мән таратқан,

Қозғалысқа көшпейді,

Көшпеген нәрсе өспейді.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейді-

деп, болмыс өзгерісте болатындығын, оны өгеріске келтіретін қозғалыс екендігі, ал сол қозғалыстың өзінің тіпкі мәні болатындығын айтады. Түпкі мән тек қозғалысты тудырып, әрі қарай еш нәрсеге араласпайтындығын, сондықтан ол ешбір өгеріссіз қалатындығын тұжырымдады.

- жан мен тән арақатынасы мәселесінде, жанды алғашқы, ал тәнді екінші ретте санап, жанның қасиеті ақыл-парасатта, сондықтан жан тәнді билейді деп идеалистік бағытты ұстанды.

- таным мәселесінде, қоршаған дүнені тануда таным процессінің сезімдік және рационалды деңгейлерден өтетіндігін, танымның негізі ақиқатта, сол ақиқатқа жету жолында қажырлылық танытуды ескертті.

- Шәкәрімнің этикалық, ағартушылық көзқарастары негізінде «Үш анық» концепциясы қалыптасып, рухани ізденістерінің аумағы айқындалды.

- Алғашқы ақиқат – діни анықтықтың дәлелі дүниенің бір заңдылыққа сүйеніп дамитындығы мен ондағы кездейсоқтықтың болмайтындығы. Яғни, ойшыл бұндай заңдылық пен үйлесімділіктің түпкі тамырында Құдай жатыр.

- Екінші ақиқат – ғылым ақиқаты, жанмен, оның ажалсыздығымен байланысты ақыл-ойды алды. Шәкәрімде жанның мәңгілігі рухпен айқындалмайды, оның түсінігіндегі рух ақыл-ой қасиеті.

- Ал жанның азығы ретінде үшінші ақиқат ретінде ұжданды көрсетті. Ұждан – адамның ішкі рухани әлемі, онсыз адам жаннын елестету де мүмкін емес. Ұждан жанның азығы ретінде, адамның адамдығы мен адамгершілік қасиеттерінің негізі, қоғамдық дамудың көзі. Шәкәрім ар ілімімен қоғамдық дамытудың негізі мен оның дамуының жолын көрсетіп берді. Қоғамдағы әрбір адамның ары мен ұятын оятып, оны жетілдіру арқылы мүмкін екендігін айқындады. Адамның ішкі дүниесін жетілдіруді ұсынған ойшыл, ағартушы ретінде өзіндік ерекше жолды нұсқады. Оның нұсқаған жолы ар ілімінде көрсетілгендей адамды ең басты құндылық ретінде тану болып табылады. Ойшылдың бұл ойы бүгінгі күннің де мәнді мәселесі екендігі анық. Осы тұрғыда ойшылдың ілімінің құндылығы адамның өзін-өзі тәрбиелеу, мүмкіндіктерін тек жағымды жағдайларға пайдалану, адам деген атқа сай өмір сүру, өзін-өзі жетілдіру, білім мен еңбек арқылы дүниенің кілтіне ие болатындығы туралы ойларынан көрінеді.

56.Марксизм философиясының ерекшеліктері

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.[1]

 

Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.

 

Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.

Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.

Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:

 

В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.

Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.

Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды.

57.Элеаттар мектебінің өкілі

Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.

 

Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді.

 

Зенон

Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.

58.Т. Гоббстың «Адам эгоизмі мен мемлекеттер» мәселесі

Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңқы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.

 

Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік билік, оның түрлері".

 

Гоббс Томас өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген.

 

Ең маңызды жаратылыс заңы:

• бейбітшілікке үмтылу;

• бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;

• адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.

 

Жалпы Гоббс Томас 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.

 

Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.

 

Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.

 

Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.

59.Философиядағы болмыс мәселесі

Онтология грек тілінен аударғанда онтос — болмыс, логос — ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.

 

Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу.

 

Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.

60.А. Құнанбаевтың «Қара сөздерінің» ерекшелігі

Абай Құнанбаев. ─ қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы гуманист, ойшыл, философ, қоғам қайраткері әрі сазгер. Абай басқа философтар секілді әдейілеп философиялық трактаттар жазбағанымен. Бірақ, оның өлеңдері мен қара сөздері философиялық салиқалы ойларға, терең мағыналы толғауларға толы. Ол философиялық ойдың заңғар биігіне арнайы оқудан емес, өмір мен болмысты тоқу арқылы жеткен табиғаттың өзі тудырған ғұлама.

Шығармалары өлең түрінде жазылған, 45 қара сөзі (ғаклиясы) де бар. Абай қазақ фольклорын жетік меңгерді. Абайдың қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірлерінің негізіне: қазақ халқының әлеуметтік деңгейі, тұрмысындағы кемшіліктері, эстетикалық мәселелер, өнерді, білімді игеру, еңбекке баулу, өзбектер мен татарлар секілді белсенді саудаға араласу, дүниетанымында - Құдай мен Табиғат, Адам мен Құдірет, Жан мен Тән, Өмір мен Өлім мәселелері қойылды.

Танып-білу құмарлығы туралы отыз екінші сөзінде, дүние тану сатыларын былай белгілейді:

1. Білу үшін ынтық болу, білуді дәулет көру;

2. Білгеніңді жадыңда ұстап, тағы да жаңа білім алуға ұмтылу;

3. Білгеніңді жақсы ұғып, оның анық суретін іште, санада жайғастырып қою;

4. Білу мен құмарлықты игеру, ақиқатқа ұмтылу. Ақиқатқа көзің жетсе, соны пір тұту, өлсең де айырылмау.

Ол білімнің екі жолын көрсетті: мулахиза - барлық күш қуатыңды білу үшін қызмет етуге жұмылдыру; мухафаза - білгенді сақтау, оны дәріптей білу.

Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде материалистік және идеалистік көзқарастар, ой-пікірлер араласып жатады. Абай - деист. Құдайдың құдіретін тек жарату әрекетімен шектейді. Таным мәселесіне материалистік тұрғыдан қарайды, адамның танымы априорлық (тәжірибесіз ой жорамалдаушы) емес, шындықтың заттары мен құбылыстарының өзін білу, таным көзі объективтік дүние дейді. «Еңбек таным қабілетін дамытады. Елден естігенді санада (жадыда) сақтауға көмектеседі. Еңбек процесінде адам өз білімін ретке келтіреді, керекті білімді керексіз білімнен бөліп, ақылын арттыра түседі» - дейді. Бірақ Абай үшін ақиқаттың критерийі (дәйегі) ─ сайып келгенде практика емес, ақыл-ойдың өзі болып шығады. «Бұдан көсемсіз ел көгермейді, басшысыз ел азады, жер тозады, берекелі жердің көрікті болашағы басшыға, ел ағасына байланысты, сондай-ақ азаматының қадірін біл» - деген тамаша асыл ойлар туындайды.

Абай өз философиясында, адам болам десең бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой - бес асылың көнсеңіз деп өсиет айтады. Өсиеттерінің бірі - бірлік: бірлік алды тірлік, бірлік жоқ болса, оның үстіне күндестік қосылса, адамдардың әлеуметтік күйі құлдырап, төмендей беретінін айта келіп: «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ. Сапырылды байлығың, баққан жылқың» деп жазды. Қоғамдағы бір жағымсыз, зиянды құбылыс - маскүнемділіктің дерт болып жайылып бара жатқандығын көрегендікпен әшкерелейді. «Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі не пайда, не залалды біле алмай жүр». Абай білімсіздіктің, надандықтың, әлеуметтік ауыр жағдайға алып келетіндігін көрсетеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: