Ф. Ницше философиясы «Билікке жету» 6 страница

теоретикалық – болмыс мәселесін, барлығының пайда болу мәселесін қарастырған;

практикалық – адам әрекеті, мемлекет құрылымы мәселесін қарастырған;

поэтикалық

Аристотель философиялық ілімінінің негізгі жақтары ретінде мына төменгілерді алып қарауға болады:

Категориялар туралы ілім. Бұл ілім Платонның идеялар теориясына негіделіп, түрлі сападағы идеялар туралы ілім болды. Аристотель ең алдымен екі катигорияны ажыратып айтты: мән («субъстанция») және сапа («акциденция»). Мысалы, ізгілік идеясы және идеяның өзі мән мен сапаны көрсетеді. мән өзінен өзі өмір сүреді, ал сапа (немесе сан) қандайда бір мәнге сәйкес өмір сүреді, өзімен өзі бола алмайды. «Ізгілік» сапа катигориясы, ол өзімен өзі бола алмайды, біреудің қасиеті (ізгілікті адам, ізгілікті іс) ретінде өмсір сүреді.

Материя және форме туралы ілім немесе әрбір заттың екі себептілігі туралы ілім. Аристотель материя ұғымын ендірген алғашқы философ, онда ол қарапайым тіл және «материал» ұғымын пайдаланды. Форма Аристотель бойынша – заттың бейнесі, материядан белгілі бір затты тудыру үшін керекті әрекеттіліктің бастауы. Аристотель тілімен айтқанда форма әуелгі кезе болмыс «мүмкіндігі». Ал оның мүмкіндіктен шындыққа айналуы форма болып табылады. Материя Аристотель бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары, яғни таза мүмкіндік. Екінші жағынан мүмкіндік қана емес, таза шындық.

Логика. Болмысты тану тек логика көмегімен мүмкін болады. Логиканы «органикалық» ғылым ретінде қарастырды, яғни ол болмысты танудың құралы («органон») деп есептеді. Логика, Аристотель бойынша таным үшін методологиялық мәнге ие. Ол жалпыны жекеден, ақиқат білімді жалған білімнен ажыратуға көмектеседі. Жалпыны ажырататын әдісті Аристотель индукция (жекден жалпыны ажырату) деп атап, кейін ол жеке факторды түсіндіруге мүмкіндік береді деп тұжырымдады. Силлогизмдерден дәлелдеуді негіздейтін әдіс, яғни, жалпы тұжырымдардан – жекелеген пікірлерді алуды ол дедукция деп атады.

Жан туралы ілімі. Адамның өзге тіршілік иелерінен жануарлардан негізгі ерекшелігі оның ақылында.

Ақыл жалпылама ойлаудың мүмкіндігі. Адамның сөйлеу қабілеті осыған негізделген (сөйлеуде жалпылықтар туралы ойлар байқалады) ал жануарларда бұндай қабілеттілік жоқ. Адамда ғылым бар (яғни жалпы бастау туралы білім) және бұл жануарларда болмайды. Ақыл адм әрекетін шартты етеді, оның еркін қалыптастырады. Ерік адамның талпыныстарынан құралады және адамгершілік таңдауына (ол жалпы білімге негізделіп жасалған) дайындығын көрсетеді.

Аристотель бойынша адам жанында екі түрлі бөлгі бар: жануарлық және ақылды. Ақыл – индивидуалдылыққа жатпайтын, жалпылық, өзгермейтін және мәңгі. Ақыл барлығына ортақ, оның индивидуальды ерекшеліктері болмайды. Ол тәндік процестермен байланысты емес, жан тек ақылды бөлігінде ғана ажалсыз.

41.Жеке адам және қоғам санасы

Жетілген сана - өзіндік сана, өз ерекшелігіңді, қайталанбайтыныңды түсіну, ол тек адамға тән, өз-өзіне жауапкершілік жүктеудің басты себебі. Өзіндік сана - адамның танымдық, өнегелік, діни, эстетикалық және саяси салаларда өзінің іс-әрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын және жүріс-тұрысының дәлелін білуі, өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Өзіндік сана әр уақытта жеке адамға байланысты. «Өзіндік сана - білім. Менен басқа жерде еркін өмір сүре алмайды», - дейді Гегель. Оның мәні кісінің сезіну, күйзелу, ойлау ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік сананы объектендірудің қиындығы. Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы бар. Әр адам саналы. Бұл қоғамдық сананың ұлттық сипатының белгісі және жеке адам санасы тәрізді құрып кетпейтіндігінің куәсі. Қоғамдық сананы ары қарай дамытып жетілдіретін жеке тұлғалар, бірақ олар ол үшін қоғамдық сананың белгілі бір санасын жеткілікті түрде игеріп, оны ары қарай жалғастыра білуі керек. Тек осы жағдайда ғана ол тұлғалардың санасы да мәңгілікке өтеді, қоғамдық-ұлттық сананың ажырамас бір сипатына айналады.

Қоғамдық сана – бейнелеу түрі мен рухани дүниені жасау әдістері арқылы ажыратылады. Қоғамдық сананың адам санасына әсер етуінің екі жолы бар: 1. жеке адамдар санасы арқылы: 2. қоғамдық естелік (кітап, газет, теледидар, радио) арқылы. Қоғамдық сана - өте күрделi құбылыс. Олардың әрқайсысы өзiндiк салыстырмалы рухани құрлым, сонымен бiрге басқалармен жан-жақты тiкелей және жанама байланыста болады.

42.И. Канттың сынға және сын кезеңі

Канттың ғылыми еңбектерi екi кезеңге бөлiнедi: «Сыни кезеңге дейінгі» және «Сыни кезеңдегі».

Сыни кезеңге дейінгі кезеңінің мәні. «Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» деген еңбегі бойынша талданады. Бұл еңбекте:

1. Материяның бірлігі, қозғалысы және оның заңдары туралы жаңа ойлар айтты.

2. Жаратылыстану ғылым теориясының саласында тарихи екі жаңа гипотеза ұсынды:

а) Күн жүйесінің табиғи жолмен пайда болуы (ғылымға бұл Кант-Лаплас гипотезасы болып кірді). Күн жүйесінің газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлесі емес, жалпы дүниетанымдық, әдістемелік маңызы бар жаңалық болды. Оның космогониялық ілімі неміс философиясына үлкен әсер етті. Бұл ілім дүниеге деген қалыптасқан метафизикалық көзқарасты жеңді.

б) Тасқындардың салдарынан жердің айналуының бәсеңдеуі.

3. Дүние жаратылды деген пiкiрдi жоққа шығарып, жаратылыстану туралы еңбегінде материализм тұрғысынан шешті. Планеталардың алғашқы газға ұқсас тұмандардың қоюлануы арқылы, өзіне тән тартылыс және серпіліс секілді қарама-қарсы күштердің арқасында өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің әсерінсіз, пайда болатынын айтты. Хайуандардың пайда болуы, бүкіл дүниеге қалай таралғандығы жайлы, адамның табиғи жолмен шыққандығы туралы идеялар ұсынды.

4. Кант философиясының тарихы маңызы, оның диалектикалық ойлауды дамытуында болды.

Кант екінші кезеңде өзінің философиялық жүйесінің орталық мәселесі етіп адамды, оның тану мүмкiндiгiн қойды. Адамға керегі бостандық, бірақ ол адамда жоқ. Адамда бардың бәрі табиғи қажеттіліктің арқасында қалыптасты. Адамның рухани тілегі мына философиялық сұрақтарға байланысты:

1. Нені біле аламын? (Метафизика немесе философия). «Таза ақыл-ойды сынау». (1781 ж.)

2. Нені білуім керек? (Мораль, этикалық ілім). «Практикалық ақыл-ойды сынау» (1788 ж.)

3. Неге сенуге болады? (Дін) «Ақыл шеңберіндегі дін» (1793 ж.). «Антропология» (1798 ж.).

4. Адам деген не? (антропология).

Кант философиясы болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерді қарастырмастан бұрын, танып-білу мүмкіндігінің шегiн белгілеп алуды ұсынады.

 

Кант философиясы болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерді қарастырмастан бұрын, танып-білу мүмкіндігінің шегiн белгілеп алуды ұсынады.

«Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде таным мәселесін талдайды. Канттың пікірінше, таным процесі үш сатыдан өтеді: 1. Сезім-түйсік сатысы. 2. Сараптаушы ақыл-ой. 3. Таза ақыл-ой. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь-в-себе) – заттар мен құбылыстардың мәнi, біздің санамызда берiлген «біздік зат» (вещь-для-нас) - заттар мен құыбылыстардың сыртқы көрiнiсi немесе табиғат, деп екіге бөледі. Бұл дуалистік көзқарас. Өйткені, ол материалдық заттардың объективтік өмір сүруін мойындайды, алайда мәнін танып - білуге болмайтын «өзіндік зат» бар деп агностиктік ұйғарымға келеді. Зат ішіндегі мәнді ешуақытта таза ақыл-оймен анықтауға болмайды. Бұл трансцендентальдық, яғни логикалық ойлаудан, тәжірибиеден тыс.

43.Асан қайғы – Қазақ утописті жерұйық мәселесі

Аты аңызға айналған тұлғалардың бірі ХV ғасырдағы алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын, философ, ─ Асан Қайғы (ХV ғ.) атанып кеткен - Хасен Сәбитұлы. Оны Шоқан: «Көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы» деп атады.

Батыс Қазақстан жерінде өмір сүрген Асан Қайғы, Жәнібек ханның халыққа қысым жасаушы билігінен қашып, елдің көшіп жүрген тұрмысына қанағаттанбай, ренжиді. Желмаяға мініп әлемді, кең дүниені аралайды. Халыққа қолайлы көп жерді көреді. «Жерұйық» оның орындалмаған арманы. «Жерұйық» ─ қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған, ел аласы, ру таласы жоқ, қойны құт, суы сүт жер. Бірақ ол оны ешжерден таба алмай қайғырады.

 

44.Қоғамның әлеуметтік құрылымы

Әлеуметтік құрылым - [лат. structura - қүрылым] - қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі қүрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олардың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы. Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың болуы жатады. Әлеуметтік құрылым үғымы "таптық қүрылым" үғымынан әлдеқайда кең, өйткені ол қоғамды тек таптарға емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік топтарға, жіктерғе бөледі. Әлеуметтік құрылым қоғамның түтастығын және түрақтылығын сақтауда аса маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік құрылым мәселелерін әлеуметтік жіктелу теориясы қарастырады. Әлеуметтік құрылым –қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеуметтік құрылым қатарына халықтың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, жеріне т. б. ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Әлеутеттік-таптық құрылым таптардан және сол таптардың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады.Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік қатынас әлеуметтік құрылымның негізі болып табылады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі негізіне әлеуметтік қауымдықтар қалыптасады. Меншіктік қатынас қалыптасқан әлеуметтік құрылымды экономикалық тұрғыдан негіздейді.Қазіргі қоғамда әлеуметтік құрылымның дамуында екі негізгі үрдісті атап кетуге болады. Біріншісі, қоғамдағы дифференциациалау процестерінің белсенді түрде жүруі мен жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуымен ерекшеленеді. Екіншісі, әлеуметтік құрылымның дамуына тікелей ықпал тигізетін дүниедегі экономика саласындағы интеграциалық процестер.Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатында бұл процестерді үнемі ескеріп отыру керек. Мұндай саясат барлық әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеуге, олардың мүдделерін үйлестіруге негізделген. Ең бастысы — әлеуметтік әділеттілік принциптерін сақтай отырып олардың тұрақты өмір сүруіне жағдай жасаумен әл ауқатың көтеру. Әрине, бұл проблемаларды шешу онай емес. Әлеуметтік қауымдарға таптар, стратылар, кәсіби және салалық топтар, ұлыстар, ұлттар, ұлтаралық және аймақтық қоғамдастықтар, демографиалық топтар, адамдардың қалалық және ауылдық өмір сүру формалары, еңбектік, жанұйалық және т.б. құрылымдар жатады. Әлеуметтік қауымдар өте күрделі ұйымдасқан, өз кезінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста және өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі әлеуметтік топтар мен құрылымдардан тұрады. Даму процесінде олардың құрамы саны және сапасы жағынан өзгереді, жаңа қауымдықтар пайда болады, әлеуметтік мобильділік арта түседі. Бұл өзгерістердің бағыты көп жағдайда қоғамның дамуын белгілейді. Адамдардың санына қарай әлеуметтік қауымдар үлкен (таптар, ұлттар, кәсіби және салалық топтар және т.б.), орташа (аймақтық қауымдар, өндірістік ұжымдар және т.б.), кіші (жанұя және т.б.) болып үш топқа бөлінеді.Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихи ұғым болып табылады. Әрбір жеке қоғамның белгілі бір әлеуметтік құрылымы болады.

45.Ежелгі Шығыс философиясындағы моральдық, адамгершілік мәселелері Моизм, Конфуцизм, Даосизм

Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу — бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.

Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

 

Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол — алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз.

 

Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздерібұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар — дао, дэ, у-вэй. Дао — әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол — даоға кереғар қағида. Дао — өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» — заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды.

46.Қоғамдағы даму ұғымы

Қоғам дегеніміз - адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Адамзат қоғамы - табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші.

Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл бұрын және қазіргі кезде де бірыңғай пікір жоқ. Себебі, қоғамда көптеген жасырын терең құпиялар көп, оларды ақыл-оймен танып білу, дұрыс пікір айту өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар: философия, социология, саяси экономия, тарих, демография, т. б., бұлар өздеріне зерттеу объектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған жоқ. Огюст Конт (1798-1857ж. ж «Социология» (лат.socialis –социатас қоғам, гр. Logos- ілім сөз) «қоғам туралы ілім» терминін ғылым айналымына енгізді. Ол қоғамды жеке адамдардың жай жиынтығы емес, керісінше олардың өндірістегі қабілетіне, рухани, өнегелік және саяси қызметтерінің дәрежесіне байланысты қоғам жетіледі, әрі дамиды дейді.

 

47.Философияның негізгі екі сұрағы

Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ – бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық ерекшеліктері: Бұл мәселенің маңыздылығы – оның дұрыс шешілуінен қоршаған әлем, дүние, орта, адам туралы тұтас білімнің қалыптасуы тәуелді, ал бұл философияның ең басты міндеті болып табылады.

Материя мен сана –болмыстың екі бөлінбейтін жөне соған қарамастан қарама қайшы сипаты. Осыған байланысты философиянфң негізгі сұрағының екі жағы антологиялық және гносеологиялық сәйкес, материализм, идеализм, эмпириззм, рационолизм деген негізгі бағыттар болады. Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ – бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық негізгі сұрағының екі жағы: Онтологиялық жақ мәселені қою және шешу; материя ма әлде сана бірінші пайда болды ма?

 

Онтологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар.

 

Объективті идеализм, субъективті идеализм, материализм, аналты материализм,дуализм, деизм

 

Гнесеологиялық жақ дүние танымға жата ма, жоқ танымсыз ба?, таным процесінде не бірінші турады?

 

Гнесеологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар;

 

Гностицизм

 

Агноцтстизм

 

Эмпиризм инсуализм

 

Рационализм

 

48.XX ғ. Философиялық ағымдары прагматизм, персонализм

Персонализм (лат. Perona - тұлға) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.

Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі негізін салушы Чарльз Пирс (1834-1914) және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм ағымының бір түрі - инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар тек қару болып есептелінеді. Инструментализм «қоғамдық прогресс» дегеніміз–нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты эмпиризм болғандықтан, тәжірибеге көп көңіл аударды. Ол алғашқы түрткі болатын идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.

 

Ф. Ницше философиясы «Билікке жету»

Ф. Ницше философиясының мақсаты ─ адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне көмектесу. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат - «ерік».

Алғашқы кезде Ницше Шопенгауэрдің тұжырымдамасын қолдап, оны философияның негізгі мәселесі етіп «ерікті» қойды, кейіннен Ницше классикалық философияның категориялары - материя мен рухтың орнына, «билікке жету еркін» қойып, Шопенгауэрден де алшақтайды. Ницше өмірдің мәнін анықтай отырып, оны «билікке жету еркі» - деп есептеді. «Билікке жету еркі» - бұл қоғамдағы өмірдің негізгі мотиві, ол адам табиғатының өмір сүру негізінде бар. Еркектің әйелге, ақсақалдардың жастарға билігі, т. б. Ницше еркі жоғары, қолынан іс келетін адамға табынуды уағыздайды. Осы ілім кейін Гитлер өкіметінің мемлекеттік идеологиясымен, философиясына айналды: өкіметті басқару үшін дана болудың қажеті жоқ, тек ерік пен күш болса болды. Ницше ұраны - «қорқынышты өмір сүр». Ницше әдептілікті релятивтік түрде түсінді, әлсіздерге не жақын болса, күштілерге сол жаман болады деді.

50.И. Канттың антиномиялар философиясы

Кант ілімінде танымдық қабілеттің негізі мәселесі: ақыл ой мен антиномиялар туралы болды. Әр ойдың кері түрі бар деген диалектикалық заң ретіндегі антиномияға мыналар жатады. Кеңістік және уақыт: дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті; дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шексіз. Қарапайым және күрделі: әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады; дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ. Бостандық және себептілік: дүниеде табиғи заңдар бойынша себептік қана емес, бостандық та бар; Бостандық жоқ. Дүниеде барі қатаң себептіліктегі заңдар бойынша жасалады. Құдай және мән: Құдай бар, сөзсіз тіршілік иесі, дүние мәні; Құдай жоқ, дүние мәнсіз. Ешбір абсолютті тіршілік иесі жоқ. И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама қарсылықтың бірлігі мен күресі деген диалектикалық заңының ашылуына үлкен ықпал жасады. 1783 ж. «Пролегомендер» кітабында философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп олардың он екісін атап көрсетті. Канттың пікірінше, сараптау категориясының көмегімен түйсіктегі ретсіздікті ақыл ойдың сөресіне орналастырып, олардың қызметін нәтижелі етуге болады. Ол он екі категориярн төрт топқа, әр топта үштен орналастырды, сонымен бірге алғашқы екі категория қарама қарсы сипатты, үшіншісі синтезді білдіреді. Сан категориясы: Бірлік, көптік, тұтастық; Сапа категориясы: Нақтылық, терістеу, шектеу. Қатынас категориясы: Субстанциональдық, Себеп және салдар, әрекеттестік; Модальдық категориясы: Мүмкіндік және мүмкін еместік, өмір сүру мен сүрмеу. Қажеттілік пен кездейсоқтық.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: