Эхинококк. Альвеококк 8 страница

Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін?

 

*геморроидалды түйіннің тромбозы

*созылмалы геморройдың асқынуы

*+параректалды абсцесс

*тік ішектің полипы

*тік ішектің рагы

 

 

Жедел ішек түйілу

*2*18*2*

 

#488

*!Ауруханаға 60 жастағы науқас жедел ішек түйілуінің клиникасымен жатқызылды. Ирригоскопия кезінде жоғарылаған тоқ ішекте анық контурларымен екі тісшелі толу дефектісі анықталды.

Жедел ішек түйілуінің қай түрі болуы мүмкін?

 

*соқыр ішектің обтурациялық түйілуі

*+инвагинация

*соқыр ішектің бұралуы

*жіңішке ішектің бұралуы

*түйін түзілу

 

#489

*!Хирургиялық стационарға 45 жастағы науқас жедел ішек түйілуінің клиникасымен жатқызылды.Қарап тексру кезінде оң жақ мықын аймағының түсуі және сол бөлігінің ісінгені байқалады. Жедел ішек түйілуінің қай симптомы болуы мүмкін?

 

*Обухов ауруханасы

*Цеге-Мантейфель

*+Шимана-Данса

*Спасокукцкий

*Валь

 

#490

*!Жедел ішек түйілу клиникасымен түскен науқасқа тазарту клизмасын жасағанда 500 мл ғана су енгізілді. Бұл жерде жедел ішек түйілуінің қай симптомы болуы мүмкін?

 

*Обухов ауруханасы

*+Цеге Мантейфель

*Шиман Данс

*Спасокукоцкий

*Валь

 

#491

*!Ішектің жедел түйілуі клиникасымен түскен науқастың іш қуысы жалпы шолу рентгеноргаммасында Клойбер тостағаншалары мен Керкринг қатпарлары анықталды. Анықталған рентгенологиялық белгілер қандай ішек түйілу түріне тән?

 

*+жіңішке ішек түйілуі

*тоқ ішек түйілуі

*сигма тәрізді ішектің бұралуы

*инвагинация

*қуысты ағзаның перфорациясы

 

#492

*!56 жастағы пациент ішінің кебуі, үлкен дәрет пен желдің шықпауына шағымданып клиникаға түсті. Тексеру барысында Цеге-Мантейфель және Обухов ауруханасы симптомдары оң болды. Ішек түйілуіне төменде келтірілген себептердің қайсысы әкелуі мүмкін?

 

*соқыр ішектің қатерлі ісігі

*диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

*+ сигма тәрізді тоқ ішектің бұралуы

*илеоцекальды ирвагинация

*жіңішке ішектің бұралуы

 

#493

*!45 жастағы науқаста физикалық күштемеден кейін толғақ тәрізді ішін толық қамтитын ауыру сезімі басталды. Бірнеше сағаттан соң жүрегі айнып, құсу, іштің кебуі, газдың кідіруі болды. Бұл аталған симптомдар кешені қай ауруға тән?

 

*+жедел ішек түйілуіне

* асқазан ойық жарасының тесілуіне

*жедел панкреатитте

*жедел аппендицитте

*жедел холециститте

 

#494

*!40 жастағы науқаста оң жақ шап жарығының қысылуынан 6 сағат өткеннен кейін өздігінен қалпына келуі болды. Науқастың жарығына операция жасалды, Келесі күні науқастың жағдайы нашарлап перитонит клиникасы дамыды. Перитониттің себебі қандай?

 

*шәует шылбыры қан тамырларының қысылуы

*+ішек ілмегінің некроздануы

*ерте жабыспалы түйілу

*мезентериальды қан тамырдың тромбозы

*пилефлебит

 

 

#495

*!Аппендэктомиядан кейінгі 6 күні науқаста толғақ тәрізді ауыру сезімі мен іштің кебуі, нәжіс пен газдың кідіруі пайда болды. Динамикасында құсу болғаны белгілі.

Бұл жерде аталған операциядан кейінгі асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*аппендикулярлы артериядан қан кету

*+жабыспалы ішек түйілуі

*мезентериальды қан тамырдың тромбозы

*Дуглас кеңістігінің абсцессі

*тігістің босап кетуі

 

#496

*! 26 жасар науқаста аппендэктомиядан кейін 8 тәулік өткенде жабыспалы ішек түйілу клиникасы пайда болды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

 

*+іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

*пневмогастрография

* ректороманоскопия

*лапороскопия

*ФГДС

 

 

#497

*!Әйел адам 65жаста, ішінің тұтас ауруына, ішінің кебуіне, үлкен дәрет пен газдың кідіруіне шағымданады. Бір жылда 15 килограммға дейін арықтаған, Ирригоскопияда контрастты зат сигма тәрізді ішектен ары өтпейді. Аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*+сигма тәрізді ішекті обтурациялаушы ісік

*ішектің илеоцекальды инвагинациясы

*спастикалық колит

*Крон ауруы

*сигма тәрізді ішектің бұралуы

 

#498

*!Жедел ішек түйілуінің клиникасымен түскен науқаста тік ішегінен таңқурай желесі тәрізді бөлінді анықталды. Сіздің болжамалы диагнозыңыз қандай?

 

*+илеоцекальды инвагинация

*сигма тәрізді ішектің бұралуы

*жедел жабыспалы ішек түйілуі

*соқыр ішектің бұралуы

*жіңішке ішектің бұралуы

 

#499

*!78 жастағы науқасқа жедел ішек түйілуіне байланысты операция кезінде ішек қуысында 5/4 см өт тасы анықталды, әкелуші ішек ілмектері кенет ұлғайған. Науқаста ішек түйілуінің қандай түрі болуы мүмкін?

*+жедел обтурациялық ішек түйілуі

*жедел жабыспақ ішек түйілуі

*паралитикалық әшек түйілуі

*жедел странгуляциялық ішек түйілуі

*инвагинация

 

#500

*!Қабылдау бөлімшесіне 17 жасар науқас келіп түсті. Зерттеуден кейін «Илеоцекальды инвагинация» диагнозы қойылды. Анықталған патологияға қандай клиникалық белгі тән?

 

*+артқы өтістен таңқурай желесі тәрізді қансыраған бөлінді

*кофе тұнбасы тәрізді құсық

*қан құсу

*қара түсті нәжіс

*гематурия

 

#501

*!Жедел ішек түйілу кезіндегі «шалпыл шуы» симптомының механизмі немен түсіндіріледі?

 

*+ішек қуысында сұйықтық пен газдың жиналуы

*газдың асқазанда жиналуы

*іш қуысында бос газдың болуы

*іш қуысында бос сұйықтықтың болуы

*ішекте газдың болуы

 

#502

*!Жедел ішек түйілуі диагнозымен келіп түскен науқаста перкуссия кезінде созылған ішек ілмегі тұсында металл қосындысымен тимпаникалық дыбыс естіледі. Бұл белгі автор бойынша қалай аталады?

 

* Обухов ауруханасы

* Цеге Мантейфель

* Шиман Данс

* Спасокукцкий

*+ Кивуль

 

#503

*!Қабылдау бөлімшесіне науқас ішінің кебуіне, жүрегінің айнуына, құсуға,газдың шықпауына шағымданып келді. Қарап тексергенде іші ассиметриялы, қампайған, перкуссия жасағанда кей жердерде жоғарғы тимпанит анықталады. Көрсетілген белгілерге сүйене отырып қандай болжамалы диагноз қоюға болады?

 

*асқазанның перфоративті ойық жарасы

*+жедел ішек түйілуі

*жедел панкреатит

*мезентериальды қан тамырларының тромбозы

*перитонит

 

#504

*!Жедел ішек түйілу белгілерімен келіп түскен науқаста ішінің ассиметриясы, қолға сезілетін ішек томпаюы, көзге көрінетін перистальтика және ішке перкуссия жасаған кезде тимпаниттік дыбыс байқалады. Жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер қай симптомға тән?

 

*Обуховской больницы

* Цеге Мантейфель

* Шиман Данс

* Спасокукоцкий

*+Валя

 

#505

*!Жедел ішек түйілуі белгілерімен келіп түскен науқаста іш қуысының аускультациясы барысында «тамшылар дыбысы» естіледі. Аталған клиникалық белгі қай симптомға тән?

 

* Обухов ауруханасы

* Цеге Мантейфель

* Шиман Данс

*+Спасокукоцкий

* Валь

 

 

Эхинококк. Альвеококк

*2*9*2*

 

#506

*!Ауруханаға 36 жастағы ер адам оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімге байланысты шағымданып түсті. Кейде терісінің қызарып қышынуы болып тұрады. Өрісте мал шаруашылығымен айналысады. Пальпация кезінде бауырдың сол жақ бөлігінде ісік тәрізді түзіліс анықталады.

Осы науқаста НЕҒҰРЛЫМ тән қандай аурудың белгілерін анықтауға болады.

 

*гепатит

*бауыр шемені

*+бауыр эхинококкозы

*өт тас ауруы

*аллергиялық дерматит

 

#507

*!Науқас 30 жаста, анамнезінде эхинококк кистасымен ауырады, кенеттен ішінің барлық аймағында, әсіресе оң жақ бөлігінде қатты ауру сезімі пайда болды. Жағдайының ауырлағанын аттан құлағанымен байланыстырады. Ультрадыбыстық тексеру кезінде құрсақ қуысында сұйықтық бар екендігі анықталды.

Осы жағдайда төменде аталған асқынулардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән?

 

*жарақаттық шок

*киста қуысына қан кету

*эхинококк кистасының іріңдеуі

*кистаның өт қалтасына жарылуы

*+кистаның құрсақ қуысына жарылуы

 

#508

*!Науқас 53 жаста, емхана хирургына қаралуға барғанда эпигастралді аймақта ісік тәрізді түзіліс анықталды. Латекс-агглютинация реакциясы шамамен 1:64. Құрсақ қуысының КТ бауырының сол жақ бөлігінде қабырғасы әктвстанған дөңгелек пішінді түзіліс анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән.

 

*бауырдың солитарлы кистасы

*бауырдың абсцессі

*ұйқы безінің кистасы

*+бауырдың эхинококкозы

*асқазан рагі

 

#509

*!Науқас 48 жаста, ер адам, әлсіздік, шаршағыштық және қысқа уақыт ішінде тез арықтауына шағымданып ауруханаға түсті. Ауырғанына 6-7 ай болған. Пальпация жасағанда эпигастрийде тығыз, аздап ауыратын түзіліс анықталады. Қан анализінде эозинофилия, реакция-аглютинация денгейі 1:54.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*бауыр шемені

*бауырабсцессі

*+бауыр альвеококкозы

*бауырдың солитарлы кистасы

*бауырдың эхинококкозы

 

#510

*!Бауырдың эхинококкозымен ауыратын ер адамда терісінің сарғаюы, қалтырау және дене қызуының жоғарылауы байқалды.

Осы жағдайда төменде аталған асқынулардың қайсысы бауыр эхинококкозына тән?

 

*холемиялық қан кету

*киста қуысына қан кету

*эхинококкоз кистасының іріңдеуі

*+кистаның өт жолдарына жарылуы

*кистаның құрсақ қуысына жарылуы

 

#511

*!Ауруханаға 33 жасар, ер адам оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне байланысты шағымданып келіп түсті. Қарап тексергенде тері жабындыларында майда бөртпелер байқалады. Қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ артуы және Кацони сынамасы оң. УДЗ кезінде бауырда гомогенді, қуысты түзіліс анықталады.

Осы жағдайда төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы тән?

*бауыр рагі

*бауырдың солитарлы кистасы

*бауыр шемені

*бауыр гемангиомасы

*+бауыр эхинококкозы

 

#512

*!Ауруханаға 44 жастағы әйел адам, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданып түсті. Қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ жылдамдауы анықталды. Құрсақ қуысының шолымалы рентгенограммасында оң жақ диафрагма күмбезінің жоғары тұрғаны анықталады. УДЗ кезінде шеттері анық, гомогенді екі қуысты түзіліс анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*бауыр рагі

*баургемангиомасы

*бауырдың солитарлы кистасы

*өкпе альвеококкозы

*+бауырэхинококкозы

 

#513

*!Ауруханаға 44 жастағы ер адам, оң жақ қабырға астындағы сыздап тұратын ауру сезіміне, әлсіздікке және бөртпе түрінде көрінетін аллергиясына шағымданып түсті. Қан анализінде эозинофилия, серологиялық реакция латекс-аглютинация және тікелей емес гемаглютинация анықталды. Құрсақ қуысының шолымалы рентгенограммасында диафрагма күмбезінің жоғары орналасқаны көрінеді.

Диагнозды анықтау үшін НЕҒҰРЛЫМ мәліметті қандай тексеру әдістерін жүргізесіз?

 

*+УДЗ

*ФГДС

*лапароскопия

*ирригоскопия

*эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография

 

#514

*!Науқас 44 жаста, осыдан 5 жыл бұрын бауыр эхинококкозына байланысты операция жасалған. Жасалған операция көлемі туралы толық білмейді. Құрсақ қуысының УДЗ жүргізгенде бауырдың оң жақ бөлігінде ішінде сұйықтығы бар қуысты түзіліс анықталды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*+бауыр эхинококкозының рецидиві

*бауыральвеококкозының рецидиві

*бауырдың солитарлы кистасы

*бауыр абсцессі

*бауыррагі

 

 

Аяқ тамырларының варикозды ауруы

*2*7*

#515

*!Науқас 26 жаста, сол балтырының икра тәрізді бұлшық етінде кернеп тұрғандай ауру сезіміне шағымданады, аяқ басы мен балтыры ісінген, дене қызуы-37.8 С. Мозес, Хоманс симптомдары оң. Анамнезінде: осыдан 5 күн бұрын медициналық орталықта хирург дәрігер аяғының варикозды кеңейген веналарына склеротерапия жүргізген.

Төменде көрсетілген асқынулардың ҚАЙСЫСЫ болуы мүмкін?

 

*балтыр венасының ауалы эмболиясы

*+терең веналарының тромбозы

*тері астылық тромбофлебит

*балтыр артериясының тромбозы

*бұлшық ет аралық гематома

 

 

#516

*! 33 жастағы әйел, ауруханаға сол жақ балтырындағы кеңейген варикозды веналары ұзына бойы тығыздалғанына шағымданады. Сипап қарағанда ауру сезімі анықталады. Анамнезінде: аяқтарында варикозды кеңейген веналары бұрыннан бар, ұзақ уақыттан бері жүктілікке қарсы дәріні қабылдайды.

Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсы болуы мүмкін?

 

*лимфаденит

*+тромбофлебит

*липома

*киста

*трофикалық ойық жара

 

#517

*!Аяқтың терең веналарының жедел тромбозы төменде көрсетілгендердің қайсысына ЖИІ әкеледі?

 

*жедел ми қан айналымының бұзылысы

*коронарлы артерия және вена жүйесінің бұзылысы

*+өкпе артериясының тромбозы

*өкпе венасының тромбозы

*бүйрек және бауыр артериясының тромбозы

 

#518

*!Төменде көрсетілген клиникалық көріністердің қайсысы аяқ веналарының варикозды кеңеюіне тән?

 

*аяқ терісінің тез арада бозаруы

*балтыр және аяқ басы терісін ұстап қарағанда мұздай болуы

*+тез шаршағыштық, аяқтағы ауырлық және кернеп тұрғандай сезімнің болуы

*алма-кезек ақсаңдау

*қысқа қашықтыққа жүргенде аяқтағы ауру сезімі

 

#519

*!Хирургия бөлімшесінде емделіп жатқан, 65 жастағы науқасқа шынтақ венасына тамырішілік инфузия жасағаннан кейін, оң қолының ине салған тұсында көктамыр бойымен тығыздалу, терісінің қызаруы, ауырсынуы пайда болған. Оң қолын бүккен кезде ауру сезімі күшейе түседі.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*инфильтрат

*флегмона

*+тромбофлебит

*лимфаденит

*артроз

 

#520

*!Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы аяқтың терең веналарының жедел тромбозына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*+ісіну, кернеп ауру сезімі, Хоманс симптомының оң болуы

*күйдіргендей, сұққандай ауру сезімі, шыбын-шіркей жүргендей сезім

*аяқтағы қатты ауру сезімі, бозаруы, қозғалысының шектелуі

*белде, іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезімі, аяқтағы тырыспалар

*шап қыртысынан төменгі аймақта пульсацияның болмауы, аяқ саусақтарының мұздауы және ауру сезімі

 

#521

*!Емханаға 33 жастағы науқас келесі шағымдармен келді: ұзақ уақыт ұшақта ұшып келген соң, оң жақ балтырында кенеттен ауру сезімі пайда болып, аяқ басы мен балтыры ісінген. Қарап тексергенде терісі көгеріп, веналары айқындалған, Хоманс және Мозас симптомдары оң, жүрген кезінде аяғы қатты ауырады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*жедел артериялық бітелу

*+жедел тізе асты венасының тромбозы

*аяқтардың лимфостазы

*бұлшық ет аралық гематома

*шонданай нервісінің қысылып қалуы

 

Тромбоз және эмболия

*2*7*

#522

*!Тромбоэмболия кезінде қайсы дәрілік заттарды қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*реополиглюкин

*В тобындағы дәрумен

*актовегин

*никотин қышқылы

*+гепарин

 

#523

*!Науқас 65 жаста, 2 жылдан бері алма-кезек ақсаумен ауырады, бірақ ешқашан медициналық көмек алмаған, емделмеген. Қабылдау бөлімшесіне келмес бұрын 9 сағат алдын, оң жақтағы аяғы кенеттен мұздап ауырып, жансызданған. Қарап тексергенде, оң аяғы бозарған, ұстағанда мұздай, тері асты веналары толымсыз, белсенді қозғалысы мен сезімталдығы төмендеген, шап қыртысынан төменгі жақта тамыр соғысы анықталмайды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*мықын венасының тромбозы

*мықын артериясының эмболиясы

*ишалгия

*нейробұлшық етті синдром

*+мықын артериясының тромбозы

 

#524

*!Науқас 30 жаста, травматологияның қабылдау бөліміне сол жақ қолының ауру сезіміне, жансыздануы, мұздауы, сонымен қатар саусақтарының қоғалысының шектелуіне шағымданып түсті. Анамнезінде туыстарының айтуы бойынша мас күйінде сол жақ қырымен жатып ұйықтап қалған. Қарап тексергенде сол жақтағы қолы мұздай, бозарған, йық артериясында тамыр соғысы анықталмайды.

Осы жағдайға төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*+йық артериясының тромбоэмболиясы

*йық артериясының эмболиясы

*бұғана асты венасының тромбозы

*краш синдромы

*сол қолдың перифериялық ангиоспазмысы

 

#525

*!Науқас ауруы басталғаннан кейін бір тәулік өткен соң, оң аяғының қатты ауру сезіміне, жансыздануы мен мұздауына шағымданып түсті. Науқасқа бірнеше күн алдын коронарография жасалған.

Көрсетілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*+эмболия

*тромбоз

*миокард инфарктысы

*ишиалгия

*перифериялық ангиоспазм

 

#526

*!Науқас 55 жаста, сол жақ аяғының қатты ауру сезіміне, мұздауына, аяқ саусақтарының қозғалысының шектелуіне шағымданады. Анамнезінде: ревматизмге байланысты ревматолог дәрігерде есепте тұр. Аяғын тексеріп қарағанда мұздай, бозарған, сан артериясындағы пульсациясы жоғарылаған, тізе асты артериясында пульсациясы анықталмайды. АҚ-150/90 мм.сн.бағ, аритмия.

Алдын-ала қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*жедел миокард инфарктысы

*+сан артериясының эмболиясы

*сан артериясының тромбозы

*шонданай нервісінің қысылуы

*сол аяқтың гемипарезі

 

#527

*!Төменде көрсетілген себептердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ өкпе артериясының тромбоэмболиясына әкеледі?

 

*құрсақ қолқасының тромбозы

*қақпа венасының тромбозы

*йық артериясының тромбозы

*+төменгі қуыс жүйесінің тромбозы

*артериовенозды жыланкөзі

 

#528

*!Науқас 71 жаста, оң тізе буынының шығып кетуіне байланысты травматология бөлімшесіне түсті. Шыққан сүйегін орнына салғаннан кейін 2 күн өткен соң оң аяғында қатты ауру сезімі, жансыздануы байқалған. Қарап тексергенде: балтыры, аяқ басы мұздай, тері асты венасы босаңсыған, аяқ басы және тізе асты артериясының пульсациясы анықталмайды. Тізе буынының көлемі үлкейген.

Төменде көрсетілген патологиялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*гемартроз

*бұлшық ет аралық гематома

*жарақаттық артериоспазм

*+тізе асты артериясының жедел тромбозы

*Марторелл синдромы

 

Атеросклероз

*2*7*

 

#529

*!Науқас 48 жаста, анамнезінде: гангрена болуына байланысты бұрын екі аяғының ампутациясы жасалған. Осыдан 3 күн бұрын сол қолының саусақтарында кенеттен қатты ауру сезімі, бозаруы, мұздауы, содан кейңн көгеруі мен ісінуі болған. Ауруының қатты болуына байланысты науқас түнде ұйықтай алмайды. Сол қолының шыбық және шынтақ артерияларында пульсациясы күрт төмендеген. Оң жақ қолындағы артерияларының пульсациясы сақталған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келуі мүмкін?

 

*+ облитерациялық тромбангиит

*қол артерияларының эмболиясы

*Мартореллсиндромы

*Рейносиндромы

*мойын омыртқасының остеохондрозы

 

#530

*!Науқас 65 жаста, 2 жылдан бері алма-кезек ақсаумен зардап шегеді. Ангиографияда – бифуркация деңгейіндегі құрсақ қолқасының стенозы, қолқа қабырғасының атеросклероздық өзгерісі анықталды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*мықын венасының тромбозы

*мықын артериясының эмболиясы

*абдоминальді ишемиялық синдром

*Такаясу синдромы

*+Лериш синдромы

 

#531

*! Облитерациялық атеросклероз және облитерациялық эндартерииттің салыстырмалы диагностикасын жүргізгенде төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мәліметті?

 

*компьютерлік томография

*реовазография

*+аорто-артериография

*пирофосфатты Те99 (технеций) радионуклидті тексеру

*УДДГ

 

#532

*! Науқас 55 жаста, жүрген кезде сан және бөксе бұлшық еттерінің ауру сезіміне, жыныстық күш қуатының төмендеуіне шағымданады. Соңғы кезде тоқтаусыз не бары 70 метр ұзақтыққа ғана жүре алады. Қарап тексерген уақытта аяқтарындағы сан артерияларының екеуінде де пульсациясы анықталмайды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*+Лериш синдромы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: