Эхинококк. Альвеококк 6 страница

 

*емханаға жіберу

*туберкулезге қарсы диспансерге жіберу

*+стационарға жатқызу

*үйіне нұсқаулап беріп қайтару

*санаторлы ем

 

#403

*!45 жастағы науқас дем алғанда оң жақ кеуде қуысындағы ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке, көп мөлшерде іріңді қақырыққа шағымданым келді. Тексеріп қараған кезде оң жақ кеуде қуысында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталады. Кеуде торының рентгенографиясында өкпенің төменгі бөлігінде көптеген абсцесстер анықталды.

Төменде көрсетілген инфекцияның өкпеге өту жодарының қайсысы болуы мүмкін?

 

*+гематогенді-эмболиялық

*жатыр-түтікшелік

*аспирациялық

*инъекциялық

*энтералды

 

#404

*!Науқас 29 жаста, стационардың терапия бөлімшесінде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы диагнозымен емделуде. Екінші күні нақастың жағдайы күрт нашарлады. Дене қызуы 390С-ге дейін көтерілді, ентігу, терінің көгеруі, шірікті иісті іріңді қақырық пайда болды. Кей жерлерде қораптық дыбыспен ауысытын перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Лейкоцитоз - 25х109/л.

Науқаста төменде көрметілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*гидропневмоторакс.

*+өкпе гангренасы

* плевра эмпиемасы

*абсцесс легкого

*ателектаз

 

#405

*!29 жастағы науқас ауруханаға қатты жөтелдің мазалауы, дене қызуының 390С дейін көтерілуі, айқын ентігу шағымдарымен келіп түсті. Қарап тексергенде кеуде қуысының оң бөлігі тыныс алу актісінде қалып қояды, аускультативті оң өкпенің төменгі және жоғарғы бөліктерінде тыныс естілмейді. Кеуде торының рентгенографиясында оң өкпеде ортасында горизонтальді деңгейі бар шектелген күңгірттену байқалады.

Науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?

 

*эксудативті плевритпен асқынған пневмония

*+абсцесстің плевра қуысына ашылуы

*өкпе артериясының тромбозы

*бронхоэктаз

*өкпенің қатерлі ісігі

 

#406

*!Науқас 47 жаста, ауруханада ем қабылдауда. Шағымдары: қатты жөтел, дене қызуының 390С дейін көтерілуі, айқын ентігу. Қарап тексергенде кеуде қуысының оң бөлігі тыныс алу актісінде қалып қояды, аускультативті оң өкпенің төменгі және жоғарғы бөліктерінде тыныс естілмейді. Кеуде торының рентгенографиясында ортасында горизонтальді деңгейі бар шектелген күңгірттену байқалады.

Плевральды пункцияда қандай сұйықтық шыгуы мүмкін?

 

*серозды-геморрагиялық

*серозды-фибриноздыя

*серозды сұйықтық

*қанды

*+ірің

 

#407

*!Науқас 38 жаста, ауруханаға қатты жөтел, дене қызуының 390С жоғарлауы, айқын етігу шағымдарымен келіп түсті. Қарап тексергенде сол жақ кеуде қуысы дем алу актісінде қалып қояды, аускультацияда сол өкпенің жоғарғы және төменгі бөлігінде тыныс естілмейді. Кеуде торының шолу рентгенографиясында ортасында горизонтальді деңгейі бар шектелген күңгірттену байқалады.

Төменде көрсетілген плевральді асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*гидропневмоторакс

*+пиопневмоторакс

*пневмоторакс

*гидроторакс

*пиоторакс

 

#408

*!Науқас 29 жаста, стационарда оң өкпенің абсцессі диагнозымен ем қабылдауда. Науқастың дене қызуы 390С дейін көтеріледі, ентігеді, көп мөлшерде қан аралас қақырық шығады. Кеуде қуысының шолу рентгенограммасында оң жақ өкпеде айқын шектелген ортасында сұйықтық деңгейі бар күңгірттену анықталады.

Қанмен қақырудың себебі қандай болуы мүмкін?

 

*плевра қуысына қан кету

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*+бронхқа қан кету

*мұрыннан қан кету

*өкпенің қатерлі ісігінің ыдырауы

 

#409

*!Науқас 46 жаста, ауруханада оң өкпенің абсцессі диагнозымен емделуде. Екінші тәулікте науқастың жағдайы күрт нашарлады. Ентігуі күшейіп, тері жамылғылары көгеріп, көп мөлшерде қан қақырды. Содан кейін жедел тыныс жетіспеушілігі басталды.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы тыныс алудың тоқтауына себеп болуы мүмкін?

 

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*кернелген пневмоторакс

*миокард инфарктісі

*бронхоспазм

*+асфиксия

 

#410

*!Науқас 42 жаста, оң өкпенің абсцессі диагнозымен емделуде. Ұзақ уақыт қатты жөтел мазалаған, дене қызуы 380С. дейін көтерілген, жалпы әлсіздік күшейген. Соңғы уақытта тұрақты жоғары дене қызуы сақталуда, оң жақ кеуде қуысында тыныс алғанда ауру сезімі күшейді. Кеуде торының рентгенографиясында оң жақ өкпеде шектелген күңгірттену байқалады

Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*+пиопневморакс

*плевра эмпиемасы

*хилоторакс

*серозды-фибринозды плеврит

*гемопневмоторакс

 

#411

*!Науқас 39 жаста ауруханаға қақырықты жөтел, дене қызуының қатты жоғарлауы, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Науқастың қақырығында эластикалық талшықтардың жоғары деңгейі анықталды.

Көрсетілген алдын-ала диагноздардың қайсысы дұрыс?

 

*ошақты пневмония

*бронхиалды демікпе

*өкпе туберкулезі

*+өкпе абсцессі

*жедел бронхит

 

#412

!Науқас 37 жаста, ауруханаға қатты жөтел, дене қызуының 390С көтеірілуіне, тыныс алғанда сол кеуде қуысында ауру сезіміне, көп мөлшердегі іріңді қақырыққа шағымданып түсті. Кеуде қуысының шолу рентгенограммасында сол жақ өкпесінде айналасында перифокальды инфильтарциясымен сұйықтық деңгейі бар қуыс анықталды.

Төменде көрсетілген жалпы қан анализі ауытқулары ішінде қайсысы дұрыс?

 

*+нейтрофильді лейкоцитоз

*эозинофильді лейкоцитоз

*базофильді лейкоцитоз

*тромбоцитоз

*эритроцитоз

 

#413

*!Науқас 55 жаста, 3 ай бұрын крупозды пневмониямен ауырған. Антибиотиктерге аллергиясы болуына байланысты физиоемді қабылдаған. Бір айдан соң науқаста қайтадан гипертермия, тершеңдік, кеуде қуысында терең дем алғанда ауру сезімі пайда болды.2 күн бұрын ұстамалы жөтел пайда болды, көп мөлшерде қан аралас іріңді қақырық шықты, содан кейін дене қызуы түсті.

Көрсетілген алдын-ала диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*созылмалы бейспецификалық пневмония

*өкпенің бронхогенді қатерлі ісігі

*өкпе туберкулезі

*+өкпе абсцессі

*плевра

 

#414

*!Қабылдау бөлімшесіне 57 жастағы науқас ұзақ уақыт құрғақ жөтелге шағымданып түсті. 1 жыл бұрын пневмониямен ауырған. Шолу рентгенографиясында өкпенің төменгі бөлігінде сұйықтық пен газ деңгейі бар дөңгелек қуысты түзіліс анықталды.

Көрсетілген алдын-ала диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*+өкпенің созылмалы абсцессі

*өкпенің паразитарлы кистасы

*бронхоэктатикалық ауру

*созылмалы бронхит

*өкпенің қатерлі ісігі

 

#415

*!Науқас 45 жаста, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Науқасты кеуденің сол бөлігіндегі ауру сезімі, ентігу, қан аралас қақырықпен жөтел мазалайды. Сол жақтан перкуторлы дыбыстың көп аймақта тұйықталуы байқалады. Аускультативті – көптеген ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – сол өкпеде көптеген дұрыс емес пішінді қуыстар мен секвестрлардың көлеңкесі анықталады.

Көрсетілген алдын-ала диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*өкпе артериясының тромоэмболиясы

*пиопневмоторакс

*іріңді плеврит

*+өкпе гангренасы

*актиномикоз

 

 

Спонтанды пневмоторакс. Жедел іріңді плеврит. Пиопневмоторакс.

*2*18

 

#416

*! Оң жақ өкпенің абсцессімен стационарда ем қабылдап жатқан 36 жастағы науқас, кенеттен кеуде тұсында ауырсынудың және ентігудің туындағанына шағымданады. Қарап тексергенде терісін ылғал суық тер басқан, акроцианоз. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында жоғарғы бөлімдерде қораптық дыбыс, ал төменгі бөлімдерде тұйық дыбыс. Аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді.

Төменде көсетілгендер асқынулардың қайсысы болуы МҮМКІН?

 

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*тері асты эмфиземасы

*+пиопневмоторакс

*өкпеден қан кету

*сепсис

 

#417

*! 27 жасар ер адамда, бір сағат бұрын толық саулық жағдайында, кеуде қуысының сол жақ бөлімінде кенеттен қатты ауру сезімі туындады, дем жетіспегенін сезінді. Дене қызуы қалыпты. Перкуссияда сол жақ өкпе тұсында қорапты дыбыс, жүректің тұйық шекарасы оң жаққа ығысқан. Аускултацияда сол жақта тыныс естілмейді.

Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болуы ықтимал?

 

*экссудативті плеврит

*миокард инфарктісі

*өкпе туберкулезі

*+спонтанды пневмоторакс

*қысылған көкет жарығы

 

#418

*! 15 жасар бала, кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Дене шынықтырумен айналысып жатқанда кеудесінің оң жақ бөлімінің кенеттен қатты ауырсынуы пайда болғанын, тыныс алуының қыйындауын атайды. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң өкпенің толық коллапсы анықталды.

Төмендегілердің қайсысының орын алуы ЕҢ ықтимал?

 

*өкпе абсцессінің жарылуы

*плевралық жабысқақтардың жыртылуы

*+өкпенің эмфизематозды буллаларының жарылуы

*туа біткен өкпенің ауалы кисталарының жарылуы

*жедел пневмония

 

#419

*! Рентгенологиялық тексеруде өкпенің толық коллапсымен оң жақты пневмоторакс анықталды, кеудеаралық көлеңкесі ығыспаған.

Осы жағдайда пневмоторакстың қай түрі орын алған?

 

*+тотальді

*субтотальді

*қабырғалық

*апикальді

*медиастинальді

 

#420

*! 37 жасар ер адамда, шамамен бір сағат бұрын ауыр затты көтеру барысында сол жақ кеуде бөлімінде кенеттен ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі туындаған. Сол жақ өкпе аймағында тыныс естілмейді, перкуссияда тимпанит, жүрек шекарасы шамалы оң жақа қарай ығысқан.

Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?

 

*құрғақ плеврит

*миокард инфарктісі

*+спонтанды пневмоторакс

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*экссудативті плеврит

 

#421

*! 27 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне жол апатынан кейін оң жақ кеуде бөліміндегі ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі шағымдарымен жеткізілген. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында қораптық дыбыс, аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң жақтан 4-5 қабырғалардың сынуы, оң жақтық субтотальды пневмоторакс анықталды.

Төмендегі берілгендердің қайсысы ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*спонтанды пневмоторакс

*+травмадан кейінгі пневмоторакс

*гидропневмоторакс

*пиопневмоторакс

*қабырғалық пневмоторакс

 

#422

*! 43 жастағы ер адам, тыныс алу жүйесінің іріңді қабыну аурулары күдігімен келіп түскен.

Жедел плевра эмпиемасын анықтау үшін қандай симптомдар ЕҢ маңызды болып табылады?

 

*беттің және мойынның цианозы, мойын веналарының ісінуі

*кезеңдік асқынулармен ағымының ұзақ жылдарға созылуы

*қан бөлінділерімен аралас көп мөлшердегі іріңді қақырық

*+іріңді қақырықпен жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуі, кеудедегі ауру сезімі

*жиі қайталанатын, қинайтын жөтел, іріңді-қанаралас, сасық, көпіршікті сипатқа ие қақырық

 

#423

*! 33 жастағы ер адам, жарақат алғаннан кейін оң жақ кеуде тұсындағы ауру сезіміне, ентігуге, ауаның жетіспеушілігіне, әлсіздікке шағымданып хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілген. Терісінің түсі бозарған, бет әлпетінен қорқыныш үрей байқалады. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында жоғарғы жағында қораптық дыбыс, ал төменгі тұсында дыбыстың тұйықталу анықталады. Аускультацияда оң өкпеде тыныс шуылдары естілмейді.

Төмендегі берілген алдын ала қойылатын диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

 

*спонтанды пневмоторакс

*+гемопневмоторакс

*гидропневмоторакс

*пиопневмоторакс

*реактивті плеврит

 

#424

*! Рентгенологиялық зерттеу барысында оң жақ өкпе ұшының пневмотораксы анықталған, кеудеаралықтың көлеңкесі ығыспаған.

Пневмоторкстың қандай түрінің орын алуы ЕҢ ықтимал?

 

*медиастинальды

*қабырғалық
*субтотальды
*+апикальды
*тотальды

 

#425

*! Төменде берілгендердің қайсылары өкпе ісіктері мен іріңді ауруларының салыстырмалы диагностикасында ЕҢ маңызды орын алады?

 

*дұрыс жиналған анамнез, рентгенологиялық зерттеу әдістері

*рентгенологиялық зерттеу әдістері, туберкулинді сынақтар

*туберкулинді сынақтар, эндоскопиялық әдістер

*+эндоскопиялық әдістер, рентгенологиялық зерттеу әдістері

*термография, дұрыс жиналған анамнез, рентгенологиялық зерттеу әдістері

 

#426

*! 56 жастағы әйел, оңжақтық экссудативті плеврит диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Рентгенологиялық зерттеу барысында оң жақта бөлік аралық тұста көлеңкелену белгілері анықталған.

Плевриттің қандай түрінің болуы ЕҢ ықтимал?

 

*медиастинальды

*қабырғалық
*базалды

*апикалды

*+бөлікаралық

 

#427

*!28 жастағы пациент оң жақты экссудативті плеврит диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Плевра қуысына пункция жасалып, серозды сұйықтық алынды.

Диагнозды нақтылау үшін плевра сұйықтығының қандай лабораториялық көрсеткіштерін бағалаудың маңызы зор?

 

*+цитологиялық құрамы, салыстырмалы тығыздығы, биохимиялық құрамы

*иісі, сүйықтықтың мөлшері

*тромбоциттер мен лейкоциттердің саны

*кетондар, метаболиттер, электролиттердің болуы

*гемоглобин саны

 

#428

*!37 жастағы пациентті қарап тексеру нәтижесіне сүйеніп плевра эмпиемасы диагнозына күдік туды.

Қандай клиникалық белгілер плевра эмпиемасына күдіктенуге негіз болды?

 

*науқастың «ванька-встанька» түріндегі мәжбүр қалпы, құсу, жүрекқағуы

*таңертеңгі уақыттарда көп мөлшердегі 400 мл дейін қақырықтың бөліну, саусақтардың «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» секілді өзгеруі

*физикалық дамудың артта қалуы, кеуде торының деформациясы, ентігу, мұрын ерін үшбұрышының цианозы

*қан қақыру, инспираторлық ентігу, аяқтардың ісінуі

*+жөтел, зақымдану жағындағы ауырсыну, іріңді улану белгілері, науқастың мәжбүр қалпы

 

#429

*!41 жастағы ер адам, стационарда жедел жайылмалы панкреонекроз диагнозымен стационарда ем қабылдауда. Емдеу барысында кеуде торының сол жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Кеуде торын перкуссиялағанда сол жақтың төменгі бөлімдерінде перкуторлық дыбыстың тұйықталу анықталады, аускультацияда тыныс шулары естілмейді. Кеуде торының шолу рентгенографиясында – сол жағында гомогенді қиғаш көлеңке анықталады.

Төмендегілердің қайсысы панкреонекроздың асқынуы болуы мүмкін?

 

*көкеттің сол жақ күмбезінің релаксациясы

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*қабырғааралық невралгия

*+реактивті плеврит

*көкет жарығы

 

#430

*!27 жастағы ер адам, хирургияның қабылдау бөліміне ентігуге, әлсіздікке, жөтелге шағымданып келді. Қарап тексеру барысында науқастың саусақтары «барабан таяқшалары» және тырнақтары «сағат шынысы» секілді деформацияланғаны анықталды.

Жоғарыдағы анықталған белгілер қандай патологияға тән?

*туберкулезге

*актиномикозға

*жүрек ақауларына

*+бронхоэктатикалық ауруға

*спонтанды пневмотораксқа

 

#431

*!69 жастағы қарт кісі, емханадағы дәрігер хирургқа іріңді қақырыққа, ентігуге, әлсіздікке шағымданып келді. Сырқаттанғанына 3 айдың шамасы болған. Аурудың басталуын суық тиюімен байланыстырады. Тексеруден соң «плевраның созылмалы эмпиемасы» диагнозына күдіктенген.

Осы жағдайда диагнозды нақтылай үшін төмендегі зерттеулердің қайсысының ақпараттылығы ЕҢ жоғары?

 

*бронхоскопия

*плевра қуысының пункциясы

*+плеврография

*бронхография

*рентгенография

 

#432
*! 53 жастағы ер адам, хирургияның қабылдау бөліміне кеуде тұсындағы ауру сезіміне, дене қызуының көтерілуіне, ентігуге, әлсіздікке, жөтелге шағымданып келді. «Оң жақтық плевра эмпиемасы» алдын ала диагнозы қойылды.

Плевра эмпиемасын төмендегі аурулардың қайсысымен дифференциалды диагностика жүргізген орынды?

 

*өкпенің созылмалы обструктивтік ауруымен

*пневмосклероз және өкпенің эмфиземасымен

*өкпенің актиномикозі және пневмоканиозбен

*жүректің туа біткен ақауларымен

*+крупозды пневмониямен

 

#433

*!Пациент Н., 22 жаста, гангренозды аппендицит диагнозымен стационарда ем қабылдауда. Ота барысында құрт тәрізді өсіндінің атипті (бауыр асты) орналасуы анықталған, аппендэктомия техникалық қиындықтармен орындалды. Отадан кейінгі 7 тәулікте кеуде торының оң жағының ауырсынуы, дене қызуының жоғарылауы, ентігу, терлеу пайда болды. Кеуде торының перкуссиясында оң жағының төменгі бөлімдерінде – дыбыстың түйықталғаны анықталады, аускультацияда тыныс шулары естілмейді. Кеуде торының рентгенограммасында – оң жақта қиғаш гомогенді көленке анықталады.

Төмендегілердің қайсысы деструктивті аппендициттің ЕҢ мүмкін болатын асқынуы болып табылады?

 

*көкеттің оң жақ күмбезінің релаксациясы

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*қабырғааралық невралгия

*+реактивті плеврит

*көкет жарығы

 

 

Жедел холецистит

*2*18*2*

 

#434

*!Науқас, 42 жаста, клиникаға оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, құсу, дене қызуының 380С дейін көтерілу шағымдармен түсті. Бұрын УДЗ-де өт тас ауруы анықталған. Қарап тексергенде: оң жақ қабырға астында іші қатайған және ауру сезімі бар. Ортнер және Мерфи симптомдары оң. Қан анализінде лейкоциттер - 18х109/л.

Төменде келтірілген алдын ала болжап қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*жедел аппендицит

*жедел дуоденит

*жедел панкреатит

*+жедел холецистит

*оң екі иелі ішек ойық жарасының тесілуі

 

#435

*!Холецистэктомиядан кейінгі 3-ші тәулікте науқас, оң жақ қабырға астының ауру сезіміне, терінің сарғаюна шағымданды. Дене температурасы – 36,70С. Қан анализінде лейкоциттер 7,8х109/л, жалпы билирубин - 150,2 мкмоль/л, тура билирубин – 120,5 мкмоль/л.

Төменде келтірілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*Боткин ауруы

*іріңді холангит

*+механикалық сарғаю

*бауырастылық абсцесс

*паренхиматозды сарғаю

 

#436

*!Ауруханаға 58 жастағы науқас әйел, жедел холециститтің клиникалық көрінісімен келіп түсті. Консервативті емге қарамастан науқас іштегі ауру сезімінің күшеюіне және суық тердің пайда болуына шағымданды. Іші қатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы іштің барлық аймағында оң.

Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай асқынуға ТӘН?

 

*жедел холангит

*жедел панкреонекроз

*өт қапшығының эмпиемасы

*+жедел перфоративті холецистит

*жедел деструктивті холецистит

 

#437

*!68 жастағы науқас хирургия бөлімшесіне «жедел холецистит» болжам диагнозымен жатқызылды. Анамнезінде бірнеше рет бауырлық шаншу ұстамасы болған. Дәрігерге қаралмаған. Қарап-тексеруде іші қатайған және оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар. Ортнер симптомы күмәнді.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындаған ЖӨН?

 

*+УДЗ

*ФГДС

*лапароскопия

*ирригоскопия

*эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография

 

#438

#! 65 жастағы науқас әйел, ауруханаға оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауру сезімімен, құсумен жеткізілді. Бұрын УДЗ-де өт қапшығында конкременттер анықталған. Қарап тексергенде іші қатайған, оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар. Кер симптомы оң.

Төменде келтірілген алдын ала болжап қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*Мириззи синдромы

*іріңді холангит

*өтқапшығының қатерлі ісігі

*механикалықсарғаю

*+өт-тас ауруы, жедел холецистит

 

#439

*!Өт-тас ауруы, жедел холециститке байланысты операция жасау барысында өт қапшығының үлкейгені, кей жерлері фибринмен жабылғаны анықталды. Өт қапшығының пункциясында ірің алынған.

Төменде келтірілген операциядан кейінгі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*жедел катаралды холецистит

*жедел гангренозды холецистит

*жедел флегмонозды холецистит

*жедел гангренозды-перфоративті холецистит

*+жедел флегмонозды холецистит. Өт қапшығының эмпиемасы

 

#440

*!Науқас әйел, 62 жаста, оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, жүрегінің айнуына, қусуға шағымданып түсті. Ауру сезімі оң иығына және жауырын астына таралады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: