Пиелонефрит. Этиологиясы, классификациясы, клиникасы, диагностикасы, емі

Пиелонефриттің дамуына бүйрекке бактерияның енуі және зәрдің зәр жолдары арқылыдұрыс ағуына кедергінің болуы әсер етеді. Микробтар гематогендік, лимфогендік және зәр жолдары арқылы енеді. Бактериялар бүйрекке түскенмен, бірден оны қабындырып жібере алмайды, себебі бүйрек жасушаларының микробқа қарсы иммунитеті сау бүйректе жоғары дәрежеде болады, тек әлсіреген бүйректе ғана микробтар қабыну үрдісін туындата алады. Аурудың дамуына қолайлы қосымша жағдайлар витамин жетіспеушілігі, бала денесінің тоңазуы, тұмаумен ауыруы, қатты шаршауы, жұқпалы аурулармен сырқаттануы, жалпы иммунитетінің төмендуі болуы мүмкін.

Пиелонефриттің дамуын тудыратын негізгі жергілікті фактор – обструктивті уропатиялар.

Зәр жүйесінің ауытқулары мен кемістіктеріне байланысты дамыған пиелонефритті обструктивті, ал зәр жолдарының іштен туған кемістіктері жоқ пиелонефритті обструкциясыз пиелонефрит дейді.

Пиелонефрит түрлері

Бір жақты, екі жақты

Біріншілік, екіншілік

Жедел дамыған түрі:

 

Сірнелі

Іріңді

Іріп-шіріген некрозды

Паппилитті

 

Біріншілік және екіншілік пиелонефрит

Біріншілік дамитын пиелонефрит деп зәр жолдарында туа біткен кемістік кеселдері жоқ, зәрдің кедергісіз ағуы бұзылмаған бүйрек қабынуын айтады.

Екіншілік дамитын пиелонефрит деп бұрыннан зәр жолдарының нефроннан бастап, үрпісінің сыртқы тесігіне дейінгі бөліктерінің бірінде зәрдің ағып шығуына кедергі жасайтын, іштен туа біткен кемістік кеселдері бар немесе функциялық өзгерістері бар бүйректің қабынуын айтамыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: