Фимоз,парафимоз.Клиникасы,диагностикасы,емі

Сүндетке отырғызылмаған ерлерде пенистің ұшы «күпек» атауымен белгілі тері қабықшамен жабылған. Фимоз кезінде күпектің тарылуы пайда болады, ол жыныстық мүшенің ұшында тығыз тартылып, қайтадан орнына еркін қайта алмайды. Фимоз табиғи көрініс болуы мүмкін. Мысалы, 4 жасқа дейінгі ұлдарда әдетте, күпекті ысыру қиын. Жас адамдарда, ерлерде фимоз көбінесе күпектің қабынуына (баланит) немесе қант диабеті секілді басқа ауруларға байланысты болады.

Парафимоз күпек жыныстық мүшенің ұшынан тыс ысырылып, оны қысқанда пайда болады. Күпек өзінің бастапқы жағдайына қайтпайды және пенистің ұшын жаппайды. Бұл ісінудің, ауырсынудың, пенистің ұшына қан келуінің шектелуіне апаруы мүмкін. Егер күпек өзінің табиғи орналасу жағдайына қайтпаса, күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін.

Симптомдары

Фимоз, әдетте, ауырсынусыз өтеді. Дегенмен, күпектің тарылуында несеп шығару немесе жыныстық қызметте қиындықтар пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, фимоз кезінде ерлерге күпектің астындағы теріні тазалау қиынға түседі, бұл инфекциялардың пайда болуына ықпал етеді.

Парафимоз күпектің және жыныстық мүшенің ұшының ауырсынып, ісінуімен сипатталады. Пенистің ұшына қан келуінің ауыр тежелуі туралы күңгірт-күлгін түсіне қарап айтуға болады, бұл әдетте, шұғыл медициналық жәрдемді қажет етеді.

Диагностика

Дәрігер медициналық қарау кезінде фимозды және парафимозды анықтай алады.

Емдеу

Фимоздың симптомсыз өтуі емдеуді қажет етпейді. Бұл әсіресе, балалар үшін дұрыс. Егер ұлдарда фимоз өтпейтін болса, немесе несеп шығаруға / гигиенаға қатысты мәселелер пайда болса, гидрокортизон секілді емдейтін жақпа майларды қолдану тиімді болуы мүмкін. Жасөспірімдер мен ерлерде аурудың алдын алу үшін жеке гигиенаны қадағалау және инфекцияларды уақытылы емдеу жеткілікті болуы мүмкін. Қалған жағдайларда, тұрақты симптомдардың болуында да түзету операциясын (сүндетке отырғызу) жасау қажет.

Егер парафимоз кезінде күпек жыныстық мүшеден тыс ысырылатын болса, оны қысатын болса, төтенше жағдай орын алады, бұл кезде шұғыл медициналық жәрдем қажет. Дәрігер шұғыл түрде күпекті кесуі немесе сүндетке отырғызуды өткізуі мүмкін.

4.1.17 Контузия кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

Контузия (лат. contusіo – соғылу) – организмнің патологиялық жағдайы. Денеге қатты соққы тиген кезде (негізінен, жарылыс әсерінен болатын ауаның соққы толқыны) организм толықтай не жеке органдар Контузияға шалдығады. Контузия кезінде орталық жүйке жүйесі зақымдануына байланысты организмнің жалпы жағдайында өзгеріс байқалуы мүмкін. Контузияға терідегі, жұмсақ тіндердегі ұсақ жүйке талшықтары, сондай-ақ, есіту, көру, сөйлеу органдары жиі шалдығады. Контузия бірнеше минуттан бірнеше сағатқа, кейде бірер күнге дейін созылуы, тіпті адамның комаға ұшырауы мүмкін. Контузияға шалдыққан адам есін жинағанда басы айналып, қатты ауырады, жүрегі айнып, құсады. Контузия салдарынан адамның мінез-құлқында көп өзгерістер болуы мүмкін, әсіресе, бас миының Контузиясында адамның жағдайы өте ауыр болады. Миға қан құйылып, ісініп, адам ұзақ уақыт есінен танып, сандырақтайды; 12 жұп жүйке тамырларының зақымдануынан адамның беті қисаюы, қабағының төмен түсуі, жұта алмауы байқалады. Контузияға ұшыраған адамға жедел медициналық жәрдем көрсетілуі қажет. Контузияның түріне қарай емдік дене шынықтыру, арнайы емдеу шаралары қолданылады. Егер науқас Контузиядан кейін сөйлей алмай қалса, логопедтің бақылауында болады

4.1.18Көз алмасының енген жарақаты

Көз жарақаты - бөгде дене енуімен болатын көз алмасының ішіне енген жарақаты.

Жіктемесі:

1. Зақымдалу тереңдігі мен ауырлығы: ішіне енген, тесіп өткен, көздің бұзылуы.

2. Жарақаттың орналасқан жеріне байланысты: мөлдір қабықта, мөлдір-ақ қабық аймағында, ақ қабықта.

3. Көз алмасы ішіндегі құрылымдардың түсіп қалуы: түсіп қалмаған немесе соғылмаған, түсіп қалған немесе соғылған.

4. Жарақаттық катаракта: жарақатсыз катаракта, жарақаттан болған катаракта.

5. Көзді зақымдаған бөгде дене: магниттік, магниттік емес, бөгде дененің магниттілігі анықталмаған, бөгде дененің бар екендігі анықталмаған; орналасқан жері - көзде, көзұяда, мида, қосалқы қойнауларда.

Емдеу əдісі: бөгде дененің орналасқан жерін анықтау, көз ішіндегі құрылымдардың зақымдалу сипатын анықтау, сіреспеге қарсы сарысу немесе анатоксин енгізу, жарақатқа микрохирургиялық өңдеу жасау, бөгде денені трансвитреалді немесе диасклералді əдіспен алып тастау.

Операция: мөлдір қабықтың жарығын тігу.

4.1.19 Майтабанның клиникасы.

Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру, тірек-қимыл аппаратының ауруы. Адамның табаны көптеген сүйектерден, буын және сіңірлерден тұрады. Сүйектердің дұрыс орналасуы өте маңызды. Себебі жүру барысында адамның барлық салмағы тікелей аяққа түседі. Табанның элементтері бір-бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды. Олар бойлық (табанның ішкі бөлігі) және көлденең (саусақтар арасы) түрде орналасады. Осы екі доға арқасында табанның ортаңғы бөлігі жерге тимейді. Ал майтабандылығы бар адамның бүкіл табаны жерге тиіп тұрады, яғни табан күмбездері төмен түскен.

Бұл аяқтың амортизациялық қабілетін нашарлатады. Аяқ тез шаршап, табанда ауырсынулар байқалады. Табан күмбездерінің деформациялануына қарай майтабандықтың екі түрі анықталған: бойлық және көлденең.

Пайда болуына қарай майтабандықтың төменгідей түрлері болады:

туабітті пайда болатын майтабандық – құрсақ ішіндегі даму ауытқуының салдарынан болады. Жалпы, туабітті майтабандық өте сирек кездеседі;

рахитттік (мешелдік) майтабандық – бір жасында рахитпен ауырған балаларда кездеседі. Рахиттің салдарынан өзгеріске ұшыраған сүйектер мен буынды сіңірлерге баланың дене салмағы түсуі салдарынан болады. Дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеуі де себеп болуы мүмкін;

жарақаттанудан кейін пайда болатын майтабандық – толарсақ, өкше және тобық сүйектернің сынуынан кейін қалыптасады;

паралич (сал ауруы) салдарынан болатын майтабандық. Екі немесе бір аяқтың ортан жілік бұлшық еттері мен қысқа бұлшық еттерінің сал ауруының нәтижесінде, орталық және шеткі жүйке жүйесінің бұзылыстарынан пайда болады;

статикалық майтабандық – табан деформациясының ең көп тараған түрі. Ұзақ уақыт бойы түрегеп тұрып істелетін жұмыстың, артық салмақтың, эндокринді бұзылыстар салдарынан болады.

Туабітті пайда болатын майтабандықты ертерек анықтау үшін сәбиді бір айлығында ортопед дәрігерге міндетті түрде көрсету керек. Бұл сәбидің туабітті қаңқа аурулары мен ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді. Кейде майтабандық перзентханада да анықталып жатады. Бұл жағдайда шұғыл шаралар қолданылып, сәбидің аяғына гипстен жасалған арнайы қалыптар кигізіледі. Ал 3 жасында ортопед сәбидің аяқ-қолының ұзындығын өлшеп, табан күмбездерінің жағдайын бақылайды. Осы жастан бастап майтабандық белгілерін назардан тыс қалдырмай, ортопед дәрігерге жыл сайын қаралған дұрыс.

Көбінде сәбилерде бойлық майтабандық байқалады. Бұл туа біткен және жүре пайда болған түрде болады.

4.1.20 Жарақатты остеомиелиттің клиникасы.

Сүйектегі іріңді-қабыну процессін белгілеу үшін остеомиелит терминін бірінші рет Рейно 1831 жылы ұсынды. Патологоанатомиялық негізін және клиникалық суреттемесін Н.И. Пирогов 1865 жылы толық жазған. Сүйекті және оны қоршаған жұмсақ тіндерді орайтын өткір немесе созылмалы қабынуды остеомиелит деп түсіну қабылданған. Бұл кезде сүйек, сүйектің тамырлары және нервтері, сүйек қабы және сүйек маңайы тіндері зақымданады. Жаралық остеомиелиттің этиологиясы. Қазіргі уақытта остеомиелитті қоздырушы әр түрлі микробтар болуы мүмкін екені дәлелденді, бірақ көбінесе стафилококк, одан кейін стрепотокок, протей, көк іріңді және ішек таяқшалары. Жаралардан бөліністерде көбінесе микроорганизмдердің ассоциациясы анықталады. Жаралық остеомиелиттің патогенезі. Іріңді остеомиелит, науқас организмінің инфекциялық агент енуіне жауапты реакция ретінде пайда болады. Остеомиелит дамуында 3 фактор маңызды: Жалпы иммунобиологиялық жағдай және организм реактивтігі; Жарадағы тіндердің структуралық-биологиялық жағдайы; Жарадағы микроорганизмдердің вируленттігі, патогендігі, улылығы и инвазивтігі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: