Орхит. Этиологиясы, классификациясы, клиникасы, диагностикасы, емі

3.2.17 Көру нерві дискісінің экскавациясы.

3.2.18 Глаукоманың жедел ұстамасында алғашқы көмек.

3.2.19 Жарақатты остеомиелиттің диагностикасы.

3.2.20 Жамбас сүйектерінің сынуында болатын симптомдарды атаңыз

4.1.1 Күйік ауруы. Күйік ауруының фазалары.

4.1.2 Термиялық күйіктер. Клиникасы, диагностикасы.

4.1.3 Термиялық күйіктердің емі (алғашқы көмек, жергілікті емі).

4.1.4 Үсік. Анықтамасы, классификациясы.

4.1.5 Үсік. Клиникалық ағымының кезеңдері. Алғашқы көмек.

4.1.6 Күйік ауруы. Күйіктік токсемия.

4.1.7 Күйіктердің себептері.

4.1.8 Жедел ортаңғы отит. Анықтамасы, этиологиясы

Жіті орташа іріңді отит - жіті іріңді қабыну процесі ол ортаңғы құлақ қуысында, клиникалық іріңдену сипаты, құлақтың ауруы жəне уыттану симптомы, сонымен қатар дабыл жарғағының гиперемия түріндегі отоскопиялық көрінісі, тану белгілерінің жоқ болуы, ал дабыл жарғағының орнында солқылдатып ауру рефлексі анықталады

4.1.9 Жедел сыртқы отит. Анықтамасы, жіктемесі, этиологиясы

Сыртқы отит - құлақтың сыртқы есту өтісінің немесе дабыл жарғағының сыртқы беткейіндегі барлық қабыну үрдістері жатады. Сыртқы отит шектелген немесе жайылған, жедел немесе созылмалы болады.

4.1.10 Жедел ринит. Анықтамасы, этиологиясы

Жедел ринит дегеніміз мұрын қуысындағы шырышты қабаттың спецификалық емес қабынуы. Бұл ауру ересектерде де балаларда да кездеседі. Клиникасына байланысты келесідей жіктеледі: Жедел катаральді ринит; Жедел катаральді ринофарингит; Жедел травматикалық ринит; Пайда болу себептері (этиологиясы): жедел катаральді риниттің негізгі себебіне жергілікті температураның төмендеуі мен ағза реактивтілігінің төмендеуі, мұрын қуысындағы микроорганизімдердің белсенділігінің жоғарылауы жатады. Негізгі себеп суық тиіп, жергілікті гипотермия. Суықтың әсерінен жалпы және жергілікті иммунитеттің төмендеуі ағзадағы микроорганизімдер белсенуіне, әсіресе стафилококты инфекцияның көбеюіне алып келеді. Әсіресе суыққа төзімсіз, шынықпаған адамдарда, созылмалы аурумен ауыратын, имунитеті әлсіреген адамдарда жедел ринит жылдам басталады. Жедел травмалық ринит мұрын қуысына бөгде зат түскенде, әртүрлі манипуляциядан кейін пайда болады. Кей жағдайларда травмалық ринитке себеп болып кәсіптің жайттар: шаңды ауа, түтіннің әсері, көмір, метал үгітінділері де жатады.

4.1.11 Жедел ларингит. Анықтамасы, этиологиясы

Ларингит (грек. lаrynx — көмекей) — көмекей кілегей қабығының қабынуы. Ларингиттің жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел Ларингит көбіне салқын тиюден (салқын тамақ, суық ауа, т.б.) болады. Кейде тұмау, қызылша, қызамық, т.б. аурулар, тіпті көп сөйлеу де Ларингит шалдықтырады. Науқастың дене қызуы көтеріледі де, дел-сал болып, көмекейінің екі шеті қызарып, талаурап ісінеді, тамағы құрғайды, сөйлегенде қиналады, құрғақ жөтел пайда болады. Кейде аурудың асқынуынан көмекейдің екі жағы іріңдеп, ісінеді, жақ, жұтқыншақ безі шошынады, ауырады. Созылмалы Ларингит оның жедел түрін уақтылы емдемеуден және қайталап аурудан, сондай-ақ, темекі тарту, арақ ішу, ұзақ уақыт қатты дауыстап сөйлеу, айқайлаудан, т.б. пайда болады. Созылмалы Ларингит кезінде науқастың дауысы шықпай қалуы мүмкін. Балаларда (6 — 8 жастағы) Ларингиттің ерекше түрі — қатпар асты Ларингит, немесе жалған круп жиі кездеседі. Бұл кезде қабыну салдарынан пайда болған ісік көмекейді тарылтып, баланың дем алуын қиындатады. Ларингиттің бұл түрі экссудативті диатезі және әр түрлі, т.б. аллергиялық аурулары бар балаларда жиі байқалады. Аурудың белгісі: бала аяқ астынан түнде ұйқысынан оянады, қатты тер басады, мазасызданып, тыныс алуы қиындайды. Ерні көгеріп, “қарлықпа” жөтел пайда болады. 20 — 30 минуттан кейін бала тынышталып, ұйықтап кетеді. Дене температурасы қалпына түседі. Егер қатпарлы Ларингитке дауыс саңылауының тарылуы қосылса, баланың өміріне қауіп төнеді. Емі: 5 — 7 күн қатты сөйлемеу, көмекейді тітіркендіретін (ащы, тұзды, қышқыл) аса ыстық, тым салқын тағам ішпеу. Мойынға жылы компресс жасау, кеуде мен арқаға қыша қағаз қою, т.б. ингаляция жасау. Асқынған түріне хирургиялық операция жасалады

4.1.12 Аллергиялық ринит. Анықтамасы, жіктемесі, этиологиясы

Аллергиялық ринит – IgE қатысуымен мұрын қуысы шырышты қабығының қабынуымен жəне күні бойы бір сағат жəне одан аса уақыт келесі симптомдардың кем дегенде екуінің болуымен: мұрынның бітелуі (обструкция), мұрыннан бөлінділер (ринореялар), түшкіру, мұрынның қышуымен мінезделетін мұрынның шырышты қабығының қабынулық ауруы. (Еуропалық академия мен клиникалық иммунологияның Халықаралық консенсусы - 2000 ж.).

Жіктемесі (Халықаралық консенсус, 2000 ж. жəне БДҰ, 2000 ж. деректері бойынша).

Пайда болу мерзімі бойынша:

- жедел;

- созылмалы.

Ағымы бойынша:

- мезгілдік;

- жыл бойы;

- кəсіби.

Ауырлық дəрежесі бойынша бөледі:

- жеңіл;

- орташа ауырлық (аздаған);

- ауыр аллергиялық ринит.

 

Кезеңдері бойынша:

- вазотониялық (қантамырлық тонустың бұзылыстарымен байланысты кезеңдік мұрын бітелулерімен мінезделетін жəне деконгестанттарды əр кезде пайдалануды қажет ететін);

- вазодилатация (мұрын шырышты қабығы қантамырларының кеңеюімен қатар жүріп, жиі мұрын бітелуімен мінезделетін жəне деконгестанттарды жиі пайдалануды қажет ететін);

- созылмалы ісіну кезеңі (тұрақты мұрын бітелулермен мінезделетін, мұрын қуысы шырышының көгілдірленуі, деконгестанттарды пайдалану тиімсіз);

- гиперплазия (тұрақты мұрын бітелулермен мінезделетін, мұрын қуысы шырышының өсуі, полиптердің түзілуі; жиірек процессте мұрынның қосалқы қойнаулары қосылады, екіншілік отиттер дамиды, екіншілік инфекциялар қосылады; деконгестанттарды пайдалану тиімсіз).

 

Этиология бойынша:

- тозаңдық;

- тұрмыстық жəне эпидермалдық;

- инфекциялық;

- инсекті;

- тағамдық;

- дəрілік;

- кəсіби жəне басқа;

- аралас этиологиялы.

 

ДДҰ Жіктемесі

Ағымы бойынша:

- интермиттирлеуші (аптасына 4 күннен аз немесе 4 аптадан аз);

- персистирлеуші (аптасына 4 күннен көп немесе 4 аптадан көп).

Ауырлық бойынша:

- жеңіл (төменде көрсетілгендердің барлығы: қалыпты ұйқы, өмірлік қызметтердің, спортпен айналысу жəне еңбек режимінің бұзылыстары жоқ);

- орташа дəрежелі жəне ауыр (төменде келтірілгендердің біреуі немесе көп: ұйқының, өмірлік қызметтердің, спортпен айналысу мен еңбек режимінің бұзылуы, қажытушы симптомдар).

 

4.1.13 Қуық және зәр шығару жолдарының ісігі зерттеу тәсілдері, диагностикасы

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ (ДГПЖ) – қуықасты безінің периуретралық бөлігінің таралып өсуінен қуықасты безінің периуретралық бөлігінің бітісіп кетуі, төменгі несеп жолында обструкция болуымен сипатталатын жастық инволюциялық ауру. ДГПЖ гистологиялық зерттеу нəтижелері негізінде қойылады.

Клиникалық аурулар несеп жолдарының инфравезикалдық обструкция симптомдарымен анықталады (жиі несеп шығару, несеп шығаруға императивтік шақырулар, несеп ағынының əлсіреуі жəне үзік болуы, несеп шығарғанда күшену, несепқуықтың толық босамағаны сияқты əсер алу, никтурия).

Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: дизурия, никтурия, несеп шығаруға қиналу, несептің əлсіз көлемді ағуы, несепқуықтың толық босамағаны тəрізді сезім, соңында несеп шығарғаннан кейін несеп тамшылап бөлінеді, несептің іркілуі.

 

Физикалық тексеру: қуықасты безінің гипертрофиясы.

Инструменталдық зерттеулер: УДЗ көрінісі – қуықасты безінің гиперплазиясы, рентгенде – толтыру ақауы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: онколог, нефролог.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Саусақпен ректалдық тексеру.

2. Жалпы қан анализі (6 параметрі).

3. Жалпы несеп анализі.

4. Қанның биохимиялық анализі.

5. Қан сарысуындағы креатинин концентрациясы.

6. Қуықасты безінің арнайы антигенінің концентрациясы.

7. Қалдық азотты анықту.

8. Трансректалды УДЗ.

9. Рентгенография (экскреторлық немесе цистография).

10. Несептің бак. себуі.

11. Нечипоренко сынағы.

12. Қуықасты безін УДЗ.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Урофлоуметрия.

2. Цистометрия жəне несеп ағынының қысымын тексеру.

3. Уретроцистография.

4. Урография.

5. Қуықасты безінің биопсиясы.

6. Терапевт консультациясы.

7. Онколог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер

Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитурия, гематурия, бактериурия.

Емдеу əдісі

Ем мақсаты: симптомдардың азаюы жəне өмір сүру сапасының жақсаруы, емнен ең аз жағымсыз нəтиже алу.

Дəрі-дəрмектік ем:

Дəрілік препаратты таңдау қуықасты безінің үлкею дəрежесіне байланысты:

• Егер қуықасты безі пальпация кезінде айтарлықтай үлкеймеген немесе УДЗ тексергенде көлемі 40 г-нан аз, таңдалған препарат - β1-адреноблокаторлар (тамсулозин 0,8 мг-ға дейін тəул., альфузозин 5 мг 2 рет тəул., теразозин тəулігіне 20 мг, празозин);

• Егер қуықасты безі айтарлықтай үлкейсе, 5 б1 – редуктаза ингибиторларын (финастерид 5 мг/тəул) немесе β1-адреноблокаторлар қолдануға болады. Кейбір науқастарда термотерапия (микротолқынмен емдеу), сонымен қатар стент немесе спираль қолданылады. Несеп іркілісі бар, хирургиялық емді күтіп отырған науқастарға тері арқылы цистостомия жасайды.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. Тамсулозин 400 мкг табл.

2. Альфузозин 5 мг табл.

3. Теразозин 5 мг табл.

4. Доксазозин 2 мг, 4 мг, табл.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

4.1.14Қуық және зәр шығару жолдарының ісігі емдеу тәсілдері.

4.1.15Простата безінің аденомасы.этиология,диагностика,емдеу жолдары

Қуық асты безінің аденомасы немесе қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы- қатерсіз ісік, қуық асты безінің безді эпителийінен немесе стромалық құрамбөлігінен дамиды.

Пайда болу себебі

Қуық асты безінің аденомасының нақты себебі белгісіз. Пайда болуының аса ықтимал себебі – қартаю. Сондай-ақ, безді эпителийінің өсуіне аталық бездің гипербелсенділігі ықпал етеді. Жас кезінде аталық без алынып тасталған (мысалы, қатерлі ісіктен) ерлер қуық асты безінің аденомасына шалдықпайтындығы белгілі. Сонымен қатар, қуық асты безінің аденомасына шалдыққаннан кейін аталық без алынып тасталса, қуық асты безінің өлшемі азая бастайды.

 

Қуық асты безінің гиперплазиясы туралы жайттар:

Ауруға шалдығу мүмкіндігі жасқа сай артады.

Қуық асты безінің аденомасы – кең таралған ауру, ұзақ өмір сүрген кез келген ер адам ертелі-кеш бұл ауруға шалдығады деген пікір бар.

40 жастан асқан ер адамдардың көпшілігінде және 80 жастан асқан ер адамдардың 90 пайызынан астамында қуық асты безінің аздаған ұлғаюы байқалады.

Аурудың пайда болуының қауіп факторлары анықталмаған, аталық бездің қалыпты қызметінен басқа.

Симптомдары

қуық асты безінің аденомасына шалдыққан ерлердің жартысына жуығы аурудың симптомдарын сезінеді, оған кіретіндер:

• Несеп шығару соңындағы несептің тамшылап бөлінуі

• Несеп шығара алмау

• Несеп шығару кезінде қуықтың толық босамауы

• Несеп ұстамау

• Түн ішінде бірнеше рет дәретханаға бару қажеттігі

• Несеп шығарудағы ауырсыну, қанмен несеп (инфекцияны көрсетуі мүмкін)

• Несеп шығару ағынының баяу басталуы немесе кідіруі

• Несеп шығарудың қиындауы

• Кенеттен және күшті несеп шығарғысы келу сезімі

• Несептің әлсіз ағыны.

Диагностика

Аурудың сырқатнамасын мұқият зерттегеннен кейін дәрігер тік ішек арқылы саусақпен зерттеуді жүргізеді, қуық асты безінің жағдайын, өлшемін бағалау үшін. Сондай-ақ, келесі тестілер жүргізілуі мүмкін:

• Несеп ағынының жылдамдығын өлшеу

• Несеп шығарудан кейін несептің қалдық мөлшеріне тест

• Қуықтағы қысымды өлшеу

• Мүмкін жұқпаларға несепті талдау

• қуық асты безінің спецификалық антигеніне (PSA) талдау, қуық асты безінің қатерлі ісігін анықтау үшін

• Цистоскопия

Сондай-ақ, дәрігер науқасқа анкета толтыруды өтінеді, анкетада симптомдардың ауырлығын және өмірге әсерін бағлау қажет болады. мұндай тестіде алынған ұпайлар саны алдыңғы нәтижелемен салыстырылады, науқастың жағдайы ушығуын анықтау үшін.

Емдеу

Емдеу тәсілі симптомдардың ауырлығына және олардың адам өміріне әсеріне, қандай да бір басқа аурудың болуына байланысты. Емдеу нұсқаларына «күту тактикасы», өмір салтын өзгерту, медициналық препараттарды тағайындау немесе хирургиялық араласу кіреді.

Егер ер адам 60 жастан асқан болса, симптомдардың болуының ықтималдығы жоғары. Бірақ, қуық асты безі ұлғайған көптеген ерлерде аздаған симптомдар ғана байқалады, көбінесе, өздігінше күтім жасаумен шектеледі.

Бірақ, егер науқаста қуық асты безінің аденомасы болса, оған жыл сайын диагностикадан өтіп, симптомдардың әрі қарай ушығуын бақылау және қажет болса, емдеуге қажетті өзгерістер енгізу қажет.

Жеңіл симптомдар кезінде:

• Алғашқы сезіммен қуықты босату қажет. Дәретханаға жиі бару қажет, күшті сезім болмаса да.

• Алкоголь немесе кофеинді тұтынудан алшақ болу (әсіресе, кешкі астан кейін).

• Бір ішкенде сұйықтықты көп ішпеу. Сұйықтық қабылдауды күн барысында бөліп ішу. Ұйқыға дейін 2 сағат бұрын сұйықтық ішуді тоқтату.

• суық тию және синусит кезінде ісінуге қарсы құралдарды немесе антигистаминдік препараттарды қабылдамауға тырысу. Мұндай дәрілер қуық асты безінің аденомасының симптомдарын күшейтуі мүмкін.

• Жылы жерде болуға, белсенді өмір салтын ұстануға тырысу қажет. Суық ауа райы мен дене жүктемелерінің болмауы симптомдарды ушықтыруы мүмкін.

• Кегель жаттығуларын орындау (жамбас бұлшық еттерін нығайту үшін жаттығулар).

• Күйзелісті азайту, себебі, күйгелектік пен ширығу несеп шығарудың жиі қажеттілігіне апаруы мүмкін.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: