Для 8-9 классов уровня основного среднего образования

Атырау 2016

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 cәуірдегі

№ 115 бұйрығына

39-қосымша

Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9 сыныптары үшін

«Химия» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1.Түсінік хат

1. «Химия» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген..

2. Оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тәрбиелеу болып табылады.

3. Оқыту міндеттері:

1) әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардыңфункцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;

2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлыбайланыстарды анықтау;

3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

4) заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

5) заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

6) адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

7) көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;

8) өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдыққабілеттіліктерін арттыру;

9) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;

10) негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімінжетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

4. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан;

9-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.

5. Пәнаралық байланыс келесі оқу пәндерімен жүзеге асырылады:

1) «Биология» пәнімен:

оттектің, атмосфералық ауаның, судың және сулы ерітінділердің тірі организмдер үшін биологиялық рөлі және оларды ластанудан қорғау; жасушадағы судың биологиялық рөлі; фотосинтез процесінің маңызы; тірі организмдердегі микро- және макроэлементтердің маңызы; жүйелердегі бейорганикалық және органикалық заттардың маңызы; тұрмыста химиялық заттарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.

«География» пәнімен:

адамзат тіршілігіндегі судың рөлі және халық шаруашылығындағы және Қазақстан экожүйелеріндегі су ресурстарын қорғау; Қазақстандағы металлургиялық, химиялық және қайта өңдеукешендері; Қазақстан территориясындағы пайдалы қазбалардың кен орындары; минералды ресурстардытиімді пайдалану және табиғатты экологиялық қорғау; энергияның альтернативті көздері;

2) «Алгебра» және «Геометрия» пәндерімен:

физикалық шамалардың сандық мәндерінің пропорционалдық тәуелділігі;заттың мөлшерлік құрамы бойынша есептеулер; химиялық реакция теңдеулері және формулаларды қолданып есептеулер жүргізу; кеңістіктік конфигурация; молекуланың кеңістіктегі пішіні, молекула құрамындағы атомдар арасындағы валенттік бұрыштар;

3) «Физика» пәнімен: атом, молекула және заттардың құрылысы туралы атом-молекулалық ілім;зат массасының сақталузаңы, Авогадро заңы; ерітінділердің тығыздығы, газдардың салыстырмалы тығыздығы және көлемі; кристалл торларының типтері және құрылысы; атом ядросының құрылысы, изотоптар; жылулық энергия түрі;

4) «Информатика» пәнімен:

электронды оқулықтармен, нұсқаулықтармен, виртуальді лабораториямен, тесттік құрылғылармен, аспаптармен жұмыс жүргізу; компьютерлік бағдарламаларды қолданып,ақпаратты-иллюстративтік слайдтар, презентациялар, тесттер, жобалар жасау;

5) «Тарих» пәнімен:

химия ғылымының тарихи және ғылыми алғышарттары, ғылыми ашылулар және қазақстандықғалымдардың ғылым, технология және өндірістің дамуына қосқан үлестері.

 

Химия 8 сынып

І тарау. Алғашқы химиялық ұғымдар.Химиялық реакциялар (18 сағат)
  Химия –жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Заттар және олардың қасиеттері.Таза заттар және қоспалар  
  №1-Практикалық жұмыс.Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Лабораториялық құрылығылармен жұмыс жасау ережелері. Алғашқы қауіпсіздік техникасының нұсқауы  
  Таза заттар және қоспалар.Заттарды тазарту әдістері.№2- Практикалық жұмыс.Лас ас тұзын тазарту  
  Химиялық реакциялар.Химиялық реакциялардың жүру жолдары  
  Атом-молекулалық ілімнің негізгі кағидалары. Химиялық элементтер, олардың таңбалары және атаулары.  
  Химиялық формула.Зат құрамының тұрақтылық заңы  
  Химиялық формулалар бойынша сандық есептер  
  Зат мөлшері. Авогадро саны. Молярлы масса.  
  Сандық есептер «моль», «молярлы масса»  
  Валенттілік.Заттарды формуласы бойынша валенттілігін анықтау.  
  Бинаралық қосылыстардың құрамындағы элеменеттердің валенттілігі бойынша формула құрастыру  
  Химиялық теңдеулер  
  Химиялық реакциялардың типтері.  
  Зам массасының сақталу заңы  
  Зат құрамының тұрақтылық заңы  
  Химиялық теңдеулер бойынша есептер шығару  
  «Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша қайталау және қорытындылау  
  №1-Бақылау жұмысы. Алғашқы химиялық ұғымдар  
ІІ тарау. Атомның құрылысы. Д.Менделеев жасаған элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі. Химиялық байланыс.(14 сағат)
  Химиялық элементтердің жіктелуі. Менделеевтің периодтық заңы.  
  Атомның құрамы және құрылысы  
  Химиялық элеметтердің ХЭПЖ орны бойынша сипаттамасы  
  Атомдардың электрондық қабаттарның құрлысы  
23-24 Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңды түсіндіру  
  Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының Периодтық жүйеде орналасуына байланысты сипаттама  
  Д.Менделеев ашқан Периодтық заңның маңызы  
  Химиялық элементтердің электртерістілігі  
  Химиялық байланыстың түрлері. Коваленттік байланыс.  
  Иондық байланыс  
  Кристал торларының түрлері  
  Молекуладағы элементтердің массалық үлесін анықтау.  
  №2-Бақылау жұмысы.Атомның құрылысы. Д.Менделеев жасаған элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі. Химиялық байланыс  
ІІІ тарау. Ауа. Оттегі. Жану (8 сағат)
  Оттегінің жалпы сипаттамасы. Табиғаттағы таралуы. Оттегінің алынуы.  
  Оттегінің химиялық және физикалық қасиеттері.  
  Оттегінің табиғаттағы айналымы, қолданылуы және маңызы. Оттектің аллотропиясы. Озон.Ауаның құрамы. Жану және баяу тотығу.  
  Химиялық реакцияның жылу эффектісі.  
  Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару  
  Газдардың молярлық көлемі. Авогадро заңы. Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Есептер шығару  
  Химиялық рекциялардағы газдардың көлемдік қатынастары.Гей-Люссак заңы  
  №3-Бақылау жұмысы.Ауа. Оттегі. Жану  
ІV тарау. Сутегі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары (6 сағат)
  Сутегі. Табиғатта таралуы. Физикалық қасиеттері. Алынуы суттегінің  
  Сутегінің химиялық қасиеттері  
  Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері.  
  Тотығу-тотықсыздану реакциялары  
  Сандық есептер  
  №4-Бақылау жұмысы.Тотығу-тотықсыздану реакциялары  
V тарау. Су. Ертінділер (8 сағат)
  Су. Судың құрамы. Физикалық қасиеттері. Табиғатта таралуы.  
  Су ерткіш. Ергіштік.  
  Ерткіштердің концентрациясы  
50-51 Сандық есептер «Ерткіштердің концентрациясы»  
  Судың химиялық қасиеттері.  
  №3, 4- Практикалық жұмыс.Суды ас қоспалардан тазартужәне Берілген мольдік үлесі бойынша қант ертіндісін дайындау  
  №5-Бақылау жұмысы. Су. Ертінділер  
VІ тарау.Бейорганикалық заттардың негізгі кластары (14 сағат)
  Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Сілтілік металдар. Натридің физико-химиялық қасиеті.  
  Натрий қосылыстары. Натрий тұздары және олардың қолданылуы.  
  Галогендер. Хлордың физикалық, химиялық қасиеттері  
  Хлорсутек. Тұз қышқылы  
  Оксидтер: жіктелуі, номенклатурасы және алынуы  
  Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.  
61-62 Негіздер: құрамы, номенклатурасы, алыну жолдары, қасиеттері және қолданылуы  
63-64 Тұздар: жіктелуі, номенклатурасы. Тұздардың химиялық қасиеттері  
65-66 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс  
  №5-Практикалық жұмыс.Бейорганикалық заттардың кластары арасындағы генетикалық байланыс  
  №5-Бақылау жұмысы (Қорытынды)  

 

Оқулық. М.Б.Усманова, К.Н.Сакарьянова Алматы «Атамұра»-2016

Химия 9 сынып

1-4 8 сыныптың негізігі мәселелерін қайталау. Типтік сан есептер  
І тарау. Электролиттік диссоциациялану теориясы. Тұздар гидролизі. (14 сағат)
5-6 Электролиттер және бейэлектролиттер. С.Аррениустың электролиттік дссоциациялану теориясының негізгі қағидалары. Электролиттік диссоциациялану механизмі №1. Көрсетілім (1.2)  
  Табиғаттағы және тұрмыстағы күшти және әлсіз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесі  
  Қышқыл, сілті және тұздардың сулы ертінділерінің электролиттік диссоциациялануы. Көпнегізді қышқылдардың, қышқылдық және негіздік тұздардың диссоциациялануы  
  Ион алмасу реакциялары және олардың жүру шарттары №1 зертханалық жұмыс  
  Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар №1 Көрсетілім(1.2)  
  Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл ертінділерінің химиялық қасиеттері.  
  Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан сілті ертінділерінің химиялық қасиеттері.  
  Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысына тұз ертінділерінің химиялық қасиеттері.  
  Сандық есептер  
  Тұздар гидролизі. Биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы. Сутектік көрстекіш рН туралы түсінік, организмдегі қышқылдық-негіздік баланс. №1 Көрсетілім (1.3) №2 зертханалық тәжірибе.  
  №1.Практикалық жұмыс «Электролиттік диссоциациялану теориясы және электролиттердің қасиеттері» тақырыбына есептер шығару  
  Сандық есептер  
  №1.Бақылау жұмысы  
ІІ тарау. Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары (14 сағат)
  Химиялық элеметтердің периодтық жүйедегі орындарына байланысты ІV- VІІ топтың негізгі топшаларында орналасқан элементтерге сипаттама. Бейметалдардың электртерістігі. Бейметалдардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері.  
  Күкірт және оның қосылыстары  
  Күкірт қышқылы және оның қосылыстары  
  Азот және оның оксидтері.Аммиак №2.Көрсетілім (2.2)  
  Азот қышқылы және оның тұздары  
  Фосфор және оның қосылыстары  
  Минералды тыңайтқыштар, оларды тиімді қолану. Қазақстандағы минералды тыңайтқыштардың өндірісі №2 Көрсетілім (2.4)  
  Көміртек және оның қосылыстары №2 Көрсетілім (2.1, 2.2, 2.5) №3 зертханалық жұмыс  
  Кремний және оның қосылыстары. Силикаттар. Кремний негізінде жасалған жартылай өткізгіш материалдар. Қазақстандағы силикат өнеркәсібі.№2Көрсетілім (2,6)  
  Бейметалдар және олардың табиғи қосылыстары. Қазақстандағы бейметалдардың табиғи ресурстары. Бейметалдар және олардың қосылыстарының негізінде жасалған замануи материалдар. Бейметалдардың тірі, өлі табиғатта кездесуі және олардың маңызы.Сұйық кристалдар. Нанохимия туралы түсінік. №2 көрсетілім (2.2). №2 Көрсетілім (2.6) №4 зертханалық тәжірибе (мультимедия)  
  Сандық есептер  
  Экологиялық мазмұндағы сан есептері  
  №2 Практикалық жұмыс«Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару  
  №2 Бақылау жұмысы  
ІІІ тарау. Металдар және олардың қосылыстары.Металлургия (20 сағат)
  Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың орны, олардың атомдық және кристалдық құрылыстарының ерекшеліктері. Металл (І-ІІІ периодтар) атомдарының құрылысына салыстырмалы сипаттама. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.Атомдар мен иондардың белсенділгі.№3 Көрсетілім (3.1,3.2)  
  Кальций және оның қосылыстары. Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары. №3 Көрсетілім (3.1, 3.2)  
  Судың кермектігі және оны жою жолдары. Кальцийдің биологиялық рөлі.Кальций қосылыстарының маңызды кен орындары. №3 Көрсетілім (3,13.2)  
  Алюминийдің маңызды табиғи қосылыстары және олардың Қазақстандағы кен орындары №3 Көрсетілім (3.2) №5 зертханалық тәжірибе  
  Алюминий және оның маңызды қосылыстарының биологиялық және экологиялық рөлі. Алюминий құймасы және оның қолданылуы. Қазақстанда алюминий және оның құймаларын өндіру №3 Көрсетілім  
  Темір және оның қосылыстары (оксидтері және темір(ІІ, ІІІ) гидроксидтері) Темір қосылы шығраустарының генетикалық байланысы №3 Көрсетілім (3.6) №6 зертханалық тәжірибе  
  Сандық есептер  
  Экологиялық мазмұндағы есептер  
  Металдар және олардың қосылыстарының Қазақстандағы маңызды кен орындары. Темір және оның маңызды қосылыстарының биологиялық және экологиялық рөлі  
  Металдар және олардың құймаларының жемірілуі-қоршаған ортаның ластануының нәтижесі, коррозияға қарсы күрес  
  Темір құймалары және олардың қолданылуы. Шойын және болат өндіру.Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы.№3 Көрсетілім (3.7)  
  Металдар және олардың құймаларын алу әдістері. Металдар, олардың маңызды қосылыстары және Қазақстандағы кен орындары.  
  Металдар және олардың қосылыстарының табиғи орта және тірі организмдер үшін маңызы (биогендер және ластаушылар)  
46-47 Сандық есептер  
  №3 Практикалық жұмыс «Металдар» тақырыбына экспериментік есептер шығару  
49-50 Сандық есептер шығару (металдар және бейметалдар)  
  Бейметалдар және металдар туралы білімді қорытындылау  
  №3. Бақылау жұмысы  
ІV тарау. Көміртектің органикалық қосылыстары (14 сағат)
  Органикалық химия-көміртек қосылыстарының химиясы. А.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидалары  
  Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы. Қаныққан көмірсутектер. Метан. №4 Көрсетілім(4.1) №7 зертханалық тәжірибе  
  Қанықпаған көмірсутектер. Этилен №4 Көрсетілім (4.2)  
  Ацетилен  
  Ароматты көмірсутектер.Бензол  
  Көмірсутектердің табиғи көздері.Көмірсутектердің табиғи көздерінің Қазақстандағы кен орындары, оларды өндіру және өңдеу №8 зертханалық тәжірибе  
  Көмірсутектерді өндіру, өңдеу және қолданудағы экологиялық мәселелер. Көмірсутектерді экономиканың түрлі салаларында және тұрмыста пайдалану №4 Көрсетілім (4.3,4.4)  
  Метанол, этанол. Көпатомды спирттер (глицерин мысалында) туралы түсінік.№10 зертханалық тәжірибе  
  Альдегидтер  
  Карбон қышқылдары  
  Күрделі эфирлер. Майлар. Сабын. Синтетикалық жуғыш заттар туралы түсінік. №9 зертханалық тәжірибе  
  Көмірсулар  
  Аминқышқылдары. Ақуыздар  
  №4.Бақылау жұмысы  
«Химия» пәні бойынша білімді қорытындылау (2 сағат)(Жоба дайындау, экскурсия)
  Органикалық және бейорганикалық заттардың байланысы  
  Адамзаттың шаруашылық іс әрекетінің қоршаған ортаға әсері: химиялық ластанудың көздері жіне себептері. Қоршаған ортаны ластанудан қорғаудағы химияның рөлі  

11 сынып Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Сабақтың тақырыбы Сағат саны
І тарау. Органикалық заттар-көміртек қосылыстары (7 сағат)
  Кіріспе. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы  
  Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы  
  Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстар  
  Органикалық қосылыстарды атаудың негіздері  
  Гомологтар мен изомерлер  
  1-практикалық жұмыс.Органикалық заттардың сапалық құрамын анықтау  
  №1- Бақылау жұмысы.Органикалық заттар –көміртек қосылыстар  
ІІ тарау. Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері (9-сағат)
  Қаныққан көмірсутектер.Алкандар мен циклоалкандар  
  Қанықпаған көмірсутектер.Алкендер немесе этиленді көмірсутектер  
  Диен көмірсутектері  
  Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер  
  Ароматты көмірсутектер (арендер)  
  Көмірстутектердің табиғи көздері.Кокстеу өндірісі  
  Мұнай.Мұнайдың құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері  
  Қазақстандағы көмірсутекті кен орындары және оларды пайдалану  
  №2-Бақылау жұмысы  
ІІІ тарау. Оттекті органикалық қосылыстар (11 сағат)
  Бір атомды қаныққан спирттер жай эфирлер  
  Көп атомды спирттер  
  Фенолдар  
  Альдегидтер мен кетондар  
  Карбон қышқылдары  
  Күрделі эфирлер.Майлар  
  Көмірсулар  
  Дисахаридтер.Сахароза. Крахмал  
  Целлюлоза. Ацетатты талшық.Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар  
  2- Практикалық жұмыс.Органикалық заттарды танып білуге арналған эксперименттік есептерді шешу  
  №3- Бақылау жұмысы.Оттекті органикалық қосылыстар  
ІV тарау. Азотты органикалық қосылыстар (7 сағат)
  Аминдер  
  Амин қышқылдары  
  Құрамында азоты бар гетероциклды қосылыстар. Азотты органикалық өосылыстар жөніндегі білімді бір жүйеге келтіру  
  Белоктар  
  Нукелеин қышқылдары  
  Тірі организмдердің химиялық құрамы. Витаминдер  
  Жылдық қорытынды сабақ  

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына

74-қосымша

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптары үшін «Химия» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнін оқытудың мақсаты әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.

3. Оқыту міндеттері:

1) химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;

2) қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімімен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;

3) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;

4) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

5) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистікбағыттылығын дамыту;

6) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауылшаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға керіәсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

2. Химияны жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан дамыта оқыту кезінде пәндермен байланысы ескерілді.

3. «Билогия» пәнімен:

1) микро, макроэлементтердің (металл және бейметалл) биологиялық маңызы;

2) көмірсу, май, белок, амин қышқылдарының биологиялық және қоректік маңызы;

3) әртүрлі заттарды тұрмыста қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.

4. «География» пәнімен:

1) пайдалы қазбалардың, көмір, мұнай және табиғи газдың кен орындары;

2) негізгі металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер;

3) минералды ресурстарды тиімді пайдалану.

5. «Алгебра және геометрия» пәнімен:

1) заттың сандық құрамын анықтауда математикалық есептеулерді қолдану;

2) химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулерде формулаларды қолдану;

3) электрондық бұлттың кеңістіктегі құрылысы мен молекулалар геометриясы.

6. «Физика» пәнімен:

1) атомның, ядроның құрамы мен құрылысы, изотоптар, радиактивтілік, ядролық реакциялар;

2) зат құрылысының атом-молекулалық ілімі, зат массаның сақталу заңы;

3) заттардың агрегаттық күйлері, кристалдық торлар.

7. «Информатика» пәнімен:

1) электрондық оқулықтар, әдістемелер, виртуалды лабораториялармен жұмыс істеу;

2) компьютерлік бағдарламаларды қолданып, презентация, жобаларды жасау;

3) Интернеттен қосымша материалдар іздеу.

8. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан;

11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Химия 10 сынып

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

І тарау. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және атом құрылысы (8 сағат)
  Атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан периодтық заң және периодтық жүйе, оның құрылымын негіздеу  
  Атом, ион, молекула және олардың сипаттамалары  
  Элементтердің периодты өзгеретін қасиеттері. Атомдарының валенттілігі және тотығу дәрежесі  
  Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі және оның маңызы  
  Химиялық байланыстың түрлері. Коваленттік байланыс және иондық байланыстар  
  Кристалдық тор типтері. Жай заттар қасиеттерінің химиялық байланыстың түрі мен кристалдық тордың типіне тәуелділігі  
  Металдық және сутектік байланыстар  
  №1 бақылау жұмысы  
ІІ тарау. Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Химиялық реакциялар және олардың жүру жағдайлары (8 сағат)
  Бейорганикалық заттардың негізгі кластары, сипаттамалары және жіктелуі  
  Химиялық реакцияларды жіктеу  
  Судың диссоциациялануы. Тұздар гидролизі  
  Тотығу -тотықсыздану реакциялары, олардың жіктелуі  
  Химиялық элементтердің табиғаттағы айналымы  
  Химиялық реакциялардың жылдамдығы  
  Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі  
  Білімді жүйелеу мен қорытындылау  
ІІІ тарау. Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы (4 сағат)
  Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың және бейметалдардың орны, құрылысы  
  Металдардың негізігі физикалық және химиялық қасиеттері. Табиғатта таралуы  
  Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және олардың қасиеттері  
  Қоршаған ортаның химиялық ластануы.Қоршаған ортаны қорғау  
ІV тарау. Маңызды s – және p- элементтер.Олардың қосылыстары (8сағат)
  Маңызды s – элементтер және олардың қосылыстары  
22/23 ІІА топ металдарының жалпы сипаттамасы. Судың кермектігі  
  Алюминий және оның қосылыстары  
  p- элементтердің жалпы сипаттамасы. Бейметалдардың адам тіршілігіндегі биологиялық ролі  
  p- элементтер өндірісі. Аммиак өндірісі  
  Силикат өнеркәсібі және минералды тыңайтқыштар өндірісі  
  №2 бақылау жұмысы  
V тарау. d- элементтердің жалпы сипаттамасы (6 сағат)
  d-элементтеріне жалпы сипаттама  
  Мыс  
  Мырыш  
  Темір, оның қосылыстары және құймалары  
  Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары  
  d-элементтер туралы білімдерді жүйелеу және қорытындылау  

 

11 сынып Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Сабақтың тақырыбы Сағат
І тарау. Органикалық заттар-көміртек қосылыстары (7 сағат)
  Кіріспе. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы  
  Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы  
  Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстар  
  Органикалық қосылыстарды атаудың негіздері  
  Гомологтар мен изомерлер  
  1-практикалық жұмыс.Органикалық заттардың сапалық құрамын анықтау  
  №1- Бақылау жұмысы. Органикалық заттар –көміртек қосылыстар  
ІІ тарау. Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері (9-сағат)
  Қаныққан көмірсутектер.Алкандар мен циклоалкандар  
  Қанықпаған көмірсутектер.Алкендер немесе этиленді көмірсутектер  
  Диен көмірсутектері  
  Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер  
  Ароматты көмірсутектер (арендер)  
  Көмірстутектердің табиғи көздері.Кокстеу өндірісі  
  Мұнай.Мұнайдың құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері  
  Қазақстандағы көмірсутекті кен орындары және оларды пайдалану  
  №2-Бақылау жұмысы  
ІІІ тарау. Оттекті органикалық қосылыстар (11 сағат)
  Бір атомды қаныққан спирттер жай эфирлер  
  Көп атомды спирттер  
  Фенолдар  
  Альдегидтер мен кетондар  
  Карбон қышқылдары  
  Күрделі эфирлер.Майлар  
  Көмірсулар  
  Дисахаридтер.Сахароза. Крахмал  
  Целлюлоза. Ацетатты талшық.Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар  
  2- Практикалық жұмыс.Органикалық заттарды танып білуге арналған эксперименттік есептерді шешу  
  №3- Бақылау жұмысы. Оттекті органикалық қосылыстар  
ІV тарау. Азотты органикалық қосылыстар (7 сағат)
  Аминдер  
  Амин қышқылдары  
  Құрамында азоты бар гетероциклды қосылыстар. Азотты органикалық өосылыстар жөніндегі білімді бір жүйеге келтіру  
  Белоктар  
  Нукелеин қышқылдары  
  Тірі организмдердің химиялық құрамы. Витаминдер  
  Жылдық қорытынды сабақ  

 

Оқулық. Н.Нұрахметов, К.Бекишев, Н.Заграничная

Алматы «Мектеп»

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына

94-қосымша

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Химия» пәнінен

типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Оқыту мақсаты:

химия бойынша дамыған жаратылыстану ғылыми білімі мен білігі дағдысын болашақ өз кәсіби қызметіне қолдану, сонымен қатар қоршаған ортаны өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтан ластанудан қорғауда экологиялық мәдениет пен өзінің азаматтық позициясын көрсету қабілеті.

3. Оқыту міндеттері:

1) практикаға бағытталған білім, түсінік, химия ғылымының теориялары мен заңдарын игеру;

2) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;

3) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

4) эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту;

5) химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;

6) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;

7) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

4. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан;

11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан.

5. Химияны оқыту үдерісінде оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.

6. «Биология» пәнімен:

1) микро, макроэлементтердің (металл және бейметалл) биологиялық маңызы;

2) көмірсу, май, белок, амин қышқылдарының биологиялық және қоректік маңызы;

3) гендер, тұқымқуалаушылық, ДНҚ мен РНҚ маңызы, гендік инженерия туралы түсінік;

4) тірі ағзалардың химиялық құрамы;

5) медицина, экология саласындағы биотехнология, биохимия жаңалықтары;

6) әртүрлі заттарды тұрмыста қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.

7. «География» пәнімен:

1) пайдалы қазбалардың, көмір, мұнай және табиғи газдың кен орындары;

2) Қазақстандағы табиғи шикізат ресурстары және негізгі металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы;

3) минералды ресурстарды тиімді пайдалану.

8. «Алгебра» және «Геометрия» пәндерімен:

1) химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулерде формулаларды қолдану;

2) электрондық бұлттың кеңістіктегі құрылысы мен молекулалар геометриясы.

9. «Физика» пәнімен:

1) атомның, ядроның құрамы мен құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік, ядролық реакциялар;

заттардың агрегаттық күйі, кристалдық торлар, газ заңдары;

2) тұздар балқымасы мен ертінділерінің электролизі, Фарадейдың электролиз заңы;

3) баламалы энергия көздері, Қазақстанның энергетикалық потенциалы.

10. «Информатика» пәнімен:

1) электрондық оқулықтар, әдістемелер, виртуалды лабораториялар;

2) компьютерлік бағдарламаларды қолданып, презентация, жобаларды жасау;

3) Интернеттен қосымша материалдар іздеу.

Жаратылыстану- математика бағыты

Сынып

Сабақтың тақырыбы Сағат
І тарау. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы (8 сағат)
  Органикалық химия. Органикалық заттардың ерекшеліктері. Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, дамуы, маңызы  
  Көміртек атомының электрондық құрылыс ерекшеліктері. Гибридтену және гибридтенген орбитальдар.  
  Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстар  
  Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия  
  Органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы  
  Химияны дамытудағы Қазақстандық ғалымдардың үлестері. Органикалық қосылыстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.  
  №1-Практикалық жұмыс.Органикалық заттардың сапалық құрамын анықтау  
  №1 -Бақылау жұмысы  
ІІ тарау. Көмірсутектер (24 сағат)
  Алкандар, гомолог қатары. Изомерлер мен атаулары  
  Алкандардың құрылысы  
  Алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы  
  Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы  
  Циклоалкандар, олардың изомерлері атаулары, алынуы, қасиеттері  
  Газтектес заттардың молекулалық фомуласын тығыздық арқылы табу  
Қанықпаған көмірсутектер
15-16 Алкендер.Құрылысы, гомологтық қатары  
17-18 Алкендердің алынуы және қасиеттері.Жеке өкілдері  
  №2- практикалық сабақ. Этилен алынуы және оның қасиеттерін зерттеу  
  Алкадиендер, изомерлері, құрылысы, қасиеттері, алынуы, жеке өкілдері  
  Каучук пен резеңке, қасиеттері  
  Алкиндер.Құрылысы.Изомериясы.Номенклатурасы  
  Алкиндердің қасиеттері. Жеке өкілдері. Қолданылуы  
  №2 бақылау жұмысы  
Арендер
  Арендер. Бензол. Молекула құрылысы, гомолог қатары, изомерлері және оларды атау. Арендердің алынуы  
  Арендердің қасиеттері.Көмірсутектер мен олардың туындыларының арасындағы генетикалық байланыстар  
Көмірсутектердің табиғи қорлары және олардың өңдеу
  Табиғи және мұнайға серік газдар  
28-29 Мұнай, құрамы, өңдеу әдістері және өнімдері. Крекинг  
  Тас көмір. Тас көмірді кокстеу  
  Қазақстандағы мұнай, газ және көмірдің негізігі кен орындары  
  №3 бақылау жұмысы  
ІІІ тарау. Оттекті органикалық қосылыстар (20 сағат)
  Спирттер. Спирттердің атаулары мен изомерлері. Спирттердің жіктелуі  
  Қаныққан бір атомды спирттер. Спирттерді алу жолдары. Спирттердің физикалық және химиялық қасиеттері, олардың қолданылуы  
  Көпатомды спирттер. Алынуы, қасиеттері, қолданылуы  
  Фенолдар  
  Бақылау жұмысы.Көмірсутектер, галогентуындылар, спирттер және фенолдар арасындағы генетикалық байланыстар  
  Карбонилді қосылыстар.Альдегидтер.Альдегидтердің қасиеттері. Жеке өкілдері  
39-40 Карбон қышқылдары.Қаныққан бір негізді карбон қышқылдары  
  Карбон қышқылдарының табиғатта кездесуі мен алу жолдары.Карбон қышқылдарының қасиеттері  
  Карбон қышқылдарының жеке өкілдері, оларды алу және қолдану  
  Бір негізді қанықпаған қышқылдар және олардың өкілдері  
  №3 практикалық сабақ.«Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс» тақырыптық сандық және сапалық есептер шығару  
Жай және күрделі эфирлер. Майлар
  Жай және күрделі эфирлер, аталуы, алынуы, қасиеттері  
  Майлар, құрамы, құрылысы, табиғаттағы кездесуі, алынуы, қасиеттері  
Көмірсулар
  Моносахаридтер. Глюкоза. Химиялық қасиеттері  
  Дисахаридтер. Қазақстандағы қант өнеркәсібі  
  Плисахаридтер. Крахмал мен целлюлоза  
  Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстарды қайталау, жаттығулар орындау  
  №4-Практикалық жұмыс«Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар» тақырыбында эксперименттік есептер шығару  
  №4 -Бақылау жұмысы  
ІV тарау. Азотты органикалық қосылыстар (9 сағат)
  Аминдер.Аминдердің химиялық қасиеттері  
54-55 Аминқышқылдары  
  Құрамында азоты бар гетероциклды қосылыстар  
Нәруыздар. Нуклеин қышқылдары
  Белоктардың құрылымы, жіктелуі  
  Белоктардың қасиеттері және синтездеу проблемасы, организмдегі өзгерісі  
  Нуклеин қышқылдары.Гендік инженерия және биотехнология туралы түсінік  
  Тақырып бойынша қайталау жұмыстары және сан есептерін шығару  
  №5 бақылау жұмысы  
  V тарау. Синтездік ЖМҚ және олардың негізіндегі полимерлер (7 сағат)  
  ЖМҚ химиясы жөнінде түсінік. Синтездеу әдістері  
  Полимерлердің қасиеттері  
  Пластмассалар және оларды синтездеу  
  Каучук синтезі. Вулканизация  
  Синтездік талшықтар және олардың маңызды өкілдері.  
  Химия және адам денсаулығы  
  Органикалық химия курсын қайталау және қорытындылау  

 

Оқулық. К.М.Жексембина. Алматы «Мектеп»-2015

 

Жаратылыстану- математика бағыты

Сынып

Сабақтың тақырыбы Сағат
І тарау. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі (10 сағат)
1-2 Кіріспе. Химиялық элементтер және заттар. Д.Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы.Химиялық элемент атомдарының құрылысы  
  Атомдағы электрондардың қозғалысы. Энергетикалық деңгейлердің құрылысы  
  Атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан периодтық заң мен периодтық жүйе, оның құрылымын негіздеу  
  Д.Менделеев жасаған элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі және оның маңызы  
  Элементтердің периодты өзгертетін қасиеттері  
  Атомдардың валенттілігі және тотығу дәрежесі  
  Элементтердің қосылыстары қасиеттері өзгеруінің периодтыл

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow