Лекция №1 (шифр және мамандық атауы)

Астана, 2012

ЯФ-11, ЯФ-13, ТФ-11, ФЗ-11

В060400-Физика

БЕКІТЕМІН

ЗАДАНИЕ

1. Закон Республики Казахстан от 07.05.1997 «О гражданской обороне»

2. Аксиома о потенциальной опасности

3. Глоссарий

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Көлік-энергетика

факультетінің деканы

Сүлейменов Т.Б.

_______________________

________________20____ж.

6В060500 - Ядерная физика, 6В072300-Техническая физика,

(шифр және мамандық атауы)

мамандығының (тарының) білім алушылары үшін

АӨҚН-3027, 3029, 3013, 3023-Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері

( жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ

Жауапты тұлға______________________________________________Т.А.Ж.

(күні; кафедраның оқу-әдiстемелiк секция торағасының қолы)

Келісілді:

Кафедра меңгерушісі ________________________________________Т.А.Ж.

(күні, қолы)

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық шаралары -1 сағ.

1. Тіршілік қауіпсіздігінің және азаматтық қорғаныстың анықтамалары

2. АҚ-ның негізгі міндеттері

3. АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері

4. АҚ-ның құралдары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі

1. Студенттердің "Тіршілік қауіпсіздігі" курсы Бағдарламасынын Төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласында барлық нысандағы шаруашылық объектілері мен ұйымдардың болашақ мамандарын даярлау ісінде үлкен маңызы бар.

Тіршілік қауіпсіздігі - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару оргаңдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы.

Ұйым - бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

2. Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Казақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылу және жұмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.

Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау АҚ-ның бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халықтың іс-әрекеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайындаудың тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау негізінде жүргізіледі.

АҚ-ның негізгі міндеттері:

- басқару, хабарлау және байланыс жүйесін ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзірлікте ұстау;

- АҚ күштерін құру, оларды даярлау және ТЖ кезіңдегі іс-әрекеттерге тұрақты әзірлікте ұстау;

- орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін даярлау және халықты үйрету;

- радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау;

- АҚ әскери құрамаларының жұмылдырушьлық даярлығын қамтамасыз ету;

- шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;

- қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын, жеке қорғаныс құралдары мен АҚ-ның өзге де мүліктерін жинау және әзірлікте ұстау;

- халықты, орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы құлақтандыру;

- құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету;

- азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізатын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, эпизоотия мен эпифитотиядан қорғау.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: