Хламидиоз

Емі

Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда Туберкулезге қарсы жұмысты Туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орт-нда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика Туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.

2)Венерологиялық аурулар

-Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар (ЖЖЖИ) – бұл жұқпалы аурулар, оның себебі құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болып табылады. Бұл микробтар (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) жыныстық қатынас жасау барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. Оның үстіне кейбір инфекциялар (АИТВ, В,С,Д гепатиті) қан арқылы да жұғады.

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекцияларға жататындар:

· соз,

· хламидиоз,

· мерез,

· трихомониаз,

· гениталдық ұшық,

· ВИЧ/СПИД,

· гарднереллез,

· микоплазмоз,

· гениталдық кандидоз,

· гениталдық үшкір кандиломдар

· В, С, Д гепатиттері

· басқалары (барлығы 20-дан асатын ауру түрі).

-ЖЖЖИ несімен қауіпті

ЖЖЖИ қоздырғыштарының көбісі бала көтеру органдарын зақымдайды, соның салдарынан бедеулік, импотенция, жатырдан тыс жүктілік, түсік сияқты аурулар туындауы мүмкін. Мысалы, егер мерезді емдемесе ішкі органдардың қатты бұзылуын, орталық жүйке жүйесінің бұзылуын туындатады, және де ұрпақтарына беріледі. Кейбір ЖЖЖИ қатерлі ісіктердің (обырдың) себепкері болуы да мүмкін.

ЖЖЖИ жұқтырған адамдарда АИТВ-ны (адамның иммундық тапшылығының вирусын) жыныс жолдары арқылы жұқтыру қаупі он есеге көбееді.

Естеріңізде болсын, адам ұзақ уақыт бойы өзіне инфекция жұқтырылғандығынан бейхабар болуы мүмкін. Өйткені қоздырғыш, адам ағзасына түскеннен соң сол жерде көбее бастайды. Бірақ, ауруды білдіртетін бастапқы белгілер пайда болғанға дейін біршама уақыт өтеді. Ол әр ауру түріне қарай әртүрлі болады. Бұл – аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі болып табылады.

Оның үстіне, ауру жұқтырылғаннан кейінгі біршама мерзім ішінде тіпті арнайы зертханалық анализдер де адамның ауру жұқтырғанын анықтай алмауы мүмкін. Аурудың мұндай кезеңі «терезе кезеңі» деп аталады (әдетте бұл ЖИТС туралы сөз қозғалған жағдайда). Алайда ауру жұқтырылған адам инфекцияны өзіне ауру жұқтырылған сәттен бастап сау адамға жұқтыра алады.

-ЖЖЖИ жиі кездесетін белгілері

(ерлер үшін де, әйелдер үшін де)

Егер сен жыныстық қатынас жасауды бастасаң, онда өзіңе және өз денсаулығыңа абай бол, және де келесі белгілердің ең болмаса біреуі пайда болса дәрігерге тексерілуге бар:

· жыныс органдарының терісі мен шырышты қабығында өзгерістер (қызару, бөрту, тығыздалу, ауырсыну, жыныс органдарының ісінуі) болса;

· зәр шығару кезінде ауырсыну пайда болса (ашыту, түйілу және т.б.);

· (ерлердің) зәр шығару жолдары мен (әйелдердің) қынабынан жағымсыз бөлінділер, тікішектен іріңді бөлінділер (соз болып аурған кезде) шықса, кейде жағымсыз иісі болуы да мүмкін

- ЖЖЖИ жұқтырудан қалай сақтануға болады

· Некелескенге дейін жыныстық қатынас жасама.

· Бір адаммен ғана жыныстық қатынас жаса;

· Мүшеқап қолдану арқылы өзіңнің жыныстық қатынасыңдағы қауіптілікті азайт.

Егер сенде ЖЖЖИ жұқтырдым-ау деген күдік туындаса не істеу керек

· Барынша тезірек маман-дәрігерге барып тексеріл.

· Егер сен емдеу курсын дер кезінде әрі толық өтсең көптеген ЖЖЖИ емделеді.

· Өз серігіңмен міндетті түрде сөйлес. Егер екеуің де емделмесеңдер, сендер бір-біріңе қайда жұқтыруларың мүмкін.

Еске сақтағаның дұрыс!

· Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар өздігінен жойылмайды!

· Көбінесе инфекциялар білдіртпей зақымдайды!

· Тек қана дәрігерге барып емделу керек!

Емделмеген (созылмалы) инфекциялардың салдары ауыр болуы мүмкін: ерлерде бедеулік пен импотенцияға, әйелдерде бедеулікке, мерзіміне жетпей түсік тастауға және нәрестелердің патологиясына алып келеді.

-СОЗ (ТРИПЕР)

Бұл ауруды гонококк бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – бұл мүшеқапты пайдаланбай жыныстық қатынас жасау. Жыныстық қатынас жасау түріне орай (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) соз ауруы зәр шығару жолдарын, тікішекті немесе тамақты зақымдауы мүмкін. Бастапқы белгілері жыныстық қатынас жасалғаннан кейін тек 5-7 күннің ішінде ғана пайда болады.

Соз ауруының белгілері:

· ерлерде – жыныс мүшесінен «кілегей тәріздес» іріңді бөлінді шығады, қышиды, ауырсына және жиі зәр шығарады;

· әйелдерде – зәр шығару жолдарынан және қынаптан сарғыш немесе жасыл түстес бөлінді шығады, қышиды, ауырсына зәр шығарады.

Тамақ созы онша білінбей жүре береді. Тік ішек созы көтен аумағы қышып, тікішектен іріңді бөлінділер шығады.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі: емделмеген (созылмалы) соз ауруы салдарынан бедеулік туынгдауы мүмкін.

Бұл ауруды хламидия бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Хламидиоздың белгілері:

· ерлерде – зәр шығару жолдарынан (аздаған) бөлінді шығады, зәр шығару функциясы бұзылады;

· әйелдерде – зәр шығару функциясы бұзылады, зәр шығару жолдары мен қынаптан бөлінді шығады.

· ауру көбінесе білінбейді.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі: емделмеген хламидиоз салдарынан бедеулік пен импотенция туындауы мүмкін; әйелдерде - бедеулік, мерзіміне жетпей түсік тастау және нәрестелердің патологиясы орын алуы мүмкін.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: