Исторические предпосылки и проблемы внедрения стратегического планирования 3 страница

1) Кіші жүйе- Бұл жүйенің басқа бөліктерге ыдырау бөлігі

2) Элемент - бұл ендігі жерде құрамдас бөлікке ыдырауы мүмкін емес бөлігі.

Элемент дербес болады. Сондықтан кіші жүйе дегеніміз элементтердің жйынтығы. Сонымен бірге, не құрлым жоғары иеярхиялық жүйе жөнінде жүйе кіші болуы мүмкін. Мысалы, бір жағынан, кәсіпорын дербес жүйе болып табылады, екінші жағынан – оны саланың кіші жүйесі және бүкіл халық шаруашылығының элементі ретінде қарастыруға болады. Бұдан элементтің кіші жүйемен жүйенің арасындағы айырмашылық салыстырмалы сипатта обсалютті сипатта болады деген қорытынды шығады.

Жүйенің аса маңызды ерекшіліктері-оны құрайтын элементтер жиынтаығы болып табылатын қасиеттерінің болуы. Бұдан элементтердің қандай болсада жиынтығы жүйе болмайтын деген қортынды шығады. Мысалы, белгілі бір территорияда орналасқан кәсіпорындар тобы әлі де өздігінен жүйе бола алмайды. Одан белгілі бір кәсіпорынды шығарып тастауға немесе, керісінше, олардың санын көбейтуге болады, ал мұның өзі бұл топқа сапалық жағынан ешқандай әсер етпейді. Егер осы топқа кіретін кәсіпорындар бір-бірімен өзара тығыз байланыста болып, белгілі бір түрде өз ара іс қимыл жасайтын болса, мысалы, белгілі бір өнімді дайындауға бірлесіп қатысса, онда сөз басқа. Бұл ретте, кәсіпорындардың осы тобы жеке алғанда, әр бір кәсіпорында болатын сапалар мен салыстырғанда өзге сапасы бар жүйе болады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, жүйеге нақты неғұрлым анықтама беруге болады. Өзара іс-қимыл жасаған жағдайда жекелеген компоненттерге тән емес. Белгілі бір жиындағы жүйе деп түсіндіріледі.

Ашық жүйелердегенімізорта мен материалдық, немесе хабарламалық тасқындар мен алмасып отыратын жүйелер (тірі организм).

Ашық жүйелерге тән ерекшелік- олардың барлық зор ұйымдастыққа ұмтылуы болып табылады.

Егер ортаның қайсы бір материалдық немесе хабарламалық тасқындар мен байланыста бөлігі жүйеге негізделсе, онда ашық жүйені жабық жүйеге айналдыруға болады. Жабық жүйенің аса маңызды ерекшелігі олр үшін екі негізгі олық көлемді, күшінде болады, оған сәйкес бұл жүйелер барынша немесе ретсіздікке ұмтылады.

Жүйенің оның ұйымдастырылу деңгейінің сипаттамасы, шарасы болуы тиіс.

Басқару бұл процестердің қарсы тұрып, жүйені жүргізуіндегі озайту есебінен оны азайтуға тиіс.

Жүйе ұғымымен қатар процесс деген ұғымды айыра білу керек.процесс дегеніміз-жүйе элементтері арасындағы іс-қимыл.

Құрылым – жүйені тыныштық жағдайда сипаттайды (тұрған күйінде).

Ұйым-жүйені қозғалыс үстінде көрсетеді (динамикада).

Адам әр түрлі жүйелермен кездеседі, сондықтаноларды бір қатар кластарға бөлген жөн. Мысалы, жүйелерді ст.бир, міне, былайынша топтарға бөледі. Оның топтарға бөлу негізіне екі өлшем алған.

Бірінші өлшем-жүйенің күрделі дәрежесі.

Жай жүйелер ішкі байланыстардың саны аз және матемматикалық суреттелудің оңай болуымен сипатталады.

Күрделі жүйелерде суреттеуге икемді, бірақ олардың құрылымы сан салалы, және ішкі байланыстары мейлінше алуан түрлі болады.

Өте күрделілерді ерекше алуан түрлі, математикалық суреттеуге келмейтін күрделі байланыстардың көп болуына себепті өте күрделі болып табылады.

Екінші өлшем және ықтимал жұйелер арасындағы айырмашылық.

Онда құрамдас бөліктерді дәл болжаған түрде өз ара іс қимыл жасайды (егер өткендегі күйі белгілі болса оның кейінгі кұүйін қатесіз және болжап айтуға болады).

Ықтимал жүйе– оларды егежей – тегжейлі дәл болжап айтуға мүмкін мес. Белгілі бір жағдайда жүйенің өзін қалай көрсететіндігін қайсы бір ықтималдық дәрежесіне ғана белгілеуге болады.

Жетекшіліктің рбөлігі мынаған келіп саяды: өндірісті онша күрделі емес және ықтималдығы шамалы жүйе етіп өзгертіп кәсіпорын жұмысына кездейсоқтық жасайтын ықпалын мейлінше азайту керек.

Жүйелердегі басқарылу шарттары:

Бірінші шарт жүйе элементтері арасындағы және ең алдымен басқарушы жүйелер арсындағы себеп-салдары байланыстардың болуында. Мұның мәнісі – басқарушы кіші жүйе мен басқарылушы объект екеуінде де болатын өзгерістерді сезііп отырса, яғни, кері байланыс болса, сол жағдайда ғана басқару мүмкін болады деген сөз. Кері байланыстың болуы басқарудың ең маңызды шарты болып табылады.

Басқарудың жүзеге асырудың екінші шарты– жүйенің серпімділігі. Жүйе бір сапалық жүйеден екіншісіне көшуге қабілетті болып, бұл орайда жүйе күйінде қала беруге тиіс.

Үшінші шарты - әсер еткен ағдайда процестің өтуін өзгертуге болатын параметрдің болуы.

Төртінші шарты жүйенің басқарушылық ықпалын күшейтуге, яғни басқару объектісінің субъектіге тікелей ықпал жасауын сезінуге ғана емес, субъекті жөнінде жасайтын ықпалын күшейте түсуге де қабілеттілігі.

Бесінші шарты жүйеге басқару хабарламасын беру, жинақтау және өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ету тиіс. Бұл басқару оъектісіне әсер етудің уақытпен кеңістіктегі алшақтықтарға байланысты болуы мүмкін екендігімен түсіндіріледі. Бұл орайда жүйе кері тәуелді блолатын хабарлама керек. Егер энтропия шарасы болса хабарлама мөлшері ұйымдастыру шарасы болып табылады.

Басқарудың жүзеге асырудың алтыншы шарты– жүйенің сындарлы сипаты. Мұнсыз бақылау мен басқару мүмкін емес. «Кибернетикалқ жүйенің айырықша ерекшкелігеі оны біртұтас организмнен басқаша деп қарастырудың толық мағынасыздығы деп санауға болады. Кибернетикалық жүйе жекелеген элементтердің бытыраңқы жиынтығы емес, қайта берік байланысты ақпараииық желі болып табылады».

Сонымен жүйе атап келтірілген шарттарды қанағаттандырған жағдайда ғана оны басқаруға болады. Бұл шарттар-барлық басқару жүйелеріне ортақ болып табылады.

Жүйелердің негізгі ұғымдары мен қасиеттерін анықтаған соң ең алдымен экономикалық (шаруашылық) жүйелерді басқаруда кеңінен қолданылатын жүйелі көзқарастың мәнін тоқталмасы. Жүйелі көзқарас ең алдымен міндеттердің шешуін талап етеді.

Шындығында, жүйелі көзқарас он жылдықтарда ашылған жаңалық емес, оның негіздері сонау Платон, Аристотельдердің еңбектерінде қаланған болатын.

Жүйелік көзқарас дегеніміз – диалектика әдіске қарама – қарсы тұратын бір нәрсе емес, қайта оның талаптарының бірі,. Жүйелі көзқарастарды басқаруды қолдану экономикаға барлық ғылымдардың жұмыс істеуі өзара байланыста болатын құрылымдық-ұйымдық жүйе ретіндегі көзқарасты білдіреді, яғни қазіргі жағдайда кез - келген ірі халық шаруашылық міндеті немесе ғылыми проблема кешенді көзқарас факторларды бірге алып қарамайынша шешілмек емес. Жүйелі көзқарасты пайдалана отырып, басқаруда нысаналы функциясын тұжырымдауға, басқару проблемаларын шешудің жалпы ережелерін анықтап, оның құралдарына терең талдау жасауға болады.

Басқарушы кіші жүйенің құрылуы және жұмыс істеу қағидалары

Құрылымы жағынан қоғамдық өндірістің басқару объектісі, басқарылатын жүйе ретінде екі белгісі бар:

- иерархиялық;

- функционалдық;

Өндірістік иерархиялық жүйе жалпы халық шаруашылығынан басталып, жұмыс орнымен аяқталатын өзара дәйекті түрде байланысты бірқатар ұяларға бөлінеді. Өндірістің иерархиялық жүйе ретінде болуының басқаруды дамыту үшін және еі алдымен басқаруды онда жүріп жататын құбылыстар және процестермен ыңғайластыру үшін ерекше зор маңызы бар.

Бұл орайда жүйеде қарапайым буындар неғұрлым аз және олар өздерінің табиғаты жағынан неғұрлым тұрақты болса, ол ыңғайластыруға соғұрлым оңай болады.

Өндірістік иерархиялық құрылым түрінде болуы оның жұмыс істеуін біртіндеп шешілетін жеке міндеттердің жиынтығы ретінде оңтайландыру міндетін шешуге мүмкіндік береді.

Өндірісті функционалдық белгісі бойынша басқару объектісі ретінде, техникалық, технологиялық, ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық кіші жүйелер ретінде қарастыруға болады.

Басқарылатын жүйенің 1-бөлігі – техникалық жүйе.

Техникалық жүйе
Басқаруға арналған машиналармен механизмдер жүйесі
Технологиялық машиналар мен механизмдер жүйесі
Энергетикалық машиналар жүйесі
Техникалық жүйе дегеніміз – белгілі өндірістік міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін жабдықтардың өзара байланысты кешені.Станоктар белгілі бір түрде орналастырылып, қуаты жағынан бір бірімен ұштастыруға бірін - бірі толықтырып, бірі-бірімен пропорциялы түрде ұштасцы тиіс.

Техникалық жүйе өндірістік кәсіпорынның өндірістік қуатын көрсетеді. Соның көмегімен адамдар өндіріс процесінде белгілі бір мөлшерде және сапалы өнім өндіре алады.

Сыртқы ортаға қатынасы жөнінен техникалық жүйе онша жылжымалы болмайды. Ғылыми – техникалық прогресс өндірісте нақ осы жүйеге мейлінше көп ықпал жасайды.

Техникалық жүйе ерекше басқарылады. Ғылыми – техникалық прогрестің ықпалымен ол өндірістік қуаттарды еселей түсу процесінде олардың теңгерілуін, жаңалықтарды жаңғыртуын ұтымды ұйымдастыруды қажет етеді.

2-бөлім – технологиялық жүйе. Өндіріс операцияларымен процестерінің ережесі, реті болуы қажет; белгілі бір техникалық жүйе жағдайында әртүрлі техникалық жүйе болуы иүмкін.

Технологиялық жүйені адамдар ғылым мен техника жетістіктерін, алдыңғы ұрпақтардың тәжрибесін ескере отырып жасайды және ол ғылыми – техникалық прогрестің ықпалымен өзгеріп отырады.

3-бөліи - өндірісті ұйымдастыру жүйесі. Өндірісті ұтымды ұйымдастыруға, өнеркәсіп орнында бүкіл өндіргіш күштерді ұтымды пайдалануға, өндіріс процесі мейлінще, прогрестік тәсілдермен әдістердің көмегімен және шығын аз жұмсалып жүзеге асырылуы үшін оларды өндіріс процесінде ұтымды пайдалануға, біріктіруге мүмкіндік береді.

4-бөлім – бірлескен еібік жүйесі. Бірлескен еібік жүйесі дегеніміз – жекелеген еңбек түрлерінің саны және сапа жағынан белгілі бір пропорциясы, олардың өндіріс процесіндегі өзара байланысы. Бірлескен еңбек жүйесі өндіріс көлемімен өндірістің күрделілігіне қатысты болады.

Бұл жүйені басқаруға әдетте баса назар аударылып, көңіл бөлінеді. Ал мұның өзі табиғи нәрсе. Бұл арада әңгіме адамдарды орналастыру, үлкен немесе шағын ұжымдар құру жайында болып тұр, шын мәнінде еңбек өнімділігіне орасан зор дәрежеде ықпал ететін психологиялық ахуал жасалады.

5-бөлім – Экономикалық жүйе. Экономикалық жүйе дегеніміз экономикалық процестердің, өндірістің барлық жақтарындағы экономикалық байланыстардың бірлігі болып табылады. Экономикалық жүйе барлық өндіріс жүйелерінің мүмкіндіктерін жңне оның тиімділігін арттыру үшін жан жақты пайдалану міндетін шешеді.

Кіші жүйелер – техникалық, технологиялық, ұйымдық, әлеуметтік, экономикалық өндірістік жүйелері – жинақтап алғанда, бір тұтас басқарылатын жүйе ретінде көрінеді.

Басқарушы кіші жүйенің құрылуы және жұмыс істеу қағидалары

Экономикалық басқарушы кіші жүйе дегеніміз – басқару органдарының жиынтығы. Басқару жүйесі басқарылатын жүйемен сан жағынан байланысты. Басқарылатын жүйе неғұрлым көбейген сайын басқару жүйесі де соғұрлым көп болады. Басқару жүйесінің басқарылатын жүйемен байланысы ақпараттар көмегімен жүзеге асырылады.

Басқарылатын жүйеден түсетін ақпарат-хабарларды басқару жүйесі өңдейді де, оған басқару ықпалын жасауға әмір беруді әзірлеуге мүмкіндік береді, содан соң ол басқарылатын жүйе үшін міндетті болып табылады.

Басқару жүйесінің құрылуы екі қағидаға: иерархиялық және кері байланыс қағидаларына негізделеді.

Басқарудың иерархиялық принципінің мәні басқару жүйесінің көп сатылы болып құралатындығыда, онда бастауыш өндіріс жүйелерін басқару келесі деңгейдегі органдар бақылап отыратын төменгі деңгейдегі органдар арқылы жүзеге асырылады. Басқарудың екінші деңгейінің қызметін үшінші деңгейдегі органдар арқылы жүзеге асырылады. Учаскеден бастап, халық шаруашылығына дейінгі әртүрлі сатыдағы басқару жүйелері басқару органдарының біртұтас иерархиялық жүйксін құрайды.

Басқару органдарының иерархия жағдайындағы өзара іс-қимылы мындай: олардың жоғарыдағысы төменгісіне белгілі бір нұсқау береді, алайда, бұл орайда мақсатқа жетудің нақты құралдарына регламент белгілемейді. Басқарудың әрбір деңгейін нақ соған тән міндеттерге мамандандыру жалпы жүйені оңтайлы етудің басты шарты болып табылады.

Басқару жүйесінің иерархиялық құрылысы төменгі басқару органдарының жоғарыдағы органдар жарлығын орнатуы жайында ғана сөз болады.дегенді білдірмейді. Біріншіден, жоғарыдағы орган басқарылатын объектіге тек мақсат қана береді,бірақ оған жетудің әдістерін белгілемейді; екіншіден, төменгі басқару буыны жеке өз мүдделерінде көздейді. Мемлекеттің, кәсіпорынның, әрбір қызметкердің мүдделері сәйкес келгенде ғана өндірістің және оны басқарудың, мейлінше жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуі мүмкін.

Кері байланыс қағидасының мәні

Жүйелік тұрғысынан алғанда басқару процесі басқару әмірі мен кері байланыс ақпараттар тасқындары арқылы берілетін, өздігінен реттелетін нобайда болуы мүмкін. Егер жүйеде байланыс болмаса, онда бұл жүйе басқарудан қалады. Экономикалық жүйелерде кері байланыстың формалары алуан түрлі сипатта болады.

Басқару сатысы неғұрлым жоғары болса, басқарылатын жүйенің басқару жүйесімен кері байланысын жүзеге асыру да соғұрлым қиын. Бұл іс-қимыл халық шаруашылығы ауқымында мейлінше күрделі болады. Мұның себебі – ел көлемінде алғанда, қоғамдық өндіріс - табиғат пен қоғам ең күрделі жүйелердің бірі.

Егер иерархиялық қағидасының негізінде басқару жүйесінің тұрақтылығыныа қол жеткізілетін болса, онда кері байланыс үнемі бақылау жасап отыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Басқарушы кіші жүйе кері байланыс арналары арқылы басқарылатын кіші жүйелерге басқару ықпалының әсерін берілетін әмірді түзетіп отыру мақсатымен үздіксіз тексеріп отыруға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде басқарылатын кіші жүйе кері байланыс арқылы басқарушы кіші жүйені басқару объектісінің оңтайлы жұмыс істеу талаптарына сай келетін тереңдікпен күш қолдану арқылы ықпал жасауға итермелейді.

4-тақырып Менеджмент эволюциясы

1.Тарихи жағдайлары және менеджменттің дамуын дәуірге бөлу

2. Басқарудағы әр түрлі мектептер

1. Басқару туралы идеяның тамыры тереңде жатыр. Клод Ст. кішіджорждың (басқару саласының американдық теоретигі) «Басқару ойларының тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы» тарауында біздің дэуірге дейінгі 5000 ж. бастап менедж.менттің дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер (қысқартылып алынды) төмендегідей.

Жылдары Жеке тұлға немесе этникалық топ Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері
Біздің дәүірге дейінгі 5000 ж Шумерлер Жазу; фактілерді тіркеу
  Мысырлықтар Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың керек екендігін мойындайды
  Мысырлықтар Басқаруды орталықсыздандыру
  Қытайлар Ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басшылықтың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды
  Соқрат Менеджмент әмбебаптығының (универсальность менеджмента) принциптерін қалыптастырады
  Әл-Фараби Басшылыққаталап қояды
  Чарльз Баббедж Ғылыми тәсілдемеге ерекше мән береді; мамандандырудың айрықша маңыздылығын мойындайды; еңбекті болу; еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеу; өзіндік құндарды есептеу

Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент жасалған XX ғасырдың басында жалғасын тапты. Дамудың бұл кезеңінде көптеген ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл бағыттардың көрнекті өкілдері: Фредерик У. Тейлор, Анри Файоль. Мэри Р. Фоллет, Макс Вебер. Норберт Винер, Игорь Анеофф, Майқл Портер және т.б.

Басқару ғылымының эволюциясын дәлірек әрі терең түсіну үшін басқару ойларының негізгі даму бағьптары туралы нақты ұғымға ие болу керек.

2. «Классикалық» («ғылыми менеджерлеу мектебі») кез келген ұйымды басқаруға жарайтын басқару принциптерін әзірлеуге ұмтылды.

Бұл мектеп ең алдымен Ф.Тейлордың есімімен байланыстырылып аталады (XX г. басында). Оның негізгі теориялық ережелері «Управление фабриқой» (1903ж.); «Принципы научного управления» (1911 г.); «Показания перед специальной комиссией конгресса» (1912 ж.) еңбектерінде баяндалған.

Ол еңбек өнімділігін арттыру кожайынға да, жұмысшыға да мол өнім әкеледі деп ұйғарған. Бұл үшін оның да, басқалардың да санасын ояту, яғни олардың психикаларына төңкеріс жасау қажет.

Фредерик Уинелоу Тейлор (20.03.1856-21.03.1915 жж.), көрнекті өнертапқыш, ол өз өмірінде 100-ден аса патент алған. Ол басқару ғылымының негізін қалаушы ретінде аталады. Оның кұлпытасында былай деп жазылған: «Менеджмент ғылымының атасы».

Ф. Тейлор тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша бөліп көрсетуте болады:

• тәжірибеде қалыптасқал ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми фундаментті жасау, оның әрбір элементіп ғылыми тұрғыдан зерттеу;

• ғылыми критерийлердің негізінде жұмысшыларды іріктеп, оларды жаттықтыру және үйрету;

• еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан әзірленген жүйесін іс жүзіне енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы;

• әкімшілік пен жумысшыларға жауапкершілікті және еңбекті тең бөліп беру.

Ф. Тейлор әрбір операцияны элементарлы құрамдық беліктерге бөлшектеудің және жұмсалған уақытты есептеудің көмегімен жұмыстың әлдеқайда озық тәсілдерін анықтаудың мүмкіндіктеріне сенді.

Ф. Тейлор еңбекақы жүйесінің елеулі түрде қайта құрылуына ықпал етті. Ол белгіленген нормалардың орындалуына қарай қатал дараланған әрі сараланған түрде болды.

Ф. Тейлор шұғылдалған жекелеген жұмысшының еңбегін оңтайландыру мәселелерімен қатар еңбекті ұйымдастырудың әлдеқайда жалпы принциптерін әзірлеу қолғаа алынды.

«Классикалық» мектепке зерттеудің осы бағытының негізін Анри Файоль (1841-1925 ж.ж..) қалады.

Ол өзінің «Общая и промышленная администрация» атты негізгі еңбегінде әкімшілік қызметін талдаудың жалпы тәсілдемесін жасауға талпынды.

Оның пікірі бойынша әкімшілік өзіне мына функцияларды (функцияларды қамту арқылы барынша кең ауқымдағы қызметті білдіретін басқару ісінің бір бөлігін) құрамақ:

- өндірістік,

- коммерциялық,

- қаржылық,

- кредиттік,

- есептік-бухгалтерлік,

- әкімшілік.

А. Файоль кез келген әкімшілік қызметте, оның пікірі бойынша қолдануға жарайтын принциптерді әзірледі. Оған жататындар: еңбекті бөлу, билік (бедел әрі жауапкершілік), тәртіп, біртұтас басшылық, сыйақы, теңдік, бастама (инициатива), корпоративтік рух.

Ол, сонымен қатар, маңызды принциптерді бөліп көрсетті: басшылық пен бүйрықтың (әміршілдіктің) біртұтастығы.

Басқарудың «классикалық мектебі» одан әрі екі негізгі бағытта дамыды - өндірісті оңтайландыру, басқарудың жалпы мәселелерін зерттеу.

Бұл арада Г. Эмерсонның. Л. Урвиктің. М, Вебердің және Г. Фордтың еңбектерін бөліп айтуға болады.

Г. Эмерсон «Двенадцать принципов производительности труда» еңбегінде кәссіпорынды басқарудың мына принциптерін қарастырып, қалыптастырды:

- әрбір басшы мен оның әр түрлі деңгейдегі бағыныштылары қол жеткізуге ұмтылатын нақты белгіленген мақсаттар;

- алдағы кезеңнің мақсаттарын қоса ескеретін әрбір жаңа процееті талдаудың мағынасы айқын тәсілдемесі;

- білікті кеңес (кеңес беру) - арнайы білімдердің қажеттілігі. Шынайы білікті кеңес тек алқалылық (қоллегиальный) қана бола алады;

- тәртіп (дисциплина);

- қызметкерге дұрыс қарым-қатынас жасау;

- жылдам, сенімді, дәл және тұрақты есебі;

- диспетчерлеу - оперативтік басқару;

- нормалар және кесте;

- жақсы нәтижелер арқылы қол жететін жағдайларды нормалау;

- орындалу тізбегін (ретін) белгілеу үшін операцияларды нормалау;

- жұмысты орындаудың барлық ережелерін дәл бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;

- әрбір қызметкерді көтермелеуге бағытталған өнімділік үшін сыйақы.

Өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың күрделі міндеттерін шешу үшін қажет болатын кешенді тәсілдеменің мақсатқа лайықты болатынын әрі оның қажеттілігін алғаш рет Г. Эмерсон айтты. Оңтайландыруды тиімділік тұрғысынан қарастыру тән (алғаш рет енгізілген ұғым). Тиімділік дегенде, шығындар мен нәтижелер арақатынасындағы ең көп шамадағы пайданы ұғуға болады. Бұл тұжырымдамаға артынан Василий Леонтьев -«шығын - шығарылым» үлгісін жасаған Американың атақты экономисі де қосылды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: