Интерн шифрі

Интерн шифрі________________

Қадамдарды бағалау критерийлері 

Балл бойынша бағалау

    Кезең бойынша, дұрыс – 2 балл Дұрыс, кезең бойынша емес – 1 балл Қателіктермен, кезең бойынша емес – 0 балл
1 Алдымен екі қолымызға стерилді қолғап киіп аламыз. Жалпы хирургиялық аспаптарды қолданылуына байланысты 4 топқа бөлуге болады: тіндерді ажырататын, фиксациялық (кеңейтуші және қосымша) қан тоқтатушы, тіндерді қосатын (көрсетіңіз)      
2 Арнайы аспаптар: Дешан инесі, Фарабеф распаторы, Дальгрен тістегіші, қол трепані.      
3 Жібек және синтетикалық жіптер ағза тініне сіңірілмейді.      
4 Кетгут 8-12 күн аралығында ағзада сіңіріліп кетеді. (көрсетіңіз)      
5 Скальпель үш түрлі әдіспен ұсталады: ысқы (смычок) тәрізді, жазып жаткан қалам және асхана пышағын ұстау.      
6 Қайшымен жұмыс атқару мына тәрізді болады: ол үшін 4-ші саусақ тырнақ фалангы қайшының 1- сақинасына 3-ші саусақ осы сақинаның үстіне қойылады. Бірінші саусақты қайшының екінші сақинасына кіргізіп, сұқ саусақ қайшы құлпына жайғастырылады.      
7 Пинцетті бір жағынан бас бармақпен, ал екінші жағынан сұқ және ортаңғы саусақпен ұстау керек.      
8 Қан тамырларды маңындағы тіндермен қысуға Кохер (тісті) және Бильрот (тіссіз) қысқыштары қолданылады. Осы қысқыштарды былай ұстау керек; 1-ші саусақты 1-ші сақинаға, 3-ші және 4-ші саусақты 2-ші сақинаға қойылып, сұқ саусақ созылған тәрізді аспап құлпына қойылады.      
9 Тіндерді тігуге жіп, ине ұстағыш және тесетін, жыртатын инелер қолданылады. Ине ұстағыш тұмсығына инені құлақшасына жақындау қысылады және 2/3 бөлігі ине ұстағыш оғының (ось) алдында жайғасады      
10 Инемен тігу үшін оның өткір ұшын тесілетін беткейіне перпендикулярлы қойылып, қол басын айналмалы әрекеттеледі, яғни пронациядан супенация жағдайын өткізіледі      
  Қорытынды:      

 Кезең бойынша максималды балл – 20

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин.

Жинаған балл_________ (_________%)

Емтихан қабылдаушының аты жөні_____________________________

№2

Дағды: Жергілікті инфильтрациялық жансыздандыру және жұмсақ тіндерді кесу техникасы

Интерн шифрі________________

Қадамдарды бағалау критерийлері 

Балл бойынша бағалау

    Кезең бойынша, дұрыс – 2 балл

Дұрыс, кезең бойынша емес – 1 балл

Қателіктермен, кезең бойынша емес – 0 балл

1 Алдымен екі қолымызға стерилді қолғап киіп аламыз. Терідегі кесінді бойымен тері ішіне лимон қабығы тәрізді коріністе жіңішке инемен новокаин жіберіледі. Тереңдегі тіндерге де сырттан ішке қарай қабат қабатымен инфильтрация жасалынады.

 

 

 
2 Жұмpсақ тіндерді кесу үшін скальпелдер, қайшылар, пышақтар қолданылады.

 

 

 
3 Теріні кесу өлшемі және бағыты ағзаға жасалатын операция жолына байланысты болып скальпелдің жұмсақ бір әрекетімен атқарылады.

 

 

 
4 Алғашында скальпел ұшын тері бетіне перпендикуляр қадалады, содан соң 45 оС астында жалғастырылады (бірінші жартысы).

 

 

 
5 Скальпель ұшы кесу соңында теріге перпендикуляр тәрізді шығарылады. Қалған қабаттар да осы принципте кесіп ашылады (екінші жартысы).

 

 

 
6 Тері беткей тері асты шелді қабатпен бірге кесіп ашылады. Бұл үшін кесу алаңы кесу бағытына сәйкес бас бармақ және сұқ саусақтар арқылы фиксациялануы қажет.

 

 

 
7 Кесуден алдын кесіп ашу жасалатын аймақтың ориентирлерін ерекшеліктерін анықтап алу керек(қатпар, төмпешік, сүйек қырлары).

 

 

 
8 Жасалатын операция жолы тік яғни, ағза проекциясына сәйкес немесе проекциясынан тыс болуы мүмкін.

 

 

 
9 Шандыр және апоневрозды кесу үшін алдымен оларға кіші кесу жасалады оған ойықты зонд енгізіледі. Содан соң зонд ойығы арқылы қайшымен кесіледі.

 

 

 
10 Бұлшықеттер ішкіастанудан сақталу мақсатында талшықтарына сәйкес ажыратылып, кеспестен ашыла ды.

 

 

 
  Қорытынды:  
             

Кезең бойынша максималды балл – 20

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин.

Жинаған балл_________ (_________%)

Емтихан қабылдаушының аты жөні_____________________________

№3

Дағды: Қан кетуді түбегейлі механикалық тоқтату әдістері

Интерн шифрі________________

Қадамдарды бағалау критерийлері 

Балл бойынша бағалау

    Кезең бойынша, дұрыс – 2 балл Дұрыс, кезең бойынша емес – 1 балл Қателіктермен, кезең бойынша емес – 0 балл
1 Қан кетуді түбегейлі тоқтату үшін жарақаттанған тамырды жарақаттың өзінде немесе қан тамыр бойымен атқарылады.      
2 Алдымен екі қолымызға стерилді қолғап киіп аламыз. Жарақаттанған тамырдан қан кетуді тоқтату үшін, қан тоқтатыш қысқышпен қанаған тамырдың ұшын қысады.      
3 Қысқыштың ұшының астынан жіп өткізеді.      
4 Содан соң қысқышты төмен басып, ұшын көтеріңкірейді.      
5 Осы кезде жіпті керіп тұрып, қысқыштың астындағы тамырды байлайды.        
6 Қысқышты босатқан сәтте сұқ саусағын түйінге жақындатып жіпті тартып байланқырай түйеді.        
7 Сонан соң жіпті екінші рет өткізіп алып, түйін жасайды, жіптің ұштарын қысқа етіп қияды.        
8 Егер қан тамыры теренде жатса, онда оны байлайды және тағы да тінге қосып тігеді.        
9 Қан кету қарапайым байлау әдісімен тоқтамаса, қысқышты тереңрақ еңдіріп тамыр маңы тіңімен бірге алынады, тікпелі Z-тәрізді түйын салынады.      
10 Жіпті алғаш тамырдың бір жағынан орап, байлап алады, сонан соң екінші жағынан байлап, түйін жасайды.      
  Қорытынды:      

 

Кезең бойынша максималды балл – 20

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин.

Жинаған балл_________ (_________%)

Емтихан қабылдаушының аты жөні_____________________________

№4

Дағды: Хирургиялық тігіс салу және хирургиялық түйін салу техникасы

  Интерн шифрі________________

Қадамдарды бағалау критерийлері 

Балл бойынша бағалау

    Кезең бойынша, дұрыс – 2 балл Дұрыс, кезең бойынша емес – 1 балл Қателіктермен, кезең бойынша емес – 0 балл
1 Түйінді тігіс 4 сәттен тұрады: тесу, тесіп шығару, лигатураны тарту және оны байлау. Теріні тесу жарақат жиегін пинцетпен ұстап 1-1,5 см жазықтықта атқарылады.      
2 Алдымен екі қолымызға стерилді қолғап киіп аламыз. Тінді пинцетпен ине ұшына жатқызылып иненің иірілімділігіне сәйкес бір сәттік әрекетпен тесіп өтеді.      
3 Жарақаттың қарсы жиегін жоғарыдай әдіспен тереңнен сыртқа қарай бағытта тесіп өтіледі.      
4 Түйінді тігістер бір-бірінен 1,5см жазықтықта қойылады. Жарақат жиегі оның маңындағы тіндерді езбей бір-біріне жабыстырып тартылады.      
5 Түйінді байлау үшін жіптің ұштары қарама-қарсы жаққа жатқызылады. Екі қолдың сұқ саусақтарымен тінге қарай қозғалтылады және тартылады.      
6 Жай әйелдер түйіннің атқарылу техникасы. Бұл түйінді жасау үшін жіп ұштарын бір рет айқастыру жолымен жасалады. Жіптің бір ұшы әрдайым жоғары жақтан ендіріледі.      
7 Жай матрос түйіннің атқарылу техникасы. Жай түйін жіп ұштарын бір рет айқастыру жолымен жасалады. Жіптің ұштары кезек кезегімен жоғары жақтан ендіріледі.      
8 Хирургиялық түйіннің атқарылу техникасы. Хирургиялық түйін жіп ұштарын екі рет айқастыру жолымен жасалады.      
9 Терідегі түйінді тігісті алып тастау үшін оны анатомиялық пинцетпен қысып алынады, жіпті тартады, содан соң қарсы жағындағы ақ түсті бөлігінен қайшымен кесіледі.      
10 Лигатураны қарсы жағынан өзінің тіндік каналы арқылы тартып шығарылады.      
  Қорытынды:      

Кезең бойынша максималды балл – 20

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин.

Жинаған балл_________ (_________%)

Емтихан қабылдаушының аты жөні_____________________________

№5

Дағды: Төмеңгі трахеостомия техникасы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: