Баяндамалар мен рефераттар 17 страница

ХХ ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденіс жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірін алғашқы болып жүйелі философиялық деңгейге көтерген Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931). Ол орыс, араб, парсы, түрік тілдерін тектік білген. Еуропалық қоғамдық ойлармен және орыстың революцияшыл-демократ ойшылдарымен таныс болған. Ол Абайдың қара сөзіндегі ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан 1928 жылға дейін, яғни 30 жыл бойы табанды ізденістің нәтижесінде қазақтың алғашқы жүйелі философиясының жолын салды, «Үш анық» деген еңбегін шығарды.

«Үш анық»  деген не?

1. Заттық дүниені ғылыми жолмен тану.

2. Діни ұғымдар, ғажап жағдайларға сену (магентизм, спиритизм, телепатия).

3. Ұждан, былайша айтқанда ынсап, әділет, мейірім деп оны бөліп, адамның моральдық мәселелерін арнайы қозғайды. Ұжданды орысша ─ совесть деп атап келіп, Шәкәрім: «Совесть - жанның тірегі»,- дейді.

Бірінші аныққа ─ дүние өздігінен жаралады деген ғалымдардың ой-тұжырымына сүйене отырып, бес дәлел келтіреді. Бірінші дәлел: «Қайта айналыс жолы» - ол Кант секілді, Жер, Күн, Ай, планеталар бастапқы кезде газ, түтін, жалын сияқты болып, содан кейін салқындап, денелерге айналады және сол қалпында қалмайды, қайтадан, бір-біріне соғысып бөлініп, бөлшектеніп сұйық затқа, одан газ, түтін қалпына келеді. Мәңгі қайталану барысында, әлем, өсімдік, хайуан, адам пайда болатынынын айтады.

  Екінші дәлел: «Жаратылыс жолы» - Жаратушы жаратты деген бекер. Бардың барлығы бір заңдылыққа бағынып, бейімделе дамитынын айтады.

Үшінші дәлел - «тұқымдардың жолы», әртүрлі заттардың түрі бірден пайда болған жоқ, олар ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі. Ол философиядағы атом теориясы туралы ой қозғап, оны Демокрит пен Левкип, кейін дамытқан Эпикур мен Лукреций деп, онымен тоқталмайды. Шәкәрім әлгілерге дейін Ион-грек елінің философы Пифагор айтқан, одан да бұрын Финикияның Садда қаласынан шыққан Моско деген болған деп, ғылымда бұған дейін кең тарамаған пікірді ортаға салады

  Төртінші дәлел - «дене сезімі жолы». «Бір нәрсені сезіммен білеміз» деп, осы белгілі ғылыми-философиялық таным теориясы, сенсуализмді жақтайды.

  Бесінші дәлел - әр түрлілік жолы, ол қоршаған ортаның әр түрлігінде, соған бейімделу қажеттілігінде жатыр.

  Екінші анық магнетизм, спиритуализм, телепатия туралы ой қозғайды:

1. Магнетизм - оның пікірінше бір адам жан қуатының әсері арқасында басқаларды еріксіз ұйықтатып, әлде басқа істерді істетеді. Бұл белгілі бір ғылыми жаңалық емес, өзімізге таныс ГИПНОЗ, оны халық «көз байлау» дейді.

2. Спиритуализм – (лат. Spinitus -рух) рухты материяға қарсы қоятын, оны материядан дербес өмір сүретін ерекше субстанция деп санайтын философиялық көзқарас.. Спиритуализм о дүниеге аруақтарға, солармен тілдесуге болатынына сенетін мистикалық ағым.

3. Телепатия ─ оның пікірінше алыста жүрген «тірі адамның жанымен өз жанын хабарластырып», оған өзіне ұнағанын істете алу. Адамдар ешбір аралық қатынасынсыз жаңа көңіл күй, сезімдердің пайда болуы.

Үшінші анық – ұждан. «Абайдағы - ынсап, әділет, мейірім», үшеуін қосып айтқанда, мұсылманша - ұждан, орысша - совесть. «Бұл не?» деп өзі қойған сұраққа: ұждан адам жанының басты қасиеті екенін, онсыз жан тірексіз қалатынын, адам адамгершіліктен айырылатынын айтады. «Үш анықтың» алғашқы екеуі анық, рухқа келгенде әлгі екеуіндегідей анықтық жоқ, бірақ ұжданға нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Керісінше, ұжданы сол адамның азығы болса, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды. «Ұжданды ақыл» идеясы Шәкәрімнің философия тарихына қосқан үлкен үлесі.

 Ұжданның негізі - әділдік ұғымы. Аспан мен Жер ортасындағы адамның аралық жағдайы, одан, «әділ-қазы» рөлін орындауды талап етеді. Өзара қоғамдық қатынасты былай қойғанда адамға, жоғарғы космостық дәрежедегі жауапкершілік болатын, көп болатын жүйесіздікті реттеуші қызметі жүктеледі.

 Ұжданның келесі ұғымы - мейірім. Бұл – ізгілік, қайырым-шапағат, махаббат мағынасындағы, өте ертеден келе жатқан «Адам Адамға дос» деген гуманистік ұғымдардың бірі. Әділет пен Махаббат - барлық діндерде кездесетін, әрі қарастырылатын ортақ мәселе. Өмір мен өлім барлық адамға бірдей болғандықтан, ең керегі имандылық, мейірімділік.

Ұждан - ынсап. Көшпелі өмір сүрген, қанағат қылып үйренген қазақ халқы ынсап деп, ұстамдылық пен қанағатсыздық мәселелеріне көп мән берген. Шәкәрім ынсап ұғымын Сократтағы ұстамдылық мағынасында қолданады, Шәкәрім түсінігінде тұрмыстағы ынсап ішкі рухани дүниедегі қанағаттан туады.

Шәкәрім Пушкиннің «Дубровский», «Метель», ал Шығыс әдебиетінен «Ләйлі-Мәжнүн» шығармаларын аударды. Ұжымдастыру саясатына қарсы болғындықтан, тауға кетіп, сонда тұрды. Бірде ауылға қайтып келе жатқанда Карасартов деген милиция бастығы оны атып кетті. 

 

Семинар сабағының жоспары:

1. Дәстүрлік көзқарастар мен наным-сенімдердегі (шамандылық, тәңіршілдік, Жер-Су, Умайға табыну, т. б.) философиялық аспектілер.

2. Бұхар жырау, Шалкиіз, Дулати және Асан-Қайғының философиялық шығармалары мен көзқарастары.

3. Сопылық дәстүр және оның қазақ философиясының қалыптасуындағы рөлі.

4. ХІХ ғ. қазақ ағартушыларының философиялық көзқарастары. Ш. Уәлиханов,              А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин.

5. ХІХ ғ. соңы – ХХ ғасырдың. бірінші жартысындағы қоғамдық-саяси жазушылар мен ақындардың әлеуметтік-философиялық және этикалық-гуманистік көзқарастары               (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердиев, т. б.).

6. Қазақстандағы қазіргі замандағы философияның даму ерекшелігі мен негізгі ағымдары.

 

Әдістемелік ұсыныстар:

Қазақтың ең көне діни көзқарастарын қарастырып, Тәңір, Жер-Су, Умайға табынулардың басқа әлемдік діндерге әсерін талдау. Исламның келуі, орта ғасырдағы қазақ жеріндегі ренессанс. Ресейге қосылуға байланысты әртүрлі бағыттардың пайда болуы. Алашорда қайраткерлерінің көзқарастары.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақтардың көшпелі өмірі, тұрмысы және дәстүрі, халықтың рухани дүниесі, ауызша шығармашылығы, бейнелі ойлануда көрінуі.

2. Қазақ жеріндегі орта ғасырдағы көрнекті ойшылдар. Қазақ жеріндегі атақты орта ғасырлық ойшылдар (Қорқыт-Ата, Жүсіп Баласағұн, Махұд Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Асан-Қайғы).

3. ХІХ ғ. қазақ ағартушылары (Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев).

4. ХХ ғ. басындағы қазақтардың қоғамдық–саяси және философиялық ойлары.

5. Алашорда қозғалысы, оның идеологтарының қазақ мемлекеттілігі, сот, мәдениет, білім, т.б. мәселелерге көзқарастары.

6. Зар заман ақындары мен ағартушы-демократтарды ажырата қарау (Дулат, Шортанбай, Мурат).

7. Алаш орда қозғалысының тарихи маңызы неде?

8. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, философиялық ойлар            (Ш. Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров).

 

Баяндамалар мен рефераттар:

1. Көшпенді қазақ халқының қоғамдық ой-санасының қалыптасуы және философиялық дәрежесі. Қазақ - философ халық.

2. Айтыс – поэтикалық философиялық диалогінің түрі.

3. «Қорқыт» поэмасының философиялық мәні.

4. Асан Қайғының Жерұйықты іздеудегі экзистенциалистік сарыны.

5. Отаршылық, зар-заман дәуірі ─ философиясының өзегі, этникалық өзіндікті сақтап қалу.

6. Шоқанның әлеуметтік-саяси, діни көзқарастарының ерекшеліктері.

7. Ыбырайдың ұлттық тәрбие негіздеріне көзқарасы.

8. Абайдың әлеуметік-философиялық көзқарасы.

9. Алашорда қозғалысы идеологтарының қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуы мен өсуіндегі әсері.

10. Ш. Құадайбердиевтің «Үш анық» атты жүйелі философиялық еңбегінің идеялық мәнідәуірдегі Қазақстандағы философия.

Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу:

1. Абай. Қара сөз. Поэмалар. Книга слов. Поэмы. Ел, Алматы, 1993.

2. Алтынсарин Ы. Мұсылмандық тұтқасы. Алматы, 1991.

3. Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы, 1991.

4. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Алматы, 1989.

5. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы, 1995.

6. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1994.

7. Жұмабаев М. Таңдамалары. Алматы, 1992.

8. Кішібеков Д. К., Кішібеков Т. Д. Речь и писменность: Трансформация звуко –

          знаковых систем. Алматы, 2004.

9. Абай. Шығармалар жинағы. – Алматы, 1995.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Алтаев Ж., Касабек А. Филсофия тарихы. Алматы, 1998.

2. Алтаев Ж., Касабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.

3. Алтаев Ж., Ғабитов Т. және т.б. Философия және мәдениеттану. Алматы, 1998.

4. Әбішев Қ. Философия. -Алматы: Ақыл кітабы, 2001.

5. Әуезов М. Шығармалар жинағы. 14-15. Т. Алматы, 1974.

6. Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы, 1974.

7. Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1998.

8. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Алматы, 1989.

9. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы,1995.

10. Бейсембиев К. Очерки истории общественно-политический и философской

          мысли Казахстана. А-Ата. 1976.

11. Валиханов Ч. Собрание соч. В 5 т.  А-Ата, 1985.

    13.Досмұхамедов Х. Аламан.  Алматы, 1991.

14. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1994.

15. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 т. Алматы, 1994-2004.

16. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы Алматы: Раритет, 2004.

17. Есім Ғ. Хакім Абай.  Алматы, 1996.

18. Жұмабаев М. Таңдамалы. Алматы, 1992

19. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең.  Алматы, 1999.

20. Кішібеков: Кочевое общество. Гензис, развитие, упадок, А-Ата, 1984.

21. Кішібеков Д., СыдықовҰ.Философия. Алматы, 2003.

22. Касымжанов А. Х. Духовное казахского народа. А-Ата, 1991.

23. Қасабек А. Қазақ философия тарихының методикалық мәселелері  ҚР ҒА

          хабарлары, 1993.

24. Қасабек А. Қадырғали Жалайыр дүниетанымы, Алматы, 1999.

25. Касабек А., Алтаев Ж,Қазақ философиясы,  Алматы, 1998.

26. Қасабек А., Алтаев Ж., Қазақ философиясының тарихына кіріспе. Алматы, 1994.

27. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Оқу құралы. Алматы, 2002.

28. Касымжанов А. Х. Пространство и время великих традиции.  Алматы, 2002.

29. Қорқыт-Ата кітабы. Алматы, 1986.

30. Құдайбердиев Ш. Шығармалары.  Алматы, 1994.

31. Мұсаева Н.Р. Тылсым табиғат.  Алматы, 1997.

32. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т.Ой, ақыл, адамгершілік.  Алматы, 1994.

33. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы.  Алматы, 1999.

34. Орынбеков М. Предфилософия протоказахов. Алматы, 1994.

35. Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы.  Алматы, 1996.

36. Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (философияның тарихына шолу).

          Алматы, 1993.

37. Сулейменов О. «Азия». Алматы.

38. Сегізбаев О. А. Казахская философия. Алматы, 1995.

39. Сатыбекова С. Х. Аль-Фараби. Философские трактаты. А-Ата, 1972.  


ІІ тарау. Теориялық философия

2.1 Онтология: ұғымдары мен қағидалары.

Философия өз негізінде үш мәселені қамтиды. Олар: Онтология (өмір сүру, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім).

Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - « өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді.

Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.

Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік-материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет «болмыс» деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз–Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік. (Болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген). Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылған, сондықтан тек ақыл-оймен игеруге болады. «Болмыс - бар, биболмыс - жоқ» - деді Парменид.

 Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея деп, ал биболмысты–материя деп санайды. Материалдық заттардың бүлiнуi мен жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) еш уақытта зақым келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше – азаймайды әрі көбеймейдi, жақсармайды және нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте, т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзi, бiр абсолют. Ол – абсолют, дүниенің бастамасы.

Болмыс мәселесiн шешуде Аристотель төрт бастамалық себеп туралы iлiмдi жасады:

а) форма - заттың мәнi, оның құрылымы және түсiнiгiмен байланысты;

ә) материя –барлық заттарды құрайтын бастапқы субстанция және материя мәңгi, бiрақ әрекетсiз (тек зат болуға мүмкiндiгi бар субстарт), бұл материализмге жақындататын дуалистiк оқуға ұқсас;

б) бастапқы қозғаушы күш – форманың бiр сипаты, форманың материямен қосылу сәтіндегі белсенділіктің болуы,

 в) мақсаттылық – бұл форманың бiр сипаты, ана немесе мына заттың «не үшiн», өмiр сүруiне байланысты анықталады.

Аристотель өзiнiң төрт алғашқы себеп тұжырымдамасында  болмыстың жоғарғы сатысы ретiнде абсолюттiк ақыл iлiмiн қойды. Шын мәнiнде – бұл құдайлық бастама, ол «өз-өзiн ойлайтын Ақыл» ең жетiлген философ. Ақыл – «барлық форманың формасы» болмыс туралы шегiне жеткен түсiнiк, «алғашқы қозғаушы күш» ретiнде - бәрiн қозғайды, ал өзi болса қозғалмайды, мақсаттылық ретiнде–жалпы мақсат көзi, барлық заттар ұмтылатын жоғарғы игiлiк.

Орта ғасырлық философияда шынайы болмыс Құдай деп саналды. Әлем мен Адам Құдайға қарағанда екінші, оның туындысы. Адам Құдайға ұқсас. Сондықтан ол өзіне болмыстың бір бөлігін алады.

 Қайта өрлеу дәуірінде болмыс ең алдымен материалдық табиғат болмысымен ара қатынаста болады. Осы кезде болмыста табиғат пен Құдай теңестіріледі, осыдан пантеистік көзқарас пайда болады. Жаңа Заман философиясында болмыс субстанциямен теңестіріледі. Декарт екі субстанцияны - материалдық және руханиды көрсетті. Олар бір-бірімен тең және тәуелсіз. Бірақ болмыстың өлшемі ойлау деді. Спиноза өзінің пантеистік сипатындағы философиясында Құдай, табиғат, субстанцияны теңестірді. Субстанцияны (causa sui) өзіндік себеп ретінде түсіндіреді.

Гегель мен Гераклит секілді ойшылдар өтпелі ауыспалы заттар болмысының диалектикасын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін сараптай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп көрсеткен.

Философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері қалай бөлінеді. Олар қазіргі философия мен ғылымда қалай сипатталады? Болмыс түрлерінен «болмыс» категориясына материалистік, идеалистік, иррационалдық мән берілгені анықталады. Әдетте оларды талдау мақсатында бірнеше түрлерге бөледі, яғни «нақты» өзіндік «қабаттың» ерекше өмір сүруін ескереді.

1. Табиғат болмысы (материалдық құбылыстардың, заттардың процестері).

2. Әлеуметтік болмыс (тұтас қоғамдық болмыс және жеке топтардың, адамның болмысы).

3. Рухани болмыс: 1. субъективтік - жеке адам өмірінен бөліп алуға болмайтын болмысты, дербестенген дейміз; 2. объективтік - адамнан тыс өмір сүретін жасанды болмысты объективтендірілген дейміз. Болмыстың түрлерін тек тану мақсатында, талдауға оңтайлы болу үшін жіктейді. Олар тек абстракцияда, теорияда дербес болады, нақты жағдайда бір-бірінен бөлінбейді. Адам болмысы табиғи болмыспен де, рухани болмыспен де өзара қиылысады.

 ХХ ғасыр философиясы мен ғылымы дәстүрлі сипаттамаға, негізгі болмыс түрлерін төмендегі жаңалықтар арқылы көрсетіледі.

  Табиғат болмысы. Қазіргі замандағы дүниеге көзқарас үш негізгі табиғат сипаттамасына сүйенеді: жүйелік, әмбебаптық эволюционизм, өзінен-өзі ұйымдасуы. Табиғат болмысы бүгінгі философиялық ойлауда табиғаттағы жеке заттарды, субстраттарды емес, жүйелердің мәні, элементтерінің өзара әрекеті - тәсілдері талданады, яғни құрылымын зерттейді. Әлемнің «архитектурасын» бастапқы материал емес, жүйелік-құрылымдық ұйымдасуы анықтайды деп санайды. Атап, айтқанда, бұл - әлемнің, оның бірлігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Табиғат болмысының қазіргі кездегі маңызды сипаттамасы, оның эволюциялық мүмкіндігінің мойындалуы. Ғылымдағы барлық белгілі табиғи жүйелер (ХІХ ғ, тек қана тіршілік иелері деп санаған) өзінің нәтижесінде эволюцияны көрсетеді. Бұл қорытындының бүкіл әлемге, біртұтас дүниеге қатысы бар. Эволюция феномені жергілікті емес, әмбебаптық.. Қазіргі кезде ең басты мәселе, өзін-өзі ұйымдастыру құбылысы ретінде қаралады. Яғни, спонтанды ретсіз жүйеден аса жоғары ұйымдасқан түрге өтуін зерттейдi. 

Әлеуметтік болмыс. Соңғы кезде бұл болмыс түрлерінің төмендегідей тенденциясы белгіленді: технологизациялау, институциализация, жаһандандыру, виртуализация, ақпараттандыру.

Бірінші тенденция. Әлеуметтік болмыстың құрамында техникалық құралдардың басым болуын, адамдардың табиғи ортаға бейімделуі және өзінің әлеуметтік өмірін реттеудегі рөлінің өсуін анықтайды.

Екінші тенденция. Қоғам өміріндегі ұйымдастыру және тәртіптеу дәрежесінің өсуінің айғағы. Субъекті әрекетінің рөлі көптеп әлеуметтік институттарға көшті.

Үшінші тенденция. Әртүрлі аймақтардың тәуелсіздігінің өсе түсуі, әлеуметтік кеңістіктің «тарылуы» әлеуметтік әрекеттің үлгісін бір ретке салудың қажеттігін көрсетеді. Соңғы тенденцияда - әлеуметтік болмыста кейбір жаңа болмыстың қабаты пайда болды, адамдардың белсенділігі соған қарай көбірек ауыса бастады. Әлеуметтің нақты құрамын заттар (жер қазынасы, энергетикалық күштер), ресурстар емес, қазір көбінесе ақпараттық кеңістік анықтайтынын көрсетедi. Ақпараттық сипаттың өсуі, әлеуметтік болмыс құрылымының өзін өзгертіп, ондағы материалдық емес бөліктердің мәнін мен үлесін көбейтеді.

 Әлеуметтік болмыс қоғамдық қатынастарға байланысты. Жеке меншіктің мәні - әр адамның қабілетінің ашылуы, оның әлеуметтік жағдайының өзіне байланыстылығын анықтайды. Тәрбиенің мәні - әлеуметтіктi іздеу, қандай қоғамның моделі жақсы деген мәселе қояды.

Рухани болмыс. Дербес субъективтiжәне объективтендірілген деп бөлінеді. Дербес рухани болмыс - жеке кісілердің өмірлік тіршілігінен, қызметінен бөліп алуға болмайтын рухани болмысы, адамдар өз қарым-қатынасын анықтап, өз ойлары мен сезімдерін бағдарлайды. Оған: адамның тіршілігінде, қимыл-әрекетінде, істеген ісінде санадан пайда болатын нәтиже; ой елегі мен санадан өтпей дағдыға айналып, істеле беретін санасыз әрекеттер жатады. Санасыздықтың негізінде саналы процестің басталуы ақиқат. Сана мен санасыздың бірлігінде шығармашылық шабыттың келуі, ғылыми, философиялық және сезімтал-әлеуметтік қатынас пен процестердің көрініс табуы байқалады.

  Рухани болмыстың объективтендірілуі: Әуелі белгілі бір ой, пікір, идея жеке адам санасында пайда болады. Адам тәжірибеге, білімге және қабілетінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді, яғни тіл арқылы өрнектейді, жоба жасайды, музыканы (ән-күйді) нотаға түсіреді, сурет салады, материалдық бұйым жасайды. Рухани жемісін қоғамдық практикаға қосады.



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: