double arrow

Баяндамалар мен рефераттар 19 страница

Неміс философы, экзистенциализм ағымын салушылардың бірі (бірақ, ол өзін экзистенциализмге жатқызбаған) Хайдеггер Мартин (1889-1976). «Болмыс пен уақыт» (1927) деген еңбегінде қазіргі замандағы болмыс әлемі - ол бір затсыз, тіпті адам жоғалтқан, шындықтың мистикалық бастамасы дейді. Ал болмысқа қарама-қайшы, алғашқы айтылған ойды бекерге шығара отырып, әртүрлі сипаттама және түсіндірме береді. Ол болмысқа ғылыми анықтама бермеді, тек кейбір маңызды жағын бөліп көрсетіп, экзистенциалимзге сәйкес қарады. Хайдеггер: «Болмыс зат, онымен біз қатынаста боламыз, бірақ, ол әлдебір тіршілік» – дейді. Тіршілік бар дейміз. «Болмыс ешбір зат емес, соған сәйкес ол ешқандай уақытша емес, сонымен бірге қатысушы ретінде бәрі-бір уақытпен анықталады»[6]. Болмыс пен уақыт бір-бірін өзара анықтайды, бірақ солай болса да, біріншіден, ешбір болмысты уақытша, ал екіншіден, ешбір уақытты тіршілік ретiнде қарауға болмайды. Хайдеггер болмысты рационалды тануға болмайды деген пікірге келеді.

 Материя деген не? Бұл ұғымды қалай түсінуге болады? Материя (лат, material- зат, нәрсе, материал) Антика замандағы грек философиясында заттардың түпкі тегі, белгілі бір бастапқы зат деген көзқараста орын алды. Су, От – материя - апейрон, бөлінбейтін субстанция – атомдар деп есептеледі. Жаңа дәуір философиясында, француз материализмнің өкілі Гольбах: «материя» дегеніміз – біздің сезімге әсер ететіннің бәрі» - деді.

 ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында физика ғылымының саласында ашылған жаңалықтар: радиоактивтік құбылыстар, рентген сәулесі, электронның нақты өмір сүруінің дәлелденуі, электромагнит өрісі құблысының табиғатын табу, арнаулы салыстырмалы теорияның ашылуы ескі көзқарасты түбегейлі бұзды. Бөлінбейді деп келген атом күрделі құрылым болып шықты. Оның өзі де ұсақ бөлшектерге ыдырады, үнемі қозғалыстағы бөлшектердің массасы да тұрақсыз, жылдамдыққа байланысты өзгеретiнi анықталды. Микробөлшектердің табиғаты екіжақты, олардың әрі заттық, әрі өрістік (толқындық) қасиеттері бар жарықтың бөлшегі - фотонды затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең.

Осы жаңалықтарға байланысты ғылымда, оның ішінде физикада, күйзелістік жағдай туды, атомның бөлшектенуі материяның жоғалуы деп саналып, стихиялық-материалист ғалымдар идеалимзге, дінге бет бұра бастады. В. И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» атты еңбегінде: «Материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізді тәуелсіз түрде бар бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын сүреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, обьективтік реалдықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория» бұл айтылған материяның жаңа философиялық анықтамасы осы дағдарысты тоқтатуа ерекше рөл атқарды. Бұл анықтамада: материя дегеніміз – жеке зат немесе оның бір қасиеттері емес, философиялық категория (тарихи өзгеріп отыратын ғылыми жалпы ұғым) екендігі айтылады, оның ең негізгі екі қасиеті - объективтік шындық ретінде өмір сүруі және міндетті түрде біздің сезімімiзде көрінуі - бары айқындалды. Физикадағы дағдарыс материяның жоғалуынан емес, біздің ескі ұғымдарымыздың жарамсыз болып қалғандығын ғана дәлелдейді деді. Бұл анықтама соңғы жылдардағы барлық ғылыми жаңалықтарды қамти алды, сондықтан ол әлі де ескірудің нышанын білдірмейді.

Материя – объективтік шындық ретінде шексіз, мәңгі. Мәңгілігі жоғалмай бір түрден екіншісіне өтуiмен дәлелденсе, шексiздігі элементарлық бөлшектердің күрделі құрылымы мен кеңістікке жойылған ғарыш денелерінің сансыз көптігімен дәлелденеді. Материя құрылымы жағынан да шексіз, екі қиыршық құмда бір-бірінен өзгеше болады. Материяның қазіргі замандағы құрылымы.

  Өлі табиғатта: бұл физикалық вакуум (ауасыз кеңістік), элементарлық бөлшектер, өрістер, атомдар, молекулалар, макроскопиялық денелер, ғаламшар, жұлдыздар, галактикалар, метагалактика немесе тұтас әлем.

Тірі табиғатта: тірі табиғаттың құрылымдық деңгейлері, нуклеиндық қышқылдар, ақуыздар, жасушалар, көпжасушалық ағзалар, популяцалар (биологиялық түрдің деңгейі), биоценоз- (био және гр. koinos –жалпы ценоз). Белгілі бір аймақта (құрғақ жер немесе су қойнауы) өмір сүретін және өз ара қалыптасқан қатынасы бар, қоршаған орта жағдайына бейімделген өсiмдiктердiң жиынтығы. Биосфераның жалпы дәрежесі.

Социумның (қоғам) дәрежесі: қоғамдағы өмiрдi ұйымдастыруда адам iс-әрекетiнiң (материалдық өндiрiс, рухани өндiрiс, ретушi жүйелер: саясат, құқық пен мораль, әлеуметтiк саладағы iшкi жүйелер ретiнде өндiрiс және адамның өзiн өңдеуi) жүйесi және iшкi жүйесi анық көрiнедi. Бұдан басқа, қоғамның құрылымдық дәрежесi және әлеуметтiк қауымның табиғи-тарихи тайпа, отбасы, этностар, тұтас адамзаттың пайда болып қалыптасуы.

Қозғалыс – материяның ең негізгі қасиеті ретінде кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя қозғалыстың арқасында өзін білдіреді, көрсетеді, т. б. бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Қозғалыссыз материя жоқ, даму жоқ, сондықтан оны материяның өмір сүру формасы дейміз. Дамудың нәтижесінде жансыз жандыға, жанды жансыз материяға айналады. Осының бәрінде тыныштық сәті бар. Қозғалыс абсолютті, ал тыныштық – оның бір сәттік тепе-теңдігі болады. Ол салыстырмалы, себебі оның өзі де бір сапа деңгейіндегі қозғалыс. Материя қозғалысының өмір сүруі мен сапалық көп түрлері болады. Ф. Энгельс материя қозғалысының бес түрін көрсетті.

1. Механикалық қозғалыс дегеніміз – кеңістіктегi қозғалыс, орын ауыстыру.

2. Физикалық қозғалыс - электромагнитизм, гравитация, жылу.

3. Химиялық қозғалыс - атомдар мен молекуланың затқа айналуы, т.б.

4. Биологиялық қозғалыс - тірі организмдердің зат алмасуы.

5. Әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.

Қозғалыстың осы түрлерін анықтау ғылымның соңғы ғасырда ерекше тез дамығанына қарамай, өзінің философиялық маңызын жоғалтпай отыр. Микроәлемдегі қозғалыстар - элементарлық бөлшектер. Метаәлемдегі қозғалыстар - әлемдік механиканың классикалық заңға «бағынбаушылығының» ашылуы.

Қозғалыстың геологиялық түрлері, т. б. нақты ғылымдағы жаңалықтар, жәй және күрделі қозғалыстағы заттар мен құбылыстардың өзара байланысын бұрынғыдан да терең түсінуге мүмкіндікті көбейтіп отыр. Мысалы, әлеуметтік қозғалыс өз құрамында биологиялық, химиялық, физикалық, механикалық қозғалыстарды қамтиды, олардың заңдылықтарының әсерін қабылдайды, бірақ өзі жаңа заңдылықтар туғызып «төмендегілерді» өзіне бағындырып отырды. Осыны дұрыс түсіну ғана бізді механистицизмнен, идеализмнен, волютаризмнен, т. б. сақтандырады.

Кеңістік пен уақыт та қозғалыс секілді материяның ішкі ажырамас қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады. Кеңістік пен уақыт санадан тыс, объективті өмір сүреді.

 Субъективтік идеализм (Беркли, Юм, Кант, Макс) Кеңістік пен уақыты жеке сананың мазмұнына тәуелді деп қарады. Кант: «Кеңістік пен уақыт санадан тыс объекті ретінде өмір сүре алмайды» десе, Э. Мах кеңістік пен уақыты ретімен түзілген түйсіктердің жүйесі деп есептейді.

Материалистік философияда кеңістік пен уақытты адамдардың ойынан тыс, материяның объективтік түрлері деп қараған. Ғылым мен материализмде материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Ол ешқашанда пайда болмайды және ешуақытта жоғалып кетпейді, ол әрқашанда болады, бар және бола береді. Кеңістіктің үш өлшемі бар: ұзындық, ені, биіктік.

Бұл заттық түрлерге ғана емес, процестерге де тән. Уақыт қосылған соң дүниенің өлшемі төртеу болады. Уақыт бір өлшемді, ол заттық емес, өзгеру процесінiң сипаты.

Материя қандай түрде және қандай күйде болсын, оның уақыттық қасиеттері бар. Материяның өзгеруі мен даму түрінде білінетін уақыттың айнымайтын белігілі бағыты болады. Ол өткеннен болашаққа қарай жылжиды. Өткенді өзгертуге болмайды және де оған қайта оралуға болмайды. Қозғалыстың жоғарғы биологиялық және әлеуметтік түрлерінде кеңістік пен уақыттың сипаттары мәнді түрде өзгеше болады. Кеңістік пен уақыттың әлеуметтік түрлері, адамзаттың қоршаған ортаны өз іс-әрекетінде игеруде, одан ары дамыту барысында қалыптасады да, қоғамдық даму процесінде тарихи тұрғыдан өзгеріп отырады.

ХХ ғасырдың бас кезінде А. Эйнштейннің салыстырмалық теориялары философиялық болжамды - материя, қозғалыс, кеңістік, уақыттың үзілместей бірлігін - ғылыми түрде дәлелдеді. Осы төрт фактордың бірі өзгерсе, қалған үшеуі де соған сәйкес өзгеретінін көрсетті. Бұл күнделікті өмірде қалыптасқан, классикалық механика ілімінен дәстүр болып келе жатқан көзқарас: «кеңістік - абсолютті өзгермейтін орта, онда қозғалыстағы, өзгерістегі материя өздігімен өмір сүре береді, уақыт та сондай абсолютті, процестердің өзгермейтін жиілік интервалының көрсеткіші» - дегенді жоққа шығарады. Олардың өлшемі материалдық жүйелердің өзіндік ерекшеліктеріне процестерінің желісіне тәуелді өзгеріп отыратыны бүгінгi ғарыштық ғылымдарда, микроәлемде күмән келтірмейтін факт есебінде қаралады.

Семинар сабағының жоспары:

1. Болмыс, субстанция дүние бірлігі ұғымдары. Қазіргі заман философиясындағы онтология мәселесі (М. Хайдеггер).

2. Материя категориясы, оның тарихи жетілуі.

3. Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдарындағы материяның құрылымы мен қасиеті туралы түсінік.

4. Қозғалыс, кеңістік, уақыт олардың материямен бірлігі.

 

                                      Әдістемелік ұсыныстар:

Дүниені философиялық тұрғыдан түсіну. Болмыс категориясы, оның мән-мағынасы, ерекшелік сипаты. Болмыстың негізгі формалары және олардың диалектикасы. Дуализм мен монизм. Субстанция түсінігінің методологиялық маңызы.

Материя түсінігінің ғылыми-философиялық тұрғыдан қалыптасуы. Материя категориясының табиғат пен қоғамды танып-білудегі рөлі. Осы заманғы ғылым - материяның күрделі әрі жүйелі құрылымы. Дүниенің көп түрлілігі мен бірлігі туралы идеялар. Қозғалыс түсінігі, оның негізгі сипаттамалары. Қозғалыстың формалары және оларды жіктеудің осы заманғы мәселелері. 

Кеңістік пен уақыт - материяның обьективті өмір сүру формалары. Кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материяның байланысы туралы философиялық түсініктерді дамытудағы салыстырмалылық теориясының маңызы. Биологиялық және әлеуметтік кеңістік пен уақыттың өзіндік ерекшеліктері.

 

Бақылау сұрақтары :

1. Материяның негізгі атрибуттарын атаңыз?

2. Дүниенің материалдылығын сіз қалай түсінесіз?

3. Материя, қозғалыс, кеңістік бір-біріне өзара байланысты ма, болса қалай?

4. Материя категориясы және оның фундаментальдық маңызы неде?

5. Болмыстың негізгі формаларын көрсетіңіз.

6. Субстанция, дүние бірлігі мәселелері. Дуализм мен монизм түсініктерінің мәні

           неде?

7. Қозғалыстың негізгі формалары, олардың қатынасы мен байланысын көрсет.

8. Кеңістік, уақыт, қозғалыстың материямен бірлілігі неде?

9. Дүниенің философиялық түсінігі: болмыс, материя бастапқы категориялар?

 

Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы :

1. Болмыстың философиялық тұжырымдамасы (Антикалық философия, орта ғасыр,

           Жаңа заман).

2. Қазіргі замандағы жаратылыстану ғылымындағы материяның құрылысы мен

          қасиеті туралы және оның философия дамуындағы маңызы.

3. Қазіргі заманғы  ғылыми материяның негізгі түрлері мен типтері туралы.

4. Болмыс пен биболмыстың философиялық категориялары.

5. Хайдеггер философиясындағы болмыс пен уақыт мәселесі.

6. Болмыстың дәстүрлік түрлері және олардың қазіргі заман философиясы мен

          ғылымында сипатталуы.

 

Философиялық мәтіндерімен жұмыс істеу:

1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: 1969-1972.

2. Боэции. Утешение философией и другие трактаты. М.: 1990. с. 164.

3. Гадамер Х-Т. Истина и метод. М.: 1988, с. 343, 348.

4. Гегель Г. В. Ф. Энциклопедия фил. Наук. М.: 1974,т.1, с. 175.

5. Ленин В. И. Полн. собр. соч. Т. 18, с. 131. 151.

6. Мир философии. Хретсоматия в 2-х частях. М.: 1991.

7. Платон Соч. В 3-х томах. Т2, М.. 1970, с. 309.

8. Хайдеггер М. Время и бытие. М.: 1993.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Алтаев Ж., Касабек А. Мұхамбетәлі Қ. Философия тарихы.  Алматы, 2000.

2. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод

           проблемасы. Алматы, 1990.

3. Гайденко П. П. Прорыв к трансцендентному. М.: 1977. с. 468-480.

4. Делез Ж.: Ницше С. П. б, 1997.

5. Диалектическая логика. Т.2, гл. 1. Алматы, 1987.

6. Доброхотов А.Л. Категория бытия в классической западно-европейской

          философии. М.: 1986.

7. Есім Ғ. Сана болмысы (саясат пен мәдениет туралы ойлар). 3- кітап. Алматы,

          1997.

8. Категории мышления и индивидуальное развтитие. Алматы, 1991.

9. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Е. Философия. Алматы,  2003.

10. Ленин В. И. Материализм и эмпирикритицизм ПСС, т. 18 с. 138 б.

11. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Т. Х. Ғабитов, А. Т.   

          Құлсариева. Алматы: Раритет 2004.   

12. Нысанбаев Ә,. Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. Алматы, 1994.

13. Философиялық сөздік. Алматы, 1996.

14. Философия: Электрондық оқулық. Құр. Т. Х. Ғабитов. Алматы: Юрлит, 2004.

15. Философия. Құр. Т. Х. Ғабитов. Алматы: Раритет, 2005.

16. Фрагменты ранних греческих философов. М.: 1989, с. 179-190.

17. Фрейд З. Ведение в психоанализ. Лекции. М.: 1989.

18. Юнг К. Архетип и символ. М., 1991    

 

 



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: