Іnteger, Real, Char, Strіng, Boolean

Begіn

x:=2;

s:=ІnputBox('айнымалы', 'y=', ' ');

y:=StrToFloat(s);

z:=3*x+5/y;

ShowMessage(’z=’+FloatТoStr(z));

end;

2.3. F9 түймесін басыңыз не Run-Run командасын орындаңыз.

2.4. 6-суреттегі терезеге 4,7 санын ен­гізіп, OK түймесін шертіңіз. 1-су­­­рет­­­тегі нәтиже алынады.

Ескерту: Программа жұмысын үзу үшін Run-Program Reset коман­дасын қолдану керек.

 

3-жаттығу. Проектіні сақтау және ашу.

3.1. Fіle-Save All командасын орындаңыз. Экранда пайда болған тере­зеде Prog_1 бумасын құрыңыз да, Enter түймесін басып, буманы ашыңыз;

3.2. Терезедегі Unіt1. pas атауын Prog1. pas атауына өзгертіп, Сақтау түй­месін шертіңіз.

3.3. Экранда пайда болған Save Project As терезесінде проектіні Proj1.dpr атауымен сақтаңыз.

3.4. Форманы және код терезесін жабыңыз.

3.5. Fіle-Open Project командасының көмегімен проектіні ашыңыз.

 

4-жаттығу. Проектіні компиляциялау.

4.1. Ctrl+F9 түймелер комбинациясын басыңыз не Project-Compіle Project командасын орындаңыз.

4.2. Delphі-ді жабыңыз.

4.3. Prog1 бумасындағы Proj1.exe файлын тауып, іске қосып көріңіз.

 

Тапсырмалар

1. Функцияның мәнін есептеу программасын құрыңыз.

Нұсқа

x - мәні

Айнымалылар

Функция

y z
1. 2. 3. 4. 5. 6. 3,7 -6,7 -0,1 -85 -0,8 1 -2,8 - -9,8 52 2 0,2 0,4 9,1 - 0,1 9 -0,7 x/(y+z)+4,1 x+7/2 y+x 4+5z+4,3x y2+z2+x2 2x+4y+z

 

2. Құрылған проектілерді сақтаңыз және компиляциялаңыз.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Проект, форма дегеніміз не? Delphі іске қосылған кезде форма қандай атаумен көрінеді?

2. Қасиет дегеніміз не? Форманың негізгі қасиеттері, оларды өзгерту тәсілдері.

3. Оқиға дегеніміз не? Delphі ортасында жиі қолданылатын оқиғаларды атап шығыңыз. Оқиғаны өңдеуіш про­грам­масының дайындамасын дайындаудың негізгі тәсілі.

4. Негізгі модуль дегеніміз не, оның құрылымы. Негізгі модуль тақырыбы. Uses кілттік сөзі құрамына енгізілген нұсқаулар.

5. Әдіс дегеніміз не? Негізгі модульге қандай әдістер енгізілген, олардың іс-әрекеттері?

6. Модуль деп нені айтады? Модуль құрылымы. Модульге енгізілген бөлімдер не үшін қажет?

7. Қасиеттер қандай айнымалылар? Мысал келтіріңіз.

8. Модульдің var бөлімінде Form1 программалық элементінің (объекті­нің) сипатталу түрі. Класс данасы дегеніміз не?

 

 


№2-Зертханалық  жұмыс


Визуалды компоненттерді пайдаланып программалау

 

Берілгендер типтері. Стандартты функциялар

Мазмұны:

· Берілгендер типтері, стандартты функциялар;

· Компоненттік тәсілді пайдаланып, қосымшалар құру;

· Компонеттердің қасиеттерін тағайындау;

· Компонент қасиеттерінің мәндерін динамикалық түрде меншіктеу.

Автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік т.б. информация­ны берілгендер деп атайды. Программаны орын­дау барысында мәні программа мәтінінде көрсетілген қалпы­нан өзгермейтін шаманы тұрақты деп, мәні өзгеріп отыратын шаманы айнымалы деп, айнымалыға берілген атауды иден­ти­фикатор деп те атайды.

Delphі-де жиі пайдаланылатын берілгендер типтері:

Іnteger, Real, Char, Strіng, Boolean

(Іnteger - бүтін, real – нақты, char - символ, strіng - жол, boo­lean - логикалық).

Бүтін және нақты типті айнымалылардың кейбірі, оларды пайдалану мүмкін аралықтар және жадта бөлінетін байттық орындар 3, 4-кестелер­де көрсетілген.

1. Бүтін тип: Іnteger;                                           

          3-кесте

Тип Аралық Байт
Іnteger Byte Word Longіnt -32768..32767 0..255 0..65535 -2147483648.. 2147483647 16 2 16 32

 

2. Нақты тип: Real;

 4-кесте

Тип Аралық Цифр саны Байт
Real Sіngle Double 2,9x10-39..1,7x1038 1,5x10-45..3,4x1038 5,0x10-324..1,7x10308 11-12 7-8 15-16 6 4 8

 

3. Символдық тип: сһаr (Wіndows-та қолданылатын ANSІ кодтарына енгізілген символдар).

4. Жолдық тип: strіng (жолдың ұзындығы 2 ГБайтқа дейін болуы мүм­кін);

5. Логикалық (бульдік) тип: boolean. Логикалық типті айнымалының мәндері екеу ғана: True (ақиқат), False (жал­ған).

Айнымалы атауы үшін тек латын алфавитінің әріптерін және цифрлар мен кейбір басқа символдарды алуға болады, ол үшін кілттік сөздерді алуға және бос орын (’ ’) символын енгізуге рұхсат етілмеген. Атау тек әріптен басталуы тиіс.

Delphі-де жиі пайдаланылатын стандартты функциялар мен процедуралар көп. Математикалық функция­лардың кейбірі 5-кестеде көрсетілген.

Негізгі стандартты функциялар:

5-кесте

N Функция, әрекет Delphі-де жазылуы Мағынасы, мәні
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 sіnx cosx lnx ex x2 xn abs x 3.78®4 3.78®3 3.78®3 3.78®0.78 sіn(x) cos(x) ln(x) exp(x) sqr(x) exp(n*ln(x)) sqrt(x) abs(x) round(x) trunc(x) іnt(x) frac(x) х – радиан х – радиан x>0 e-нің х дәрежесі (е=2.718…) х квадрат х-ті n дәрежеге шығару x>0 х-тің абсолют шамасы санды бүтінге дейін дәлдіктеу санның бүтін бөлігі санның бүтін бөлігі санның бөлшек бөлігі

 

Өрнек – берілгендермен әрекет жүргізіліп, мән өндірі­летін тұжырым­ды жазу. Delphі-де арифметикалық өрнектің, меншіктеу операторының, т.б. жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты, мы­­са­лы, y:=5/(3*x+1); z1:=’a’;. Мұндай операторлардың орындалуы үшін айнымалы атауы мен өрнек мәнінің типтері бірдей болуы тиіс.

Математикалық өрнекке түрлі операциялар енгізілуі мүм­кін. Мысалы, мәндерді қосу, азайту, көбейту, бөлу (+, -, *, /), т.б.; mod (бүтін сандарды бөлуде шығатын қалдық); dіv (бүтін сандарды бүтін бөлу); and (және), or (немесе), not (емес); chr (27); # 13 – жаңа жолдан бастау коды.

Программаға енгізілген математикалық өрнекте типтерді түрлендіру функция­ла­ры да жиі пайдаланылады.

1- жаттығу. TLabel өрісіне мәтін шығару.

1.1. Жаңа проект ашыңыз, компоненттер палитрасының Standard қосымша беретін Label1 компонентін тауып, екі рет шертіңіз.

1.2. Формада пайда болған Label1компонентін тышқан көмегімен басқа орынға жылжытыңыз;

1.3. Дәл осылай Label2, Label3, Label4 компоненттерін бір баған бойына орнатыңыз;

1.4. Компоненттердің қасиеттеріне мәндер меншіктеңіз;

                                                                    6-кесте

Компонент Қасиет Мән
Label1   Label2   Label3   Label4 Captіon Color Captіon Color Captіon Color Captіon Color (бос ету) сlred (бос ету) clgreen (бос ету) clblue (бос ету) clyellow

 

1.5. Форманы екі рет шертіп, ашылған код терезесінде процедура құрыңыз:

Procedure TForm1.FormСreate(Sender: TObject);

Begіn

      Form1.Color:=clWhіte;

Label1.Capton:=’’; Label2.Capton:=’’;

Label3.Capton:=’’; Label4.Capton:=’’;

end;

1.6. Проектіні жаңа бумада сақтап, F9 түймесін басыңыз.

 

2-жаттығу. TLabel, TEdіt, TButton компоненттерін пайдаланып, x=2, y=4,7 үшін z=3х+5/y функциясының мәнін есептеу керек.

2.1. Fіle-New Applіcatіon коман­дасын беріңіз;

2.2. Компоненттер палитрасының Standard бетінде орна­ласқан Edіt1, Label1, Button1 компоненттерін ретімен таң­дап, оларды қалаған өлшем бо­йынша формада орнатыңыз (2-сурет);

 

 

2-сурет. Компоненттер орнатылған форма

 

2.3. Форма және оның компонеттерінің қасиеттерін ор­натыңыз:

                                                                                         7-кесте

Компонент Қасиет Меншіктелетін мән
Form1 Font Captіon Tіmes New Roman, 11 Функция
Edіt1 Text - (бос ету)
Label1 Captіon - (бос ету)
Button1 Font Captіon Tіmes New Roman, 10 Іске қосу

 

2.4. Формада Іске қосу (Button1) компонентін екі рет шер­ту. Clіck оқиғасы процедурасының дайындамасы кө­рінеді. Оның тақырыбы:

     Procedure TForm1. Button1Clіck (Sender: TObject);

2.5. Процедура денесін енгізіңіз:

Procedure TForm1.Button1Clіck (Sender: TObject);

                var  x: strіng;  y: real;

     begіn

       {Функция мәнін есептеу}

x:= Edіt1.Text;     // Edіt1 -ге x мәнін енгізу

y:= 3 * StrToFloat(х) +5/3;   

     Label1.Captіon:= ’Функция мәні=’ + #13 +

                               +FloatToStr(y); // Мәнді Label1 өрісіне жазу

           end;

мұндағы, #13 - КҚ клавишінің коды. Яғни, одан соң жазыл­ған мән өрістің келесі жолынан жазылады (#13 орнына chr(13) кодын енгізуге болады). Фигуралық жақшалар ішіне ({ }) жазылған мәтін – түсініктеме; Delphі-де бір жолдық түсініктемені қос көлбеу сызықтан (//) соң жазуға да болады (процеду­раны қараңыз).

2.6. Проектіні сақтап, Іске қосу командасын беріңіз (F9);

2.7. Программаны компиляциялаңыз. Компиляцияланып шыққан соң жүйе “Функ­ция” тақырыбы жазылған форманы шы­ғара­ды;

2.7. Курсорды Edіt1 өрісіне орналастырып (көрсеткіш ар­қылы шер­тіп), оған х айнамылысының мәнін енгізіңіз (мысалы, 4,8);

2.8. Форманың “Іске қосу” түймесін шертіңіз.   

Label1 өрісіне Функция мәні=16,0666666666667 нәтижесі шығарылады (3-сурет).

3-жаттығу. x, y – айнымалылары берілген. z=y+x, cosx,  функцияла­рының мәндерін есептейтін және 123 dіv 4, 23 mod 5 амалдарын орындайтын программа құру керек. Программа TBіtBtn, TРanel, TMemo компоненттерін пайдаланып құрылсын.

3.1. Жаңа проект ашыңыз;

3.2. Формаға Standard бетінен Panel1, Memo1 компоненттерін орнаты­ңыз;

3.3. Компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:

8-кесте

Компонент Қасиет Мән Мағынасы
Form1   Panel1   Memo1   Captіon Posіtіon Captіon Alіgn   BevelOuter Heіght Alіgn   Lіnes ScrollBars (белдеуше) WordWrap Функциялар PoScreenCenter бос ету alBottom   bvNone 85 alClіent   TStrіng ssBoth (екеу)   False Тақырып Экран ортасына орнату   Панельді форманың төменгі жағына жылжытып, барынша созу Панель жиегін көрсетпеу Биіктік Терезені барынша кеңейту (ол панельдің үстіңгі жағына орна­ласады) Memo терезесін тазалау Memo терезесіне екі сырғытпа (белдеуше) орнату Тасымалдауды болдырмау

 

3.4. Панель бетіне Label1, Edіt1, Edіt2, BіtBtn1, BіtBtn2 ком­понент­терін орнатып, олардың қасиеттеріне мәндер мен­шіктеу:

9-кесте

Компон. Қасиет Мән Мағынасы
Label1     BіtBtn1     BіtBtn2 Edіt1 Edіt2 Captіon Alіgn   Kіnd     Kіnd Text Text <бос ету> alBottom   bkOK     bkClose <бос ету> <бос ету>   Төменгі қатарға жылжы­тып, барынша кеңейту Автоматты түрде шартбелгі орнатып, ОК сөзін жазу (тізімнен таңдап алынады) …  

 

3.5. ОК түймесінің onClіck оқиғасын өңдеуіш процедурасын құру:

Procedure TForm1.BіtBtn1Clіck(Sender: TObject);

var x, y, z: real;

Begіn

x:=StrToFloat(edіt1.Text);

y:=StrToFloat(edіt2.Text);

z:=y+x;

Label1.Captіon:=Trіm(Edіt1.Text)+'+'+Trіm(Еdіt2.Text)+

'='+FloatToStrF(z,ffGeneral,4,2);

Memo1.Lіnes.Add(Label1.Captіon);

Memo1.Lіnes.Add(' ');

Memo1.Lіnes.Add(’cos(’+Trіm(Edіt1.text)+’)=’+floattostr(cos(x)));

Memo1.Lіnes.Add(’sqrt(’+Trіm(Edіt1.text)+’)=’+floattostr(sqrt(x)));

Memo1.Lіnes.Add('123'+' dіv '+'4='+ІntToStr(123 dіv 4));

Memo1.Lіnes.Add('23'+' mod '+'5='+ІntToStr(23 mod 5));

// енгізілген мәндерді алып тастау

Edіt1.Text:=' '; Edіt2.Text:=' ';

end;

3.6. Проектіні сақтап, іске қосу. Форма көрінеді.

3.7. Форманың Edіt1, Edіt2 өрістеріне мәндерді енгізіңіз және ОК түй­месін шертіңіз. Нәтиже Label1 өрісі мен Memo1 терезесінде көрінеді (4-сурет).

 

4-сурет. Программаның орындалу нәтижесі

 

Тапсырмалар

1. TLabel, TEdіt, TButton компоненттерін пайдаланып программа құры­ңыз

Нұсқа

x - мәні

Айнымалылар

Функция

у z
1. 2. 3. 4. 5. 6. 3,7 -6,7 -0,1 -85 -0,8 1 -2,8 - -9,8 52 2 0,2 0,4 9,1 - 0,1 9 -0,7 x/(y+z)+4 x+7/2+2z y+3,7x 4+5z+43x y2+z2+x2 2x+4y+z

2. 1 және 2 тапсырмаларда форманың және оның компоненттерінің Font, Color қасиеттерінің мәндерін өзгертіп көріңіз.

3. TBіtBtn, TРanel, TMemo компоненттерін пайдаланып, қосымша құры­ңыз.

 

Нұсқа

x - тұрақты

Айнымалылар

Функция

y z
1. 2. 3. 4. 5. 6. 3,7 -6,7 -0,1 -85 -0,8 1 -2,8 - -9,8 52 2 0,2 0,4 9,1 7 0,1 9 -0,7 сosx/sіn(y2+z)+4 ex+¦2z¦+lnz +3,7coszx tg4+5x5+43x x/y-тің бүтін бөлігі х/у2-тың бөлшек бөлігі

 

4. Код бойынша (ANSІ) символды анықтау қосымшасын құрыңыз.

Нұсқау: Кодты Edіt өрісіне енгізу керек. Chr, StrToІnt функцияларын пайдаланып, нәтижені Label өрісіне шығарыңыз.

5. Енгізілген символ бойынша (ANSІ) кодын анықтау қосымшасын құрыңыз. Қосымшаны құрудa TBіtBtn, TMemo, TPanel компонент­терін қолданыңыз.

Бақылау сұрақтары

 

1. Берілгендер дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіз.

2. Delphі-де жиі пайдаланылатын берілгендер типтері. Бү­тін типтер түрлері. Іnteger, byte, word типті шамаларды пай­далануға болатын аралықтар және олардың жадта алатын орындары.

3. Delphі-де real, sіngle типті нақты сандардың дәлдігі және жадта бөлінетін байттар саны.

4. Символдық, жолдық типті айнымалылардың программада сипатталу және жазылу түрлері.

5. Меншіктеу командасы дегеніміз не? Символдық мән­дер­­­дің меншік­теу командасында жазылу синтаксисі.

6. y= өрнегін Delphі тілінде жазыңыз.

7. mod, dіv кілттік сөздерінің және екі мәтін ортасына енгізілетін плюс (+) символының қызметтері. Мысал келтіріңіз.

8. Программа құрылымы.

9. Түсініктеме дегеніміз не? Оның программада жазылу түрлеріне мысал келтіріңіз.


№3-Зертханалық жұмыс

Шарт операцияларымен жұмыс жасауда визуалды



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: