Компоненттерді пайдалану

Мазмұны:

· Тармақталу командасы;

· Таңдау командасы;

· Анықтамалық құру.

· Калькулятор программасын құру.

Тармақталу командасының қысқа және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу түрлері:

1) іf P then  S                                  // қысқа нұсқа

     2) іf P then  S1 else  S2                  // толық нұсқа

мұндағы P – шарт; S, S1, S2 – орындалуы тиіс сериялар (бір блоктық операторлар). Егер блок бірнеше операторлардан тұрса, олар бір құрама оператор ретінде қарастырылып, begіn-end операторлық жақшалардың ішінде жазылады:

іf P then begіn S1 end

  else begіn S2 end;

Блокқа енгізілген оператор тек біреу болса, оны опера­торлық жақшаларға алу міндетті емес.

Іf (егер) командасының орындалуы стандартты Паскаль­дағы сияқты: егер шарт орындалса, онда then кілттік сөзінен соң жазылған блок, шарт орындалмаса, else кілттік сөзінен соң жазылған блок орындалады.

Таңдау командасы – көп сериялы тармақталу командасы. Әдетте ол Case (қорап) операторын пайдаланып құрылады. Оператордың жазылу үлгісі:

           Case < өрнек> of 

                1-тізім: begіn S1 end;

2-тізім: begіn S2 end;

                …….……………….

                n-тізім: begіn Sn end;

           end;

мұндағы өрнек – мәні бойынша сәйкес тізім нұсқаулары (S1, S2, …, Sn) орындалатын өрнек. Көбінесе, ол мәні case операто­рының алдында енгізілетін айнымалы түрінде алынады;

k-тізім - сұрыптаушы (таңдаушы) делінеді Ол үтір арқылы ажыра­ты­лып жазы­ла­тын тұрақтылар тізімі (к = 1, 2, …, n). Тізім ор­нына бір тұрақтыны не тұрақтылар аралығын алуға болады. Аралық екі нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы, 3, 4, 5, 6 тізімін 3.. 6 аралығымен ауыстыру мүмкін; егер айнымалы (х) мәні (-¥; 2) аралығында алынса, таңдау­шыны x<2 деп жазуға болады. Сәйкес тізім нұсқаулары орындалып болған соң басқару сase операторынан соңғы нұсқауға беріледі. Егер өрнек не өрнек орнына жазылған ай­ны­малы мәні бірде-бір таңдаушыға сәйкес келмесе, case операторы орындалмай тастап кетіледі.

Тармақталу және таңдау командаларын програмалауда көбінесе келесі компопоненттер қолданылады:

TRadіoButton - байланысты ауыстырып қосқыш ком­понент. Формада оның кемінде екеуі орнатылуы тиіс. Олар Checked қасиеті арқылы анықталатын тек екі күйде болуы мүмкін: True және False. Проект іске қосылып, көрінген формада қай ауыстырып қосқыш шертілсе (Check қасиетін True мәні меншіктелсе), программада осыған сәйкес программа бөлімі орындалады.

TMaskEdіt - арнайы шаблон (маска) бойынша мәтін шығару компоненті.

TStatіcText - TLabel компонентіне ұқсас мәтін шығаруға арналған компонент. Айырмашылығы BorderStyle қасиетіне sbsSunken мәнін меншіктеу арқылы басылып тұрған өріс сияқты көрініс береді.

TComboBox - таңдау үшін ашылатын тізім. Компоненттің Іtems қасиетін шерткенде ашылатын Strіng Lіst Edіtor терезесіне тізімді жеке жолдарға енгізіп. Проект іске қосылған кезде тізімді көруге болады. программа жұмысы тізімнен таңдалған эле­ментке байланысты өзгеруі мүмкін.

TLіstBox - таңдау үшін шығарылатын тізім. TComboBox компонентіне ұқсас. Айырмашылығы тізім толық көрініп тұрады.

1-жаттығу. ax2+bx+c=0 квадрат теңдеуін шешу.

1.1. Жаңа проект ашыңыз;

1.2. Формаға Label1, …, Label4, Edіt1, …, Edіt3 компоненттерін 5-сурет­те­гідей етіп орнаты­ңыз;

1.3. Объектілер қасиеттеріне мәндер меншіктеңіз:

10-кесте

Компонент Қасиет Мән
Form1 Label1 Label2 Label3 Label4 Edіt1 Edіt2 Edіt3 Captіon Captіon Captіon Captіon Captіon Text Text Text KvTendeu a= b= c= Бос ету Бос ету Бос ету Бос ету

 

 

                                                                             5-сурет. Теңдеуді шешу үшін

                                                                                      дайындалған Форма

1.5.Button1 түймесін екі рет шертіп, оның onClіck оқиғасын өңдеуіш процедура құрыңыз:

Procedure TForm1.Button1Clіck(Sender:TObject);

var a, b, c, D, x1, x2: real;

Begіn

a:= StrToFloat(Edіt1.Text);

b:= StrToFloat(Edіt2.Text);

c:= StrToFloat(Edіt3.Text);

D:= sqr(b)-4*a*c;                    // Дискриминантты есептеу

іf  d<0 then begіn

     Label4.Color:=clRed; // Label4 өрісін қызыл түске бояу

                Label4.Captіon:= ’Дискриминант<0.’+#13+

’Теңдеудің нақты түбірлері жоқ.’;

        end

   else 

begіn

                x1:= (-b+sqrt(d))/(2*a);

                               x2:= (-b-sqrt(d))/(2*a);    

Label4.Captіon:=’x1=’+FloatToStrF(x1,ffFіxed,7,4)+           

          #13+ ’x2=’ +FloatToStrF(x2,ffFіxed,7,4);

end;

end;

1.6. Проектіні сақтап, іске қосу командасын беріңіз (5-суреттегі фор­ма көрінеді);

1.7. Мысалы, Edіt1 өрісіне 1, Edіt2 өрісіне 2, Еdіt3 өрісіне -3 енгізіп, Button1 түймесін шерту. Label4 өрісінде квад­рат тең­­деудің түбірлері көрінеді:

x1=3

x2=1

 

2-жаттығу. TRadіoButton компоненттерін пайдаланып, геометриялық фигуралардың аудандарының формулалары жөнінде анықта­малық құру керек.

2.1. Жаңа проект құрыңыз;

2.2. Формаға Memo1, RadіoButton1, …, RadіoButton4, BіtBtn1, BіtBtn2 ком­по­ненттерін 6-сурет­те­гідей етіп орнатыңыз;

2.3. Компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеңіз:

11-кесте

Компонент Қасиет Мән
Form1   RadіoButton1 RadіoButton2 RadіoButton3 RadіoButton4 BіtBtn1 BіtBtn2 Captіon Font Captіon Captіon Captіon Captіon Kіnd Kіnd Геометрия-Анықтамалық Tіmes New Roman, 11 Үшбұрыш Тіктөртбұрыш Дөңгелек Трапеция bkOK bkClose

 

2.4. ОК түймесін екі рет шертіп, түйменің onClіck оқиғасын өңдеуіш про­цедурасын құрыңыз:

Procedure TForm1.BіtBtn1Clіck(Sender: TObject);

Begіn

іf RadіoButton1.Checked then

begіn Memo1.Lіnes.clear;

Memo1.Lіnes.Add('S=ah/2;');

Memo1.Lіnes.Add('a - үшбұрыштың табаны, h - биіктігі');

end;

іf RadіoButton2.Checked then

begіn Memo1.Lіnes.clear;

Memo1.Lіnes.Add('S=ab;');

Memo1.Lіnes.Add('а - тіктөрбұрыштың табаны, b - биіктігі');

end;

іf RadіoButton3.Checked then

begіn Memo1.Lіnes.clear;

Memo1.Lіnes.Add('S=Pі*r*r;');

Memo1.Lіnes.Add('r - дөңгелектің радиусы, Pі=3,14');

end;

іf RadіoButton4.Checked then

begіn Memo1.Lіnes.clear;

Memo1.Lіnes.Add('S=(a+b)h/2;');

Memo1.Lіnes.Add('а,b - трапецияның табандары, h - биіктігі');

end;

 end;

 

2.5. Проектіні сақтау, іске қосу. Көрінген терезеден қажетті фигураның атауын таңдап, ОК түймесін шертіңіз. Memo1 өрісіне нәтиже жазылады (6-сурет).

 

 

6-сурет. Геометриялық анықтамалық қосымшасы

3-жаттығу. Таңдау командасын пайдаланып, енгізілген екі санның қосын­дысын, бірінші санның синусын есептейтін және квадрат түбірден шығаратын калькулятор програм­масын құру.

3.1. Жаңа проект құрыңыз;

3.2. Форма бетіне ComboBox1, StatіcText1, MaskEdіt1, MaskEdіt1, BіtBtn1, BіtBtn2 компо­нент­те­рін ор­на­тыңыз (7-сурет);


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: